Алғашқы әскери дайындық арқылы патриоттық тәрбие: модульдік оқыту тәжірибесі

Алғашқы әскери дайындық сабағында оқушыны патриоттық отансүйгіштік рухында тәрбиелеу

Қазіргі уақыта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнынажаңасы келуде, Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамытуын қойып отры. Қазіргі таңда педагогика ғылымының бір ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруда.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бектілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік бар.

Мен өз сбағымда оқытудың жаңа технологиялық әдістерінің ішінде педагогика ғылымдарының кандидаты Марал Мәденқызы Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясын пайдаланамын, 5-6 жылдан бері «Алғашқы әскери дайындық сабағында баланың патриоттық, отансүйгіштік рухында тәрбиелеу» тақырыбында шығармашылық жұмыспен айналысып келемін.

Сабақ өту кезінде жаңа технологиямен шығармашылық жұмысты байланыстырып өтемін.

Модульдік технология - педагогикалық технологияның негізі ұстанымдарымен материалды толық игеру әдістерінің негізгі позициясына сүйенген. Модульдік технологиямен оқытудың маңызды мәселесі оқушылардың танымдық қызметінің артуы, жеке тұлғаның өзіндік дамуына бағыт беру, сонымен қатар оның мүмкіндігінің жүзеге асуын қадағалау.

Сабақта қазіргі заман талабына сай компьютер техникасы, проектор пайдаланамын. Алғашқы әскери дайындық сабақтарында мен негізінен дифференциалды, ұжымдық және жұптық оқыту әдіс - тәсілдерін қолданамын. Әсіресе, практикалық сабақтардан саптық даярлық бойынша сабақьар алдыңғы сабақтарда дағдыланған машықтардың ұмытылмауы үшін жүйелі түрде және бірдей уақыт аралықтарында өткіземін.

Әскери - патриоттық тәрбие жасөспірімдерді еліне деген сүйіспеншілікке, ұлттық армия сапында адал қызмет атқаруға, азаматтық адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге баулиды. Бала әрдайым өмірге қызыға қарайды, бәрін үйренгісі келеді, еліне керекті азамат болып өскісі келеді.

Қазақстан Республикасы Үкімет жасөспірімдердің отансүйгіштік, елінің патриоты мен азаматы болып қалыптасуына көңіл бөліп отыр. Патриоттық тәрбие беру - оқушының саналы көзқарасын қалыптастыру. Алғашқы әскери дайындық енгізілуі, оған байланысты әскери патриоттық тәрбиенің тереңдеуі, Отанымыздың саналы және белсенді күрескерлерін тәрбиелеуге, оларды еліміздің игілігіне жанқиярлықпен еңбек етуге, республикамыздың мүддесін қорғауға, талантты әскери кадрлар даярлауға жаңа мүмкіндіктер туғызады. Жастарды Отанды қорғауға даярлау, жас азаматтардың патириоттық тәрбиесіне танымдарымен мінездерін қалыптастыру ауыр және сан қырлы процесс. «Отанды сүю отбасынан басталады», отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Патриот, ержүрек адамды, табанды күрескерлерді тәрбиелеудің негізі мектепте қаланады.

Пәннің міндеті келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігері ұл - қыз тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау. Сабақ барысында ұжымдық қорғаныс жұмыстарына, сабақтан тыс уақытта жаттығу жұмыстарын өткізуге аса көңіл бөлінеді. Ұжымдық қорғаныс жұмыстары АӘД-ты оқытудың негізі бір бөлімі. Оқушылар теориялық сабақта алған білімдерін ұжымдық қорғаныс жұмыстары кезінде іске асырып, өздерінің білімдерін, біліктілік дағдыларын патриоттар даярлаудағы жауапкершілікті неғұрлым терең сезініп, бар мүмкіндікті пайдаланып, шыныққан да, шымыр отансүйгіш азаматтар даярлау ісінде АӘД пән мұғалімдеріне үлкен талап қойылады, сондықтан оларға өз ісінің жетік маманы болу жеткіліксіз, сонымен қатар білімді, тың ақпараттардан хабары мол болуы шарт.


Ұқсас жұмыстар
Алғашқы әскери дайындық пәнін оқыту және әскери-патриоттық тәрбие беру тәжiрибесi - М.Өтемісұлы атындағы сауықтыру мектеп-интернаты (Орал)
Алғашқы әскери дайындық сабақтарында патриоттық тәрбие беру жолдары
Білім беруді жаңғырту жағдайында алғашқы әскери дайындық пәні арқылы патриоттық тәрбие беру
Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие: маңызы, проблемалары және мектеп тәжірибесі (Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы)
Алғашқы әскери дайындық: Бүгінгі білімім - ертеңгі байлығым сайыс сабағы
Алғашқы әскери дайындық: үй-жайлардың күтімі және казармалық тәртіп
Алғашқы әскери дайындық сабағы: жергілікті жерде картасыз бағдарлану
Қыран: бастауыш әскери дайындық бойынша мектептік интеллектуалдық-патриоттық байқау
10-сыныпқа арналған алғашқы әскери дайындық сабағы: Сап және оны басқару
Алғашқы әскери дайындық: орнында және қозғалыстағы бұрылыстар, саптық және жорықтық адым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz