Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қазіргі таңда үлкен кісілердің ата - әжелердің тәрбиесі өте қажат
Бала тәрбиесі баршаға ортақ
Талдыкбаева Айнагуль Сериковна
Сәтпаев орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
<<Бала - басты байлығымыз,
Ал ең асылымыз - оның тәрбиесі>>
Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың <<Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында>> деп айтқан сөзі бізге жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық.
Бала тәрбиесi - игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.
Халықта <<Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың>> деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.
Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз - ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата - ана және қоғам.
Ж. Аймауытов "Тәрбие" атты көлемді мақаласында "Адам мінезінің, ақыл - қайратының әр-түрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан..."деп алдымен бала тәрбиесіндегі отбасынан орнына ерекше тақталады <<Баланы бұзуға, яғни түзеуге себеп болатын бір шарт - жас күнінде көрген өнеге>>, "Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді - деген сөз ата-ана тәрбиесінің күштілігін көрсетеді ..." дей келе, автор бала мінезін қалыптастырудағы жанұя мүшелері мен әке-шешенңі ықпалын ашып берді. Бала мінезін жас шыбыққа теңейді.
А.С. Макаренко <<Баланы тәртіпке, ұқыптылыққа үйрету үшін жазалауды қолдануға тура келеді. Рас, жақсы жанұяда жазалау деген болмайды.Жанұя тәрбиенің осындай қоғамдық , адамгершілік бағытта болуына баланы өнегелі іске үйретуге, білім алуға жағдай жасайды>> дейді. Жанұяларда ата- аналар өзінің жауапкершілігін сезіне бермейді.Балаларын тәрбиелеуге салақ қарайды. Олардың мектептегі, үйдегі қоғамдық орындардағы мінез- құлқын зерттеуінен көптеген кемшіліктер кездеседі.
4- 7 сынып оқушыларында бірқатар ауытқу мінез- құлықтар байқалады. Өйткені, бұл жастағы бала қызба, намысқой, үлкендердің бақылауын ұмытпай, өз мүмкіндіктерін сын көзімен қарамайды. Кейбір мәселені ойланбай, асығыс шешім қабылдайды. Балалардың мұндай ерекшеліктеріне ата- аналары мән бермейді. Осының нәтижесінде балалар арасында тәртіпсіздік туады. Олар көшеде орынсыз қыдыру,үй шаруашылығындағы міндеттерден бас тартуды шығарады. Бұл фактілер жанұяда бірыңғай талаптың, ынтымақтың жеткіліксіз екенін көрсетеді.Бала мінез-құлқын қалыптастырудың негізгі көздерінің бірі-жанұядағы еңбек тәрбиесі.Жанұяда еңбек тәрбиесі өмір талабына сай ұйымдастырылуы керек.Жанұя мүшелері еңбек іс-әрекеттерін орындауда тең құқылы өзінің қабілетіне,жас ерекшеліктеріне қарай қызмет етуі керек. Баланың еңбек тәрбиесі,күн режимі педагогикалық талаптарға сай болуы керек. Кейбір ата-аналар берілген тапсырманың орындалуына көңіл аудармайды.Осының нәтижесінде бала бойында бірыңғай нақтылық,талаптың жоқтығы байқалады.Баланың мінез-құлқын қалыптастыруда мақұлдау,мадақтау тәсілдерін қолданған тиімді.Ата-ана баласының мінез-ерекшелігін жете білмей артық мақтау әрекетін жасайды.Осының нәтижесінде бала бойында жағымсыз мінез-құлықтар толы болады. Тәкаппарлық, даңдайсығандық т.б.теріс қасиеттер қалыптасады.
Жанұя тәрбиесінде ата-аналардың өз мінез-құлқы шешуші фактор болып табылады.
<<Адамға ең алдымен тәрбие беру керек, тәрбиесіз білім адамға апат" деген ұлы ба
бамыз әл-Фараби. Бала шыр етіп дүниеге келгеннен есейіп, ержеткенге дейін серік етер құрал-тәрбие.
Тәрбиенің негізі бұрынғы ата -бабамыздан бастау алған.Біз оны жаңартып,атын, затын өзгерткенмен түп нұсқасы көнеден келе жатыр . Біздің қазақ халқының тәрбиесі дұрыс жолға қойылған . Ата- бабамыз "Бала тәрбиесі бесіктен " деп оған баланың басынан көңіл бөлген. Сол қағиданы қазір де ұстануымыз керек . Бала тәрбиесіне бірінші жауапты - ата-анасы. Сондықтан тәрбие отбасынан басталады дейді. Үйде әке - шешесі қандай үлгі көрсетсе ,баласы да
соған лайықты тәрбиеленеді.Осы орайда ата-аналармен пікір алысып ,кеңесіп отыру қажет.
Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ал сол жастар <<рухани>> байлықпен қалыптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата-аналар да, қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп ат салысуы қажет
Класс жетекшілер ата -аналар жиналысында ата аналармен оқу- ағарту жұмыстарын жүргізгенде терең түсіндіре білу керек деп есептейміз. Мектепте өтетін жалпымектептік ата- аналар жиналысында осы тақырып ауқымды қаралып, ата- аналар өз ойларын айтып отырады.
Сонымен бірге мектептегі өтілетін тәрбиелік шараларға ата- аналарды қатыстырып отырсақ, олармен әруақытта байланыс тығыз болады және мектеп өміріне араласып отырған дұрыс дейміз. Себебі мектептің қиыншылығын бірге көре біледі.
Әке - білек, саусағы - балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары.
Ана - тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады, - демекші әр класта ел тірегі болашақ ұрпақтың бойына адамгершілік, рухани жылулық дарытар түрлі тәрбиелік іс-шаралар ата-аналармен, мектеп оқушыларымен бірлесе атқарылады. Сонымен бірге мектеп - отбасы - қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту, серіктестікті қалыптастыру, қауымдағы ата-аналармен бірлескен жұмысты көрсету мақсатында біздің Сәтпаев орта мектебінде жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылады. Соның бірі - өткізілген спорттық <<Толағай>> сайысы, сайысқа үш отбасы қатысып, түрлі кедергіден мүдірмей өтіп, сайыс соңында мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды. Бұл сайыстың тәрбиелік мәні өте зор болды.Жыл сайын өтетін Денсаулық фестиваліне де мектебіміздің оқушыларының ата- аналары белсенділікпен қатысады. Сонымен бірге тағы да түрлі мектепішілік шараларға олар аса қызығушылықпен қатысады.
Отбасынан басталған тәрбие мен мектептегі тәрбие ұштаса білсе, сонда ол тәжірибе береді.
Қазіргі таңда үлкен кісілердің ата-әжелердің тәрбиесі өте қажат . Себебі ата-әже тәрбиелеген бала жаман болмайды.Ол кісілер қолында өскен баланың ақкөңіл, көпшіл , қонақжай,мейірімді болып өсуіне көп ықпал етеді . Ата-баба тарихын танып , ерлік пен өрлік мұралар туын жер тарихын, ата-баба салт-дәстүрін үйретіп отырады.
Баланы жақсы қасиеттерге үйретіп отыратын тағы бір нәрсе - еңбек. Сондықтан ата-аналарбалаларын жастайынан жұмысқа баулу керек.Егер бала жас күнінен бастап еңбекке тәрбиеленсе,сосын мұғалімнің ,ата-ананың қарамағында болса,ол бала қалай жаман жолға түседі. Оның бөтен іспен шұғылдануына ,жаман нәрсені ойлауына да уақыты жетпейді.
Тәрбие негізі - отбасы,мектеп,қоғамдық орта деген үш дүкеннен бастау алады.
Қорыта келгенде, мектеп - жанұя - қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайтқанда ғана ұлымыз рухты, қызымыз ғұрыпты болмақ.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz