Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Оқушының сабаққа үлгере алмау себептері
<<Үлгерімі төмен және қиын балалармен жұмыс жүргізу әдістемесі.>>
<<№3 жалпы білім беру орта мектебі>>КММ-сі
Педагог- психолог : Саудабаева А.Қ
Үлгермеушілік аспектілерін дефекталогия, психология, мектептану сияқты жеке педагогикалық ғалымдар да зерттеуде. Үлгермеушілік дегеніміз- оқушы дайындығының оқу үрдісінің белгілі бір үзігінде белгіленген білім мазмұны талаптарына сәйкес келуі. Педагогикалық және психологиялық ғылымдардың қарқынды дамуынан қарамастан, қазіргі таңда проблемалардың ішінде үлгермеушілікпен күресу әлі де өзекті болып саналады. Кез-келген оқу ұжымында белгілі бір себептерге байланысты үлгермейтін оқушыларды кездестіруге болады. Үлгермеуші оқушы деген кім?
Үлгермеуші- оқу үрдісінде бір мезгіл аралықта кешенді, қорытынды дайындығы байқалмайтын оқушы. Мұғалімге барлық үлгермеуші оқушы бірдей болып көрінеді. Психолог Н. И. Мурачковскийдің пікірі бойынша үлгермеуші оқушының бірнеше типтерін байқауға болады.
Психолог типтерге жіктегенде екі критерийді басшылыққа алған:
1. Оқушының ойлау іс-әрекетінің ерекшеліктері.
2. Тұлғаның оқуға бағытталуы.
Осы аспектілерді қарастырғанда төмендегідей типтер анықталады.
1. Бірінші типке ойлау іс-әрекеті төмен, бірақ оқуға деген көзқарасы оң.
2. Екінші типке ойлау іс-әрекеті жоғары, бірақ оқуға деген көзқарасы теріс.
3. Үшінші типке ойлау іс-әрекеті төмен және оқуға деген көзқарасы теріс.
Пән мұғалімі осындай үлгермеуші оқушының типтеріне қарай дифференциалды оқытуды ұйымдастырған жөн.
Мұғалімнің негізгі жұмыс бағыттары:
. Диагностикалық карта жасау ( психолог, медбеке, пән мұғалімі, сынып жетекшісі.)
. Диагностика негізінде әдістемелік жоспар құру.
. Сынып ұжымының жұмысына бағыттау.
Әдістемелік жұмыстың түрлері:
1. Өзекті білімді қайталауды ұйымдастыру.
2. Оқуда салыстыру дағдыларын ұйымдастыру.
3. Үй жұмысын орындауына ықпал жасау, көмектесу.
4. Жетістіктерін мадақтау, қолдау көрсету.
5. Сабақ барысында тапсырмалар беріп отыру.
6. Өз қателерін түзетуге мүмкіндік беру.
7. Сыныптан тыс жұмыстарға қатыстыру.
Оқушының сабаққа үлгере алмау себептері:
. Оқыту жұмысының сапасыз болуында.
. Оқушының білімі жиі тексеріліп, есепке алынбауында.
. Үйге берілген тапсырманың тексеру әдістемесінің дұрыс болмауы.
. Мұғалімнің ата-анасымен байланыс болмауы.
. Оқушының денсаулығы мен дамуының толық зерттелмеуі.
Оқушы жетістіктерін көтеру, мадақтау әдістері:
. <<Сенде мына бөлім жақсы орындалды >>;
. <<Сенің қолыңнан бәрі келеді.....>> ;
. <<Бізге сенің білгенің өте қажет>>.
