Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қорытынды сөз коучта

Коучинг 1 (қосымша 1)
23.09.2015ж.
Сабақтың тақырыбы: <<.Оқу мен оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді топтық жұмыстар арқылы қолдану>>.
Мақсаты : Оқытудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесінде қолдану арқылы оқу үдерісінің даму деңгейін қалыптастыра отырып,топпен ынтымақтаса ықпалды жұмыс жасауға,ұжымдасу арқылы бітімге ,келісімге қол жеткізуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: Білу. Оқыту мен оқуда бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру туралы білімдерін толықтырады.
Қолдану, түсіну және талдау: өз тәжірибесінде мұғалім топтық жұмысты тиімді пайдалана білуге дағдыланады, оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін тиімді пайдалана алатынын көрсете алады, топта бірлесе отырып жұмыс істей отырып, өзгенің ойын құрметтей білуге үйренеді.
Бағалау: Өзін - өзі, өзгені бағалауды үйренеді.
Уақыты
Ұйымдастыру кезеңі
Коучтың іс-әрекеті
Мұғалімнің іс-әрекеті
Ресурстар
5 мин
Психологиялық ахуалды қалыптастыру
<<Әріптестер көмектес>>ойыны арқылы

Допты қолдан-қолға түсірмей дөңгелетіп түсірмей өткізу арқылы аудиторияда ынтымақтастық орнайды,көңіл күй қалыптасады.
Доп,слаид
5 мин
Мұғалімдерді <<түрлі-тұсті гүлдер>> бойынша топқа бөлу
Мұғалімдер коверт ішінде берілген әріптерден сөздер мен сөз тіркестерін құрастырады <<Ырым,сенім,наным>>
<<Мақал-мәтел>>
<<Жаңылтпаштар>>
<<Жұмбақтар>>

Конверттегі әріптерден сөз тіркестері құрастырылады,топтардың аттары шығады
Түрлі-түсті қағаз, конверттер,қырқылған әріптер
10 мин
Шығармашы
лық жұмыс
Болжам таблицасын толтыру
<<Болжау стратегиясы>>бойынша әрбір топ мүшелері өздеріне берілген постерде ақ парақ пен қалам туралы өз ойларын түсіндіреді және жұмыстарын қорғайды,болжайды.

Әр қатысуцшы өз ойын білдіреді,топта талқылайды,постерге түсіреді,ортақ шешім қабылдайды,ойларын ортаға салып қорғайды,берілген тапсырма бойынша болжам жасайды
Парақ,қалам,постер,
маркер,стикер,қайшы,желім,флипчарт
12 мин
Мәтінмен жұмыс
<<Аквариум>>әдісі бойынша мұғалімдерге мәтін бөліп беріледі,берілген мәтінді оқып,мазмұнымен танысады, топ құрамын ауыстыра отырып,мағұлмат дәлелдер жиналады,топтық жұмыстағы шешімдерімен
салыстырады

Мәтін мазмұны тыңдалып,сыни ойлау арқылы ой жасалады,белгілі бір қортындыға келеді.Көбірек мағұлмат,пікір,түсінік, дәлелдер жиналуына мүмкіншілік береді
мәтін
3 мин
Сергіту сәті
<<Таң қалдыратын үш сұрақ>> атты слаид ұсынылады
Қатысушылар еркін отырып тәлімгердің слаидта көрсеткен суреттерін ретімен таңдап жазады,жауаптарын салыстырады
слаид
7 мин
Топтық жұмыс

Мұғалімдер өз топтарының атына сәйкес парақтарға мақал-мәтел,нақыл сөздер,жұмбақ жаңылтпаштар жазып таныстырады

Қазақтың мақал-мәтел, ырым-наным,сенімдер,жаңылтпаштарын ескеріп түйіндейді
Парақтар,қаламсаптар

5 мин
Қортынды

<<Басбармақ>>арқылы бағалауды ұсынамын
<<Бес саусақ>> әдісі кері байланыс орнату

Саусақ суретін салып,сабақтан не алғанын жаза алады,кері байланыстың түрлерін пайдалана алады

Флипчарт, А4 парағы,стикер
3мин
Қорытынды сөз коучта
Тәлімгер: Қарабекова Рыскүл өз қорытындысын жасайды
Мұғалімдер де өз алғысы мен қорытындыларын білдіреді.

Коучингті өткізген: Зиядаева Жанайым

Ұқсас жұмыстар
Тақырып Топтық жұмыстың тиімділігі
Денсаулық- зор байлық
"әкем, шешем және мен" спорттық сайыс
Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ
Сөз мәйегі. 4 сынып
Арналы бұлақ- асыл сөз. 4 сынып, әдебиет
Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру
Бағдарлама
Қазақ тіл білімі
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары Күтілетін нәтиже
Пәндер