Сөйлем түрлері мен сөз таптарының грамматикалық монологтары

Б. Сүлейменов атындағы орта мектеп

Грамматикалық монологты анықтамалар

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Садықова Гүлвира Әмірханқызы

Алғы сөз

Бүгінгі оқушы-Отанға лайықты қызмет

ететін мемлекет ісіне, қоғам жұмысына белсене

араласатын ертеңгі азамат. Сондықтан да халықтың

сарқылмас бастауы саналатын мемлекеттік тіл-

қазақ тілінің дәрежесін көтеру үшін тіл мәдениетін,

тілдің қызметін, оның сырын меңгеру-бүгінгі күн

талабы.

Сөйлемнің монологы

Менің атым-сөйлем,

Тиянақты ойды білдірем.

Толығады құрамым,

Сөз тіркесі, сөздермен.

Бастауышсыз болсам да,

Баяндауышсыз болмаймын.

Мен болмасам, құр сөзбен,

Айтар ойың толмайды.

Сөйлем түрлерінің айтысы

Хабарлы сөйлем:

Мақсатым-болған жайды хабарламақ

Көргенді суреттемек, баяндамақ

Сендей желпінбеймін, үнім баяу

Бойымдағы бар мінім жалғыз сол-ақ

Ауызекі тіл менен сөйлемдерде

Көбірек кездесемін, мақтанайын

Мен арқылы үйренер ғылым тілін

Оқушылар әр пәннен сағат сайын.

Сұраулы сөйлем:

  1. Хабарлы сөйлем, мақтанба

Мықтымын деп шаттанба

Ізденіп, сұрап білмесең

Білімде, сірә, мән бар ма?

  1. Жасалам етістіктерден

Сұраулық шылау сөздерден

Үлес қосар кей-кейде

-ау, -ғой демеуліктері де

3. Біз болмасақ құрамында

Диалогтың болмас сәні

Сұрақ, сауал болмаса егер

Бар ма, оқушым, сабақ мәні

Бұйрықты сөйлем:

Мені әдетте бәрі қатал санайды

Талпындарсам әрекетке несі айып?

«Көп ұйықтама, еңбек ет» деп айтпасам

Ұйықтар еңдер түске дейін тырайып.

Сақтандырып теріс әдет, қылықтан

Бұйрықты сөйлем:

Мені әдетте бәрі қатал санайды

Талпындырсам әрекетке несі айып?

«Көп ұйықтама, еңбек ет» деп айтпасам

Ұйықтар еңдер түске дейін тырайып

Сақтандырып теріс әдет, қылықтан

Шақырамын жақсы іс пен еңбекке

Талпындырам туған жерді сүюге

Жетелеймін білім дәнін термекке

Тағылымы мол тыйым сөздер-мекенім

Ал, ендеме, осал дейді мені кім?

Мен арқылы біледі әркез балалар

Бұл сөздердің тағылымды екенін

Лепті сөйлем:

Мысқыл, әзіл, қарсылықты

Абыржудың, жалынышты

Өкінішті, сүйінішті,

Қуанышты, ренішті

Білдіретін сөйлеммін мен

Болмасаңдар менен күшті!

«Неткен», «қандай», «не деген»

Сөздер арқылы жасалам

Одағай сөздер қолданып

Білдірер сезім әр адам.

Сөз таптарының монологтары:

Шылаудың: монологы

Мені жұрттар «мағынасы жоқ» дейді

Айта берсін, білмегендер, е, мейлі!

Сөз бен сөзді, сөйлем менен сөйлемді

Байланыстар қызметімді білмейді

Сөз табының құрамына кіремін

Болмаса да лексикалық мағынам

Бірге болып, қызмет етіп солармен

Негізгілер қатарынан табылам.

Танытайын өзімді

Кім? Не? Басты сұрағым

Сөз таптары ішінде

Алдыңғы орын тұрағым

Зат есімнің монологы:

Сөз табының бірімін,

Осал емес, ірімін.

Мені білсең, оқушым,

Зат, құбылыс жайында

Ашыла түсер білімің.

Мағына, құрамы жағынан

Сөз табымын ерекше

Жалпы, жалқы секілді

Түрлері бар бірнеше.

Түбір күйде тұрсам егер

Негізгі деп атайды.

Жалғанса егер алуан жұрнақ

Деректімін қолға ұсталып, көз көрсе

Дерексізбін, ұсталмасам, көрмесем.

Мені егер күрделі деп ұғарсың,

Жасалса егер қос сөз,

Жалғыз болсам, мені «дара»,

Қосарлансам мен «күрделі»


Ұқсас жұмыстар
Бұйрықты сөйлем: анықтамасы, грамматикалық белгілері және оқыту әдістемесі
Сан есім: грамматикалық түрлері мен қолданылуы (сабақ жоспары)
Қазақ тілінен емтихан билеттері: сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлемдер және кешенді грамматикалық талдау
Етістікті қайталау: түрлері мен грамматикалық талдауы (жарыс сабақ)
10-сынып: Қ. Жұбанов және сөз таптарының сандық және сапалық ерекшеліктері бойынша сабақ жоспары
7-сынып қазақ тілі: синтаксис негіздері - сөз тіркестері мен сөйлем
Сөйлем және сөз тіркестері: табиғатқа экскурсия арқылы қайталау сабағы
Сөйлем туралы түсінік және оның түрлері мен тыныс белгілері
3-сыныпқа арналған 40 минуттық Қазақ тілі сабағы: Сөз таптары (грамматикалық нормаларды сақтау)
Сөйлем және сөз тіркестерін қайталау: табиғатқа экскурсия арқылы интеграциялық сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz