Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуде ата - ананың ролі

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуде ата-ананың ролі

Камшат Бақтығалиқызы Турешова
БҚО Теректі ауданы, Подстепное ауылы
<<Бәйтерек>> мектепке дейінгі ұйымның инклюзивті білім беру кабинеті психологі

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ <<Адамның бақыты- балада>> деген екен. Кез-келген адам өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы - ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. <<Адам ұрпағымен мың жасайды>>деген сөз де тегін айтылмаса керек. Олай болса, адам өмірінің мәні- өз ұрпағы.
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі.Бала үшін үй ішінен, ата-анасынан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер, яғни тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, отбасындағы үлкендердің үлгісімен сіңеді.
Еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, қазіргі таңда туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарынан қаршадай бастарынан қасірет дертке шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балалар саны жылдан жылға артуда. Ауру сәби дүниеге келгеннен бастап оның тауқыметін тартуға мәжбүр болады. Мүмкіндігі шектеулі бала дүниеге келгенде ата-аналар алдында оны арнайы мекемеге беру керек пе, әлде үй жағдайында қарау керек пе деген таңдау шығады. Ата-аналар бала туылғаннан кейін психологиялық және өзге де қажет кеңестер алмағандықтан, бұл өте қиын таңдау. Осы ретте балаларынан бас тартып жататындарда кездеседі. Десек те, баланы Алланың сыйы деп қабылдап, оны отбасы жағдайында тәрбиелеуге бел буатындар саны басым.
Балаларының ақыл-ойы кемдігі ата-аналарға психологиялық тұрғыдан ғана емес, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан да әсерін тигізеді.
Кейбір жағдайларда ата-аналар баланың кемтарлығынан ол кеш жүруі тиіс, немесе оның дамуында бір кемшіліктер болады, тілі кеш дамуы мүмкін деп ойлап, аталған диагноздың қойылуынан қорқады. Шындықты естігенде, ата-аналар бұл жағдай уақыт өте бала есейгенде өтіп кетеді деп ойлайды.
Интеллектуалды бұзылысы бар баламен кешенді жұмысты жүзеге асыруда психолог, әлеуметтік педагог, дефектолог , логопед мамандарының ролі ерекше. Өз қызметінің аясында әр маман баламен және ата-аналармен тиісті жұмыс түрлерін жүргізеді.
Ерте жаста олар тынымсыз, ашушаң және ерке болады. Мектепке дейін шақта өзін тым шулы етіп көрсетеді. Осы балалардың тәртіптері тұрақсыз, сондықтан ол түскен жағдайына тәуелді болады. Қоршаған ортаның сәл өзгеруі кезінде қозғыштығы күшейеді. Осы балалардың эмоциялары тұрақсыз және өзгермелі. Ал екінші топтың балалары тәртіптің қарама-қарсы формасын көрсетуі мүмкін. Олар тым баяу, барлық іс-әрекетте көмекті қажет етеді және сабақтарда пассивті болады. Осы балалар қойылған сұрақтарға жауап беруге тырыспайды. Қандай да іс-әрекетке олар мұғалімнің бірнеше рет ұсыныс жасаудан және тапсырманы бірнеше рет қайталаудан кейін ғана қосылады. Айқын интеллектуалдық жетіспеушілігі бар балаларда психиканың барлық жақтары бұзылған: қабылдау, зейін, ойлау, есте сақтау, сөйлеу, эмоционалдық-еріктік сферасы. Осы балаларға сыртқы қабылдау тән, яғни заттарды жалпы қабылдау. Олар қабылдаған материалдарға талдау жасамайды және басқа объектілермен салыстырмайды. Балаларда танымдық іс-әрекеттің дамымауы, ең алдымен, ойлау үдерісінде көрініс табады. Демек отбасының бала тәрбиесіндегі алар орнын халқымыз "ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" деген даналық оймен түйе білген. Тұжырымдай келгенде, дұрыс қалыптасқан отбасылық қарым-қатынас баланың тұлғалық - психологиялық дамуының ғана емес, оның творчестволық қабілеттері мен іскерліктерінің дамуының қайнар көзі болып табылады. Кемістің түріне және күрделілік деңгейіне байланысты балаларды тәрбиелеу мүмкіндігі де өзгеріп отырады.
Сіз жалғыз емессіз. Әлемде мүмкіндігі шектеулі балалардың саны сіз ойлағаннан әлдеқайда көп. Өзіңізді осындай мәселеге тап болған жалғыз отбасымыз деп ойламаңыз. Бәрі соншалықты жаман емес. Мүмкіндігі шектеулі балаларда толыққанды және өте бақытты балалық шақтың болу мүмкіндігін мыңдаған ата-ана растайды. Әрине, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу өте қиын болғанымен, әрқашан қиындықтарға тап болу дегенді білдірмейді. Бүгінде қиын деп отырған мәселелер ертең Сізге жеңіл немесе кем дегенде үйреншікті болып кетуі мүмкін. Балаңызды тәрбиелеу Сізге де өзгелерге сынды қуаныш пен бақыт сыйлауы мүмкін.

Ұқсас жұмыстар
Отбасындағы рухани қарым - қатынас
Мектеп ұжымы
Мемлекеттік бағдарлама негізінде инклюзивті білім берудің мазмұны мен инновациялық жолдарын жүзеге асыру
Инклюзивті білім берудің мақсаты
Инклюзивті сыныптардағы білім беруді ұйымдастыру
Тәрбиеші әдістемесі
Қалыпты өмір ортасындағы адамдардың мәселесіне көмек беру қарапайым рухани бай адамның қолынан келер, бәлкім
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің негізгі бір факторы, ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау
Бала біздің болашағымыз
Пәндер