Әкелер мектебі: әкенің бала тәрбиесіндегі орны мен бала-әке қатынастарын нығайту

Танымдық кештің тақырыбы: «Әкелер мектебі!»
Мақсаты: 1. Отбасында бала тәрбиесіне қаншалықты әке тарапынан тәрбиелік іс жүргізілетінін анықтау.
2. Әкенің бала тәрбиелеудегі алатын орнын көрсету.
3. Бала мен әкенің арасындағы ара қатынасты нығайту, сыйластыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Жоспар: 1. Отбасылық коллаж жасау (Алдын-ала жұмыс) .
2. «Менің әкем» тақырыбында балалардың салған суреті
(Алдын ала жұмыс) .
II. Сауалнама.
- Сізді балаңызбен қандай қызығушылықтар ортақтастырады?
- Балаңызбен қанша уақытты бірге өткізесіз?
- Балаңыз ойыншығын Жинағысы келмесе не істейсіз?
- Балаңыз ауырып қалса онымен қалай ойнайсыз?
- Сіз балаңыздың ата-әже тәрбиесінде болғанын қалайсыз ба? Неліктен?
- Баланың теледидар көргенін шектейсіз бе? Қандай бағдарламалар көруге рұқсат етесіз?
- Балаңыз дөрекілік жасаса қандай шара қолданасыз?
- Балаңыз қандай ойыншықтарды ұнатады?
- Балаңыз сізге көп сұрақ қоя ма? Сіз барлығына жауап бересіз бе?
- Сенбі, Жексенбі күндері баламен қандай қарым-қатынас жасайсыз?
III. Видео ролик. (Теледидар арқылы қарау. Алдын-ала жұмыс) .
Құрметті әкелер III-ші тапсырмада алдын-ала балаларыңызға өздеріңіз туралы бірнеше сұрақтар қойылған еді, соны тамашалаңыздар.
Балаларға қойылған сұрақтар:
- Әкенің аты-жөнін, мамандығын атап бере аласың ба?
- Отбасы мүшелерін атап берші?
- Сенің әкең сені неге үйретті?
- Үйде саған ойыншықты кім алып береді?
- Әкең сенімен жие ойнайды ма?
- Әкеңнің айтқанын тыңдайсың ба?
IV. Шығармашылық тапсырмалар:
- Балаңызға зообақ ұйымдастырып, оны қыдыртыңыз. (Ойыншық жануарлардан құрастыру керек)
- «Менің баламның болашағы»-шығарма жазу.
- Балаңызға ұнайтын көліктің суретін салып беріңіз.
- Ермексаздан балаңыздың сүйікті ойыншығын мүсіндеп беріңіз.
- Құрастырғыштан өз үйіңізді құрастырыңыз.
- Жапсыру жұмысы.
V. Көрермендермен ойын: «Мақалды жалғастыр»
- Туған жердей жер болмас (Туған елдей ел болмас) .
- Ел болам десең (бесігіңді түзе)
- Отансыз адам (ормансыз бұлбұл) .
- Туған жер-тұғырың (Туған ел қыдырың)
- Бірлік болмай (Тірлік болмайды)
Көрермендер сіздерге көп-көп рахмет. Енді әкелеріміздің жұмыстарын тамашалайық.
Әкелердің жұмыстарын қорытындылау.