Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіру

Кәсіби қоғамдастық құру арқылы дамудың тұрақты болуын қалай қолдаймын?
Ұлттық мектеп көшбасшылығы колледжі (Англия) үшін 2004 жылы жасалған құжатта <<Білім алушылар қоғамдастығына>> мынадай анықтама берілген : <<Оқушылар жоғары нәтижелерге жету үшін бір мектептің шегінде , болмаса мектептер арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс қимылдарды жоспарлау , жүзеге асыру және мониторингін жүргізу мақсатында бірігетін мектептер тобы немесе әріптестер>> (Мұғалімге арналған нұсқаулық І деңгей. 54 бет) деп анықтама берілген кітапта.Бұл анықтамаға сай, мен қызмет ететін мектепте оқу мен оқыту үдерісін тиімді ету мақсатында <<Бәйтерек>> атты мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығы құрылған.Қоғамдастық мақсаты Тәжірибе алмасу, білім мен біліктілікті дамыту,ортақ шешімге келу,ортақ жұмысты жоспарлау,қиындықтан шығу жолын ата - аналармен бірлесіп отырып қарастыру,оқушы үнін зерттеу, пікірлесу, мәселені бірлесе отырып талқылау, талдау, ақпарат бөлісу деп анықталған.Қоғамдастықты құру кезінде жұмыс істеу қағидаттары ретінде мұғалімдер арасында Кәсіби қоғамдастықты құру арқылы ой бөлісу, тәжірибе алмасу, өзара қолдау көрсету ,қоғамдастық мүшелері арасындағы сенімділік,бір - біріне қолдау көрсету басымдыққа алынған.Қоғамдастықта жиырма алты мұғалім бар,барлығы тәжірибелі ұстаздар.Қоғамдастық мүшелері мектепте педагогиканың жаңа тиімді әдіс тәсілдерін оқу мен оқыту үдерісіне кіріктіруде үлкен еңбек етуде.Бұл сөзіме дәлел ретінде ұсынарым-мектепте жақында ғана өзімнің іс тәжірибем барысында мектеп әкімшілігі және деңгейлік бағдарламаны бітірген мұғалімдер көмегімен өткізілген <<Білім беру үдерісіне жаңа технологияларды ендірудің тиімділігі>> атты тақырыптағы мектепішілік конференция өтті.Конференция барысында байқағаным, мектеп мұғалімдерінің оқыту үдерісіндегі проблемаларға , оларды шешу жолдарына үлкен қызығушылық білдірді.Жалпы алғанда мектеп әкімшілігі мен кәсіби қоғамдастық ұйымдастырған конференция мен мектептегі оқу мен оқыту үдерісінің тиімділігін жетілдірудегі жүргізіп жатқан жоспарлы жұмыстарының мақсаты бір деп айтуға болады.Олар қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында мұғалімдердің құзыреттілігін жетілдіру , мектеп мұғалімдерінің кәсіби дамуына ықпал ету.Білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық үдерістерді қолдану , қолдана білуге үйрету.Мектеп мұғалімдерінің тәжірибесін жетілдіру мақсатында теориялық - тәжірибелік және кәсіби құзыреттілігі терең тәжірибелі мұғалімдермен өз әріптестері арасында ынтымақтастық орнату.Алайда жүргізіліп жатқан жұмыстарда кемшілік те жоқ емес.Кемшілік деп отырғаным әлі де жетілдіруді қажет ететін жұмыстар.Ол жұмыстардың қатарына, біріншіден, ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды қояр едім.Себебі балаларды оқыту барысында қандай да болмасын тиімді әдіс-тәсілдерді қолданғаныңызбен ата-аналар тарапынан қолдау таппаса , істелген жұмыс өз дәрежесінде жетістігін бере алмайды,сондықтан бұл саланы жетілдіруде мен мектепте ата аналар университетін құруды , ата аналарға арналған тақырыптық коучингтер мен сабақтар ұйымдастыруды ұсынар едім.Ата аналар ұдайы қалыпты жағдайда мектеппен байланыста болғанда оқу мен оқытудың тиімділігі менің ойымша екі есе артады.Екіншіден біз оқушы үнін есепке алуды мүлдем десек те болатындай жүргізбейміз.Ал оқушы үні өз кезегінде мұғалім жұмысының нәтижелігін жақсартуда маңызы зор.Қазіргі кезеңде әліге дейін бала оқытудың тиімді жолын тек мұғалім біледі , яғни оқушы мұғалім айтуымен ғана тапсырма орындап , білім алуға тиіс деген қате пікір жойылмай отыр.Мен бұл жерде ұсынарым-мектепте оқушылар мен мұғалімдер арасында рефлексия мен кері байланысты кеңінен енгізу.Өз кезегінде бұл іс- шаралар мұғалімдерге өз жұмыстарына шынайы көзқарас қалыптастыруына, ал оқушыларға білім алуда нені оқуды және қалай оқуды үйренуде тиімді болары сөзсіз.Үшіншіден, мектепте қоғамдастық жұмысы тек мектеп көлемінде шектеліп қалмауы.Себебі мектепте жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігін бағалауда сырт көздің , басқа адамның көзқарасы мен бағалауы өте керек.Яғни мектеп шектеулі , тұйық қалыпта қалмай, басқа да оқу орындарымен , кәсіпорындармен байланыс орнату керек.Кәсіби қоғамдастық жұмысын неғұрлым тиімді ету үшін мұғалімдерді марапаттау , жеңістерді мерекелеуді және мұғалімдердің АКТ құралдарын қолданудағы құзыреттілігін арттыру мақсатында интернет желісіндегі желілік қауымдастықта ақпарат алмасу мен пікір алмасу жұмыстарын қалыпты жағдайға енгізу қажет.Өз кезегінде болашақта мектептегі кәсіби қоғамдастық жұмысына ата - аналармен жүйелі жұмыс жүргізу және ұжым жұмысына рефлексия мен кері байланысты енгізу арқылы және жүйелі көшбасшылық жүргізу арқасында оқу мен оқыту үдерісінде өз ұжымым мен әріптестерімді жетістікке жеткіземін деп сенемін.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. І (ілгері деңгей) 2014 жыл.

№59 жалпы орта мектеп мұғалімдерінің кәсіби - желілік қоғамдастығының
жоспары

Қоғамдастық атауы: <<Бәйтерек>>
Қатысатын мұғалімдер санаты :Барлық санаттағы мұғалімдер
Қоғамдастық мақсаты:Тәжірибе алмасу, білім мен біліктілікті дамыту, ортақ шешімге келу, ортақ жұмысты жоспарлау, қиындықтан шығу жолын ата - аналармен бірлесіп отырып қарастыру, оқушы үнін зерттеу, пікірлесу, мәселені бірлесе отырып талқылау, талдау, ақпарат бөлісу
Жұмыс істеу қағидаттары: Кәсіби қоғамдастықты құру арқылы ой бөлісу, тәжірибе алмасу, өзара қолдау көрсету ,қоғамдастық мүшелері арасындағы сенімділік,бір - біріне қолдау көрсету
Мұғалімдер мен мектеп басшылығы арасындағы ынтымақтастық, өзара көмек, өзара құрмет пен сенім орнату;
* Мұғалімдердің құзіреттілігін арттырып, оқушылардың мүмкіндігін кеңейту;
* Оқыту тәжірибесімен алмасудың тікелей тетігімен қамтамасыз ету;
* Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіру;
* Мектепаралық ынтымақтастықты күшейте отырып, оқыту мен оқудағы білім сапасын арттыру;
* Мектеп пәндері бойынша жасақталатын жалпыға міндетті білім стандарттарының және оқу- әдістемелік кешендерінің мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкіндіктерімен жетілдіру, білім беруді басқаруда ақпараттық жүйені құру;
* Жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтереді және АКТ қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құрады

Күтілетін нәтижелер:
Кәсіби қоғамдастықты құру арқылы ой бөлісу, тәжірибе алмасу, білім мен біліктілікті дамыту, ортақ шешімге келу, ортақ жұмысты жоспарлау, қиындықтан шығу жолын бірлесіп отырып қарастыру, пікірлесу, мәселені бірлесе отырып талқылау, талдау, ақпарат бөлісіп өзара көмектеседі
:: Жұмыста бір-біріне , мұғалімдерге қолдау көрсететін топ пайда болады;
:: Білім жетілдіру курстары,мектептер мен ЖОО мен байланыс жасайды;
:: Мұғалімдердің біліктілік деңгейін анықтайтын диагностикалық талдау жасай алады;
:: Өзекті мәселені бірге талқылап, шешу жолдарын қарастырады;
:: Басқа мектептермен кәсіби байланыс орнатып, мұғалімдердің бірлескен іс-әрекетте белсенділіктері артады;
:: Мектеп мұғалімдеріне қолдау көрсететін түрлі қоғамдастықтармен байланыс орнайды.
:: Жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтереді және АКТ қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құрады


Өткізілетін іс - шара
Мақсаты
Формасы
Мерзімі
Күтілетін нәтиже
Ресурстар
Жауапты
1
Кәсіби қоғамдастықты құру , ой бөлісу, тәжірибе алмасу.
Мектептің қазіргі кезеңдегі жағдайын айқындау,басымдықтарын анықтау
Кәсіби сұхбат
3 апта
Мектептің даму басымдықтары анықталады
Сауалнама

Мектеп әкімшілігі
Тәлімгер
Кәсіби қоғамдастық тобы
2
<<Бәйтерек>>
Желілік қоғамдастық құру, мақсаты мен міндетін айқындау
Мектепішілік кәсіби қоғамдастық құру
Дөңгелек стол
3 апта
Кәсіби қоғамдастық құрылады
МАН, бейнеролик
Мектеп әкімшілігі
Тәлімгер
Кәсіби қоғамдастық тобы
3
МДЖ жасау
Мектептің тиімді даму аймағы мен басымдықтары айқындалған даму жоспарын жасау
Шеберлік сыныбы
4 апта
Мектептің тиімді даму жоспары жасалынады
МАН
Зерделеу нәтижелері
Мектеп әкімшілігі
Тәлімгер
Кәсіби қоғамдастық тобы
4
Таңдап алынған даму бағытына сәйкес коучингтер өту
Мұғалімдерді оқу мен оқыту үдерісіне тиімді әдіс - тәсілдермен таныстыру , үйрету
Коучинг
4 апта
Мұғалімдер тиімді әдіс - тәсілдерді үйренеді
МАН
АКТ
Презентация
Мектеп әкімшілігі
Тәлімгер
Кәсіби қоғамдастық тобы
5
<<Білім беру үдерісіне жаңа технологияларды ендірудің тиімділігі>> атты тақырыптағы мектепішілік конференция.
Мұғалімдердің құзыреттілігін жетілдіру , мектеп мұғалімдерінің кәсіби дамуына ықпал ету.Білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық үдерістерді қолдану , қолдана білуге үйрету.Мектеп мұғалімдерінің тәжірибесін жетілдіру мақсатында теориялық - тәжірибелік және кәсіби құзыреттілігі терең тәжірибелі мұғалімдермен өз әріптестері арасында ынтымақтастық орнату.
Конференция
5 апта
Мұғалімдер арасындағы ынтымақ ұлғайады , тиімді әдіс - тәсілдерді үйренеді.
Презентация
Баяндама
Мектеп әкімшілігі
Тәлімгер
Кәсіби қоғамдастық тобы
6
Басқа мектептердегі кәсіби қоғамдастықтармен байланыс орнату
Мектеп тәжірибесіндегі тиімді , озық іс - тәжірибелермен бөлісу
Кездесу , пікірсайыс , дөңгелек үстел
6 апта
Басқа мектеп мұғалімдерімен ынтымақтастық орнайды, тәжірибе алмасады
Интернет желісі
Тәлімгер
Кәсіби қоғамдастық тобы

Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің білім жетілдіру жұмыс жүйесін қалыптастыру
Біліктілікті арттыру курсынан өту
Әдістемелік бірлестік отырысының жоспары
Мектеп мұғалімдерінің Галактика кәсіби қоғамдастығын презентациялау
Интерактивті тақтамен берілетін сабақтардың бағалау сынамалары
Мектепте мұғалімнің білім жетілдіру жұмысы жүйесін қалыптастыру
Оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін мұғалім біліктілігін арттыру
Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты
Құзыретті оқушы
Мектеп мұғалімдеріне арналған тренинг өту
Пәндер