Әбілғазы шежіресі

ТАҚЫРЫПТЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §23. Қазақ даласында туған тарихи шығармалар

Сабақтың мақсаты:

- Қазақ даласында туған шығармалар-«Тарих-и Рашиди», «Жылнамалар жинағы», «Шыңғыснама» еңбектерінің қазақ тарихы үшін маңыздылығын көрсету.

- Жаңа сабақ материалдарын оқып - үйренуде оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау, іздену, зерттеу қабілеттерін дамыту.

- Әбілғазы шежірелері қазақ халқының тарихы, тіршілігі мен мәдениетін тануда құнды деректер болып табылатынын түсіндіру.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, тест, ой қозғау,

Сабақтың көрнекілігі: слайд, ғалымдардың портреттері

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушыларды түгендеу.

2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Оқушылардан өткен үй тапсырмасы бойынша сабақ сұрау.

Тест тапсырмалары:

  1. 960 жылы ислам діні мемлекеттік дін деп жариялаған Қарахан мемлекетінің ханы?Мұса
  2. Мешіт, кеене, ғимараттар қандай өнердің түріне жатады?сәулет
  3. Түркі дәуірінде атақты адамдар басына қойылған тастан жасалатын мүсіндердің атауы ?балбал
  4. Әбунасыр әл-Фараби қай қалада дүние салды?Дамаск
  5. Испиджаб (Сайрам) қаласында туған, сопылық поэзияның көрнекті өкілі:А. Йасауи
  6. Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегінің төртінші тарауы арналды:Әділетті басшы, қайырымды патша болуға
  7. Готикалық көне жазумен XIV ғ. басында (1303ж. ) Қара теңіз бойын жайлаған қыпшақтар арасында жазылған шығарма: «Кодекс Куманикус»
  8. «Даналықтың жауһарлары» шығармасының авторы:Әл-Фараби
  9. Білге қаған тұрғызған ескерткіштің мәтінін жазған көне түркі жазба әдебиетінің атасы:Йоллығтегін
  10. Көркем әрі арихи шығарма «Оғызнама» алғашқы кезде ел аузында аңыз болып, жазу үлгісіне түскен:XIII ғасырларда

Кесте толтыру:

  • Орта ғасырлардағытарихи көркем шығармалар
Ғалымның аты-жөні
Өмір сүрген уақыты
Өмір жолы
Шығармасы
№: 1
Ғалымның аты-жөні: Әбу Насыр әл-Фараби
Өмір сүрген уақыты: 870-950 жж
Өмір жолы:

•Фараб аймағына қарайтын Отырар қаласында туған.

• Отыра қаласында қыпшақ тілінде білім алған.

•Араб тілін Исфахан, Бағдат, Дамаск, қалаларында үйренген.

•Философ, музыкант, астроном, логика, анатомия ғылымдарына қосқан үлесі зор

Шығармасы: «Ғылымдардың шығуы»
№: 2
Ғалымның аты-жөні: Әбу Райхан әл -Бируни
Өмір сүрген уақыты: 973-1050 жж
Өмір жолы:

•Энциклопедист -ғалым. Тарих, математика, география, астрономия, медицина т. б. ғылым салаларынан 150-ден астам еңбектер жазған.

•Жердің геоценртлік жүйесін Коперниктен 500 жыл бұрын және денелердің жерге тартылысын Галлилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын айтып кеткен.

Шығармасы:

«Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші»,

« Асыл тастар»

№: 3
Ғалымның аты-жөні: Махмуд Қашқари
Өмір сүрген уақыты: 1030-1090ж
Өмір жолы:

•Шын аты Махмуд Хусейн ибн Мұхаммед Қашғари.

•Әкесі Қашғар қаласында туған.

• Махмуд алғаш Қашқар қаласында, кейін Орта Азия мен Иранның ірі қалаларында білім алған, араб тілін жетік білген.

•Саналы ғұмырын туған халқының тілін зерттеуге арнаған.

«Түрік тілдерінің сөздігі» кітабы -түрік дәуірінде өмір сүрген түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы.

• Бұл кітап сол кездегі түріктердің мекен-жайларының аты-жөні, олардың тарихы, этнографиясы, әдебиеті туралы көп мағлұмат береді.

Шығармасы: «Түрік тілдерінің сөздігі» ( Диуани лұғат ат түрк)

3. Тапсырма. «Тұлғаны таны»

  • 1. Туған жері:Сайрам қаласында туған.
  • Әкесі → Ибраһиматақты ғұлама адам болған.
  • Шешесі→ Мұса шайқының қызыАйша (бір деректерде - Қарашаш) .
  • Ахмет жастай шешесінен, жеті жаста әкесінен жетім қалған.
  • Гауһар - Шаһназдыңқолында өседі.
  • Ислам дінінің шариғат - қағидаларын үйренген.
  • Өмірінің өткен жері:Бала кезінен Йасы (қазіргі Түркістан) қаласында мекен етеді. Кейін осы қаланың атыменАхмет Йасауи(йасылық Ахмет) атанады.
  • Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидандіни біліп алып, Йасыға оралады.
  • Арыстан бабтыпір тұтады.
  • Йасықаласында сопылық ілімін насихаттайды.

2. «Егер мен Аристотельмен сол заманда өмір сүрсем және онымен кездесіп, дәрісін тыңдасам, онда оның таңдаулы шәкірті болар алар едім», -деп жауап береді бұл кім? Әль-Фараби 870-950ж .

3. Сөз есепсіз, тіліңді тый, тарта ұста,

Тыймаған тілбасыңа сор әр тұста.

Есепті сөз-ер сөзінің асылы,

  1. Мылжың тілді жау деп ұғын тартыста, - деп, көп сөзді, мылжың болмауға шақырады. Бұл қай тарихи тұлға?А. Йүгінеки.

4. М. Қашқари

  • Туған жері:Қашғар қаласында (Барысхан) туған.
  • Білім алған жері:Махмуд алғаш Қашғар қаласында, кейіннен Орта Азия мен Иранның ірі қалаларында білім алады.
  • Қызметі:Араб тілін жетік білген ғұлама ғалым саналы ғұмырынөзінің туған халқының тілінзерттеуге арнаған.

Сабақтың жоспары:

1. «Тарих-и Рашиди».

2. «Жылнамалар жинағы».

3. «Шыңғыснама».

4. «Әбілғазы шежіресі»

Сабақтың жоспарындағы алғашқы тақырыпша «Тарихи Рашиди » атты М. Х. Дулатидің шығармасы туралы, сонымен қатар ғалымның өмірі туралы да баяндалған. Мұғалім ғалымның өмірінен үзінділер келтіре отырып, оқушыларды қызықтырып, оларды оқу, білім, ғылым жолында қажімай еңбек етуге тәрбиелейді.

Жоспардың екінші мәселесі бойынша мұғалім Қадырғали би Қосымұлы Жалайыридің өмірбаянына, еңбегіне жалпы тоқтала отырып, еңбектің 3-бөлімі-Қазақ хандығының тарихына арналған аса маңызды бөлім екендігіне оқушылардың назарын ерекше аударуы тиіс. Еңбек қазақ хандарына қатысты хандар-Орыс ханның ұлы қажы-Керей, Едіге би, т. б. ірі тұлғалар туралы құнды дерек беретінін атап өтіп, еңбекте «Алаш» атауының қолданылғанын оқушылардың есіне салады.

«Тарих-и Рашиди» еңбегінің құндылығы

• Қазақ хандығының құрылуы туралы мәліметтер

• XV-XVI ғғ. Қазақ-Моғол хандықтарының арасындағы қары-қатынас

• Қазақ-өзбек халықтарының арасындағы қарым-қатынас

• Қазақ хандығы мен қырғыздар арасындағы қарым-қатынас

• Қазақ-қалмақ, Моғол-қалмақ арасындағы қарым-қатынас

• Қазақ халқының этностық құрылымы

• Жетісу аймағындағы қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы

• Географиялық атаулар, қазақ халқының тарихи жайлы деректер.

«Шыңғыснама» еңбегінің авторы-Өтеміс қажы бек Маулан Мұхаммед Дос. Мұғалім оқушыларға шығарманың қалай жазылғанын айта отырып, шығармада қазақ тарихы үшін маңызды деректер мол екеніне тоқталады. Шығармада автордың қазақтың көшпелі мал шаруашылығына ерекше назар аударғанын айта отырып, құнды деректің бірі-Алтын Орда ыдырап, Қазақ хандығының құрылуына тарихи алғышарт болғанын түсіндіреді.

Төртінші мәселе- Әбілғазы шежірелері. Оқушыларға бұл шежірелерден қазақ халқының тарихы, құрамына кірген ру-тайпалар туралы құнды деректер табуға болатынын түсіндіре отырып, Әбілғазының өзінің жеке өміріне тоқталып өтуге болады.

Сабақты қорытындылау кезінде оқушыларды қатыстыра отырып, төмендегі кестені толтыруға болады.

Сұрақтар «Тарих-и Рашиди» «Жылнамалар жинағы» «Шыңғыснама» Әбілғазы шежірелері

Қазақ халқы, оның тарихы, экономикасы туралы қандай мағлұматтар бар?

11
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри
1530-1605ж
  • Орта ғасырда өмір сүрген қазақтың ғұлама ғалымы, Сыр бойын мекендеген жалайыр руынан шыққан
  • Қазақ хандығының Орда сарайында хан кеңесшісі және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет атқарған.
  • 1588 жылы қазақ ханзадасы Ораз-Мұхамедпен бірге Ертіс бойында аң аулап жүргенде орыс әскерлері тұтқындап, Мәскеуге алып кетеді
  • «Жылнамалар жинағы» еңбегін тұтқында отырып, 1600-1602 ж. жазған және осы еңбегін орыс патшасы Борис Годуновқа сыйға тартқан.
  • 1854 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан.
  • Қазақ хандығы жайында толық мағлұмат беріледі

« Шежірелер жинағы»

( «Жылнамалар жинағы»)

11: 12
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри: Өтеміс қажы
1530-1605ж: ХVІ ғ
Орта ғасырда өмір сүрген қазақтың ғұлама ғалымы, Сыр бойын мекендеген жалайыр руынан шыққанҚазақ хандығының Орда сарайында хан кеңесшісі және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет атқарған.1588 жылы қазақ ханзадасы Ораз-Мұхамедпен бірге Ертіс бойында аң аулап жүргенде орыс әскерлері тұтқындап, Мәскеуге алып кетеді«Жылнамалар жинағы» еңбегін тұтқында отырып, 1600-1602 ж. жазған және осы еңбегін орыс патшасы Борис Годуновқа сыйға тартқан.1854 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан.Қазақ хандығы жайында толық мағлұмат беріледі:
  • «Шыңғыснама» кітабында Қыпшақ даласын
  • билеген Жошы хан әулетінің тарихы баяндалады.
  • Аса құнды хабар-Жошы хан туралы дерек.
  • Шыңғысханнан бастап оның ұрпақтарының ХІV ғ аяғына дейінгі тарихи оқиғалар айтылады.
« Шежірелер жинағы»( «Жылнамалар жинағы»): «Шыңғыснама»
11: 13
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри: Шах-Махмұд Шорас
1530-1605ж: ХVІ ғ
Орта ғасырда өмір сүрген қазақтың ғұлама ғалымы, Сыр бойын мекендеген жалайыр руынан шыққанҚазақ хандығының Орда сарайында хан кеңесшісі және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет атқарған.1588 жылы қазақ ханзадасы Ораз-Мұхамедпен бірге Ертіс бойында аң аулап жүргенде орыс әскерлері тұтқындап, Мәскеуге алып кетеді«Жылнамалар жинағы» еңбегін тұтқында отырып, 1600-1602 ж. жазған және осы еңбегін орыс патшасы Борис Годуновқа сыйға тартқан.1854 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан.Қазақ хандығы жайында толық мағлұмат беріледі: ХVІ-ХVІІ ғ қазақ-моғол қарым-қатынастары баяндалады. Қазақ хандары Бұйдаш, Хақназар, Тәуекел, Есім, Жәңгір хандар баяндалады
« Шежірелер жинағы»( «Жылнамалар жинағы»): «Тарих» («Хроника»)
11: 14
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри: Масуд ибн Усман Кухистани
1530-1605ж: ХVІ ғ
Орта ғасырда өмір сүрген қазақтың ғұлама ғалымы, Сыр бойын мекендеген жалайыр руынан шыққанҚазақ хандығының Орда сарайында хан кеңесшісі және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет атқарған.1588 жылы қазақ ханзадасы Ораз-Мұхамедпен бірге Ертіс бойында аң аулап жүргенде орыс әскерлері тұтқындап, Мәскеуге алып кетеді«Жылнамалар жинағы» еңбегін тұтқында отырып, 1600-1602 ж. жазған және осы еңбегін орыс патшасы Борис Годуновқа сыйға тартқан.1854 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан.Қазақ хандығы жайында толық мағлұмат беріледі: Көшпелі өзбектер ханы Әбілқайырдың тарихы баяндалады
« Шежірелер жинағы»( «Жылнамалар жинағы»): «Тарих-и Абулхайр-хани»
11: 15
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри: Әбілғазы Бахадур
1530-1605ж: 1603-1664 ж
Орта ғасырда өмір сүрген қазақтың ғұлама ғалымы, Сыр бойын мекендеген жалайыр руынан шыққанҚазақ хандығының Орда сарайында хан кеңесшісі және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет атқарған.1588 жылы қазақ ханзадасы Ораз-Мұхамедпен бірге Ертіс бойында аң аулап жүргенде орыс әскерлері тұтқындап, Мәскеуге алып кетеді«Жылнамалар жинағы» еңбегін тұтқында отырып, 1600-1602 ж. жазған және осы еңбегін орыс патшасы Борис Годуновқа сыйға тартқан.1854 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан.Қазақ хандығы жайында толық мағлұмат беріледі:
  • Әкесі Арабмұхаммед Жошы ханның ұрпағы, Хорезм ханы болған
  • Үргеніште туған
  • Әкесі салдырған Арысхан медресесінде оқып, Шығыстың ғұлама ғалымдарынан білім алған
  • Әбілғазы үш түрлі өнерді жақсы меңгерген:
  • 1/ Әскери өнер 2/ ақындық өнер 3/ тарихшы
  • 1638 жылы Арал өңіріндегі қазақтарға барып, 1643 жылы арал өңірі қазақтары хан деп жариялайды. 1663 жылы билікті бала. берген.
« Шежірелер жинағы»( «Жылнамалар жинағы»):

1661 жыл « Түрікмен шежіресі»

1665 жыл « Түрік шежіресі»

Сабақты бекіту:

Бүгінгі сабақта не есімізде қалды « Сөздік қор» жасап көрейік, әр оқушы бугінгі сабақта есінде қалған ұғымдарды дәптерге жазып қалдырады немесе ауызша айтып өтеді.

Үйге тапсырма : §23. Қазақ даласында туған тарихи шығармалар

Тақырып бойынша тест сұрақтарын дайындау:

1. Мұхаммед Хайдар Дулати дүниеге келді: 1499 ж. Ташкентте

2. Мұхаммед Хайдардың шыққан тегі: Дулат тайпасы


Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті
Ұлы жібек жолының пайда болуы, дамуы
Қазақстан тарих пәнінен емтихан тесті. 7 сынып
Тест тапсырмалары. 7-сынып. Қазақстан тарихы
Қазақ сахарасының жұлдыздары
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр. 3-сынып
Математика сабағында қазақтың ұлттық шежіресін қолдану
Жер тарихының шежіресі
Қазақ музыка өнерінің бастауы
Абай кім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz