Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің есебі

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің есебі
Мұғалімнің ойы
Тренердің ескертпелері
Егер сіз бір нәрсені алты жасар балаға түсіндіре алмасаңыз, демек оны өзіңіз де толық түсінбепсіз.
Альберт Эйнштейн
Бастауыш мектеп - баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлға ретінде өзін - өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.
Ұстаз үшін ең негізгі мақсат - әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ынталандыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Соның бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Сондықтан мен сын тұрғыдан ойлауға үйрету модулін таңдауыма түрткі болған жағдай - мектеп оқушыларының ойлау әркетіндегі тайыздық пен терең ойланбаушылық , жаттандылық, белгілі бір шеңбер бойында ойлануы, сын тұрғысынан ой жүгірте алмаулары. Себебі осы модульді алу мақсатым, өзімді зерттеу, яғни, сыни ойлана аламын ба? - деген сұрақ ойымнан кетпеді және оқушылардың не білгісі келетінін, не білетінін зерттегім келді. Тағы бір себебім, дәстүрлі сабақ кезіндегі бір оқушымның айтқан сөздері: <<Мұғалім сіз неге, ол балаға сабақ оқымадыңыз деп, ұрсасыз, егер ол сабақты түсінбесе, ол сізге несін айтады>> - деп айтқаны мені үлкен ой салды, бұл жерде сол оқушымның өзі сыни ойланып тұрғанын түсіндім. Себебі ол оқушым маған қарсы пікір білдірді.Сондықтан сыни ойлауды негізгі міндеті - бойымызға сіңіп кеткен дәстүрлі дағдыларды тастап, жаңаша ойлану. Мысалы, біз күнде үйренген жолымызбен үйге барамыз. Егер сол жолды ауыстырып, басқа жолмен барсақ, жол бойы жаңа бір мағлұматтар мен өзгерістерді көріп, білер едік. Сондықтан бұл модульдың стратегияларын сабақ барысында қолдану жаңа оқу материалдарындағы оқиға мен құбылыстарды оқушылардың өздері байқап , талдауына жағдай жасайды. Яғни, білім оқушыларға даяр күйінде берілмейді, өзінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізеді. Әр оқушы өз ойына шек келтірмей жауап беруге дағдыланады. Оқушы бойындағы танымдық қабілетінің шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады.
Сондықтан мен өз тәжірибемде қолданған осы модульдің қаншалықты тиімді екенін дәлелдеу үшін төрт сабағымның өткізгендегі оқушылардың сын тұрғысынан ойланулары байқалған әрекеттері туралы айтып кеткін келеді.
Сабақты бастамас бұрын оқушыларды үлестірмелі дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы топқа біріктірдім. Сабағымның кіріспе, ұйымдастыру бөлімі <<Жылы лебіз>> атты психологиялық дайындықтан басталды. Бұл бөлімде балалар бір - біріне жақсы сөз, жылы тілектерін және теңеу сөздерге арнады. Мысалы бір оқушым <<Мен Бағдаулет - батырмын , десе, Ерасыл ержігітпін, Айзада - аймын, өйткені әке шешем маған айым, деп еркелетеді>>, таңқалдырғаны Ә деген оқушымның Әнуар әлді, өйткені ол оқушым сөйлемейтін, ұялшақ болатын деген сөздерінің өзі адам жанына жылы тиері анық деп ойлаймын. Бұл жерде осы теңеу сөздерінің өзі осы балаларды ойландырып, олар өздерінің неге теңеу керек, мен өзі қандаймын деген ойлары,әңгімеге араласуы, сұрақтар қоюы,оның сын тұрғысынан ойлануына әсер еткенін білдіреді. Мұнда мен балаларға жуан - жіңішке сұрақтар қойып тұрдым, ал олар менің сұрағыма жауап берді. Өйткені, оқушы алдымен түсінуге тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді. Қорыта келгенде, оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттырады.

Балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде. Осылайша балаларды ХХI ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттмен қаруландыру - мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. (Wolfe and Alexander6 2008)
Бірінші сабақ тақырыбына байланысты суреттер алып таңдап <<Мозайка>> әдісі бойынша топтарға бөлінген кезде де сыни көзқарас таныта отырып, топқа біріктіру үшін,төрт түсті қима қағаздарға төрт мезгілді жазып шашып тастадым, әр бала өздеріңе ұнаған қиманы алып, Е оқушым; -енді бұнымен не істейміз? Н оқушым; - көк түстілер бері келіңдер біріктірейік, қандай сөз шыққанын деп бағыт беріп жатқанын естідім. Осы жерде оқушылардың тапсырмаға ынталана кірісіп, өздеріне берілген уақытты ұтымды пайдаланғандары байқалды. Мен үшін маңыздысы тапсырманы орындау кезінде баланың сын тұрғысынан ойланғандары.

Сыни тұрғыдан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен - орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарындағы оқушылармен байланыстырады. Алайда сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл - балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру.(МАН, 49) Егер оқытуды қызықты ұйымдастыра алсам , баланың ойлау мен әрекетін білім алу жолына дұрыс бағыттай алсам онда мен оқушыларымды білім алу тура жолына саламын деген ойды ұстанып сабақтарымда сыни ойлау стратегияларын кеңінен пайдалануды шешіп, балалардың қызығушылығын оятуға болады деп ойлаймын.
Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту үшін қандай әдіс-тәсілдерді қолдансам болады ? - деген оймен төртінші сабағымда миға шабуыл кезеңінде : интербелсенді тақтадан жыл мезгілдерінің суретін көрсету арқылы : мына суретте нені көріп тұрсыңдар ? - деген сұрақтар қою арқылы сын тұрғысынан ойлату. Суретте нелер бейнеленген ?
-Бұл қай мезгіл?
- Сен қай мезгілді ұнатасың? деген түрткі сұрақтар қойылды, яғни оқушылардың сын тұрғысынан ойлаулары үшін, алдымен мұғалімнің сұрақтарының дұрыс қойылу керек екенін түсіндім. Бұл жерде сын тұрғысынан ойлау өзінен өзі көрініс тапты. А оқушым Қазір көктем мезгілі, бұл мезгілді мен жақсы көремін, өйткені көктемде аналар мейрамы, наурыз - жаңа жыл мерекесі, күн мен түн теңеледі, -деп әңгімелеп берді.
Осы кезде мынаны айтып кеткім келеді, -
<<Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады>>.(Нұсқаулық, 41бет)
Келесі тапсырмамда, оқушылар өздерінің түсінгендерін << Бірігіп сурет салу >> әдісі бойынша суретпен толық жеткізе білді. Әсіресе, топта мезгілдер дегенде ойларыңа не келді дегенде, әр топ жыл мезгілдерін байланысты сурет салды. Топ баяндаушылары ортаға шығып, жасаған жұмыстарын қорғап шықты. Атап айтсам, топтың ішінен Н , А, А деген оқушылар жұмыстарын қорғап шықты. Сөйлемді дұрыс, толық жеткізуіне , ойын толық айтуына көмектесіп, жетелеп отырдым. Бұл жұмыс олардың сыни ойлауын жақсы дамытуына ықпал етті. Сабаққа қызығушылығы нашар оқушы М оқушы топтық талқылауға араласып жатқан кезде оның сабаққа деген талпынысы мені таң қалдырды. Әрине, оқушылардың арасында сабаққа толық қатыса алмай, тапсырманы игере алмай отырғандары да болды. Бірақ көбінің білімді меңгеруге талпыныстары бар. Сондықтан мен уақытты дұрыс пайдалана отырып, нақты жағдайлар мен әртүрлі тәсілдерді дұрыс таңдаудың нәтижесінде оқушылардан үй тапсырмасын орындау кезінде<<Ыстық орындық>>, <<Қағып алда, жауап бер>>, <<Инсерт>>әдістерін қолдандым, себебі балалардың өткен сабақты қалай меңгергенін байқау барысында тез және ұтымды жауап беруін қаладым. Оқушыларым өткен сабақты жақсы меңгерген, барлығы жарыса жауап беріп отырды, тіпті төмен оқитын екі - үш оқушымда жақсы қатысып отырғаны қуантты.

Өйткені, балалар топқа бөлудің өзінде қандай да бір сыр бар екенін ұғынып , соңғы сабақтарда топқа бөлуден бастап ойлай бастады . Сұраққа жан - жақты ойланып жауап беруге дағдылана бастағаны байқадым. Бірақ осындай ойлауға жеткізудің өзі мен үшін үлкен жұмыс болды. Себебі, келесі болатын сабақты жоспарлағанда сабақта оқушыларды сыни ойлауға жетелеу үшін қандай сұрақ қоямын деген ойда жүрдім.

Келесі сабағым << Көктем құстары>> мақсаты; оқушыларды нақты жауап беруге, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру. Топқа алты қалпақ бойынша біріктірдім. Сабақ басында психологиялық ахуал жасауға <<Сәлемдесу>> әдісімен иықпен, баспен, төспен, тіземен, арқамен бір - бірімізбен амандасып, жылулық , сәттілік сыйлады.
Сабақтың негізгі идеясын ашу мен қызығушылықтарын дамыту мақсатында оқушыларға интербелсенді тақтадан ормандағы құстардың көктемгі тіршілігі мен дауысын естіртіп, видеоролик көрсеттім. Балалар бірден мынау мынандай құстар; мынау қарлығаштың дауысы, мынау көкектің дауысы, мынау қараторғайдың дауысы деп жан жақтан, өткен сабақпен байланыстарып айта бастады. Н оқушым бүгін құстар туралы жаңа сабақ болады, өйткені бейнержазба құстар туралы, олардың дауыстарынан танығанын айтты. Яғни, оқушылар бейне роликтен жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Бейнежазба бойынша оқушылар сыни тұрғыдан ойлана білді.
Келесі тапсырмам <<Жақсы - жаман>> ойыны, мақсаты жаман әдеттен аулақ болуға, көргенін ажыратып, салыстыруға, сәйкестендіруге және сыни ойлауға үйрету, мысалы:
1. Ағаштағы құстың ұясын бұзу - жаман, себебі
2. Құстарға ұя жасау - жақсы, себебі сөйлемді жалғастыру арқылы сыни ойланды, А оқушым <<құстарға ұя жасау жақсы, себебі көктемде қараторғайлар ұшып келеді, жұмыртқа салады - жақсы деді, Б оқушым ұяны бұзу жаман, себебі құстар біздің досымыз - жақсы, нашар оқитын оқушым Ы оқушы,аққу - құстың төресі, махаббаттың жаршысы, өте нәзік, киелі құс, жұбына берік - жақсы, себебі аққу жалғыз қалса жаман, ,аққуды атуға болмайды - жаман, себебі ол киелі құс - жақсы деген топтастырулар жүргізілді. Құс туралы елестетіп, оның барлық жақтарын ашатындай топтастырулар жүргізу арқылы өз білетіндерін, жолдастарының білімдерін пайдалана отырып, пікірлесіп, топшылады. Сыни ойлауда - оқушылар қай нәрсеге болса да терең оймен қарайды, салыстыра отырып талдау жасайды, өз көзқарасын білдіреді, өзіндік мәнін қалыптастырады, өз ойын тұжырымды жеткізе алады.

Тақырып туралы ой-толғаныс - бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы - ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.
Келесі қорыту мақсатында <<алты қалпақ>> әдісі балалардың ойлау қабілетін дамыту үшін, оның авторы американдық профессор Эдвард де Боно.
Қорытындылап айтқанда мұндай әдіс балалардың ойлау қабілетін дамытады, яғни әр түрлі процесс кетеді, балалардың
Белсенділік, дербестік, шығармашылығы дамиды;
Сөздік қорлары, тілдері, ойлау қабілеттері дамиды;
Қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттырады;
Айналадағы заттың орта туралы түсініктері қалыптасады;
Оқу тәрбие әрекетінде белсенді жұмыс жасау дағдыланады;
Өзіндік әрекет жасауға үйретеді.
Ақ қалпақ - қарлығаштың мінез - құлқы, сыртқа пішіні туралы, пайдасы туралы мағлұмат жинайды.
Қара қалпақ - бұл мәтіндегі кейіпкерлердің жаман жақтарын айтады. Құстардың адамға пайдасын жоққа шығарады.
Жасыл қалпақ - құстар туралы, олардың пайдасы туралы жұмбақ, мақал - мәтел, өлең шығарады.
Сары қалпақ - құстардың пайдасы туралы жақсы жақтарын айтады.
Қызыл қалпақ - құстардың сезімдері жайлы айтады
Көк қалпақ - осы топтардың айтқандары, жалпы мәтіннің негізгі идеясы жайлы ай

Осы тапсырманы орындау барысында сыни тұрғыдан ойлау модульі көрініс көрсетті.
Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта >> << Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың , тәжірибенің , ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлауға және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.>> (49 бет).
Жаңа әдіс - тәсілді игере отырып жасаған сабақ жоспарымның барысында осы тұжырым басты бағыт болып, білім алуда оқушылардың басты критерийіне айналды. Дәстүрлі сабақта мұғалімнің түсіндіруін қабылдайтын оқушылар, енді тақырыпты өздері оқып игеріп, оның басты мақсатын өздері ашып, талдап, сын тұрғысынан сараптап, түйінді пікірді де өздері қорытындылайтын болды.
Өз ойын еркін жеткізе алмайтын өздеріне сенімсіз оқушыларға пайдасы шексіз.
Атап айтқанда, оқушылармен жұмыс жасағанда: еркін ойлауға мүмкіндік береді; ақыл - ойын дамытады; шығармашылық белсенділігін арттырады; ұжымдық іс - әрекеткетке тәрбиелейді; тіл байлығын жетілдіреді; жан - жақты ізденушілігін арттырады.
Қорыта айтқанда, Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары оқушылардың қызығушылығын арттырады, білім сапалары көтеріледі, шығармашылықпен жұмыс жасауға,ойлауға, талдау жасап, өз көзқарастарын қалыптастыруға үйретеді.Стратегияларды қолданғанда мұғалімнің де, оқушының да рольдері өзгереді.
oo сабаққа белсенділігі жоғары, өздігінен жұмыс жасауға дағдылана алады.
oo оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы бірлестігі демократиялық сипат алады.
oo оқушы ойын еркін жеткізеді, өзіне деген сенім артады
жаңаны тез игеріп дұрыс түсінеді, салыстыра отырып қорытындылайды, болжам жасайды.
Тәжірибе барысында оқушыларым жаңа әдіс тәсілдердің өздеріне сондай ұнағандығын, сабақта достарыммен ұжымда әлеуметтік ой талқылауда бірлесіп шешім қабылдауы, бұрын сабаққа ынтасы болмаса, енді сабаққа белсенді түрде қатысқылары келетіндерін айтты.

Менің ендігі мақсатым: курста үйренген әдіс-тәсілдерді, бағдарлама бойынша алған жаңа білімімді өзімнің тәжірибемде толығынан қолдану;
сабақ беру барысында дәстүрлі сабақ беру әдісін мүлдем өзгерту;
ақпараттық-инновациялық технологияларды жетік меңгеріп, өз уақытымды тиімді пайдаланып қана қоймай, оқушылардың қызығушылығын ояту;
білім берудегі басқару мен көшбасшылық формасын өзгерту;
оқу барысында таланты, дарынды оқушылармен жеке жұмысты қалыптастыру; оқушылардың өз-өзін еркін түрде бағалауға үйрету.
Сабағымды оқытуды түрлендіріп жаңаша ұйымдастыруды, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруды,ынталарын көтеруді,әлеуметтік қарым қатынасты нығайтыруды алғы мақсатым етіп отырмын.

Пайдалынған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық 2012
2. <<Сын тұрғысынан ойлау білім үдерісінде>> Жукенова Г.Б.,Торебаева К.Ж.

Ұқсас жұмыстар
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін сабақта тиімді қолдану
Еліміздің рәміздері. 3 сынып, әдебиеттік оқу
Бағдарлама аясындағы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі
Тақырып Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
В1 есебі
Бірінші деңгей бағдарламасы идеясы
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру
Шандор Петефи Ұлт өлеңі
Жұмыс. қуат. энергия
Пәндер