Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бала өсті

<<Өрлеу>> Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы>> Акционерлік қоғамының филиалы ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

Орындаған: <<Өзін-өзі тану>> рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарының үшінші (базалық) деңгей тыңдаушысы Барлыбаева Гульнара Коршибаевна

Шымкент қ. 2015 ж

<<Балаға білім ұшқынын сыйлау үшін, мұғалім жарық сәулесімен өзі нұрлана білуі керек>> деген тақырыппен Ш.А. Амонашвилидің
"Вера и любовь" еңбегіне пікір.

<<Ізгілікті педагогика деген не?>> деген сұраққа ең толық жауапты біз Ш.А.Амоношвилиден табуымызға болады: <<Бұл педагогика баланы тура сол қалпында, ол қандай болса, сондай кейіпте қабылдайды, оның табиғатымен келіседі. Бұл педагогика балада оның шексіздігін көреді, оның ғарыштығын түсінеді және баланы адамзатқа өмір бойы жасауға жетелейді, дайындайды. Бұл педагогика бала бойында оның еркін жігерін айқындау арқылы бала тұлғасын тұжырымдап, ұстаз махаббаты, жоғарғы руханият секілді қасиеттерге бар әрекеттерін негіздейтін педагогикалық жүйелерді құрастырады. Бұл педагогика ұстаздық шығармашылықты ынталандырып, педагогикалық өнерге шақырады. Гуманды педгогикалық ой шексіздікті қамтуға ұмтылады, ал осы ерекшелік оның ауқымында пайда болған білім беру жүйелер мен үдерістерге күш береді>>.
Ш.А.Амоношвилидің қанатты сөздерін алғанда: <<Сенім, үміт, сүйіспеншілік - осы қасиеттер негізгі педагогикалық санаты болып табылады. Бұл жұмыстың негізгі әдістері болуы мүмкін емес. <<Балаға білім ұшқынын сыйлау үшін, мұғалім жарық сәулесімен өзі нұрлана білуі керек>> деген тақырыппен Ш.А. Амонашвилидің <<Вера и любовь>> еңбегіне менің ойым. Ш.А.Амоношвилидің <<Вера и любовь>> атты еңбегі өзінің сүйікті әйелі Валерия Гивиевна Ниорадзеге арнап жазған екен.
Ш.А. Амонашвилидің <<Вера и любовь>> еңбегінде астарлы әңгімелер жинағы, әңгімелер, ертегілер, білім беру эсселері, дұғалар жинағы берілген. Бұл еңбектің басты мақсаты: адамдар үшін, балалар үшін өмір бойы сенім мен сүйіспеншілікті жүректеріне ұялату. Олар оқырмандарға ізгілікті білім беру арқылы даналық сөздерді талдап, әрбір кішкентай жаратылыс бұл кітап өмірімізге тыныштықты табады және жүрегімізді қуанышқа толтырады. Әрбір жанға ең саналы жылы және сенім мен үмітті мәңгілікте бізбен тұратынын атап көрсетеді.
Сұлулықты ішкі және сыртқы яғни, жан мен тән сұлулығы деп бөліп қарастыруға болмайды, тіпті, <<жан - рух - тән>> - үшеуін бірлікте қарастырған жөн. Себебі, адамдағы жалаң сыртқы сұлулық өзінің толыққанды мағынасын аша алмайды. Мәселен, қазақ дүниетанымын - дағы перінің сұлу қызы, күндізгі сұлу қыздың түнде жыланға айналғандығы туралы, басқа да әфсаналардың рәміздік, тұспалды көрі - ніс - терінің түпкі мағыналарына үңілсек, сыртқының ішкіге сәйкес келмеуінің нақты тәжірибелік мысалы бізге үлгі-өнеге аларлық мұра болып табылады. Ал <<жан - тән - рух>> сұлулығының сәйкестігі эстетикада үйле - сімділік деп аталады. Яғни, ішкі және сыртқы мазмұн мен форманың үндесуі. Қазақ халқының түсінігінде сұлулық жиі жырланатын тақырып. Ол әдемілікті, сүйкім - ділікті, сымбаттылықты, парасаттылық пен руханилықты, көркем мінезді, т.б. қоса қамти - тын тұтастандырылған асқақ сұлулық. Бұл ұғымдар синонимдес емес, әрбіреуі өздігінше жеке дара құбылыс. Мәселен, <<сүйкім - ділік>> концептісінің арғы жағындағы мағынасы: пәктік пен бейкүнәлікті, тартым - дылық пен та - за - лық - ты, әдептілік пен жұмсақ мінез қасиет - терді жинақтап тұрған тәрізді. Түркі халқының баһадүрлік дәуірінде әйел сұлулығы намыс, қайрат, адалдық сияқты ізгі ниеттермен толық - тырылып, ол сымбаттылықты мүсіндеген. Бұл туралы батырлар жырында көп айтылған. Ал ер адам сұлулығы халқымызда аса дәріптелмеген. Себебі, оның сұлулығы - <<қаһары>> (мәселен, бұдырайған екі шекелі, қақпақтай жауырынды, т.б.) елі мен жерін қорғау, адалдық пен бауыр - мал - дық болып өлшенген. Біз әдемілік дегенде, көп жағдайда көзімізге тек әдемі адамдарды ғана елестетеміз. Әдемілік, табиғаттан бастап, адамзат жасаған бүкіл дүниелерге тән құбылыс. Бұрынғы сұлулық хақындағы ой-түйіндеріміз әлем туындысы ретінде сақталған. Мәселен, көшпелілер үшін <<табиғат>> - ерекше сұлулық обьектісі, ойлылық пен парасаттылыққа шақыратын, шыдамдылық пен төзімділікке үй - рете - тін, мырзалық пен кеңшілікке бейімдейтін, ризашылық пен аңсау туғызатын <<дала философиясын>> құрайды. Қазіргі сұлулық туралы түсінігіміздің өзгеруіне мега, мезо, микро факторлар әсер етіп отыр. Табиғаттың өз - геруі, қала мәдениеті, экологиялық тепе-тең - дік - тің бұзылуы біздің көркемдік та - л - - ғам - - да - рымызды белгілі бір дәрежеде өзгертті. Абсолютті құн - дылықтарымыз - сұлулық туралы дәстүрлі ілімдерімізді сақтау - дың және болашақ ұрпаққа жеткізудің құралына айналып отыр. Ұлтымыз - дың көркемдік дүниетанымы далалық кеңдікпен ұштасатынын отандық философтарымыз айтып жүр. Әлемнің құбылыстарын өзінің өнеріне көшіре алған халқымыздың сұлулық туралы пайымдауларының кейбіріне тоқтала кетсек, киіз үй әлемнің шағын моделі, домбыра - аттың шабысы, адамның жүрісі сияқты ырғақтарды жинақтап, жігерлілік пен шабытты тудырса, қобыз - аққудың саңқылы мен түйенің боздауын бейнелеп, қайғы мен мұңды, ал сыбызғы - желдің гуіліне еліктеуден туған және ойлылық пен парасаттылық туындатып, үшеуі адамның үш түрлі көңіл күйін білдіруге арналған сыңайлы. Өз тәжірибемде сабақ жоспарын құру кезінде, <<Мұғалімнің сыйы>> әдісіне қазақ халқының аңыз-әңгімелер жинағы, мақал-мәтел, ертегілерден, Әл - Фараби, Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтың мұралары, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ш.А.Амоношвилидің еңбектерінен, ғаламтор материалдарынан мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға ықпал етуге тырысамын. Мысалы: 7-сынып оқушыларына <<Сыр мен сымбат>> 7-сабақ тақырыбы бойынша оқушыларды сұлулықты сезіне білуге, аялап қорғай білуге, жалпы сұлулық туралы түсінік беруге мен Ш.А.Амоношвилидің <<Вера и любовь>> еңбегінен <<Твоя красота в твоей доброте, <<Сұлулық мейірімділікте>> астарлы әңгімені қазақ тіліне аударып, <<Мұғалімнің сыйы>> әдісінде қолдандым.

Притча от Шалвы Амонашвили
Мальчик взрослел. Потому часто смотрел в зеркало и злился:
-- Какой я некрасивый!
Дедушка услышал слова эти и сказал внуку:
-- Твоя красота в твоей доброте!
Мальчик поверил дедушке и начал делать добро -- всем, везде, повсюду... Он так увлёкся этим, что совсем позабыл, как он некрасив.
Шло время. Стал он молодым человеком. Однажды, будучи на вечеринке, он услышал, как шепчутся две красивые девушки, украдкой глядя на него:
-- Какой он обаятельный! -- сказала одна.
-- Лицо его светится внутренней красотой! -- сказала другая.
А молодой человек вспомнил дедушку. <<Спасибо тебе, мудрый дедушка!>> подумал он.

Бала өсті. Айнаға жиі қарап және ашулы болғандықтан:
- Мен сұрықсызбын!
Атасы бұл сөздерді естігенде , немересіне былай деді:
- Сіздің сұлулығыңыз сіздің мейірімділігіңізде.
Бала атасына сеніп, жақсылық жасауға бастады - барлығына, барлық жерде. Ол сонша жақсылық жасауға асығып, өзінің ұсқынсыз екенін ұмытып кетті.
Уақыт өтті. Ол жас жігіт болды.
Бір күні , ол өзіне қарап тұрған екі әдемі қыздардың әңгімесін естіді :
- Қандай сүйкімді жігіт!
- Оның ішкі жан сұлулығы қандай жарық !
Жас жігіт өзінің атасын еске алды.
<< Дана атам Сізге рахмет !>>, - деп ойлады.
Бұл әңгімеде атасы немересіне сұлулық келбетте емес, жүректе екенін түсіндірді. Әр адамның жүрегінің жібектей, жүрегі нұрға бөлеген деп те айтып жататыны рас. Сұлулық табиғатта бар, және де адамда жан сұлулығы мен тән сұлулығы деген бар ғой, соның ішінен жан сұлулығы маңыздырақ. Сұлулық жүректе де, келбетте де болады, бірақ бірінші ішкі жүрегіне мән берген дұрыс, содан соң жан сұлулығына! Жүрегі жұмсақ адам-ол әрқашанда сұлулықтың бастау адамы болып табылады, сұлулықты тек келбетте деп түсінбеңіз, жүрекке, оның ішкі жан дүниесіне үңілгеніңіз жөн.
<<Өзін-өзі тану>> пән апталығы кезінде жоспар бойынша оқушыларға <<Менің жүрегімнің бағы>> эссе жазу сайысын өткіздім. Оның ішінде мынадай керемет үзінділерді атап өтуге болады. <<Менің кішкентай жүрегім ән айтуды, сурет салуды, өлең, күнделік жазуды қалайды.
Жүрегім әндете отырып,қолым бағымның суретін салады. Жүрегім жамандықты жасама дейді. Ашулана берме, әйтпесе әп-әдемі бақ жойылып кетуі мүмкін дейді. Өзіме және басқа адамдарға жақсылық жасаған кезде бағым одан сайын құлпырып кетеді. Менің жүрегімдегі бақта, басқа да достарға орындар табылады>> 5-сынып оқушысы Ясынбай Жанерке, <<Менің жүрегімнің бағы - менің бастауыштан бері оқып жатқан достарым! Мен өз сыныбымды және сынып жетекшісі Барлыбаева Гульнара апайымды жақсы көремін. Олар менің ең жақсы достарым. Олар ақкөңіл, жайдары, көңілді, шуақты,бақытты, куатты, қызықты балалар. Әрқашан көмек көрсетуге дайынбыз! деп апайым бізге үнемі айтып жүретін ақылы>>. Сейткамал Фариза, 6-сынып оқушысы. Ш.А. Амоношвилидің еңбегіне пікірімді <<Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық>> атты әңгімесімен қорытындылаймын. <<Баяғы өткен заманда бір патша базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі сиықсыз, тістері шірік әрі аузы сасық екен, ал екіншсі болса келбетті, маржандай тістері бар әрі аузынан хош иіс шыққан жағымды адам екен. Патша келбетті құлын сыйға бөлеп, моншаға жібереді. Аузы сасыған екінші құлды қасына шақырып: - Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы көп жаман нәрселер айтты. Сен де қаласаң маған оның жаман тұстарын айтып бер, -дейді. Құл болса жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпады. Патша қалай тырысса да, мақтаудан басқа ештеңе айтқыза алмапты. Екінші құлы моншадан қайтып келгенде, патша оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң: -Ана досың айтып берген жаман мінездерің болмаса, жап-жақсы жігітсің,- депті. Сөйтсе әлгі ашуланып, жолдасы туралы қайдағы жоқты айтып, жамандай бастайды. Патша біраз тыңдаған соң: -Доғар сөзді, кімнің кім екенін енді білдім. Сен жамандаған жолдасыңның аузы сасыса, сенің ішің сасыған, шірік екенсің. Бар, сол жамандаған досыңның қол астында жұмыс істейтін боласың, - депті. Адамның ішкі дүниесі, мінезі жаман болса, сұлу келбетіңнің құны көк тиын>> деп бала маңайындағы нәрсе де, сөйлейтін сөздер де, адамдардың жүріс тұрыстары да жинақы, ретті, таза, әдепті, сұлу болуға тиісті. Жаратылыстың барлығы екі қарама - қарсы нәрседен тұрады: ақ - қара, күн - түн, ыстық - суық, жақсы - жаман.
Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер жаман қасиеттер көрінісі болып табылады.Сұлулық жүректе де, келбетте де болады, бірақ бірінші ішкі жүрегіне мән берген дұрыс, содан соң жан сұлулығына!

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Асхат Әлімов <<Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану: Оқу құралы.-Алматы, 2015ж. 57 бет
2. Ш.А.Амоношвили <<Вера и любовь>> -- М.: Издательский дом Ш.А. Амонашвили, 2009.
3. Источник:http://pritchi.ru/id_9704

Ұқсас жұмыстар
Қош бол, даярлық
Қош, балалар, бақшасы!
Қош бол, балдай тәтті балабақша!
Жаттығу жұмысы.Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы
Ойынсоңында балаларды мадақтау
Сөйлемдегі сөздердің байланысы жайлы ақпарат
Әліппе сырын ұқтырған Рахмет ұстаз алғашқы
Сөз таптары. сөз таптары туралы ұғым беру
Біз мектепке барамыз
Бақшамыздың атақты бишілері
Пәндер