Симметрияның түрлері

Симметрияға есептер шығару

Сабақтың тақырыбы
Симметрияға есептер шығару
Сабақтың тақырыбы: Сілтеме
Симметрияға есептер шығару: Математика 6 сынып, Т. Алдамұратова, слайдтар, сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы:

Жалпы мақсаты

Симметрияға есептер шығару: Оқушылардың симметрияның күнделікті өмірдегі, өнердегі қолданыстарына мысалдар келтіре алу біліктіліктерін меңгерту; түзуге қатысты және нүктеге қатысты симметриялы фигураларды ажырата білу қабілеттерін арттыру, оларды салу дағдыларын қалыптастыру, математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушының ой-өрісін, өзіндік іс-әрекетіне жауап беру дағдысын қалыптастыру. Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру. Сенімділікке, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың тақырыбы:

Міндеттер

Симметрияға есептер шығару:
  • Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу
  • Тақырып бойынша ой-қорытындылар жасау
  • Күнделікті өмірде қолдана білу, мәндерін ажырата білу
Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың түрі,

әдіс тәсілдері

Симметрияға есептер шығару: Жұпта жұмыс істеу, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, өзін-өзі бағалау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, қорыту, деңгейлеп саралап оқыту, дарынды және талантты балаларды оқыту, жас ерекшеліктеріне сай оқыту
Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың

көрнекілігі

Симметрияға есептер шығару: видеопроектор, тақырыпқа сай слайдтар, видеокамера, фотоаппарат, үлестірме парақтар, топтық тапсырмалар жазылған плакаттар, бағалау парағы, көңіл-күй дидары
Сабақтың тақырыбы: Күтілетін нәтиже
Симметрияға есептер шығару: Оқушылар симметрия ұғымын толық түсініп, нүктеге қатысты және түзуге қатысты симметриялы фигураларды ажырата алады және күнделікті қоршаған ортадан мысалдар келтіре алады. Координаталық жазықтықта осьтік және центрлік симметриялы фигураларды бейнелей алады. Өздерін және сыныптастарын бағалай алады.
Сабақтың тақырыбы:

Ұйымдастыру

кезеңі

3 мин

Симметрияға есептер шығару:

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушыларды топқа бөлу мақсатында карточкаларда симметриялы фигуралар арқылы оқушылар 5 топқа бөлінеді.

Тап ережесін бекіту.

Сабақтың тақырыбы: Сабақтың барысы
Симметрияға есептер шығару: Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Сабақтың тақырыбы:

Білу

5мин.

Симметрияға есептер шығару:

Бағалау критерийі:

  1. Математикалық сауаттылығы
  2. Ойлау жылдамдығы
  3. Топпен жұмыс жасауы
  4. Жекелей жұмыс жасауы

Бағалау парағы үлестіріледі

Постерде практикалық тапсырма орындау

Постерде практикалық тапсырма орындап өздері және көршілері бағалайды.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Эсселерін оқиды.

Сабақтың тақырыбы:

Түсіну

8мин

Симметрияға есептер шығару: № 1200 есеп Суретпен жұмыс.

Оқушылар өз таңдауларын жасап, тапсырмаларын орындайды

Сабақтың тақырыбы:

Жаңа тақырыпты меңгерту

(Қолдану)

Топпен жұмыс

7мин.

Симметрияға есептер шығару:

Оқушылардың сыни ойлауын дамыту мақсатында топтарға бірнеше симметриялы фигуралар суреттерін беремін олардың симметрия осьтерін анықтап және оларды белгілі бір ретпен топтастыру.

Топтар таныстырылымы.

Әр топ мүшелері тапсырмаларын орындауға кіріседі.

Топ мүшелері тапсырма орындап жатқанда әр топтан бір оқушы дайындаған симметрия туралы хабарламалар жасайды.

Сабақтың тақырыбы:

Білімдерін пысықтау

(Талдау)

деңгейлік тапсырмалар

13 мин

Симметрияға есептер шығару:

Дарындылықты дамыту мақсатында оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды беру

І деңгей

1. Тік төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді не деп аталады?

2. Симметрияның қанша түрі бар және оларды жазыңдар.

3. Центрлік симметрияға қандай фигуралар жатады?

4. Ұзындығы 6см АВ кесіндісін сызып, оның симметрия центрін тап.

ІІ деңгей

1. Түзу сызып, оның бойынан О нүктесін және одан 3см қашықтықтағы А нүктесін белгілеңдер. О нүктесіне қатысты А нүктесіне симметриялы А 1 нүктесін табыңдар.

2. А(2; 3), В(3; -2), С(-2; -3), Д(4; 2) нүктелеріне симметриялы нүктелерді координата жазықтығында көрсетіңдер:

ІІІ деңгей

1. Тік бұрышты координаталар жүйесінің координаталар басы О нүктесіне қатысты С(х; -3) нүктесі Д(2; у) нүктесімен симметриялы. х-ті және у-ті табыңдар.

Әр оқушы өз деңгейінің есебін таңдап шығарады. Тапсырмалар парақтарда беріледі. Сондықтан әр оқушы өз тапсырмасын орындайды.

Сабақтың тақырыбы:

Жинақтау

5 мин

Симметрияға есептер шығару:

Сұрақ-жауап:

1. Симметрия дегеніміз не?

2. Симметрияның түрлері

3. Қандай фигуралар түзуге қатысты симметриялы фигуралар деп аталады?

4. Қандай фигуралар центрлік симметриялар деп аталады?

5. Өмірде симметрияға мысалдар келтіріңдер.

Презентация көрсетіледі.

Сабақтың тақырыбы:

Бағалау

2 мин

Симметрияға есептер шығару:

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау мақсатында

Критериалды бағалауға бейімдеу

Топтардың бағаларын талдау

Қорытынды бағаны шығару

Топтағы оқушылар бірін-бірі келесі критерийлер бойынша бағалайды:

1. Білімділігі

2. Ойлау жылдамдығы

3. Математикалық тілі

4. Топпен жұмыс жасауы

5. Жекелей жұмыс жасауы

Сабақтың тақырыбы: Үйге тапсырма 1 мин
Симметрияға есептер шығару:

№1187, №1189, 1190

Мен үй тапсырмасын беріп, күнделіктеріне бағаның қасына қолымды қойып шығамын.

Оқушылар күнделіктерін ашып бағалау парағындағы бағаларын қояды, үйге тапсырманы жазып алады.
Сабақтың тақырыбы: Рефлексия 1 мин
Симметрияға есептер шығару: Оқушыларға түрлі-түсті парақшалар арқылы сабаққа кері байланыс жасату
Оқушылар өз ойларын жазып, көңіл-күй дидарына іледі.

Ұқсас жұмыстар
Осьтік симметрия
Бұрыш - осьтік симметриялы фигура
Сабақтың сәттері
Архитектурадағы симметрия
Осьтік және центрлік симметрия
Қазақтың ою-өрнектері. 6 класс
Осьтік симметриялы фигураны тап
Айлакер тышқандар ертегісі
Шебер қолдар. Ұлттық ою-өрнек
Практикалық тапсырмалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz