Ақ тілегім биікке самға: 11-сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған ҰБТ-ға психологиялық дайындық тренинг-сабағы

Өзін-өзі тану:«Ақ тілегім биікке самға»-тақырыбындағы тренинг-сабақ

Мақсаты: ҰБТ-ға психологиялық қолдау, ата-ана, оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту, оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру.

Қатысушылар: 11-сынып оқушылары және ата-аналар

Көрнекілігі: плакаттар, түрлі түсті қағаздар, қаламсап, интерактивті тақта, жапсырма қағаздар, қайшы, желім, фломастер, нақыл сөздер.

Психолог:

Адам баласы өмірінде түрлі сипаттағы талай сынақ тапсырады. Әр жас кезеңнің, әр даму шақтың өзіне тән ауыртпалығы болатын тіршіліктегі сынақтан ешкім құтыла алмайды. Топтың алдына шығып, сәби шақта алғаш рет тақпақ айту да - сынақ. Үйге келген қонақты күтіп, разы етіп шығарып салу да - сынақ.
Ал енді қазір біздің республикадағы мектеп бітірушілердің ҰБТ тапсыруына қоғамда тіпті аса маңыз беріледі. Ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушылардың психологиялық дайындығы өзекті мәселенің бірі. Емтихан болсын, сынақ болсын, тест болсын бұл - оқушылар, ұстаздар және ата-аналар үшін стресс болып келеді.

«Жұлдызым жарқырасын!» - ата-аналарға. «ҰБТ-да жетістікке жетейік!»- оқушыларға әдістемесі.

Нұсқау: плакаттар, түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім.

C:\Users\Мулдир\Desktop\фото\11 сынып ата-ана жиналыс\IMG_9050.JPG C:\Users\Мулдир\Desktop\фото\11 сынып ата-ана жиналыс\IMG_9048.JPG

C:\Users\Мулдир\Desktop\фото\11 сынып ата-ана жиналыс\IMG_9055.JPG C:\Users\Мулдир\Desktop\фото\11 сынып ата-ана жиналыс\IMG_9060.JPG

«Мен саған сенемін» жаттығуы.

Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы сенімділікті нығайту.

Нұсқау: ата-ана мен бала қарама-қарсы отырып бір-біріне МЕН САҒАН СЕНЕМІН-деп айтуы керек.

C:\Users\Мулдир\Desktop\фото\11 сынып ата-ана жиналыс\IMG-20160302-WA0008.jpg

Сегіту ойыны: «Бикеш, Арыстан, Мерген. »

C:\Users\Мулдир\Desktop\фото\11 сынып ата-ана жиналыс\IMG-20160302-WA0013.jpg

Тренинг «Қар қиыршықтары»

Нұсқау: Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Тағы да бүктейміз, оң жақ жоғары бұрышын жыртып аламыз. Тағы да ортасынан бүктеп, оң жақ жоғарғы бұрышын жыртамыз. Осылай мүмкіндігінше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі қар қиыршығын ашып қараймыз.

Талдау: - Кімде бірдей, бір-бірінен аумайтын қар қиындысы шықты? Таптыңыздар ма? Жоқ. Себебі неде деп ойлайсыздар?

- Не себептен бәрімізде бірдей ақ қағаз бен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары пайда болды?

- Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен, ол бізде әртүрлі шықты. Өйткені біз әртүрлі адамдармыз. Біздің ата-аналар мен мұғалімдер қоғамдағы орнымыз, қызметіміз, жан дүниеміз бәрі әр түрлі. Ал оқушыларға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, ойлауы, дүниетаным, көзқарасы - бәрі әр түрлі. Бірақ, бәріміздің бірге жиналуымызда себеп бар - ол ҰБТ, одан жақсы жетістікке жету. Қоғамдағы орнымыз бен рөліміз әр түрлі болса да, бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір.

C:\Users\Мулдир\Desktop\фото\11 сынып ата-ана жиналыс\IMG_9078.JPG

Қорытынды: Құрметті ата-анадар, ұстаздар, оқушылар! Өз еңбектеріңіз бен білім жолында төккен терлеріңіз алдарыңыздан жарқырап шығатынына сеніп, шаршамай, талмай еңбектене отырып, ҰБТ-да жоғары нәтижеге жетулеріңізге тілектеспін, сәттілік тілеймін!

Тілек жазылған жүрекшелерді үлестіру.


Ұқсас жұмыстар
ҰБТ-ға дайындық: ата-аналарға арналған психологиялық практикум
Мен таңдаған жол: 9-11 сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған кәсіптік бағдар психологиялық тренингі
Оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық дайындау: тренинг әдістемесі
ҰБТ-ға дайындықтағы оқушылардың демалысы мен ата-аналық психологиялық қолдау
11 сынып оқушыларына арналған ҰБТ-ға психологиялық дайындық бағдарламасы: өзін-өзі реттеу, мазасыздықты басқару және сенімділікті арттыру
Мектеп түлектерінің сенімін арттыру мен ҰБТ-ға дайындауға арналған педагог-психологиялық тренинг
ҰБТ-ға психологиялық дайындық: сенімділік, стресс басқару және тиімді оқу дағдылары
Ерітінділер және сандық есептер: 11 сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындық
11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға психологиялық дайындау: сенімділік қалыптастыру және стресті басқару тренингі
Алғашқы функция және интеграл: 11-сыныпқа арналған ҰБТ-ға дайындық сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz