8-сынып қазақ тілі пәнінің III тоқсандық бақылау жұмысы: тапсырмалар мен бағалау критерийлері

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН 8-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ІІІ ТОҚСАНДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

1. Мұғалімнің аты-жөні: Мирманова Лағыл Балтабекқызы

2. Мектеп, сынып, пән : Качир ауданы, Октябрь ЖОББМ, 8 сынып, қазақ тілі, оқыту орыс тілінде

3. Тапсырмалардың құрылымы:

Тапсырмалар ІІІ критерийлер бойынша дайындалған

а) « Тырна » тақырыбына диктант жазады, кейін критерийлер арқылы жұмыс жасайды.

ә) ІІІ. (А критерийі) білу, түсіну, қолдану

ІІ. (В критерийі) талдау, жинақтау

І. (С критерийі) сын тұрғысынан ойлау және зерттеу

Мақсаты: Оқушылардың мемлекеттік білім стандартына сай білім-білік дағдылары мен сауаттылықтарын тексеру.

Міндеті:

  • мәтінге күрделі сұрақ құрастыра алуы;
  • тұйық етістікті дұрыс ажыратып, тәуелдей алуы;
  • құрмалас сөйлемдерді дұрыс ажырата алуы;
  • күрделі сөздерді топтастыра алуы;
  • морфологиялық талдау жасай алуы;
  • шағын әңгіме жаза білуі.

Тырна

Қар еріп, сай-сала бұлақ сылдырына толғанда, көгілдір көктемнің көктегі жаршысындай болып тырналар келеді. Оның алыстан талып жеткен үнін естігеніңмен, көзіңе бірден шалына қоймайды.

Көк аспандағы әсем үн бірте-бірте айқындала түседі. Сонау көз ұшында тізбектеле ұшқан тырналарды сонда ған көресің. Олар өткен күзде тастап кеткен мекндеріне бір-бірімен тыраулай, қалықтап бара жатады.

Күн ұясына қона тырналар аялдама жасайды. Ұзақ жолдан шаршаған олар түні бойы қонақтап, ертеңгі сапарға күш жинайды.

Тырна -өте сақ құс. Күзетте тұрған жақындап келе жатқан адамды сезіп қалса болды, тыраулап, қатер белгісін бере қояды.

(Интернет желісінен) (85 сөз)

Грамматикалық тапсырмалар:

І нұсқа ІІ нұсқа

ІІІ. (А критерийі) білу, түсіну, қолдану

1. 1. 1, 2 -ші абзац бойынша 3, 4-ші абзац бойынша

сұрақ дайындаңыздар.

2. Мына етістіктерді тұйық етістікке айналдырып, тәуелдеп жазу.

Келеді, қояды Жатады, түседі

3 . Күрделі сөздердің түрін анықтап, топтастырыңыз

І-нұсқа. Тасбақа, қараторғай, үлкен-кішілі, бәйшешек, аққу, белбеу, көк ала, қарақұс.

ІІ-нұсқа. Түйеқұс, қырықаяқ, көлбақа, биыл, орман-тоғай, бүгін, түлкі тымақ, қоңыр ала.

ІІ. (В критериі) талдау, жинақтау

1. Берілген құрмалас сөйлемдердің жалғасын тауып, түрін ажырату

І-нұсқа. Күз түсіп, . . . әкемнен сұрандым.

Меруерт кешке қаладан қайтқанда, . . . құстар ұшып кете бастады.

Стадионға бармақ болып, . . . шешесі үйде болмады.

ІІ-нұсқа. Сәкен ауылға ертерек келсе, . . . кеше белі ауырды.

Атам көп жүргендіктен, . . . сынып сағаты болмады

Сынып жеткші келмегендіктен, . . . шөп шабуды бастаймыз. .

2. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыздар.

І-нұсқа . Көк аспандағы әсем үн бірте-бірте айқындала түседі.

ІІ-нұсқа . Күн ұясына қона тырналар аялдама жасайды.

І. (С критериі) сын тұрғысынан ойлау және зерттеу

« Табиғат - туған бесігің » тақырыбына шағын әңгіме жазу.

Грамматикалық тапсырма бойынша қойылатын талаптар:

Критерий
Жетістік деңгейі
Дескрипторлар
Критерий: Мәтіндегі сөйлемдерге күрделі сұрақ қоюы
Критерий:

А

Білу, түсіну және қолдану

Жетістік деңгейі: 0
Дескрипторлар: Сұрақты құрастыра алмауы.
Критерий: 3
Жетістік деңгейі: Дұрыс сұрақ құрастыра алып, орынды қоя алмауы.
Критерий:
Жетістік деңгейі:
Критерий: 4
Жетістік деңгейі: Сұрақты сауатты жазуы.
Критерий: 5
Жетістік деңгейі: Сұрақ құрастырғанда сөйлемдегі сөздің орын тәртібін сақтау.
Критерий:
Жетістік деңгейі:
Критерий: Тұйық етістікті дұрыс ажыратуы
Критерий:
Критерий: 0
Жетістік деңгейі: Тұйық етістікті дұрыс ажырата алмауы
Критерий: 2
Жетістік деңгейі: Сөздің негізгі түбірін тауып, тұйық етістіктің жұрнақғын білуі.
Критерий: 3
Жетістік деңгейі: Іс-әрекеттің қай мезгілде орындалып жатқанын анықтау.
Критерий: 5
Жетістік деңгейі: Тәуелдік жалғаудың мағынасына қарай бөлінуіне мән беріп, дұрыс ажырата алуы.
Критерий: Күрделі сөздердің түрін анықтап, топтастыруы
Критерий: 0
Жетістік деңгейі: Күрделі сөздерді ажырата алмауы.
Критерий: 3
Жетістік деңгейі: Күрделі сөздерді жасалу жолына қарай дұрыс ажырата алуы.
Критерий: 5
Жетістік деңгейі: Күрделі сөздердің түбірін анықтап, қосымшаларын ажырату.
Критерий: Барлығы
Жетістік деңгейі: 30
Критерий: Құрмалас сөйлемді талдауы
Критерий:

В

Талдау және жинақтау

Жетістік деңгейі: 5
Дескрипторлар: Құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырату
Критерий: 5
Жетістік деңгейі: Екі құрамды құрмаластардың құрамындағы компоненттердің бір-бірімен грамматикалық байланысу тәсіліне қарай дұрыс ажыратып, толықтыру.
Критерий: 5
Жетістік деңгейі: Сөйлем мүшелері

Ұқсас жұмыстар
7-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық қазақ тілі бақылау жұмысы: Салауатты өмір салты тақырыбы - тапсырмалар мен бағалау критерийлері
7-сыныпқа арналған IV тоқсандық қазақ тілі бақылау жұмысы: тапсырмалар құрылымы және бағалау критерийлері
8-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінің II тоқсандық бақылау жұмысы: Табиғат - алтын бесік тақырыбы және бағалау критерийлері
5-сынып: қазақ тілі бойынша I-IV тоқсандық бақылау диктанттары және бағалау критерийлері
9-сынып қазақ тілі пәнінің жылдық оқу жоспары мен бағалау критерийлері
3-сынып математика пәні: бақылау жұмыстары мен өзіндік жұмыстардың жоспары және бағалау критерийлері
8-сынып информатикасы: тоқсандық бақылау жұмысы - алгоритмдер, MS Word және MS Excel
Информатиканы оқыту әдістемесі: бақылау түрлері мен бағалау критерийлері
8-сынып қазақ тілі синтаксисі: І-ІІІ деңгейлер бойынша тақырыптар мен практикалық тапсырмалар
8-сынып информатикасы: тоқсандық бақылау жұмысы - электрондық кестелер, логикалық негіздер және операциялық жүйелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz