Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бүгінгі жасөспірім қыз - ертеңгі ана

Жасөпірімдік шақтағы жүктіліктің алдын алудың психологиялық аспектілері.
Н.Д.Куанышева - педагог-психолог,
ШҚО білім басқармасы <<Үміт>> балалар үйі КММ
Жасөспірімдік шақ - бұл бала өміріндегі физиологиялық және психологиялық өзгерістердің өте жылдам өтетін, әрі оның өмірдегі өз орнын анықтайтын, бағыт-бағдар алатын ең күрделі кезең екені анық. Демек, осы кезде бала дамудың бірнеше жолдарының біріне аяқ басады. Бұл кезде өмір көз алдында өзгеріп салады. Алғашқы махаббат, бірінші кездесу, алғашқы сүйіспеншілік - мұның барлығы жасөспірімдердің аңдамай аяқ басып, күрделі қиындықтарға әкеп соғуы мүмкін. Солардың бірі - ерте жүктілік.
Жасөспірімдер арасындағы жүктілік әлемнің көптеген елдерінің әлеуметтік және экономикалық маңызды қиыншылықтарының бірі болып отыр. Жасөпірімдер арасындағы жүктіліктің негізгі психологилық-әлеуметтік қиындықтарына олардың толыққанды білім ала алмауы, кәсіби мүмкіндіктерінің шектелуі, кедейлік, баланы толық емес отбасынада тәрбиелеу сияқты жағдайлар жатады.
Ресми статистикаға жүгіне кетсек, Денсаулық сақтау министрлігінің 2015 жылғы ақпараты бойынша елімізде жылына шамамен он мыңға жуық кәмелеттік жасқа толмаған қыз балалар жүкті болады, соның ішінде қырық пайызы ана атанса, қалғаны жасанды түсік тастату әрекетіне баратынын мәлімдеді. [1]
Жасөспірімдердің жыныстық мәдениетінің өзгеруі көп жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ), әсіресе, ғаламтор мен телевидениенің әсерінен деп нақты айтуға болады. Жыныстық тәрбие арнайы оқу бағдарламасына енбеген елдерде дәл осы БАҚ-ры ақпарат алудың негізгі қайнар көзі болып табылатыны дәлелденген. [2]
Ерте жүкті болған жас қыздар көбінесе мектептегі білім алуды жасғастырудан бас тартады, бұл жағдай сонымен қатар әлеуметтік изоляцияға, заңсыз түсік тастатуға, жауапсыздыққ пен баладан бас тартуға дейін әкеп соғады. Кәмелетке толмаған аналар арасында кездесетін қиыншылықтар осымен шектелмейді, оған қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсу қиындығы, өзін өзі бағалау деңгейінің төмендеуі де қосылады. Нәтижесінде, кәмелетке толмаған аналардың эмоционалды жағдайының нашарлауы - материалдық, тұрғын-үй мәселесінің шиеленісуі, туған-туыстарының сөгуші көзқарасы, жақындарымен кикілжіге жиі түсуі, өзінің сырт келбетіне көңілі тлмауы, үй шаруасынан шаршауы сияқты жағдайларға әкеп соғады. Сонымен қатар, жас аналар қоғам тарапынан да қатты қысым көреді, себебі жасөспірімдік шақтағы жүктілік асоциалды мінез-құлықтың нәтижесі де бағаланады.
Аталған жағдай қарыштап дамып келе жатқан технологиялардың салдарынан деп айтуға болады. Қазіргі таңдағы заманауи мәдениет жасөспірімдердің жыныстық ерте есеюіне әсер етеді, алайда, оның соңы қандай жағдайларға әкеп соғатыны туралы толық ақпарат бермейді. Екінші жағынан, қазіргі жасөспірімдер күнделікті өмірде көп еркіндікке қол жеткізген. Ақпараттың барлығы қол жетімді, ата-аналар әлеуметтік жағдайды түзету мақсатында күнұзақ жұмысбасты болғандықтан, көп жағдайда жеткіншектер өздері жеке қалады. Дәл осындай балалар арасында ерте жыныстық қарым-қатынас, ерте жүктілік сияқты оқиғалар жиі кездеседі.
Аталған мәселенің алдын алу күрделі, әрі жан-жақты қамтуды қажет ететін үрдіс. Ерте жүктіліктің алды алу ең бірінші ата-ананың тәрбиесінен, содан соң оның қоршаған ортасынан, яғни, мектептен бастау алу керек.
Біз балаларымызбен жыныстық тақырыпта сөйлесуге, олардың сұрақтарына жауап беруге ыңғайсызданамыз. Өйткені, біз оларды әлі кішкентай ғой деп санаймыз. Алайда қазіргі ақпараттық заманда балаларымыз тез есеюде. Тіпті кейде олардың сөздеріне, әрекеттеріне қарап, кейбір нәрселерді үлкендерден кем білмей ме деп қаласың. Ақпараттар ағымының қарқыны соншалық, балаларымызға қажетті, қажетсіз ақпараттарды екшеу мүмкін емес. Сондықтан осы жыныстық тақырыпты балаларымыз өздігімен әр жерден бір іздемесін десек, мектептерде арнайы тәрбие сағатын енгізудің, ата-аналардың балаларымен ашық сөйлесудің еш зияны жоқ. Әр отбасындағыи менталитет әртүрлі, сондықтан кейбір ата-ана бұл тақырыпты баласына түсіндіре алмай жатады. Негізінен ата-ананың міндеті баласының әр нәрсеге қызығушылығын қадағалап, дұрыс бағыт беріп отыру. Ал мектепте жыныстық тәрбие сағатын психолог, дәрігер маманның қатысуымен өткізіп отыру жақсы нәтиже береді деп айтуға болады.
Жоспарланбаған жүктілік әйел затын психологиялық күйзеліске ұшыратады. Егер біз қоғам болып ұлт болашағын ойласақ, қыз бала денсаулығы мен тәрбиесіне аса мұқият болғанымыз жөн. Қыз балаға ерекше күтім, дұрыс тәрбие қажет. Бүгінгі жасөспірім қыз - ертеңгі ана. Психолог ретінде мектептерде жыныстық тәрбие беруді жүйелі түрде өткізіп тұруды дұрыс деп есептеймін. Желкілдеп өсіп келе жатқан жасөспірімдерге отбасында, білім ошақтарында жыныстық тәрбиені дұрыс беріп отырсақ, біраз мәселелердің алдын алған болар едік.

Пайдаланған әдебиеттер.
[1] - (Nur.kz от 16.10.15 со ссылкой на Казинформ)
[2] . Чичерин Л.П., Никитин М.В. Медико-социальные аспекты охраны здоровья детей и подростков в Российской Федерации // Общественное здоровье и здравоохранение. - 2010. - № 3. - С. 22 - 26. 17.

Ұқсас жұмыстар
Қызым саған айтам ... сырласу кешінің сценарииі
Бүгінгі тұлымы желбіреген асыл қыз
Мектеп жасындағы баланың тәрбиесіне қатысты кеңестер
Ата - аналар жиналысы
Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы
Қазақ отбасындағы адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы
Сырласайық анашым 8-10-сыныптар арасында
Анаға қарап қыз өсер
Қызым-қызғалдағым, ұлым-ізгі арманым жайлы ақпарат
Баланың тәртібін
Пәндер