Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қаракөз сәулем көз көрген өлеңінде
ШҚО. Үржар ауданы Мақаншы ауылы <<Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша>> КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Омаргазина Роза Мұхтарқызы
Әсет әндерінің өзіндік ерекшелігі
Ән-адам жанының емдеушісі,көңіл жұбанышы,сезім сырлары. Ақын Әсет бабамыз ән әлеміне өзіндік қырымен танылды. Әнді асқақтата шырқап, әуенін әрлеп, ырғағын жөндеп кетті. Әндерінің әуезділігі сонша бірінші айтқандағы әнін, екінші шырқағандағы сарынына келтірмей сөзіне сөз, мағынысына мағына үстеді. Сөз етеріміз Әсет әндеріндегі айшықтаулар,ырғақ, жандандыру. Ақын әндерін санаға сіңіру үшін тыңдаған сайын тылсым құдірет, өшпес сезім табасың. Әніне бой алдырсаң елтіп, еріп, тереңдеп кете бересің. Сөз құдіретіне табынушы ретінде <<Әсет әндерінің>>ұйқасына қарайтын болсам, әндерінің көбі қара өлең ұйқасына құрылған. Айталық: <<Інжу маржан>>(І түрі)
Әсеттей сал, ән салсаң, аңыратып,
Орман, тоғай, өзенді жамыратып.
Арқыратып, ағызып, ән нөсерін,
Толқынымен жүректі жадыратып,-деп үш бунақты, <<аңыратып>>, <<жамыратып>>, <<жадыратып>> қара өлең ұйқасына құрылады.
<<Інжу маржан>> (ІVтүрі)
Меруерт, маржан десем-ау төгіледі,
Талай сөзім ұрпаққа себіледі.
Сағынбасқа не шара?
Екі ашықтан ясукей қан тамызып,
Сәмен сайға тамшыдан егіледі?
Сағынбасқа не шара?- <<төгіледі>>, <<себіледі>>, <<егіледі>>деп қара өлеңге құрылса,өлеңнің басынан аяғына дейін <<Сағынбасқа не шара?>>деп 8 рет қайталанады. <<Інжу маржан>>әнінің 6 түрі бар.Сол әндерінің сөзінде <<жер тілдеседі, даусым-дауыл, сөзім-жел, әнім-ескек>>метафоралар, << қыпша бел, гауһар көзі, інжу тіс, халуа тілім>>деген эпитеттер, желдей ,аққудай, жібектей сияқты теңеу сөздер кездеседі. <<Мақпал>>әні
Мақпалға айттым сәлем, шын зерек деп,
Ақылды басқа жаннан өзгерек деп.
Болмаса мен қайтайын айналмастан,
Мақпалжан жүрген шығар сіз керек деп. - деп бұл өлең де 11 буынды, 3бунақ, қара өлең ұйқасына құрылса да өзінде ұлттық болмысқа тән қазақы сырды ашатын ерекшелік бар. Ол <<ат қайда жүйрікпенен жарысарға>> немесе <<мойнында ат, айғырдың жалы қалмас>>, <<көйлектің көк атылас жеңін жалмап>>деп Мақпалға деген махаббаттың өзін өз ұлтымызға тән сыпайылықпен, сүйіспеншілікпен жеткізеді.
Әсет әндерін тыңдаған сайын тынысың ашыла түседі. <<Ән қалай шықты екен?Ақын қандай сезімде болды екен?>>деген ойлар жетегінде елти бересің. <<Қаракөз сәулем көз көрген>>өлеңінде
Ойлап тұрсам дүние бейне сағым,
Сағынғанда қайда едің, ғашық жарым.
Кәмшат бөрік басыңда, кемер белбеу,
Сенің сылқым болғаның-менің бағым.
Қаракөз сәулем көз көрген
Түн ұйқысын төрт бөлген
Шақырғанда бармаған
Сорлы басым,ойбай, сөзге ерген. 3 буынды, 20 тармақты, 11 буынды қара өлең ұйқасы, қайырмасы 2 бунақты болып келген. Осы өлең ішінде <<От жалындай, жанған жүрек, аяғына қан түсіп, судай қайнап, туған айдай>> деген айшықты сөздер кездеседі. Әсет ақынның жүрек толқытар әндерінің бірі <<Алакөлім>>. Бұл әнді тебіренбей тыңдау, толқымай оқу мүмкін емес. Жүрегіңмен егіліп, ақынның ақырғы демін сезінгендей боласың. Әннің сөзін талдамай-ақ соңғы бунақтың өзінен көз алдыңа елес болып келер ақын бейнесін көресің. Алап қарасық. Жақын келші, салмайды елші, осы болар, алып келщі десе, 10 тармағында Ақ шынарым, отты жалын, жарым қалды, тапсырамын. 12 тармағында әнге салдым, бәйгеңді алдым, бітерем деп, қапы қалдым. Ақын өлеңдерінде артық буын, артық ұйқас жоқ. Айналасы жұп-жұмыр келген жып-жинақы шыққан тамаша туынды. <<Қисмет>>әнінің ерекшелігіне сөз бояуына таңдай қақпасаң болмас. <<Қисмет>>әнінің бір түріндегі сөз бояуы екінші түріне келгенде қайталанбай, жаңа түрге еніп, сөздері ауысып, дамып отырады. <<Қисмет>> І түрі <<Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп, самғатып, саңқылдатып, сар желгізіп, Ұрантып, өршелетіп, бәсеңдетіп, серпілтіп, сумаңдатып, сексен толғап, қырық қарпып, тоқсан толғап, бес өрлетіп>>десе <<Қисмет>> ІІ түрііне келгенде етістіктің орнын басқа сөздермен көсемшенің жұрнақтарын қолдана отырып, басқа етістіктермен алмастырады. <<Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп, орғытып, орағытып, баса өрлетіп, сорғалатып, шалқытып, шарықтатып, шығаңдатып, желпінтіп, желектетіп, нөсерлетіп>>деп дамытып отырады. Бұдан Әсеттей ақынның көсем сөз екенін, аузын ашса көмейінен құйыла беретін төкпе жырдың тұлпары екенін білеміз.Өскелең ұрпақты Әсет жырымен сусындатып , мұрасын насихаттаушы, жоғын жоқтаушы болайық!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz