Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Қазақстанның пайдалы қазбалары


Қарағанды облысы
Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, магистр
Бажикова Анар Кадыровна

Сабақтың тақырыбы: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Студенттердің білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде
білім алуға баулу.
2. Дамытушылық: алған білімдерін толықтыру, сөйлеу тілін дамыту, сұрақ-
жауап жұмыстарын жүргізу, оқытушының сұрақтарына нақты жауап беруге үйрету.
3. Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілігін дамыту. Қазақ тілін
үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Ұжымдық түрде бірлесіп білім алу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, жазу, баяндау, топтық, мәтінмен жұмыс,
кроссворд шешу.
Өткізілу уақыты: 80 минут
Пәнаралық байланыс: География, геология, әдебиет
Көрнекілігі: Слайдтар жиынтығы, сызба, кесте кроссворд

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, студенттердің сабаққа даярлықтарын тексеру.
ІІ. Өткен сабақты қайталау. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап: Студенттердің білімдерін сұрақ-жауап арқылы үй
тапсырмасын тексеру.
• Ұлттық байлық дегеніміз не?
• Ұлттық байлықты алғаш рет кім есептеп шығарған?
• Ұлттық байлық қандай салалардан тұрады ?
• Ұлттық байлықтың құны бар ма?
• Археологиялық қазбалардан табылған заттар ұлттық байлыққа жата
ма?
• Антиквариаттық заттар ұлттық байлыққа жата ма?
• Ұлттық байлықты қорғау туралы заң бар ма?

2. Үйде жазып келген сөз тіркестерін, сөйлемдерін оқыту.
Ұлттық байлық тақырыбы бойынша: «Ұлттық» деген сөзбен сөз тіркесін
жасап, жай сөйлем құрып, дәптерге жазып келу тапсырылған.
3. Жаттап келген мақал-мәтелдерін айтқызу «Байлық туралы» мақал-
мәтелдерді жазып келу берілген. Мақал-мәтелдерді оқиық.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқытушының сөзі:
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның пайдалы қазбалары.
Ұлттық байлық негізінен мына салалардан тұрады:
• Әдеби, мәдени, тарихи мұралар.
• Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі ғасырлар бойы ата-
бабалардың қалдырған мұрасы.
• Табиғатымыздың және жер асты байлығымыз деп айтқандай, біздің
еліміздің жер асты пайдалы қазбаларға өте бай. Бүгінгі жаңа
тақырыбымыз:

Қазақстанның пайдалы қазбалары

(Слайд бойынша оқытушы Қазақстанның пайдалы қазбалары жайлы түсінік
береді)
Қазақстанның жер қойнауында әлемдегі табиғи қазба байлықтарының барлық
түрі кездеседі.
Қазақстан өзінің табиғи қазбаларымен дүние жүзіндегі бай елдердің бірі
болып есептеледі. Кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтары: оңтүстік,
солтүстік, батыс, шығыс, орталық аймақтарында Л. Менделеевтің кестесіндегі
химиялық элементтердің барлық түрі кездеседі.
Қаныш Сәтбаев бүкіл өмірін Қазақстанның жер қойнауындағы табиғи қазба
байлықтарын минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын
зерттеуге арналған. Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий
кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады.

Мәтінмен жұмыс

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ

Қазақстан өзінің табиғи қазбаларымен дүние жүзіндегі бай елдердің бірі
болып есептеледі.
Кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарында Д.И.Менделеев кестесіндегі
105 элементтің 99-ы табылған. Мысалы: сынап, қорғасын, алтын, көмір, мұнай,
болат, мыс, күміс, темір т.б.
Қазба байлықтары мен түсті металдары күнделікті тұрмыста қолдануға
қажетті түрлі тұрмыстық заттар мен сәндік әшекей бұйымдар жасауға кеңінен
пайдаланылады.
Еліміздің әр аймағынан алынатын пайдалы қазбалар мысалы, батыста
мұнай, газ өндірсе, шығыста фосфор, орталықта көмір, мыс, түсті металл
өндіреді.
Соның ішінде Орталық Қазақстанда өндірілетін жер асты пайдалы
қазбалары екі түрлі әдіс бойынша өндіріледі.
"Арселор Миттал" компаниясының қарамағына кіретін бірнеше шахталардан
өндірілген көмір, қара металдар мен түсті металдар әлемнің көптеген
елдеріне экспортқа шығарылады.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның қара алтыны болып
саналатын басты байлығы көмір мен мұнайды шет елдік компаниялардың
бірлесуімен жаңа технологияларды өндірісте қолдану арқылы қазба жұмыстарын
жүргізу жүзеге асырыла бастады.
Соңғы жылдары "Қазақстанда Жасалған" деген маркамен Қазақстанда
өндірілген пайдалы қазбалар мен шикізат өнімдерін әлемнің 70-ке жуық елдері
сатып алуға өтініш білдірген.
1. Аудиомәтін тыңдаймыз. (Қосымша-1)
2. Мәтінді студенттер мәнерлеп оқып, аударады, таныс емес сөздерді
аударып, дәптерлеріне жазады. (Қосымша-2)
3. Мәтін бойынша сұрақтар қойылады. (Қосымша-3)
4. Сұрақтарға жауапты студенттер дәптерлеріне жазып отырады.

IV. Қорытынды.
Сабақты бекіту мақсатымен кроссворд шешеміз.
(Қосымша-4)
| |15 |
| | |
|1 | |4 | | |
| |

Сұрақтары:
1. Бағалы тас.
2. Шымкентте не өндіретін зауыт бар?
3. Жараны залалсыздандыратын зат (химиялық элемент).
4. Трактор зауыты қай қалада орналасқан?
5. Мыс қорыту зауыты қай қалада?
6. Сөйлемді толықтырыңыз. «Қолда барда ...ның қадірі жоқ»
7. Мұнайға бай жер.
8. Дүние жүзіндегі пайдалы қазбаға бай елдің бірі.
9. Алғашқы академик, ғалым.
10. Сәндік әшекей бұйымдар жасайтын маман.
11. Қазақстанда кездесетін қатты металл.
12. Жезқазғандағы мыс өндіру корпорациясының атауы.
13. Мұғалжар тауында кездесетін химиялық элемент.
14. Бағалы тас.
15. Теміртауда қандай комбинат бар?

V. Үй тапсырмасы. Үй тапсырмасына жаңа мәтінді мазмұндау, жаңа
сөздерден сөз тіркестері мен сөйлем құрау беріледі.
VI. Бағалау. Сабақтың сапалы өтуіне атсалысқан студенттерді бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның биік таулы аумағы
Қазақстанның жазықтары
Тұран жазығы
Қазақстанның пайдалы қазбалары жайлы ақпарат
Құрметті оқушылар. Сабақтың тақырыбы
Сарыарқа туралы
"жаратылыстану ғылымы және Қазақстан" факультатив курсының бағдарламасы. 11 сынып
Солтүстік қазақ жазығы
Біздің Отанымыз - Қазақстан
Жаңа сабақ жер бедері мен пайдалы қазбалары
Пәндер