Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ойларыңызға көп рахмет, құрметті ата - аналар

Еңбек жалпы орта білім беретін мектебі



Тексерген: Ж.М.Ақболатова
Өткізген: 11-сынып жетекшісі
Д.Б.Казиева

2015-2016 оқу жылы

Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы - нәтижелі білім негізі
Мақсаты: баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, пән мұғалімдеріне қолдау көрсете отырып, баланың ҰБТ-ге дайындалуын қадағалау, жеңілдету;
Жоспар:
1. Тренинг: <<Есімдер аллитерациясы>>
2. Сиқырлы таяқша
3. Ой толғаныс
4. Жетелейді шәкіртін білім үшін
5. Кездескенше
Қорытынды
Кіріспе сөз. Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі жиналысымыз сіздердің естеріңізде қалсын, жиналыс арқылы жандарыңызға жылулық ұялату мақсатында аздап болса да, жиналысымызды ерекше сипатта өткізсембе деген ниеттемін. Ол үшін маған сіздердің көмектеріңіз керек.Сіздер де уақытты жақсы өткізуге ат салысарсыздар деген ойдамын. Менімен келісесіздерме?
-Қуаныштымын
Олай болса, құрметті ата-аналар бір-бірімізбен танысып алсақ қайтеді?!Әрине бір ауылдан болғандықтан, бір-бірлеріңізді танисыздар.Дегенмен,бүгін бір-бірімізге бір сынып ата-аналары ретінде бір минуттан болса да, бір-бірімізге уақыт, көңіл бөліп көрелік.
1. Тренинг: <<Есімдер аллитерациясы>>
Мақсаты: ата-аналарды бір-бірімен таныстыру, жақынырақ араластыру; Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінің есімдерін айтып,және есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту керек.
Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып, қошеметтеп қояды.
oo Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтқанда қандай сезімде болдыңыз?
oo Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл күйде отырсыз?
Бүгінгі жиынымыздың әрбір кезеңін өздеріңізге арнап, бөлшек-бөлшекке бөлген болатынмын. Сол жоспармен,яғни бүгінгі күн тәртібіммен танысып өтсек. Экранға зер салайық.
<<Сиқырлы таяқша>>
Бұл ойында ата-анаға таяқша ұсынылады. <<Сиқырлы таяқша>> сұрақтар қояды.
1. Балаңыз бос уақытын қалай өткізеді?
2. 11-сыныпқа көшу барысында балаңыздың бойынан қандай өзгеріс байқадыңыз?
3. Балаңыздың алдағы жоспары қандай?
4. Күнделікті сабаққа балаңыз қалай дайындалады,қадағалап отырасызба?
5. Балаңыз есейіп келе жатыр, тәрбиелеуде қиындықтар кездесіп жатырма?
6. Балаңыздың күн тәртібін білесізбе?
7. Балаңыздың себепсіз сабақ қалдырған кезі болдыма?
Ой толғаныс
1. Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы
2. Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болуы керек.
3. Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 10 жасқа дейін құлдай жұмса,
15 жастан асқан соң досыңдай сырлас
Ойларыңызға көп рахмет,құрметті ата-аналар! Біздің бүгінгі жиналысымызға бізбен сізден бөлек бір жұмбақ кейіпкеріміз келген болатын.Сол кісіге уақыт бөліп, тыңдасақ деймін.
Жұмбақ кейіпкер:
oo Мен бүгінгі таңда дипломсыз, жұмыссыз, әлі күнге дейін ата-анамның қолына қарап, солардың зейнетақысына күн көріп жүрген бір азаматпын. Тіпті өзімді азаматпын деп айтуға да қымсынамын. Кезінде мен де мектепте оқығам..Мұғалімдер бастауыш сыныптардан өзімді мақтаушы-еді. Менімен қоса құрдасым Мұратты да. Екеуміз бала кезден дос едік. Мұғалімдер, мені алғыр, ұшқыр ойлы дейтін. Мен мінезімнен тәкәппар,қырсық болатынмын. Жоғары сыныптарға келе, мұғалімдерімді менсінбеуім, олардың сабақтарына дайындалмай келетін болдым. Өзімді мұғалімдерден жоғары қоятынмын. Сөйтіп тәкәппарлықпен,өзімшілденіп жүріп ҰБТ-ға дайындыққа да бармайтынмын. Әке-шешемде ол ісімді құптағандай, үнсіз болды. Түптің түбіне келгенде, ҰБТ-ден дайындық кездерінде жинап жүрген баллдан да аз ұпай жинап, бармағымды тістедім. Ал сол дайындыққа үнемі барып жүрген, деңгейі меннен де төмен болған Мұрат болса, ҰБТ-ден жақсы нітиже көрсетті, кейін оқуға да түсті ...Өзім не өкінерімді, не біреуді кінәларымды білмейм. Мені әлі күнге дейін мазалайтын бір ой: <<Мұрат қалайша жоғары ұпай жинады?>>.
1. <<Жетелейді шәкіртін білім үшін>>
Дұрыс тәрбие- балаға өмір бойы азық. <<Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы - нәтижелі білім негізі>> демекші бүгінгі таңда білімді нәтижелеп беретін ол - ҰБТ болып отыр. Құрметті,ата-аналар балаларымыздың ҰБТ-ң нәтижелері көңіл қуантарлық емес.
Экраннан оқушылардың ААБС қорытындыларына тоқталамын.
Мектеп директоры О.Р.Бижановқа сөз беріледі.
<<Кездескенше>>. Ата-аналар жылы шырақты ала отырып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін айтып, келесі кездескенше қоштасады.
Қорытынды. Құрметті,ата-аналар! Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Бүгінгі Музыкалық отбасы
Оқытудағы кедергілер және одан шығу жолдары
Құтты болсын тойларың
Бармысыздар балалар
Отбасы - бақыт мекені
Жарқырасын - шыршамыз
Аналар өздерінің балаларын көздерін жұмып, сипау арқылы тауып беру
Қош бол, сүйікті Әліппем
Наурыз - Ұлыстың ұлы күні
"бала тәрбиесіне байыппен қарайық" ата-аналар үшін семинар
Пәндер