Зерделесек, оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырғанның өзінде де бірнеше нашар оқушылар табылып жатады. Бұл құбылыс мейлінше сан алуан себептерден тұрады. Бір сыныпта бірдей жағдайда оқып отырған оқушылардың үлгерімі түрліше болуына оқушының жеке бас психологиялық ерекшелігі себеп болады. Сабақты бір оқушы тез меңгерсе, екіншісі баяу қабылдайды, түсінбей үлгермеушінің қатарына қосылады. Әр оқушының үлгермеушілік себебі әр түрлі болады. Үлгермеудің тағы бір себебі- тәрбиеге де, қоршаған жағдайына да байланысты. Мектеп жасына дейінгі балалар мен төменгі сынып оқушыларының ата-аналары мен тәрбиелеушілері табиғаттағы ең нәзік, ең сезімтал нәрсемен - баланың миымен жұмыс істейді. Ал егер бала үлгермеуші бала болып шыққан болса, басқа адамдардың қолынан келетін нәрсенің бәрі оның қолынан келмейтін болса, демек ол бала кезінде төңірегіндегі адамдардан өзінің дамуы үшін алуға тиісті нәрсені алмағаны.
Адамның шексіз әуестігі, құштарлығы, білуге құмарлығы, табиғат сырларына таңданып, таңырқауы табиғатпен біте тумайды. Олар- адамның қалыпты дамуы үшін өте қажетті, аса маңызды адамгершілік, қоғамдық қатынастардың элементтері .
Ересек адамдар баланы таңдануға, білмегенін сұрауға дағдыландыруы керек. Бала неғұрлым көп сұрақ беріп, білуге ұмтылса, көбірек таңданады, қуанады. Баланың санасында , ойында адамдық таңдану, сұлулық таңдану адамның ақылына және оның қолының шеберлігіне таңырқау сақталып қалады.
Сабаққа үлгермеудің тағы бір себебі- мұғалім оқушының білімін жиі-жиі тексеріп, есепке алмағандықтан . Оқушының нақты білімін саралап анықтамайды. Ережелер құрғақ жатталады. Уақыт жетпейді деген сылтаумен жаттығу жұмысы аз орындалады. Содан барып оқушылар білгенін, үйренгенін іс жүзінде қолдануға қиналады. Үйге тапсырма беру мен оны тексеру әдістемесінің дұрыс болмауы оқушының сабаққа үлгермеуінің бір себебі.Үлгермеушілікті болдырмау үшін оқу материалын түсінбеу себебін анықтау керек.
Үлгермеудің негізгі себептерінің бірі- жұмыс істеу қабілетінің, ынтаның , зейіннің жоқтығы. Егер бұл сапалар отбасында қалыптаспаса, онда балаға мектепте оқуға қиын түседі.
Екінші себеп- білімнің жүйесіздігі, жауапкершіліктің төмендігі. Оқушы бұрынғы өткен оқу материалдарын түсінбегенін мұғалім уақытында байқамаса, онда оқушының қабілеті жеткіліксіз болады. Әдетте мұндай оқушымен жеке жұмыстар жүргізіп, оларға кеңес беріледі.
Үшінші себеп- материалдан мәнді белгілерді бөле алмау, негізгі мен негізгі емес мәселелерді ажырата алмау, оқушылардың жаттап оқып, бәрін есте сақтауға тырысуы. Мұндай оқушыларға абстрактілі ойларын дамыту үшін талдауға, қорытындылауға жаттығулар беріледі.
Төртінші себеп- пәнге деген қызығушылықтың жоқтығы. Нәтижесінде оқушының зейіні, білімге деген ықыласы төмендейді. Бұл тәжірибесіз мұғалімнің ашу-ызасын туғызып, түрлі дау-жанжалдарға себепші болады. Оқушыларға талап қою, құрметтеу, оқушының жеке тұлғалық сапаларын ескеру, баланы қызықтыру оның оқу жұмысына белсенді етіп, кемшіліктерін түзетуге ықпал етеді.
Бесінші себеп- оқушының отбасындағы қолайсыз жағдай, құрбыларымен тіл табыса алмауы, оқушының оқу жұмысын атқара алмауы , <<қиын>> балаларға еліктеуі.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz