Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Девиантты мінез - құлықты оқушыларды анықтау мен зерделеу проблемаларын шешу жолдары

Девиантты мінез-құлықты оқушыларды анықтау мен зерделеу проблемаларын шешу жолдары
Күллі адамзат қауымында небір ақыл-парасат алыптарының ой-кермегін толғасақ, өз кемеңгеріліктерін ұрпақ тәрбиесіне арнамағандар аз немесе жоқтың қасы десек те болады. Төрткүл дүниенің сырын ұққан Сократ, Платон, Аристотель, ұлы бабаларымыз Әл-Фараби, Ж. Баласағұндар болса, бертін келе Абай, Шәкәрімдер мінез-құлыққа байланысты тұжырымдарын жасап кетті. Әл-Фараби <<жақсы мінез-құлық пен ақыл күші біріккенде ғана адам бақытқа жетіп, адамшылық қасиеттерге ие болмақ>> десе, ұлы Абай: <<тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады...>> деген. Ал осы адам баласын бақытқа бағыттайтын мінез-құлықтың кей сәттерде ауытқушылығы да кезедеседі. Әсіресе, жас жеткіншектерде жиі ұшырайды. Бұндай жағдайлар ұстаздар мен психологтар қауымына <<Бұл қалай?>>, <<Бұған себеп не?>>, <<Қалай ықпал жасаймын?>> деген сауалдар тудырары сөзсіз. Осы орайда, мектеп психологі ретінде оқушылар арасында зерттеу жұмыстарын жүргізе бастадым. Алғашында ауытқушы (дивиантты) мінез-құлықты баланы анықтап, онымен жұмыс жүргізу оңайға соқпады. Аталмыш мінез-құлықтағы оқушыны зерделеу барысында өз көзқарасым мен таным-түсінігім қалыптасып, проблеманы шешу жолдарын да қарастырдым. Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Осы ортада өзін нық, еркін сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін көптеген факторлар қажет . Ал, қазіргі көпмәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші түрлі теріс факторлар да кездеседі. Сол себепті жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғаның мінез-құлқында ауытқушылықтар пайда болады. Оны қазіргі қоғамдық ғылым тілінде дивиантты мінез-құлық деп атайды. Мектептегі тәжірибемде кездескен жасөспірімдер мінезіндегі ауытқушылықтардың бірнеше себептері мен әсер етуші факторларына тоқталып өтсем:
Тәрбиенің дұрыс берілмеуі себебінің салдарынан қажетті білім, білік, дағдыларының жоқтығы. Жеткіншектің өзін дұрыс ұсамағандығынан туындайтын әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар;
Жайсыз отбасындағы ахуал, сынып ұжымындағы құрбыларымен қарым-қатынастың төмендігі, ұстаздар мен ата-аналар тарапынан болған жайсыздықтар (қаталдық, әділетсіздік, дөрекелік, немқұрайлылық т.б.)
Психикалық және физиологиялық дамуындағы кемшіліктер;
Мақсатқа негізделген жоспарларының жоқтығы, өзін-өзі көрсетуіне жол берілмеу;
Қараусыз қалу мен қоршаған ортаның кері ықпалы, т. б.
Жоғарыда аталған жайттардың алдын алу үшін мына жұмыстарды жүргізу өз тиімділігін береді деп ойлаймын:
Оқу іс-әркеті жемісті болғанда;
Оқушыны қанағаттандыратын эмоционалды орта;
Жағымды орта (ұстаздармен, ата-анамен, құрбы-құрдастармен)
Түрлі әлеуметтік, психологиялық қорғаулар;
Оқушының өз міндеті мен құқықтарын білуі;
Оқушыныңқандай да бір белгісіне қарамай дискриминацияға ұшырауына жол бермеу;
Аталған жұмыстарды жүйелі жүргізсе әрбір педагог, әрбір психолог қоғамға қажетті тұлға бойында тұрақты мінез-құлықты қалыптастыра алады деп ойлаймын. Тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан жеткіншектерін тәрбиелеу мен білім берудегі маңызды бағыт - балалар мен жасөспірімдермен жүргізілетін психологиялық және педагогикалық жұмыс.
Ойымды қорыта келе, күтімі жақсы ағаштың тәтті де ірі жемістер силайтыны секілді, әрбір баланың мінез-құлқын қалыптастыруда ерекше <<күтім>> жасап, қоғамға қажетті тұлғаны қалыптастыра білейік!

Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік педагогтын 2014-2015 оку жылына арналган жылдык жумыс жоспары
Мектеп медбикесі
Сиқырлы әріптер
Педагог-психологтың ата-аналарға психологиялық кенес беру жұмысы
Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Мектеп мұғалімдеріне арналған тренинг өту
Жоғары жүйке қызметінің топтары
Сабақтағы оқушы
Сынып сағаты
Адам мінезімен танылады Адамның мінезі, мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы
Пәндер