Арифметикалық прогрессия бойынша оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығы мен шығармашылығын дамытуға арналған тапсырмалар

ШҚО, Тарбағатай ауданы

Тоғас батыр атындағы орта мектеп

Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығы

мен шығармашылығын дамыту мақсатындағы тапсырмалар

(Арифметикалық прогрессия)

Дайындаған : Ағанасов Шалқар Жұмағалиұлы

математика пәнінің мұғалімі

Ойшілік ауылы

2015 жыл


1-тапсырма

Қайық

Қайық көл жағасынан алғашқы секундта 0, 5 метрге қозғалды да, ары қарай әр бір секундта 0, 7 метр қашықтыққа жылжып отырды.

Сұрақ 1: Қайық

Қайық 30 секундтан кейін жағадан қанша қашықтықта болады?

Жауабы: . . . м

Сұрақ 2: Қайық

Қайық 1, 5 минуттан кейін жағадан қанша қашықтықта болады?

Жауабы: . . . м


2-тапсырма

Болаттың қорасында

Болаттың қорасында жылқы, сиыр, ешкі, қой, қаз, тауықтар бар. Олардың саны арифметикалық прогрессия құрайды.

Сұрақ 1: Болаттың қорасында

Келесі гистограммалардың қайсысы Болаттың қорасындағы малдар мен құстардың санын көрсетуі мүмкін? А, В, С немесе D қоршаңыз.

А В

C D

Сұрақ 2: Болаттың қорасында

Келесілердің қайсысы Болаттың малдары болуы мүмкін емес? А, В, С немесе D қоршаңыз.

  1. 20 қой, 7 жылқы
  2. 7 сиыр, 11 қой
  3. 50 қаз, 10 жылқы
  4. 12 сиыр, 10 ешкі


3-тапсырма

Ағаш көшеттерін отырғызу

Мектеп оқушылары көктемде алма, өрік, қараөрік, шынар, шырша, қарағай, қайың, қарағаш, терек ағаштарының көшеттерін отырғызды. Олардың саны өспелі арифметикалық прогрессия құрайды. Қараөрік көшеттерінің саны 14, ал қайың көшеттерінің саны 26.

Сұрақ 1: Ағаш көшеттерін отырғызу

Оқушылар қанша жеміс ағаштарының көшетін отырғызды?

Жауабы: . . .

Сұрақ 2: Ағаш көшеттерін отырғызу

Оқушылар қанша қылқан жапырақты ағаштардың көшетін отырғызды?

Жауабы: . . .

Сұрақ 3: Ағаш көшеттерін отырғызу

Отырғызылған ағаш көшеттерінің жерсініп өсіп-өнгені 95%, барлығы неше ағаш көшеті өніп-өсті?

Жауабы: . . .


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында оқушылардың оқу сауаттылығы мен функционалдық құзыреттілігін дамыту тәсілдері
9-сыныпқа арналған арифметикалық прогрессия тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған арифметикалық прогрессия сабағы
Арифметикалық прогрессия: анықтама мен n-ші мүшенің формуласы
9-сынып алгебра: Арифметикалық прогрессия - сабақ жоспары
Арифметикалық прогрессия және n-ші мүшесінің формуласы
Арифметикалық прогрессия: n-ші мүшенің әмбебап формуласы мен қолданылуы
Арифметикалық прогрессия және п-ші мүшенің формуласы
Арифметикалық прогрессия: алғашқы n мүшелерінің қосындысының формуласы
Болашақ математика мұғалімдерінің функционалдық математикалық сауаттылығын қалыптастыру теориясы мен әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz