Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақтың ұйымдастыру кезеңіндегі жаңалық дәстүрлі сабақта

Оқудағы және оқытудағы өзгерістер
Мұғалімнің ойы
Тренердің ескертуі
Курстағы алған білімімді тәжірибе кезінде қалай жүзеге асатынын байқау үшін өз мектебіме келдім. Тәжірибеге өзімнің 1<<А>> сыныбын, өткізетін пәнім ана тілін таңдадым. Өйткені, ол менің жетекшілік ететін сыныбым.
Қызықты сабақ болса оқушының сол пәнге қызығушылығы артып қана қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен орын алады.
Дәстүрлі сабақта мақсат мұғалімнің өзіне бағытталатын болса, сындарлы сабақта мақсат оқушыға бағытталады.
Сабақтың ұйымдастыру кезеңіндегі жаңалық дәстүрлі сабақта: <<Бүгін кім жоқ, кім кезекші?>> деген сұрақпен шектелетін болсақ, сындарлы сабақта сергіту сәтін өткізіп, сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін шеңбер жасап тұрып, бір- бірімізге жылулық сыйлаймыз деп қолдарынан ұстап жақсы тілектер айтқыздым. Одан соң, <<Мозайка>> әдісі бойынша жыл мезгілдері Қыс, Көктем, Жаз, Күз деп қима қағаздар таратып топқа біріктірдім. Топ басшысын тағайындау түрлерін әр топқа өзім сыныптағы ұяң, орташа оқитын оқушыларды топ басшысы етіп тағайындадым. Ондағы мақсатым нашар оқушыларды сөйлету, жауапкершілікке тарту болды. Бұлай топқа бөлу біріншіден сыныптағы оқушылардың қызығушылығын арттыру, екіншіден көңіл күйлерін көтеру және ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым. Топқа біріктіріп болғаннан соң сабақтың басын үй тапсырмасын сұраудан бастадым. Бұл жерде мен оқушыға үй тапсырмасын <<Ыстық орындық>> ойының ойнату арқылы оқушылар арасында диалогтік әдіс - тәсілі арқылы сұрақ - жауап және көктем туралы өлеңді мәнерлеп жатқа айту еді. Олар мұндай ойын түрін көрменгендіктен, ұялшақтық танытты. Өзімнің шақыруым арқылы сыныптағы орташа оқитын оқушым А-ны шақырдым. Бұл тапсырманы орындау барысында сұрақ қойған, ыстық орындақтағы оқушы жауап бере алмаса, өзі жауап беру керектігін түсіндірдім. Балалар сұрақ қоюға асығыс үстінде болды. Келесі шақырған оқушым сыныптағы нашар оқитын оқушы М - еді. Ол берілген сұрақтарға өзінің шамасы келгенше белсенділік танытып, яғни сабаққа қызығушылығы бар екенін көрсетіп, сәл де болса ойын жүйелеп жауап берді. Оқушылар сұрақтарды қоюда еркіндік танытты. Келесі тапсырмам <<Миға шабуыл>> стратегиясы бойынша тапсырма берілді. Интербелсенді тақтадан, көктем туралы бейне ролик көрсеттім, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының ой шақыру стратегиясын қолданып, осыдан біздің тақырыбымыз қандай? мұнда не туралы деп ойлайсыздар деген ой тастадым. Балалар әрине, бірден жауап бере бастады. Жаңа сабақты түсіндіру үшін Блум таксономиясын пайдаландым. Оқушыларға тапсырма берілді: Балалар - <<Көктем>> дегенде бірден ойларыңа, көз алдарыңа не елестейді? - деп ашық сұрақтар қойдым. Бірден балалалар әртүрлі жауап айта бастады. Осы жерде таңқалдырған нашар оқитын, сөйлемейтін М оқушы; мұғалім мен айтайыңшы деп, - <<Мен көктемді жақсы көремін, өйткені наурызда менің туған күнім>> - деді. Бұл жерден байқағаным, аз болсада баланың ашылғанын, бойында сенімдік пайда болғанын, өйткені ол оқушы дәстүрлі сабақ өткізгенде ең артқы партада үндемей, ештеңеге қатыспай өз бетімен отыратын. Бұл жерде Барнс(1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететіндігін айтады.(МАН 39бет) Әр топты өзім бақылап,қадағалап, қажет кезінде көмек көрсеттім. Уақыт аяқталған соң, топ ішінен бір оқушы талдап, салған суреттері бойынша түсіндіріп өтті. Қорғау жұмысы аяқталған соң, формативті бағалауды қолданып, оларды марапаттап, мадақтап отырдым.Бұл жерде айта кететінім дәстүрлі оқыту жүйесіндегі бағалау мұғалім тарапынан жүзеге асатын, оқушылар кері байланыс жазбайтын. Бес балдық жүйеде бағаның шынайлығы,нақты бағалау критериларының болмауы - бағалаудың дұрыс немесе дұрыс еместігі, бағаны не үшін алғаны туралы, көрініс таппайтын.Ал жаңаша оқытуда оқушыны <<оқыту үшін>> бағалауды қолданады, яғни оқушыны оқуға ынталандырып, одан әрі ынтамен жұмыс жасауына жағадай жасалады.Яғни,баланың қай сатыда тұрғанын анықтау. Шығармашылық тапсырма ретінде <<алақанды сөйлет>> стратегиясын қолдандым. Бұл тапсырманы да балалар қызығушылықпен орындады.Бұл жерде Ерасыл мен Арманның жұмысы сәтті өтті, яғни тереңірек ойлауына мүмкіндік беріліп, нашар оқитын баламен жақсы оқитын бала бірге жұмыс істеу арқылы, Ерасылдың бойында сенімділікпен, белсенділік пайда болды. Бұл жерде сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі көрініс тапты, өйткені балалар ықыласпен, бір - бірінен көмек сұрап, пікірлесіп, диалогқа түсті,яғни Выготскидің ЖАДА орын алды.
Келесі тапсырмам жыл мезгілдеріне байланысты постер қорғау болды. Оқушылар бірден ұйымдасқан түрде жұмысқа кірісіп кетті. Оларға бұл постермен жұмыс жасаған қатты ұнады. Сондықтан болар олар сабақтың үстінде жұмыстың осы түрін асыға күту үстінде отырады. Бұл топтық жұмыста әсіресе нашар, орташа және ұяң оқушыларым белсенділік танытқаны мені қуантты.. Сыртынан қарасам оқушылар идеяларын ортаға салып асығыс үстінде ынтамен жұмыс істеуі байқадым.
Топ өзінің жұмысының аяқталған шапалақ белгісімен беріп отырды. Бұл белгіні беруде балаларға қызық көрінді. Ондай белгі берген топтарға мадақтаулар жасап отырдым.Әр топтан топ басшылары шығып, өз жұмыстарын қорғады. Бағалауға жас ерешеліктеріне қарап <<Бармақ>> әдісін алдым.Сабақ өте қызықты өтті, оқушылардың барлығын осындай тапсырмалар қатты қызықтырды. Кері байланыс парақтарын тараттым,
Осы сабақтан өзіме түйгенім оқытудың жаңа әдістерін қолданудың тиімді екенін, әр баланың кем - кетігін байқайтын болдым.
Оқушыларымның бойында белсенділік, өз ойын ашық айтуға, өз білімін бағалауға, жолдастарымен қарым - қатынас орнатуды, өзіне сенімділіпен, жауакершілікпен қарауға
Келешекте не істеймін: Сабақтың әр кезеңін уақытпен жоспарлау. Әр сабақтан соң оқушылардың жетістігін саралап, сабақта болған қателіктеріммен жұмыс жасаймын.
Екінші сабағымның тақырыбы << Наурыз тойы>> . Мақсаты өлеңді мәнерлеп оқып, наурыз туралы түсініктерін кеңейту. Сабақты амандасу мен, психологиялық көңіл - күйді реттеуден бастадым. Наурыз мейрамының символы төрт түсті қызғалдақ гүлдерімен топқа біріктірдім. Балалардың көңіл күйі көтеріліп, бір біріне таңдана қарап, орындарына отырды. Топ басшысын тағайындап, топ мүшелерін өздері тағайындады.
Осы кезде мен бір оқушымның өзгергенін байқадым ол Жазира деген оқушым, ол негізі сабаққа көп қатыспайтын, сұрасаң кейде жауап береді, кейде ол да жоқ. Ал осы кезде басқа оқушыларға қарап өзі белсенділік көрсетіп жауап бере бастады. Кейбір оқушылар өз ойларын жеткізуге үйрене бастады,еркіндік пайда болды деп айтуға болады. Келешектегі тапсырмаларға қызығушылықпен сеніммен қарайтын болады деп сенім артамын.
Осы сабақтан соң, мен нені үйрендім:
оқушыларыммен бірге ашық түрде пікірлесуді, өзіме де сын көзбен қарауды, жаңа технологияларды тиімді қолдану керектігін.
Оқушыларым өз ойларын ортаға салуды, ынтымақтаса отырып жұмыс істеуге, өзіне аз болсада сенімділікпен қарауға.
Түйін:Үлгерімі орта оқушылардың топпен жұмыстағы белсенділіктерін арттыру қажет екенін білдім. Топтық жұмыс арқылы ойлануына қолдау көрсету, өз ойларын дәлелдеп айтуға үйрету.
Үшінші сабағымның тақырыбы:<<Ұзынсары>> мақсаты:мәтінді түсініп оқып, ұзынсары сөзінің мағынасын түсіну. Алдымен кері байланыс парақтарын оқып шықтым. Оқушылардың пікірлері әр-түрлі, бірақ көбіне сабақ ұнады, топқа бөлу, сергіту сәттері ұнапты. Кейбір балаларға сабақта тапсырмалардың түрлендірілгені ұнайды екен, топпен жұмыс жасағандары да ұнайтындықтарын ашық жазыпты. Қызықты өткенін де жазған оқушылар болды. Кері байланыс парақтары менің келесі сабаққа дайындалуыма септігін тигізді. Сондықтан мен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға тапсырмаларды өзгертіп отырдым. Осы сабағымды геометриялық фигуралар арқылы топқа біріктірдім, топ кошбасшысын өздері сайлап, топ мүшелеріне бөлінді. Бұдан менің байқағаным балалар алғашғы сабақтағыдай емес біраз жиналып қалғанын. Осы сабақта мен тағы бір сұрақты ортаға салдым. Балалардың жауаптарын тыңдап болған соң, формативті бағалауды қолданып, олардың осындай ойларын ашық, еркін жеткізе білуге қалыптасқандықтарын айтып мадақтап отырдым. Жаңа сабақты бастамастан бұрын, бірінші топ пен үшінші топтың оқушылары, екінші топ пен төртінші оқушылары сабақ соңында бірін бірі бағалайтындарын ескерттіп өттім де, бағалау парақшаларын алдын ала тараттым. Өйткені ондағы қойылған кретерийлер бойынша бақылап отырғандары жөн санадым Осылайша сабағымды топтастырып өткізу барысында мен мынандай жетістіктерге қол жеткіздім: оқушылар біршама ашылғанын, өз ойларын емін- еркін жеткізе алатынын, топқа бөліну кезінде тез орындарын таба білуі, жұппен, топпен жұмыс кезінде уақытты тиімді пайдаланып өз пікірлерін ортаға сала отырып талқылай алатынына көзім жетті. Топта отырған оқушылар бір үйдің балаларындай болып кеткенін, бір- біріне деген көзқарастарынан, іс- қимыл-дарынан көрдім. Сынып оқушылары бір- бірімен жұмыс істегенде өздерін жайлы сезіне алды. Түсініксіз сұрақтар, оқиғалар болса, бір-бірінен сұрады, менің көмегім қажет болса, тұрып келіп сұрады. Бағдарлама бойынша өткізілген сабақтағы әдіс- тәсілдер оқушыларға ұнады, бірақта сабаққа қатыспай, дараланып қалатын оқушылар да болды. Сол дараланып қалған оқушыларды ортаға тартып, сыныптағы өз орнын табуға, өзіне деген сенімділік ұялату еді.Өйткені, дәстүрлі сабақтағы оқушылардың сабақты түсіндіме, түсінбедіме әйтеуір мұғалімнің айтқаны заң болатын, не айтсада үнсіз тыңдап, бір - біріне сұрақ қоймайтын. Осыдан келіп менің түйгенім, Кембридж бағадарламасының жеті жарғысы ғана , осындай дәстүрлі сабақтарды өзгерте алады деген ой есімнен кетпес деймін.
Осы сабақтан байқағаным топпен жұмыста бір - бірін тыңдауға аз болса да дағдыланғанын, сенімділік болып өз ойларын айта бастады, топпен , жұппен, өзін өзі бағалауды үйренді. Оқуға деген ынта пайда болды.
Өзім нені үйрендім:
Оқушылардың да пікірлерімен санаса білу керек екенін, мейірімділік танытуды, оқушы көзімен қарауды.
Түйінім:
Белсенді оқушылар көбінесе топты алға сүйрейді, дегенмен өздерін көрсете білгенді жақсы көреді екен

4 сабағымның тақырыбы:<<Құстардың көктемгі тіршілігі>> алты қалпақтылар тобына біріктірдім. Мұндағы мақсатым, балалар бір-бірінің жақсы қасиеттерін көре алса және бір-біріне деген ынтымақтастықтары артса, бүгінгі сабақ жақсы бір әсермен басталса деген оймен астасып жатты. Әр топқа бір плакаттан және маркер, фломастерлер таратылды, олар тақырып бойынша өз ойларын қағазға түсіру керек болды. Жалпы топтар барлығы белсенділік көрсетті, тапсырма қызықты болды деп ойлаймын себебі олар барлығы ынтымақтастықпен, жүйелі түрде сабаққа кірісіп кетті. Дәстүрлі сабақтарымда дәл осындай тапсырмалар болатын, бірақ оқушылар соншалықты қызығып қатыспайтын, осы жәйіт мені біраз таң-қалдырды, яғни менің ойымша берген тапсырма өзгеше болып тұр, ол менің сабақ беру үрдісіндегі біраз өзгергенім деп ойлаймын. Оқушылардан да өзгеріс байқадым, олар енді әр-кім өзі жауап беруге тырыспайды, олар бір-біріне көмек көрсете білуге үйренгенін байқадым. Тапсырмаға берілген уақыт аяқталған соң, топтар қорғауға кірісті. Осы тапсырманы қорғаған кезде мен Ернұр деген оқушымның өзгергенін байқадым, ол бұрын өз ойын толық жеткізе алмай біраз қиналатын, ендігі уақытта ол басқа сыныптастарына қарап өзіде сабақ айтып тұр. Топтар өздерінің ұйымшылдығын көрсетіп жұмыстарын өте жақсы қорғап шықты. Бұл жерде топбасшысы Аиданы атап кетуге болады, бүкіл жұмысты ұйымдастырып кім-кімнен кейін жауап беретіндігін реттеп өзінің көшбасшылық қасиеттерімен көзге түсті.
Одан соң, кері байланыс парақтарын толтырды. Бұл жерден оқушыларымның бойында байқағаным: өз ойларын ашық айтуға,салыстыра білуге үйренді,пікір алмасуға,шығармашылықпен жұмыс жасай білуге аз болсада үйреніп, жинақталды.
Өзім нені үйрендім: Бала тілімен сөйлеуді, ашық сұрақтар қоюды, сыни ойлауды. Өзімнің өзгергенімді, бойымда сенімділік пен шыдамдылық пайда болғанын.
Түйін:
Топта жұмыс барысында үлгермеуші оқушылармен жеке жұмыстар көбірек жасау керектігіне ойлану. Нашар оқитын балалардың бойында сенімділік пен сыныптастарының ішінде өз орынадарын табуына көмек беру деп түйдім.
Осы сабақтарды өткізген соң, мен өзім көп нәрсеге басқа көзбен қарауды, тіпті өзімен де көбірек сын іздеуді, оқушыларымның да бір бірлеріне сын көзбен қарап, бағалай алатындары, жалпы сынып бойынша оқушыларымның бірлесе жұмыс жасай алатындығы қуантты.Бұл жерде <<Өздігінен реттелетін оқудың үш элементі аса маңызды болып табылады (Перри, 2002):
тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы.
Оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы,
проблеманы шешу мен мақсатқа жету үшін әдіс - тәсілдерді өздігінен таңдауы.(МАН,46 бет)
Өзіме тоқталып кететін болсам, мен жалпы курстың бірінші кезеңінде және мектептегі іс-тәжірибе кезінде біраз өзгерістерді байқадым. Мысалы егер курстын алдында мен оқушылармен ара-қатынаста өзімді қатал ұстап, ешқашан күлмей, мейірімділік көрсетпей қаталұстадым, себебі тәжірибелі әріптестер айтатын егер бетіне қарап, бір күлсең ертен басына шығып алады деп. Ал тәжірибе кезінде мен керісінше әзіл айтып оқушылардың көңіл күйін сұрап,треннинг ұйымдастыруға бастадым, бірақ тәртіптері бұзылды деп айта алмаймын. Бұрынғы кезде уақыт өтпей, тапсырма жетпей қалатын жағдайларда болатын ал қазір керісінше уақыт жетпейді, оқушылардың өздері айтатын болды неге екі сабақты біріктіріп қоймайды деп. Тағы бір қосарым, сыныбымдағы оқушыларым сабақтан кем дегенде 3 - 4 бала себепсіз мектепке келмей қалатын, осы тәжірибе уақытында бір - бір бала сабақты босатқан емес, бұл да осы бағдарламаның тиімділігі деймін.
Қазіргі кезде осы курстың әсерінен әріптестердің алдында еркін ойымды жеткізе алатын болдым, бұрын біраз қобалжып, дұрыс сөйлей алмайтын кездер де болған еді. Өз бойымда сенімділік пен жігерлік пайда болды, осы курста оқығаннан бері өз отбасыма деген көзқарастарым өзгерді,яғни курсқа дейін мен істеген жұмысымды міндет қылатынмын, ал қазір өзімді реттедім, көңіл күйім әр уақытта жақсы, отбасы мүшелермен де қарым - қатынасым түзелді. Ендеше, осы бағдарламаның берері келешекте мол деп ойлаймын және сенемін.
Менің ойымша бұл курс бізге өте үлкен көмек болды, қазіргі жаңаша сабақтар оқушыларға өте қызықты, және олардың өздігінше жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады. Маған өзіме курс қатты ұнады, өзгеруге дайынмын және өзгердім деп айта аламын.
Болашақта оқушыларыма дайын материалды өзім әкеліп бермей, олардың өздері ізденіп келулерін, шығармашылықпен жұмыс жасаудың тағы да басқа жолдарын балалармен кеңесе отырып, олардың айтқан пікірлерімен санаса отырып, шешім шығаруға үйрету қажет.
Қазіргі таңда оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру үшін, белсенділіктерін көрсету үшін белгіленген жеті модульді кіріктіріп пайдаланып, сабақтарымды өткізу тиімді деп санаймын. Өйткені, жеті модульдің аясында қарастырылатын әдіс- тәсілдері ойлауды жүзеге асырып, өз сабақтарымда қолданалып, мұғалімдермен тәжірибе алмаса отыруға да септігін тигізеді деп санаймын.Үлгерімі төмен оқушылармен көбірек деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасай алуға машықтандыру керек екеніне көзім жетті. Курс толық аяқталған соң, болашақта енді барлық сабақтарымда осы жеті модульдің негізінде жүзеге асыру керек, деп алдыма мақсат қойдым. Жаңа бағытта жұмыс істеуге қабілетті жеке тұлға, ел азаматтарын тәрбиелеуде әлі талай оқушыларыммен бірге жүйелі, одан да қызықты, мағыналы, ізденуге итермелейтін жұмыстар жасауға дайынбыз!

Қолданылған әдебиеттер:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулыұқ 2012

Курстағы алған білімімді тәжірибе кезінде қалай жүзеге асатынын байқау үшін өз мектебіме келдім. Тәжірибеге өзімнің 1<<А>> сыныбын, өткізетін пәнім ана тілін таңдадым. Өйткені, ол менің жетекшілік ететін сыныбым.
Қызықты сабақ болса оқушының сол пәнге қызығушылығы артып қана қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен орын алады.
Дәстүрлі сабақта мақсат мұғалімнің өзіне бағытталатын болса, сындарлы сабақта мақсат оқушыға бағытталады.
Сабақтың ұйымдастыру кезеңіндегі жаңалық дәстүрлі сабақта: <<Бүгін кім жоқ, кім кезекші?>> деген сұрақпен шектелетін болсақ, сындарлы сабақта сергіту сәтін өткізіп, сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін шеңбер жасап тұрып, бір- бірімізге жылулық сыйлаймыз деп қолдарынан ұстап жақсы тілектер айтқыздым. Одан соң, <<Мозайка>> әдісі бойынша жыл мезгілдері Қыс, Көктем, Жаз, Күз деп қима қағаздар таратып топқа біріктірдім. Топ басшысын тағайындау түрлерін әр топқа өзім сыныптағы ұяң, орташа оқитын оқушыларды топ басшысы етіп тағайындадым. Ондағы мақсатым нашар оқушыларды сөйлету, жауапкершілікке тарту болды. Бұлай топқа бөлу біріншіден сыныптағы оқушылардың қызығушылығын арттыру, екіншіден көңіл күйлерін көтеру және ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым. Топқа біріктіріп болғаннан соң сабақтың басын үй тапсырмасын сұраудан бастадым. Бұл жерде мен оқушыға үй тапсырмасын <<Ыстық орындық>> ойының ойнату арқылы оқушылар арасында диалогтік әдіс - тәсілі арқылы сұрақ - жауап және көктем туралы өлеңді мәнерлеп жатқа айту еді. Олар мұндай ойын түрін көрменгендіктен, ұялшақтық танытты. Өзімнің шақыруым арқылы сыныптағы орташа оқитын оқушым А-ны шақырдым. Бұл тапсырманы орындау барысында сұрақ қойған, ыстық орындақтағы оқушы жауап бере алмаса, өзі жауап беру керектігін түсіндірдім. Балалар сұрақ қоюға асығыс үстінде болды. Келесі шақырған оқушым сыныптағы нашар оқитын оқушы М - еді. Ол берілген сұрақтарға өзінің шамасы келгенше белсенділік танытып, яғни сабаққа қызығушылығы бар екенін көрсетіп, сәл де болса ойын жүйелеп жауап берді. Оқушылар сұрақтарды қоюда еркіндік танытты. Келесі тапсырмам <<Миға шабуыл>> стратегиясы бойынша тапсырма берілді. Интербелсенді тақтадан, көктем туралы бейне ролик көрсеттім, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының ой шақыру стратегиясын қолданып, осыдан біздің тақырыбымыз қандай? мұнда не туралы деп ойлайсыздар деген ой тастадым. Балалар әрине, бірден жауап бере бастады. Жаңа сабақты түсіндіру үшін Блум таксономиясын пайдаландым. Оқушыларға тапсырма берілді: Балалар - <<Көктем>> дегенде бірден ойларыңа, көз алдарыңа не елестейді? - деп ашық сұрақтар қойдым. Бірден балалалар әртүрлі жауап айта бастады. Осы жерде таңқалдырған нашар оқитын, сөйлемейтін М оқушы; мұғалім мен айтайыңшы деп, - <<Мен көктемді жақсы көремін, өйткені наурызда менің туған күнім>> - деді. Бұл жерден байқағаным, аз болсада баланың ашылғанын, бойында сенімдік пайда болғанын, өйткені ол оқушы дәстүрлі сабақ өткізгенде ең артқы партада үндемей, ештеңеге қатыспай өз бетімен отыратын. Бұл жерде Барнс(1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететіндігін айтады.(МАН 39бет) Әр топты өзім бақылап,қадағалап, қажет кезінде көмек көрсеттім. Уақыт аяқталған соң, топ ішінен бір оқушы талдап, салған суреттері бойынша түсіндіріп өтті. Қорғау жұмысы аяқталған соң, формативті бағалауды қолданып, оларды марапаттап, мадақтап отырдым.Бұл жерде айта кететінім дәстүрлі оқыту жүйесіндегі бағалау мұғалім тарапынан жүзеге асатын, оқушылар кері байланыс жазбайтын. Бес балдық жүйеде бағаның шынайлығы,нақты бағалау критериларының болмауы - бағалаудың дұрыс немесе дұрыс еместігі, бағаны не үшін алғаны туралы, көрініс таппайтын.Ал жаңаша оқытуда оқушыны <<оқыту үшін>> бағалауды қолданады, яғни оқушыны оқуға ынталандырып, одан әрі ынтамен жұмыс жасауына жағадай жасалады.Яғни,баланың қай сатыда тұрғанын анықтау. Шығармашылық тапсырма ретінде <<алақанды сөйлет>> стратегиясын қолдандым. Бұл тапсырманы да балалар қызығушылықпен орындады.Бұл жерде Ерасыл мен Арманның жұмысы сәтті өтті, яғни тереңірек ойлауына мүмкіндік беріліп, нашар оқитын баламен жақсы оқитын бала бірге жұмыс істеу арқылы, бЕрасылдың бойында сенімділікпен, белсенділік пайда болды. Бұл жерде сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі көрініс тапты, өйткені балалар ықыласпен, бір - бірінен көмек сұрап, пікірлесіп, диалогқа түсті,яғни Выготскидің ЖАДА орын алды.
Келесі тапсырмам жыл мезгілдеріне байланысты постер қорғау болды. Оқушылар бірден ұйымдасқан түрде жұмысқа кірісіп кетті. Оларға бұл постермен жұмыс жасаған қатты ұнады. Сондықтан болар олар сабақтың үстінде жұмыстың осы түрін асыға күту үстінде отырады. Бұл топтық жұмыста әсіресе нашар, орташа және ұяң оқушыларым белсенділік танытқаны мені қуантты.. Сыртынан қарасам оқушылар идеяларын ортаға салып асығыс үстінде ынтамен жұмыс істеуі байқадым.
Топ өзінің жұмысының аяқталған шапалақ белгісімен беріп отырды. Бұл белгіні беруде балаларға қызық көрінді. Ондай белгі берген топтарға мадақтаулар жасап отырдым.Әр топтан топ басшылары шығып, өз жұмыстарын қорғады. Бағалауға жас ерешеліктеріне қарап <<Бармақ>> әдісін алдым.Сабақ өте қызықты өтті, оқушылардың барлығын осындай тапсырмалар қатты қызықтырды. Кері байланыс парақтарын тараттым,
Осы сабақтан өзіме түйгенім оқытудың жаңа әдістерін қолданудың тиімді екенін, әр баланың кем - кетігін байқайтын болдым.
Оқушыларымның бойында белсенділік, өз ойын ашық айтуға, өз білімін бағалауға, жолдастарымен қарым - қатынас орнатуды, өзіне сенімділіпен, жауакершілікпен қарауға
Келешекте не істеймін: Сабақтың әр кезеңін уақытпен жоспарлау. Әр сабақтан соң оқушылардың жетістігін саралап, сабақта болған қателіктеріммен жұмыс жасаймын.
Екінші сабағымның тақырыбы << Наурыз тойы>> . Мақсаты өлеңді мәнерлеп оқып, наурыз туралы түсініктерін кеңейту. Сабақты амандасу мен, психологиялық көңіл - күйді реттеуден бастадым. Наурыз мейрамының символы төрт түсті қызғалдақ гүлдерімен топқа біріктірдім. Балалардың көңіл күйі көтеріліп, бір біріне таңдана қарап, орындарына отырды. Топ басшысын тағайындап, топ мүшелерін өздері тағайындады.
Осы кезде мен бір оқушымның өзгергенін байқадым ол Жазира деген оқушым, ол негізі сабаққа көп қатыспайтын, сұрасаң кейде жауап береді, кейде ол да жоқ. Ал осы кезде басқа оқушыларға қарап өзі белсенділік көрсетіп жауап бере бастады. Кейбір оқушылар өз ойларын жеткізуге үйрене бастады,еркіндік пайда болды деп айтуға болады. Келешектегі тапсырмаларға қызығушылықпен сеніммен қарайтын болады деп сенім артамын.
Осы сабақтан соң, мен нені үйрендім:
оқушыларыммен бірге ашық түрде пікірлесуді, өзіме де сын көзбен қарауды, жаңа технологияларды тиімді қолдану керектігін.
Оқушыларым өз ойларын ортаға салуды, ынтымақтаса отырып жұмыс істеуге, өзіне аз болсада сенімділікпен қарауға.
Түйін:Үлгерімі орта оқушылардың топпен жұмыстағы белсенділіктерін арттыру қажет екенін білдім. Топтық жұмыс арқылы ойлануына қолдау көрсету, өз ойларын дәлелдеп айтуға үйрету.
Үшінші сабағымның тақырыбы:<<Ұзынсары>> мақсаты:мәтінді түсініп оқып, ұзынсары сөзінің мағынасын түсіну. Алдымен кері байланыс парақтарын оқып шықтым. Оқушылардың пікірлері әр-түрлі, бірақ көбіне сабақ ұнады, топқа бөлу, сергіту сәттері ұнапты. Кейбір балаларға сабақта тапсырмалардың түрлендірілгені ұнайды екен, топпен жұмыс жасағандары да ұнайтындықтарын ашық жазыпты. Қызықты өткенін де жазған оқушылар болды. Кері байланыс парақтары менің келесі сабаққа дайындалуыма септігін тигізді. Сондықтан мен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға тапсырмаларды өзгертіп отырдым. Осы сабағымды геометриялық фигуралар арқылы топқа біріктірдім, топ кошбасшысын өздері сайлап, топ мүшелеріне бөлінді. Бұдан менің байқағаным балалар алғашғы сабақтағыдай емес біраз жиналып қалғанын. Осы сабақта мен тағы бір сұрақты ортаға салдым. Балалардың жауаптарын тыңдап болған соң, формативті бағалауды қолданып, олардың осындай ойларын ашық, еркін жеткізе білуге қалыптасқандықтарын айтып мадақтап отырдым. Жаңа сабақты бастамастан бұрын, бірінші топ пен үшінші топтың оқушылары, екінші топ пен төртінші оқушылары сабақ соңында бірін бірі бағалайтындарын ескерттіп өттім де, бағалау парақшаларын алдын ала тараттым. Өйткені ондағы қойылған кретерийлер бойынша бақылап отырғандары жөн санадым Осылайша сабағымды топтастырып өткізу барысында мен мынандай жетістіктерге қол жеткіздім: оқушылар біршама ашылғанын, өз ойларын емін- еркін жеткізе алатынын, топқа бөліну кезінде тез орындарын таба білуі, жұппен, топпен жұмыс кезінде уақытты тиімді пайдаланып өз пікірлерін ортаға сала отырып талқылай алатынына көзім жетті. Топта отырған оқушылар бір үйдің балаларындай болып кеткенін, бір- біріне деген көзқарастарынан, іс- қимыл-дарынан көрдім. Сынып оқушылары бір- бірімен жұмыс істегенде өздерін жайлы сезіне алды. Түсініксіз сұрақтар, оқиғалар болса, бір-бірінен сұрады, менің көмегім қажет болса, тұрып келіп сұрады. Бағдарлама бойынша өткізілген сабақтағы әдіс- тәсілдер оқушыларға ұнады, бірақта сабаққа қатыспай, дараланып қалатын оқушылар да болды. Сол дараланып қалған оқушыларды ортаға тартып, сыныптағы өз орнын табуға, өзіне деген сенімділік ұялату еді.Өйткені, дәстүрлі сабақтағы оқушылардың сабақты түсіндіме, түсінбедіме әйтеуір мұғалімнің айтқаны заң болатын, не айтсада үнсіз тыңдап, бір - біріне сұрақ қоймайтын. Осыдан келіп менің түйгенім, Кембридж бағадарламасының жеті жарғысы ғана , осындай дәстүрлі сабақтарды өзгерте алады деген ой есімнен кетпес деймін.
Осы сабақтан байқағаным топпен жұмыста бір - бірін тыңдауға аз болса да дағдыланғанын, сенімділік болып өз ойларын айта бастады, топпен , жұппен, өзін өзі бағалауды үйренді. Оқуға деген ынта пайда болды.
Өзім нені үйрендім:
Оқушылардың да пікірлерімен санаса білу керек екенін, мейірімділік танытуды, оқушы көзімен қарауды.
Түйінім:
Белсенді оқушылар көбінесе топты алға сүйрейді, дегенмен өздерін көрсете білгенді жақсы көреді екен

4 сабағымның тақырыбы:<<Құстардың көктемгі тіршілігі>> алты қалпақтылар тобына біріктірдім. Мұндағы мақсатым, балалар бір-бірінің жақсы қасиеттерін көре алса және бір-біріне деген ынтымақтастықтары артса, бүгінгі сабақ жақсы бір әсермен басталса деген оймен астасып жатты. Әр топқа бір плакаттан және маркер, фломастерлер таратылды, олар тақырып бойынша өз ойларын қағазға түсіру керек болды. Жалпы топтар барлығы белсенділік көрсетті, тапсырма қызықты болды деп ойлаймын себебі олар барлығы ынтымақтастықпен, жүйелі түрде сабаққа кірісіп кетті. Дәстүрлі сабақтарымда дәл осындай тапсырмалар болатын, бірақ оқушылар соншалықты қызығып қатыспайтын, осы жәйіт мені біраз таң-қалдырды, яғни менің ойымша берген тапсырма өзгеше болып тұр, ол менің сабақ беру үрдісіндегі біраз өзгергенім деп ойлаймын. Оқушылардан да өзгеріс байқадым, олар енді әр-кім өзі жауап беруге тырыспайды, олар бір-біріне көмек көрсете білуге үйренгенін байқадым. Тапсырмаға берілген уақыт аяқталған соң, топтар қорғауға кірісті. Осы тапсырманы қорғаған кезде мен Ернұр деген оқушымның өзгергенін байқадым, ол бұрын өз ойын толық жеткізе алмай біраз қиналатын, ендігі уақытта ол басқа сыныптастарына қарап өзіде сабақ айтып тұр. Топтар өздерінің ұйымшылдығын көрсетіп жұмыстарын өте жақсы қорғап шықты. Бұл жерде топбасшысы Аиданы атап кетуге болады, бүкіл жұмысты ұйымдастырып кім-кімнен кейін жауап беретіндігін реттеп өзінің көшбасшылық қасиеттерімен көзге түсті.
Одан соң, кері байланыс парақтарын толтырды. Бұл жерден оқушыларымның бойында байқағаным: өз ойларын ашық айтуға,салыстыра білуге үйренді,пікір алмасуға,шығармашылықпен жұмыс жасай білуге аз болсада үйреніп, жинақталды.
Өзім нені үйрендім: Бала тілімен сөйлеуді, ашық сұрақтар қоюды, сыни ойлауды. Өзімнің өзгергенімді, бойымда сенімділік пен шыдамдылық пайда болғанын.
Түйін:
Топта жұмыс барысында үлгермеуші оқушылармен жеке жұмыстар көбірек жасау керектігіне ойлану. Нашар оқитын балалардың бойында сенімділік пен сыныптастарының ішінде өз орынадарын табуына көмек беру деп түйдім.
Осы сабақтарды өткізген соң, мен өзім көп нәрсеге басқа көзбен қарауды, тіпті өзімен де көбірек сын іздеуді, оқушыларымның да бір бірлеріне сын көзбен қарап, бағалай алатындары, жалпы сынып бойынша оқушыларымның бірлесе жұмыс жасай алатындығы қуантты.Бұл жерде <<Өздігінен реттелетін оқудың үш элементі аса маңызды болып табылады (Перри, 2002):
тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы.
Оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы,
проблеманы шешу мен мақсатқа жету үшін әдіс - тәсілдерді өздігінен таңдауы.(МАН,46 бет)
Өзіме тоқталып кететін болсам, мен жалпы курстың бірінші кезеңінде және мектептегі іс-тәжірибе кезінде біраз өзгерістерді байқадым. Мысалы егер курстын алдында мен оқушылармен ара-қатынаста өзімді қатал ұстап, ешқашан күлмей, мейірімділік көрсетпей қаталұстадым, себебі тәжірибелі әріптестер айтатын егер бетіне қарап, бір күлсең ертен басына шығып алады деп. Ал тәжірибе кезінде мен керісінше әзіл айтып оқушылардың көңіл күйін сұрап,треннинг ұйымдастыруға бастадым, бірақ тәртіптері бұзылды деп айта алмаймын. Бұрынғы кезде уақыт өтпей, тапсырма жетпей қалатын жағдайларда болатын ал қазір керісінше уақыт жетпейді, оқушылардың өздері айтатын болды неге екі сабақты біріктіріп қоймайды деп. Тағы бір қосарым, сыныбымдағы оқушыларым сабақтан кем дегенде 3 - 4 бала себепсіз мектепке келмей қалатын, осы тәжірибе уақытында бір - бір бала сабақты босатқан емес, бұл да осы бағдарламаның тиімділігі деймін.
Қазіргі кезде осы курстың әсерінен әріптестердің алдында еркін ойымды жеткізе алатын болдым, бұрын біраз қобалжып, дұрыс сөйлей алмайтын кездер де болған еді. Өз бойымда сенімділік пен жігерлік пайда болды, осы курста оқығаннан бері өз отбасыма деген көзқарастарым өзгерді,яғни курсқа дейін мен істеген жұмысымды міндет қылатынмын, ал қазір өзімді реттедім, көңіл күйім әр уақытта жақсы, отбасы мүшелермен де қарым - қатынасым түзелді. Ендеше, осы бағдарламаның берері келешекте мол деп ойлаймын және сенемін.
Менің ойымша бұл курс бізге өте үлкен көмек болды, қазіргі жаңаша сабақтар оқушыларға өте қызықты, және олардың өздігінше жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады. Маған өзіме курс қатты ұнады, өзгеруге дайынмын және өзгердім деп айта аламын.
Болашақта оқушыларыма дайын материалды өзім әкеліп бермей, олардың өздері ізденіп келулерін, шығармашылықпен жұмыс жасаудың тағы да басқа жолдарын балалармен кеңесе отырып, олардың айтқан пікірлерімен санаса отырып, шешім шығаруға үйрету қажет.
Қазіргі таңда оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру үшін, белсенділіктерін көрсету үшін белгіленген жеті модульді кіріктіріп пайдаланып, сабақтарымды өткізу тиімді деп санаймын. Өйткені, жеті модульдің аясында қарастырылатын әдіс- тәсілдері ойлауды жүзеге асырып, өз сабақтарымда қолданалып, мұғалімдермен тәжірибе алмаса отыруға да септігін тигізеді деп санаймын.Үлгерімі төмен оқушылармен көбірек деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасай алуға машықтандыру керек екеніне көзім жетті. Курс толық аяқталған соң, болашақта енді барлық сабақтарымда осы жеті модульдің негізінде жүзеге асыру керек, деп алдыма мақсат қойдым. Жаңа бағытта жұмыс істеуге қабілетті жеке тұлға, ел азаматтарын тәрбиелеуде әлі талай оқушыларыммен бірге жүйелі, одан да қызықты, мағыналы, ізденуге итермелейтін жұмыстар жасауға дайынбыз!

Қолданылған әдебиеттер:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулыұқ 2012

Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету
Қазақстан территориясы жаңа тас дәуірінде
Оқу үшін бағалау
Тіл сабақтарында қазіргі заманғы интерактивті технологияларды қолданудың тиімділігі және пән бойынша білім сапасына әсері
Топта жұмыс жасаудың тиімділігі
1822-1824 жылдардағы реформалар қазақ қоғамына қаншалықты ірі өзгерістер әкелді
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру
Тиімді әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту
Компьютерлік оқытудың тиімді жолдары
Биология сабақтарында жаңа әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігі
Пәндер