Төмендегі үстеулерге мағынасы жуық үстеулер тауып жаз

Мазмұны

  1. Кіріспе 3
  2. Үстеу туралы түсінік 4
  3. Үстеудің құрамдық түрлері. 7
  4. Күрделі үстеулер 11
  5. Үстеудің мағыналық түрлері15
  6. Өздік жұмысы 26
  7. Оқулықпен жұмыс 27
  8. Пайдаланылған әдебиеттер 31

Түсінік хат

Қазақ тілі пәнінен «Үстеу» тақырыбына арналған жұмыс дәптері.

Жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Үстеу » тақырыбы бойынша көмекші құрал ретінде ұсынылады. Сол мақсатта теорияны еске түсіре отырып, сабақта көбінесе тест, деңгейлік тапсырмалар, талдау жұмыстары жүргізіледі. Ұсынылып отырған дидактикалық құрал Ж. Қараевтың «Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының» талаптарын басшылыққа ала отырып, жасалған.

Жұмыс дәптері оқушының деңгейіне негізделген. Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар оқушының тез ойлауын, есте сақтау қабілетін, ынтасы мен белсенділігін арттырады. Бұл жұмыс оқулықпен жұмыс жасауға, өз бетімен іздене білуге үйретеді.

Тақырыбы: Үстеу туралы түсінік

(ерекшеліктері, қолданылуы)

І кезең

Ұйымдастыру кезеңі

І. Төменде берілген сөйлемдегі сөздерге сұрақ қойып, негізгі сөз таптары екенін және басқа да сөз таптарынан болатынын анықтаңыз.

1. Жүз () кісі() сұмға ()

Бір ( қанша? сан. е . ) кісі () мыңға ()

Әлі жетер заман жоқ.

2. Үйге е геу () алу керек. Пышақ жүзін егеу керек ()

3. Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ,

Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ.

Әр сөзге толық морфологиялық талдау жаса

Үлгі: мақсат-ым () з. е., -ым-тәу. ж. І

ІІ кезең

1. Мына берілген тұлғалас сөздерге сұрақтар қою арқылы мағынасына қарай 1-бағанға етістікпен, 2-бағанға сын есіммен тіркескен сөздерді бөліп жаз.

Сөздер: Сандықша, қасықша, кітапша, адамша, балаша.

1-баған

2-баған

  1. Мына бағандағы тіркестерге назар аудар, салыстыр, ерекшеліктерін байқа. Тиісті сұрақ қой.

1-баған

Ықыласпен (?) үйрен

Үйге (?) кеттік

Оқу үшін (?) келдім

2-баған

Тез (?) үйрен

Ілгері (?) кеттік

Әдейі (?) келдім

1-бағандағы сөздер қай сөз табынан, қандай сұраққа жауап береді? Тұлғалық өзгерісін белгіле (жалғауын) .

2-бағандағы сөздердің ерекшелігін байқа. Оларға алдағыдай жалғау жалғана ма?

  1. Кестедегі мысалдарға назар аудар
Іс-әрекеттің белгісін білдіретін үстеулер: Іс-әрекеттің белгісін білдіретін үстеулер
Сын белгісін білдіретін үстеулер: Сын белгісін білдіретін үстеулер
Іс-әрекеттің белгісін білдіретін үстеулер:

Бүгін(?) келді

Әбден(?) қысылды

Босқа (?) жүгірді

Төмен (?) ұшты

Амалсыздан (?) бардым

Сын белгісін білдіретін үстеулер:

Аса биік

Мүлдем қызық

Орасан кең

Тіпті салқын

Бірталай жер

Сонымен, үстеулер , , , , , сұрақтарға жауап беріп, (қай сөз таптарымен) , тіркеседі.

Сөйтіп, үстеу дегеніміз

Жаңа сабақты бекіту жұмысы

  1. Төмендегі берілген тіркеске назар аудар, келесінің басыңқы сыңарын өзің жаз, қай сөз табына тіркеседі, нені білдіреді?

Қазір қашан?

Бүгін келеді

Кешке

Бүрсігүні

Шалқасынан

Етпетінен

Ақырын

Оқыстан

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

  1. Мына үстеулермен тіркес құра. Сұрағын қой.

Лезде, жылдам, шапшаң, баяу.

Үлгі: лезде жеттік (?)

  1. Мына сөйлемдердегі "әлі" деген сөз қайсысында үстеу, қайсысында зат есім? Үстеуді қалай табуға болады?

Әлі (?) жетер заман жоқ. (А)

Әлі (?) ол да өнерлі адам болар

Әлі (?) талай барармыз

Үстеу істің, қимылдың қандай белгілерін білдіреді?

ІІ деңгей

1. Мына тірскестермен сөйлем құра

Қатар отырды, сонымен қатар. Кейін қайтады, мерекеден кейін қайтады.

ІІІ деңгей

Мына үстеулерді қатыстырып, шағын әңгіме жаз.

Мысалы : таңертең, күзде, кешкісін, ілгері, жоғары, төмен

Есіңе сақта!Үстеу дегеніміз- сын есімнің, етістіктің мағынасын дәлдеп, нақтылап көрсету үшін үстеме мағына беретін әрі қимылдық мезгілін, мекенін, мақсатын, мөлшерін, сынын, себебін білдіретін негізгі сөз табы.Үстеулер өзгермейді, грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге көне бермейді.Сөйлемде ғана үстеулерді басқа сөз табынан сұрақ қою арқылы ажыратуға болады.:

Есіңе сақта!

Үстеу дегеніміз - сын есімнің, етістіктің мағынасын дәлдеп, нақтылап көрсету үшін үстеме мағына беретін әрі қимылдық мезгілін, мекенін, мақсатын, мөлшерін, сынын, себебін білдіретін негізгі сөз табы.

Үстеулер өзгермейді, грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге көне бермейді.

Сөйлемде ғана үстеулерді басқа сөз табынан сұрақ қою арқылы ажыратуға болады.

Тест тапсырмалары

  1. Үстеу қатысқан есімді тіркесті тап

А. Әрдайым дайын

В. Аса биік үй

С. Алдыңгүні айтты

Д. Ала жаздай ән салды

Е. Кейін қалды

  1. Қосарлану арқылы жасалып тұрған үстеуді белгіле

А. Келіп-кету

В. Бала-шаға

С. Он-он бес

Д. Жол-жөнекей

Е. Келсе-келер

  1. Сәл рең беріп тұрған үстеуді тап

А. Баяулау

В. Бұлбұлдайын

С. Сеніңше

Д. Қазақша

Е. Соншалық

  1. Үстеу қатысқан есімді тіркесті тап

А. Соншама ұзақ әңгіме

В. Оқу аяқталды

С. Өнім алынды

Д. Екі рет марапатталды

Е. Әдемі жазды

  1. Үстеу қай сөз таптарымен тіркесіп қолданылады?

А. Еліктеуіш сөзбен

В. Сан есіммен

С. Етістікпен, сын есіммен

Д. Одағаймен

Е. Есімдіктермен

Тақырыбы: Үстеулердің құрамдық түрлері.

Негізгі түбір үстеу, түынды түбір үстеулер

І кезең

Ұйымдастыру кезеңі

1. Төмендегі қалдырып кеткен үстеулерді орнына қой да, мақалды толық жаз.

1. (Қай уақытта?) тұрған жігіттің ырысы артық.

2. (Қай уақытта?) тұрған әйелдің бір ісі артық. (?)

3. Қатты жауған күн (қалай?) ашылады. (?)

Үстеулер қимылдың , білдіреді

2. Қай бағанадағы тіркес үстеулерге жатады?

Қалай дәлелдеуге болады?

1. Жиналыстан кейін барамын 1. Кейін барамын

2. Сен үйден әрі кетпе. 2. Сен әрі отыр.

Жауабы

  1. Мына үстеулерге қарсы мәнді үстеулер тауып жаза да, тіркес құра. Қай сөз табымен тіркеседі екен жаз.

Үлгері- . Жоғары- . Бұрын- .

Мұнда- . Әрі- .

Үлгі : ілгері жүрді - қайда? (мекен) етістікке тіркеседі

ІІ кезең

1. (Туынды сөз таптарының жасалуы саған мәлім) Мына үстеулерді құрамына қарай кестеге жаз.

Кеше, кешке, лек-легімен, ала жаздай, алдыңгүні, қыстай, ертең, қазақша.

Негізгі түбір үстеулер: Негізгі түбір үстеулер
Туынды түбір үстеулер: Туынды түбір үстеулер
Күрделі үстеулер: Күрделі үстеулер
Негізгі түбір үстеулер:
Туынды түбір үстеулер:
Күрделі үстеулер:

Анықтамасын жаз.

Негізгі түбір үстеулер дегеніміз

Туынды түбір үстеулер дегеніміз

Күрделі үстеулер дегеніміз

Жаңа сабақты бекіту жұмысы

  1. Туынды үстеулердің жасалу жолдары кестеде көрсетілген, назар аудар.
Жұрнақтар арқылы жасалатынтуынды үстеулер:

Жұрнақтар арқылы жасалатын

туынды үстеулер

Көнеленген формалар арқылы туған туынды үстеулер: Көнеленген формалар арқылы туған туынды үстеулер
Жұрнақтар арқылы жасалатынтуынды үстеулер:
  1. -ша, жаңаша, балаша, т. б

-ше ескіше, әлдекімше, т. б

  1. -лай, -лей, (-дай, -дей, -тай, -тей) осылай, екіншілей, жастай, күздей т. б.
  2. -дайын(дай-ын), -дейін(-тайын,

-тейін) түлкідейін, тотыдайын, т. б

  1. -шама, -шеме, -шалық осыншама, соншалық.
  2. -майынша, -мейінше, -бойынша,

-бейінше, -пайынша, -пейінше оқымайынша (түсінбейді) көрмейінше (сенбейді) .

Көнеленген формалар арқылы туған туынды үстеулер:
  1. Барыс септігінің көнеленуінен

зорға, текке, бірге, кешке, ертеңіне, т. б.

  1. Жатыс септігінің көнеленуінен

алда, артта, түнде, қапыда, т. б.

  1. Шығыс септігінің көнеленуінен

жүресінен, қырынан, тосыннан, шалқасынан, т. б.

  1. Көмектес септігінің көнеленуінен

жайымен, кезекпен, түйдегімен, т. б.

Мына сөздерге қандай жұрнақтарды (жоғарыдағының қайсысын) қоссаң, жаңа мағына береді және жаңа тіркес жаса.

Мысалдар: тірі, пісі, жаз, зат, жібек.

Үлгі: тірідей-(қалай?) жеткізілді.

ІІІ кезең

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

  1. Төмендегі мәтіннен үстеулерді теріп алып, негізгі түбір, туынды түбір үстеулер түрлеріне қарай топтастырып жаз.

Тойға барсаң, бұрын бар,

Бұрын барсаң, орын бар. (Мақал)

Түрік халқы, тыңдаңдар!…

Біресе ілгері шаптың,

Біресе кері шаптың,

Барған жерден не пайда таптың?

  • Бәрінің киімі бірдейі несі. Күйеуше неге киінбеген?- десіп, жақындап кеп, амандаса бастады. Сұңқардайын сыланған, тотыдайын таранған. ("Қыз жібек") . Ішкері енуге тырысатын сияқты. (Қ. Н) .

Негізгі түбір үстеулер :

Туынды түбір үстеулер:

2. Мына сөздерге -ша, -ше жұрнағын қос, жаңа тіркес жаса, қимылдың мезгілдік, сындық, мекендік белгілерінің қайсысын білдіріп тұр? Сұрақ қойып табуға болады.

Кісі, күшік, қасқыр, өзбек.

ІІ деңгей

  1. Тұлғалары бірдей сөздерге назар аудар. Қай сөйлемде үстеу болады? Мағынасына көңіл бөл.
  1. Бүгінгі күн жаздай екен. 2. Біз жаздай шөп шаптық.

Тіркескен сөзімен ал, сұрақ қой.

  1. Мына сөздерге -ша, -ше жұрнағының тиістісін жалға, қандай сөз табы жасалады? Сөз тіркестіріп дәлелде.

Кітап, сандық, орыс, түлкі.

Үлгі: кітапша - не? Рең мағына беретін туынды зат есім; жұқа кітапша;

  1. Мына сөздерден туынды үстеу жаса.

тыс , жасыр, үстірт , алтын.

ІІІ деңгей

Кешке, түнде, кенеттен, тез, енді

Мына үстеулерді қатыстырып, "Қысқы көрініс" атты шағын әңгіме құр, оған өзің ат қой.

ЕСІҢЕ САҚТА!Үстеулер морфологиялық белгілеріне қарай екі топқа бөлінеді:1) негізгі түбір үстеулер, 2) туынды түбір үстеулер.Негізгі үстеулер морфемаға (қосымшасыз) бөлшектеуге келмейтін, белгілі бір формада қалыптасқан үстеулер жатады. Әбден, тым, әуелі, т. б.Туынды үстеулер жұрнақ арқылы жасалған және кейбір септіктердің көнеленуінен туған үстеулер жатады.(7-8 жұрнақ арқылы және барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрған көнеленген формадағы үстеулер)Үстеулерді бірдей тұлғалас сөз таптарынан ажырата біл: үстеулер етістікпен тіркеседі, істің сынын, мезгілін, себебін, мақсатын, мекенін білдіреді.:

ЕСІҢЕ САҚТА!

  1. Үстеулер морфологиялық белгілеріне қарай екі топқа бөлінеді:

1) негізгі түбір үстеулер, 2) туынды түбір үстеулер.

  1. Негізгі үстеулер морфемаға (қосымшасыз) бөлшектеуге келмейтін, белгілі бір формада қалыптасқан үстеулер жатады. Әбден, тым, әуелі, т. б.
  2. Туынды үстеулер жұрнақ арқылы жасалған және кейбір септіктердің көнеленуінен туған үстеулер жатады.

(7-8 жұрнақ арқылы және барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрған көнеленген формадағы үстеулер)

Үстеулерді бірдей тұлғалас сөз таптарынан ажырата біл: үстеулер етістікпен тіркеседі, істің сынын, мезгілін, себебін, мақсатын, мекенін білдіреді.

Тест тапсырмалары

  1. Туынды үстеуді тап.
  1. Күз, ақыл.
  2. Кел, көр
  3. Бармайынша, сенбейінше.
  4. Ертең, бүгін.
  5. Мен, ол
  1. Туынды үстеуді тап.
  1. Көрген, білген.
  2. Балалар, құстар.
  3. Сақ, ұқыпты.
  4. Арыстанша, құсша.
  5. Біз, сіз.
  1. Туынды үстеуді тап.
  1. Ақылды, ұқыпты.
  2. Жорғадайын, сұңқардайын.
  3. Тосыннан, кеңінен.
  4. Асық, әңгіме.
  5. Атта, кешік.
  1. Туынды үстеуді тап.
  1. Осылай, шикілей.
  2. Ақырын, ертте.
  3. Жоғары, төмен.
  4. Биыл, ертең.
  5. Әрең, енді.
  1. Туынды үстеуді тап.
  1. Қалай, қашан.
  2. Жібек, көңіл.
  3. Қайтпады, қалмады.
  4. Кеше, таңсәріде.
  5. Соншама, осыншама.

Тақырыбы: Күрделі үстеулер, оның жасалуы мен емлесі

І кезең

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Үстеулерді тіркескен етістіктермен теріп ал, қалай жасалып тұрғанын жаз.
  1. Алыста отырса да, Абайша сұғын қадап, бағып отырған Оразбай бар. (М. Ә) . 2) Жібектейін жеңгемнен бір жауап әкеп бер, аға. ("Қыз Жібек") . 3) Мұншалық дінің қатты болар ма? (Қ. Н) .

  1. -ша жұрнағы қосылған сөздерге назар аудар, сұрағын қой, қай сөз табы екенін жанына белгіле. Ал үстеулерін етістігімен теріп алып, астына бөлек жаз.

Әке-ау, қайттым қаладан,

Асынғаным - тапанша,

Оқ жатары алты ұя.

Тапанша - мылтық тапалша.

Сүмбесі мынау сойылша,

Басары мынау бақанша…

Милиция болам мен-дағы

Жарқынбай мен Жақанша,

Үкімет ісін орындап,

Шапқылаймын шақарша. (І. Жансүгіров)

ІІ кезең

  1. Мына үстеулерді жасалуына қарай топтастыр.

Баяғыдан, шалқасынан, көзімше, таңертең, бірталай, жаздыгүні, анда-санда, күні-түні, ала жаздай, қаннен қаперсіз, ит өлген жерде.

Қосымша арқылы жасалған жалаң туынды үстеу:

Сөздердің бірігуі арқылы жасалған күрделі үстеулер:

Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған күрделі үстеулер:

Сөздерде тіркесіп жасалған не тіркесіп тұрақтанған үстеулер:

  1. Мына сөздерден қайталау арқылы үстеу жаса.

әрең - ; зорға - , бірте - , сөйлей - .

Жаңа сабақты бекіту жұмысы

  1. Екінші сыңарын өзің жаз.

Аунап - , жата - , жол - , одан - .

Күрделі үстеулер дегеніміз:

  1. Күрделі үстеулерді тауып, олардың қандай тәсіл (бірігу, т. б) арқылы жасалғанын жаз.

Анда-санда салмақпен иттер даусы келеді. Дәл қазір екі абысынды оңаша қалдырып, ендігі тың сөзді емін-еркін сөйлестіруге де сырттан үйшік құрып жүрген Әзімбайдың өзі. (М. Ә) . Балалар ертеден қара кешке дейін далада ойнайды .

  1. Мына үстеулермен сөйлем құр.

Кеше кешке, апақ-сапақта, жазғытұрым.

4. Фразеологиялық сөздікті пайдаланып, төмендегі тұрақты тіркестердің қай сөзге балама екенін жаз .

Үлгі: ит арқасы қиянда - алыста.

Қас пен көздің арасында, ат шаптырым жер, түн баласында, құлан таза, елден ала бөтен.

ІІІ кезең

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

1. Төмендегідей үстеулермен сөйлем құр. Олар қандай мағына үстейді екен? Сұрағы қандай?

Қолма-қол, бетпе-бет, алды-артын, көзбе-көз.

2. Үстеулерді құрамына қарай топтастыр, жасалу жолын жақшаға жаз (бірігу, қосарлану, тіркесу, қосымша) .

Олар ертең ерте жүретін болды. Жылқы болса күндіз-түн қыр отына жайылып жүргендіктен, енді ылдиға қарай ұмтыла түсті. Түнде, қызыл іңірде… ұйқыға әдейі кеткен бұл топ күн шыққанша тұрмай жатқан. Үшеуі де жүзбе-жүз келгенде, Абайдан ығып жүретін туыстар. (М. Ә) .

Үлгі: негізгі үстеулер:

Туынды үстеулер:

Күрделі үстеулер:

ІІ деңгей

1)

1: 1
:
ү: ү
:
:
:
:
Ү: Ү
:
:
:
:
:
:
:
1: 2
:
ү:
:
:
: -
:
Ү: С
:
:
:
:
:
:
:
1: 3
:
ү:
:
:
:
:
Ү: Т
:
:
:
:
:
:
:
1:
:
ү:
:
: 4
:
:
Ү: Е
:
: -
:
:
: е
:
:
1: 5
:
ү: у
:
:
: -
:
Ү: У
:
:
:
:
:
:
:
  1. Тіркесу арқылы жасалған күрделі үстеу.
  2. Қосарлану арқылы жасалған күрделі үстеу.
  3. Біріккен күрделі үстеу.
  4. Қалай? деген сұраққа жауап беретін күрделі үстеу.
  5. Қосарлану арқылы жасалған күрделі үстеу.
  1. Мақал-мәтелдерге үстеулерді қосып жаз.

Тиісті үстеулер : бұрын, бастан, жастан, тал түсте .

  1. Адаспаймын деген адам адасады.
  2. Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық.
  3. Баланы , әйелді .

ІІІ деңгей

Үстеулерді қатыстырып, ертегі жаз.

ЕСІҢЕ САҚТА!Күрделі үстеулер - я бірігіп, я қосарланып, я көп сөздерден тіркесіп тұрақтанған үстеулер.Идиомаланған тұрақты тіркестерден де үстеулер болады.Мысалы:елден ала бөтен, томаға тұйық, т. б.Қосарланған күрделі үстеулер дефис (-) арқылы жасалады.Мысалы:күліп-ойнап,Бірігу, тіркесу арқылы жасалған үстеулер жеке-жеке жазылады.Қас қаққанша, сол бойда.:

ЕСІҢЕ САҚТА!

  1. Күрделі үстеулер - я бірігіп, я қосарланып, я көп сөздерден тіркесіп тұрақтанған үстеулер.
  2. Идиомаланған тұрақты тіркестерден де үстеулер болады.

Мысалы: елден ала бөтен, томаға тұйық, т. б.

  1. Қосарланған күрделі үстеулер дефис (-) арқылы жасалады.

Мысалы: күліп-ойнап,

  1. Бірігу, тіркесу арқылы жасалған үстеулер жеке-жеке жазылады.

Қас қаққанша, сол бойда.

Тест тапсырмалары

  1. Күрделі үстеуді тап
  1. Шапшаң
  2. Жоғарыдан
  3. Әдейілеп
  4. Бүрсігүні
  5. Құсша.
  1. Қосарлану арқылы жасалып тұрған үстеуді көрсетіңіз.
  1. Келіп-кету
  2. Бала-шаға
  3. Он-он бес
  4. Жол-жөнекей
  5. Келсе-келер.
  1. Күрделі үстеуі бар сөйлемді тап.
  1. Ол қайта-қайта қарады, бірақ танымады.
  2. Бәріміздің өміріміздің басталуы.
  3. Жаздың көркі енеді жыл құсымен.
  4. Қазір жалғызбын ғой.
  5. Мұнда бір салқындық бар.
  1. Қосарлану арқылы жасалған үстеуді табыңыз
  1. Екіншәрі, таңертең
  2. Бармайынша, келмейінше
  3. Қысы-жазы, анда-санда
  4. Қаланы, үйді
  5. Тым жас.
  1. Күрделі үстеуді тап.
  1. Мұншалық, соншалық
  2. Қас қағым сәтте; көзді ашып жұмғанша
  3. Ата-ана, ауыл-аймақ
  4. Бүгін, кеше
  5. Келгелі, көргелі.

Тақырыбы: Үстеудің мағыналық түрлері

Мезгіл және мекен үстеулері

І кезең

Ұйымдастыру кезеңі

1. Төмендегі сызбаны күрделі үстеулердің жасалу жолына қарай өзің мысал келтіріп, толтыр.

Күрделі үстеу: Күрделі үстеу
Күрделі үстеу: Тіркесуі арқылы
Қосарлануы арқылы
Бірігуі арқылы
Күрделі үстеу:

ІІ кезең

1. Берілген үстеулерге сұрақ қой, мағыналарына қарай сызбаға топтастыр.

Әрең, керемет үлкен, алға, әжептәуір, аса, тым, әдейі, былтыр, таңертең, талай, басқа, емін-еркін, әрі, амалсыздан, бірте-бірте, бүгін, жоғары, қазақша, ертеден кешке дейін.

Мезгіл(қашан?):

Мезгіл

(қашан?)

Мекен(қайда?):

Мекен

(қайда?)

Сын-қимыл(қалай?):

Сын-қимыл

(қалай?)

Мөлшер(қанша?):

Мөлшер

(қанша?)

Күшейткіш(қандай?):

Күшейткіш

(қандай?)

Мақсат(не мақсатпен?):

Мақсат

(не мақсатпен?)

Себеп-салдар (неліктен?):

Себеп-

салдар (неліктен?)

Мезгіл(қашан?):
Мекен(қайда?):
Сын-қимыл(қалай?):
Мөлшер(қанша?):
Күшейткіш(қандай?):
Мақсат(не мақсатпен?):
Себеп-салдар (неліктен?):
  1. Ендеше, үстеу мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді екен. Мынандай мағыналық түрлері бар: , , , , , , .

3. Асты сызылған үстеулерге сұрақ қоя отырып, мағынасын анықта. Үстеудің қай түріне жатады?

Биыл мен 6 сыныпты бітіремін. Бүгін өте көңілдімін. Өйткені ертең ауылға барамын. Кеше автобусқа билет алып қойғанмын. Автобус таңертең жүреді. Атам мен әжемнің қасында күні бойы боламын.

4. Мына үстеулерге сұрақ қой. Іс-қимылдың қандай сипатын білдіретінін анықта, үстеудің қай түріне жататынын ажырат. Сөз тіркесін жаса.

Ілгері, әрі, арттан, алды-артынан, осында, мұнда, әрменірек, берірек.

Үлгі : артта қалды.

Ендеше, мезгіл үстеуі

білдіреді.

Мынадай сұраққа жауап береді : , ,

Мекен үстеуі

білдіреді.

Сұрағы:, .

5. Мезгіл, мекен үстеулерді тіркескен сөздерімен теріп жаз да, сұрағын қойып, қай сөйлем мүшесі екенін анықта.

Жолшыбай жат ел. Ар жағы - Қызылжар. Кешірек ауа жел бәсеңдеп, бұлт ыдырай бастады… Біз ілгері жүріп кеттік. Есілдің тұс- тұсынан ағылған халық көз тұндырады.

Жаңа сабақты бекіту жұмысы

  1. Үстеуді мағыналық тобына, тұлғасына қарай ажырат.

Бұдан бұрынғы екі күндік жолда үлкендер жылдам жүрмей, баланың шыдамын әбден тауысқан-ды. Құлағы көптен мүкіс тартқан кәрі әжесінің ең бір жақсы көретін немересі Абай-ды. Абай жалт қарап барып, жаңа көрді. (М. Ә) . Тал түсте үйіне зорға жетті. Бәрі де Нұртаза мен Мұсабайдан төмен отырды. (М. Ә. ) . Күндіз өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді. (Ғ. Мұст. ) .

Үлгі: жылдам - негізгі үстеу, қалай? сын-қимыл.

ІІІ кезең

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

1. Көп нүктенің орнына мезгіл үстеулерді қойып жаз.

Парк

… заманда адамдар үйлерінің маңына көкініс, жеміс ағаштарын, емдік өсірген. … олар көркімен көз тартатын небір әдемі өсімдіктерді еге бастады. …. . бастап, парктер дүниеге келген.

II деңгей

1. Мына тұрақты тіркестердің мағынасын анықтап жаз.

Кісі аяғы басылғанда, шай қайнатым, сүт пісірім, ит өлген жерде, ит арқасы қияңда, көз байлана.

2. а) Мынадай үстеулер қай жұмбақтарда кездесетін еді? Мағынасына қарай бұлар қандай үстеулер?

а) Таңертең, түсте, кешке;

ә) Таң атқанша, таң атқан соң;

б) Кейін, содан үстеулерін бірде мекендік, бірде мезгілдік мағынада қолданып, әрқайсына екіден төрт сөйлем ойлап жаз.

ІІІ денгей

Үстеудің мағыналық түрлерін қолдана отырып, «Таңғажайып оқиға» тақырыбына шағын әңгіме жаз.


Ұқсас жұмыстар
Мағынасы қарама-қарсы сөздер. 2-сынып
Қазақ тілі пәнінен "шылау"
Мағынасы жуық сөздер
Кәсіби мемлекет тарауы
Қарсы мәндес сын есім туралы
Күшейтпелі шырай жайлы ақпарат
Тақырып - Сөз және оның мағынасы
Қарсы мәндес сын есім
Сабақты етістіктер кімді
Құзырлық тапсырма жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz