Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Менің өмірдегі бақытым - жүрек қалауыммен психолог болуым
Ақтөбе облысы Хромтау ауданы № 6 <<Ақкөгершін>> МДҰ
педагог-психологі Бержанова Гүлсезім Айтжанқызы
<<Мен- бала жанын ұғатын психологпын>> эссе
<<Біздер балаларымыздың әрқайсысы қабілетті,тапқыр,талантты,басқа балалардан артық болғанын қалаймыз.Біз алдымен бұл жайында емес,біздің балаларымыздың жақсы адам болғаны туралы армандауымыз керек.Адам деген ұғымды биік,атақты бүкіл өмір бойғы сын-сынақтардан шаң тигізбей алып өтуі хақында арман етсек деймін...>>
С.А.Назарбаева.
Мамандық таңдау-адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі.Өйткені адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады.Адам асқақ арманға,биік мақсатқа ие.Әр бірінің өз бағыты,арман қылған бағындырар биігі болады.Биік шың адамға оңайлықпен беріспесі анық.Менің өмірдегі бақытым-жүрек қалауыммен психолог болуым.
Психология,психология....
ХХІ ғасыр бұл-
Психология ғасыры деп аталған
Бастау көзі Фрейд,Юнг, Айзенктен басталған
Зерттеу пәні адам,жаны тұлғасы
Жұмыстары диагностика,кеңес беру,ағартудан құралған-деп сөзімнің басын бастайын...
Психология мамандығы дегенде маған әлем кеңістігі елестейді.Осы ғаламшарда тоғыз планета ,жұлдыздар,аспан денелері күн жүйесінен жылу ала отырып,өз жолымен пайданалып жүреді. <<Күн>>,ол-психолог,психолог-өз тарапынан көмек күтетін,ақыл кеңес алатын,ішкі жан-дүниесін ұққысы келген мұқтаж адамдарға қол ұшын беретін періште.
Періште/психолог-өзіміз әр кез мақтаныш ететін табиғат тылсымдарының шынары,адамның алуан құбылысқа толы жан сарайының сырлы да,мұңлы жұмбаққа толы,тіпті күрделі психологиялық мәдениетіне үңілуді былай қойғанда,астары мол ой жүйесі мен тебірене де түлей білетін,адам баласының жан дүниесінде бір біріне ұқсамайтын,жанаспайтын адам психикасындағы қарама-қайшылық табиғатында кездесетін психологиялық мінез-құлық туралы іс-әрекеттерді шешуші қоғамның,әлеуметтің қажет ететін сыйы деп білемін.
Бала қабілетінің әрқилы болатыны белгілі.Балаларды байқағыштық пен байсалдылыққа,зейінділік пен зеректілікке,тапқырлық пен ойланғыштыққа баулып,тәрбиелейтін- психология
Анам үнемі <<үш нәрсені балалардан үйрену керек: шынайы күлуді,себепсіз жақсы көруді және қарапайым нәрселерге қуануды>>-деп отырады.Осы сөзді үнемі жадымда сақтап жұмыс барысында қолданамын.
Балабақшаға жаңа келген баланың жүзіне қарасам нәзіктік,толы күш- жігер,үлкен үміт,ең алдымен кіршіксіз таза жүрегін байқаймын.Иә!
Мен адам жанын түсініп,демеу үшін,бағдар беру үшін осы мамандықты таңдадым.Менің өмірдегі басты мақсатым-баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып өмірге еш қорқынышсыз,зұлымдықсыз қарап,алдарында бір ғажап дүние-балалықтың бал дәурен шағы жарқын күндер күтетініне сенім ұялату,сол балалардың ата-аналарымен үнемі байланыста болып балаларын тәрбиелеуге көмектесу.Ересектердің өзі де ең қастерлі,қасиетті естеліктерін балалық шағымен ұштастырады емес пе?! Ендеше алдымыздағы балалардың да естеліктері сәулелі болу үшін қолымнан келгенді аямай,барынша мейірім төккім келеді.Қоғамда да,отбасында да елеулі,қалаулы болғысы келген,жақсылыққа жаны құмар адамның <<Мен қандай жақсы іс жасадым>>- деп ойланары хақ.Олай болса менің де бір емес бірнеше жас жүректе <<ұстаз>> болып қалу басты арманым
Бүлдіршіндерімнің риясыз күлкісі,тәтті қылығы, жүрегімді қуанышқа толтырады.Алда әлі талай қызықты сәттер күтіп тұрғаны есіме түссе,болашаққа сенімім,ертеңге деген үмітім еселене түседі.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz