Керегеге бекиді

4-сынып Пән: Бейнелеу Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Киіз үй жиһаздары
Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды киіз үй сүйегімен және киіз үй жиһаздарымен таныстыру, кеңірек мәлімет беру.
Ұлттық мұрамызды сақтауға, қадірлеуге тәрбиелеу.
Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын байыту.
Құралдары: киіз үй макеті, сандық макеті, өрнекті сырмақ, суреттер, слайд

Сабақтың барысы
Бүгінгі сабақтың тақырыбын жұмбақ шешу арқылы табайық.
Тіреусіз күмбез,
Сылақсыз қабырға
Тұтқасыз есік
Іргетассыз ғимарат. (Киіз үй)

http://baq.kz/foto/334c6b6333b24893f53476832f2e20cd.jpg http://old.abai.kz/sites/default/files/kiizui5.jpg
Бүгінгі тақырып киіз үй және оның жиһаздары туралы болмақ.
Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Біздің халқымызда киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келеді.
Мал шаруашылығымен айналысып, көшпелі өмір сүретін адамдар үшін киіз үй ыңғайлы да жеңіл, қолайлы баспана. Ең кереметі оны жарты сағатта жығып, тағы сондай уақытта тігіп үлгіруге болады.
Тұтыну қажетіне орай киіз үй үш түрге бөлінеді. 1. . Киіз үй үш қанаттан бастап, он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін үлгілері болған. Жалпы киіз үй басты - басты төрт түрлі жабдықтан тұрады.
1 - оқушы. Киіз үйдің сүйегі қайың, мойыл, сәмбі талы, қарағай сияқты ағаштардан жасалатын жабдықтар (кереге, уық, шаңырақ, маңдайша, табалдырық, жақтау немесе таяныш, сықырлауық)
2 - оқушы. Киіз үйдің киіздері негізінен қойдың күзен жүнінен жасалатын жабдықтар (туырлық, үзік, түңлік, киіз есік, уық қап, дөдеге т. б)
3 - оқушы. Киіз үйдің бау - шуы қой, түйе жүнінен, жылқы жалынан есілетін, тоқылатын жіптер (арқандар, бас бау, аяқ бау, уық бау, түңлік бау, құр, терме, басқұр, жел бау т. б)
4 - оқушы. Киіз үйдің іші - тысына тұтатын шидің түрлері - шым ши, ораулы ши, кілем ши, алаша ши, ақ ши.

http://image.slidesharecdn.com/random-150101094817-conversion-gate02/95/-31-638.jpg?cb=1420127407 https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcStWfNREVuevoWRwtRcU7NnfbYmKogFlaTjVGkk1MyRdOf2Cmpn
Киіз үйдің сыртқы көрінісіне, сәулеті мен көлеміне қарай ақ үй, боз үй, қоңыр үй және т. б аттарымен атайды.
Енді киіз үй жиһаздарымен танысайық. Киіз үй жиһаздарына абажа, абдыра, ағаш төсек, адалбақан, асадал, бөгіре, жағылан, жозы, жүкаяқ,
кебеже, сандық жатады. Солардың ішінен бірнешеуімен танысайық.
5 - оқушы. Адалбақан - тұрмыстағы тазалықтың кепілі. Оған киімдерді, жеңіл бұйымдарды іліп қояды. Адалбақан киіз үйді құру кезінде шаңырақты көтеріп тұру қызметін де атқарады.
6 - оқушы. Қазақ халқының тұрмыста қолданатын сандық бейнелі үй жиһаздары негізінен абажа, әбдіре, сандық, қобдиша деп бөлінеді. Сандыққа киім - кешек, заттарды салады.
7 - оқушы. Жүкаяқ - қазақ тұрмысындағы үй жиһаздарының бірі. Ол жиған жүктің, сандықтың астына қоятын ағаш тұғыр.
8 - оқушы. Кебеже - бидай, арпа, тары, күріш сияқты дәнді - дақылдарды, тағы басқа да азық - түлік түрлерін салып қою үшін арнайы жасалған ыдыс.
9 - оқушы. Асадал - асың адал болсын деген сөз. Оған ыдыс - аяқтарды сақтайды.
Киіз үй макетіне дайындап келген бөліктері арқылы киіз үйді құру. Бөліктер қағазға салынған суреттер. Әр бөлікте сұрақтар бар. Сұрақтарға шыққан әр оқушы жауап береді.

http://shava.kz/uploads/posts/2015-12/1449991397_slayd5.jpg http://images.myshared.ru/1121105/slide_3.jpg

1 - ші кереге - достық туралы 5 мақал айт.
2 - ші кереге - еңбек туралы 5 мақал айт.
3 - ші кереге - отан туралы 5 мақал айт.
Шаңырақ - рәміздерді ата
Уық - үш жүздің биін ата.
Есік - төрт түліктің атасын ата.
Ши - қазақ батырларын ата.
Туырлық - білім туралы мақал айт.
Киіз есік - еңбек туралы мақал айт.
Түңлік - апта күндерінің қазақша атауы


Ұқсас жұмыстар
6- сынып киіз үй - көшпелілердің баспанасы
Дене бұлшық еттері
Өлеңді мәнерлеп оқу
Шаңырақ тобы
Жаса, жайна, ару Астана
Көне өлшемдер –ата-баба мұрасы
Жасыл балдырлар
Қазақстан әлем картасында
Сабақ. Оқушыға берілетін тақырыпты тереңдете, жан - жақты әрі жеңіл түрде игерту
§18. Плаунтектес өсімдіктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz