ОРЫС ТІЛДІ МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ

Назигуль Мугалымовна Шоматова

«Зырян қаласының мектеп-лицейі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Зырян қаласы, Шығыс Қазақстан облысы

ОРЫС ТІЛДІ МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ

Баяндамада орыс тілді мектептердегі қазақ тілі сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың өз тәжірибемдегі қолданылып жүрген жаңа тәсілдер мен әдістер туралы айтылған. Мұнда оқушылардың сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерту жолдары; алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету тәсілдері; мемлекеттік тілде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасауға дағдылануы; әлеуметтік талаптарына сай келу үшін ақпараттық технологияларды қолдануы; өз-өзіне сыни қарау, өз-өзін бағалау, өзгелерді бағалау дағдыларын дамытуы арқылы өзгермелі өмірге бейімделуіне үйренуіне жасалған әдіс-тәсілдерім туралы тәжірибемнен ұсынып отырмын.

«Білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет».

Н. Ә. Назарбаев.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз не?

Функционалдық сауаттылығы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның маман-дығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:
-белсенділік
-шығармашылық тұрғыда ойлау
-шешім қабылдай алу
-өз кәсібін дұрыс таңдай алу
-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары 2011-2020 жылының мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген.
Және де Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдау -ында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақса-тында бес жылдық ұлттық жоспар қабылданғаны баршамызға белгілі. Ұлт-тық жоспардың мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушы-лардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады.
Осыған орай, Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төрт негізгі механизмін бөліп көрсетеді.

Оның бірінші механизмі-оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту / МЖБС -мемлекеттік стандарт/ . Ол үшін мұғалім оқушының бойына әлеуметтік ортаға бейімделуіне, алған білімін практиакалық жағ-дайда тиімді пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек.
Олар:
-басқарушылық /проблеманы шешу қабілеті/;
-ақпараттық /өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау/;
-коммуникативтік /қазақ, орыс, ағылшын тілінде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау;
-әлеуметтік /қоғамда, өз өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті/;
-тұлғалық / өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, , қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақта өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиын-шылығы мен күрделілігіне төзімді болу/;
-азаматтық /қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, діні мен тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі/
-технологиялық / ақпараттық технологияларды, білім беру технологияларды сауатты пайдалану/;
Оқушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзырет-тіліктерді /әр пәннің мазмұны арқылы/ меңгеруі тиіс.
Елбасы Н. Назарбаев оқулық мәселесіне де ерекше тоқталған болатын. Оқулықтың мақсаты, міндеті, мазмұны, құрылымы функционалдық сауатты-лықтың құзыреттілігіне сай жазылуы тиіс.

Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың екінші механизмі-оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. /Қазіргі біз қолданып отырған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға бола-тыны нақты анықталмаған / Бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау- оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау. Ал сырттай бағалау- әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері /ҰБТ, ОЖСБ-ВОУД/. Сондай-ақ халықаралық /TIMSS, PISA және PIRLS/ зерттеулерге қатысуы . Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру үшін жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады. Критериялық бағалау жүйесі енгізілетін болады.
Функционалдық сауаттылықтың үшінші механизмі-ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Ата-ананың борышы бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулу. Ата-ана баласының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мұғалімдерімен тығыз байланыс жасау керек. Ата-ана баласының ерекше қасиетін тану, түсініп қол үшін беру, олардың қабілетін дамыту, бойына рухани құндылықтарды қалыптастыру, жағымсыз мінез-құлық, әдеттрден арылтуға көмек беруі керек. Ата-ананың бойында да фукционалдық сауаттылық болуы тиіс.
Бұл үшін мемлекет жаңа әдістемені әзірлеуге кірісті. Осы әдістеменің негізінде ата-аналарға арналған семинарлар мен тренингтер өткізіледі. Аталған жұмысқа Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) және азаматтық қауымдастықтың басқа да секторлары белсенді тартылады.

Төртінші механизм-қосымша білім беру жүйесін дамыту. Ұлттық жоспарда оқушылар сарайы, музыка мектептері, жас техниктер мен натура-листер станциялары жұмыстарын түбегейлі өзгерту қарастырылған. Қазақстанның тарихында алғаш рет аталған ұйымдардың материалдық техникалық базасы жаңартылатын болады. Оқытудың жаңа технологиялары мен интерактивтік, инновациялық формалары енгізілетін болады. Олар: балалар интерактивті парктері (ғылыми қалалар), технопарктер, балалар мұражайлары, ғылыми үйірмелер және т. б Бұл - шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырады. Мұндай оқыту жүйесі баланың санасына әлеуметтік тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады. Бұрынғыдай мектептен шыққан соң бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта өмірде пайдаланатын болады.

Ұлттық жоспарды іске асырудың күтілетін нәтижелері:
Ұлттық жоспарды орындаудың нәтижесінде 2017 жылға қарай қазақстандық мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынадай жағдайлар жасалатын болады:
1. Ғылыми-зерттеу жағынан қамтамасыз етеді.
2. Білім беру мазмұнын жаңартады.
3. Оқу-әдістемелікпен қамтамасыз етеді.
4. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу
жүйесі енгізіледі.
5. Материалдық-техникалық базасы жаңартылып, нығайтылады.
Жалпы алғанда, Ұлттық жоспарды жүйелі және одан әрі іске асыру Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және функциялық сауаттылығын дамуына мүмкіндік береді. Жалпы білім беретін орта мектептердегі құзіретті тұлғаны қалыптастыруда тіл пәндерінің орны ерекше болып келеді. Бұл орыс мектептердегі «Қазақ тілі» пәніне де тікелей қатысты. Өйткені мемлекеттік тіл ретінде оқытылатын оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ҚР «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдарының жүзеге асуының басты шарты болып саналады. Фукционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін өзге тілді мектептердегі «Қазақ тілі» пәнін оқытудың әдістеме негіздерді қайта қарастырып, білім беру жүйесіне өзгерістер енгізіледі.

Баяндамамның соңында қазақ тілі пәнінен оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне мынандай тұжырымдарманы ұсынуға болады:
1. Оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу
2. Оқушылардың алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету;
3. Мемлекеттік тілде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау;
4. Әлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану және проблемалардың шешімін таба алуға үйрету;
5. Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуіне үйрету ;
6. Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытуы;
7. Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дағдыларын дамытуы ;
8. Қазақ халқының салт -дәстүрі, мәдениеті, тарихын түсіну және құрметтеге баулу;

Тыңдаушы мұғалімдер арасында мына төмендегі тақырыптар бойынша қорғау жұмыстары жүргізілді:

1. Бағалау сауаттылығының PISA зерттеулеріне сәйкес оқу сауаттылығының деңгейіне салыстырмалы анализ жасау.

2. Тест тапсырмаларын PISA зерттеулері әдісімен құрастыру тест тапсырмаларын құрастыру.

3. Қазақстанда оқу сауаттылығының нәтижесінің тенденциясына берілген халықаралық база бойынша салыстырмалы анализ жасау.

4. Функционалдық сауаттылыққа оқытуды зерттеуді бағалау технологиясы.

5. «Оқушының функционалдық оқу сауаттылығы» бағытындағы зерттеу жабдықтары.

6. Оқу мен мәтінді түсінудегі фунционалдық сауаттылықты бағалау.

7. Мәтінмен жұмыс фунционалдық сауаттылыққа оқуға дамытудың негізгі тәсілі.

8. Мұғалімнің тәжірибелік қызметіндегі оқытудың белсенді стратегиялары.

Республикамыздың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі - қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне тек сөйлесу тілі, мемлекеттік тіл деген ұғымда ғана қалдырмай, ғылым тіліне дейін жеткізу болып отыр. Қазіргі заман талабы - өз елінің нағыз патриоттарын тәрбиелеу заманы, өз тілін, өз Отанын жанымен сүйе білетін азамат тәрбиелеу - әр ұстаздың міндеті.

Қазақ тілі сабақтары - баланы тілге үйрету мен тәрбиелеуде оның патриот тұлға ретінде өзін-өзі ашуына, дамуына жағдай жасайтын негізгі сала. Қазіргі таңдағы мұғалім оқушы үшін «дайын» білім көзі болмай, керісінше мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі қажет. Сондықтан құрастырылып отырған әдістеме қазақ тіліміздің мемлекеттік мәртебе дәрежесінде үйретілуіне, өзге тілді мектептерде қазақ тілінің еркін сөйлесу тілі деңгейіне жеткізілуіне бағытталып отыр.

Ұстаз үшін ең негізгі мақсат - әр сабағының түсінікті, тартымды, тиімді, оқушының өздігінен білім алуына, оқушының өз жұмысына сыни қарай алуына, оны түсініп, талдай алуына мүмкіндік беретін тәсілдерді ұтымды ойластыруы.

Сондықтан, мен «Қалай оқу керектігін үйрету» бағдарламасы бойынша негізгі жеті модуль көлемінде оқушының өзін - өзі іске асыруына және дамытуына арналған жаттығуларды қолдануды қарастырдым.

Диалогтық оқыту бойынша оқушылардың

өзін-өзі іске асыруы және дамытуы

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқшылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетеді [1] .

Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі сабақтарында Барнстың «Сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер етеді», -деген пікірін басшылыққа алдым [2] . Қазақ тілі сабақтарында диалогтық оқыту арқылы оқушы өзін-өзі іске асыру үшін «Жеңіл-қиын сұрақтар» тәсілді қолдандым. Оқушылардың сұрақтарға жауап берудегі байланыстыра сөйлеу дағдыларын бақылау арқылы олардың сұрақтарды құрастыра білу, оларға жауап бере білу техникасын тексердім. Деңгейлі сұрақтар арқылы оқушылар білімдерін көрсетуге, өзара диалогқа түсуге, сұрақтарды дұрыс құрау, ойды жүйелеп жеткізуге үйренеді. «Жеңіл-қиын» сұрақтар тәсілін оқушылардың топта орналасуына, күтілетін жауаптардың әртүрлілігіне бағыттап, сұрақтардың мөлшерін, құрылымын оқушының білім деңгейіне, жас ерекшелігіне бағыттап құруға болатындығын байқадым.

Диалогтық оқыту арқылы оқушының өзін-өзі жетілдіруге, дамытуға «Парасат картасын» толтыру арқылы қол жеткізуге болады [4] . Бұл тәсіл оқушылардың ізденімпаздықтарын, өз бетімен жұмыс жасау дағдысын, топ ішіндегі еркін диалогтың мазмұнын дұрыс құра білуіне үйретеді. Оқушылар картаны құру барысында бұрынғы білімдерін тереңдете отырып, өздіктерінен жаңа ұғымдарды таба білді. Тақырып бойынша біртіндеп ойды тереңдетуге үйренеді. Табылған жаңа сөздер арқылы табиғат туралы ауқымды материалды модельдеуді, оны пайдаланып байланыстыра сөйлеуді үйренеді.

Оқушы жаңа заман талабына сай өзіндік пікірі қалыптасқан, өзіндік ойын жеткізе алатын, өз пікірін дәлелдей алатын тұлға болып қалыптасуда «Даулы сұрақ» тәсілін қолдануға болады. Оқушыларға «Табиғатсыз ауыл болады - болмайды» деген сұрақ бойынша пікірді қорғауды тапсырдым. Оқушылардың «болады» деген пікір бойынша белсенділіктері жоғары болды, ал «болмайды» деген пікірде отырғандар өз пікірлерін толық дәлелдей алмады. Бұл тәсілді топтық, жұптық тәсілмен ұйымдастыруға болады.

«Диалог және шығармашылық» тәсілінде оқушылар тақырып бойынша өзіндік идеяларын қорғауға, диалогтық үлгіде қорғауға үйренеді. Оқушылар тақырып бойынша топтың қалауымен жобаның тақырыбын таңдауға мүмкіндік алды. Тапсырманы орындау барысында өзара сұрақтар қойып, соның жауаптарын өздері тауып отырды. Топтар «Демалыс күнгі мәзір», «Демалыста атқарылатын жұмыстар», «Демалыстағы саяхаттың бағдарламасы» тақырыптарында шағын жобалар қорғады. Жоба қорғау диалог үлгісінде өтеді. Қолданылған тәсіл - оқушының өздігінен сабақта белсенділік көрсетуіне, қызыға орындауына тиімді тәсіл.

Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға жұмылдыру арқылы

өзін-өзі іске асыру және дамыту

Қазіргі жастар дайын ақпаратпен жұмыс істеуге дағдыланған. Өздіктерінен ойлау, өзіндік пікірін ортаға салуға тілдік қорлары аз. Орыс тілді мектептерде оқушылар мәтінмен жұмыстарға, теориялық тестерге жақсы қалыптасқан, ал еркін сөйлесуге, өзіндік пікірін қазақ тілінде жеткізуге ұмтылыстары аз.

Сыни тұрғыдан ойлау бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталады. [1]

Сабағымда сыни тұрғыдан ойлауды іске асыру үшін «ой шақыру», «мағынаны ашу», «ой қорыту» сатыларында «Талдау», «Синтездеу», «Бағалау», «Модельдеу», «Салыстыру», «Дамыту» сияқты оқушының өзін-өзі іске асыруына, дамытуына түрлі әдістер мен тәсілдер ойластырылды.

«Диалог-ертегі» Ойынның шарты: мұғалім не бір оқушы кез-келген әңгіме немесе ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар бір-бір сөйлемнен әрі қарай жалғастырады. Оқушылар бұл қай ертегі екендігін анықтаулары керек және ертегіні өздерінше аяқтайды. Бұндай тапсырма оқушының тілдік байланыс дағдысын дамытады, қызыға отырып, өз-өзін жетілдіреді, сенімділік пайда болады.

«Мен-саған, сен-маған» деген тапсырманы әсіресе оқушылар тест жазғаннан кейін орындатамын. Оқушылар топтарында тестен кеткен қателер бойынша ойларын ортаға салады да, ең қажетті негізгі үш сұрақты топтың атынан шығарады. Сол сұрақтарды жалпы сыныпқа қоямыз. Сыныптан білетін топтар сұрақ қоюшыларға жауап береді, түсіндіреді. Егер ешкім жауап бере алмаса, онда түсінік парағын беремін, оқушылар сол парақтан ақпаратты алады, бір-бірін оқытады, түсіндіреді, бір-біріне айтады, консультант оқушы олардың жұмысын бақылап тұрып, жұмыстарын талдайды, өзіндік бағасын береді. Мен консультанттың жұмысын қадағалаймын да, оның жауапкершілігіне, біліміне өзіндік пікірімді айтамын.

Оқушыларға «Оқушы мұғалім ретінде» деген тапсырма ойластыру арқылы оның сабақ бойынша алған білімін көрсете білуіне, өзіне деген сенімділіктің артуына, өзін жетілдіре білуіне мүмкіндік туды. Оқушыларға сабақты қорытындылауға тапсырма ойластыру тапсырылады. Олардың өздері ойластырған тапсырманы өздеріне орындатамын, сол арқылы оқушының өзіндік сенімі артады, өзін-өзі көрсете алады.

Сабақтарда оқушының қиялын кеңейтуге, өмірмен байланыстыруға, айналаға деген көзқарасын жаңа заман талабына сай қалыптастыруға «Егер . . . болмаса, онда . . . » деген шығармашылық болжам жасауға тапсырма беремін. Олар аяқталмаған ойды жалғастыру арқылы ойлауға, керектіні табуға, жүйелеуге үйренді.

«Терезедегі көрініс» тәсілін қолдануда тапсырманы үйде орындау жолы түсіндіріледі. Оқушылардың жауаптарын көз алдындағысын көру, оны біртіндеп нақтылау әдісімен тексеремін. Оқушылар жалпыдан жекеге қарай сипаттауға үйренді, детальдау, суреттеу, нақтылауға қажет сөздерді таба білді. Тақырып бойынша өзіндік идеяларын қорғауға, сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді. Бұл тәсіл мұғалім-оқушы арасындағы диалог ретінде ұйымдастырылады. Озық ойлы оқушылардың жауаптары үлгісінде орта, төмен деңгейде ойлайтын оқушылардың енжарлығын жоюдың тиімді тәсілі.

«Сұрақ-жауапқа құрылған хат». Ойынның шарты: 6 оқушыға 6 түрлі сұрақ беріледі. Сол сұрақтарға оқушылар жазбаша түрде жауап береді. Бірақ бұлар кез-келген сұрақтар емес. Белгілі бір қалыпқа түскен тұрақты сұрақтар.

1 сұрақ: «Кім?, не?» (яғни 1 оқушы зат есімнен болған кез-келген сөзді қағазға жазады) .
2 сұрақ: «Қай жерде?» (яғни жатыс септігінде тұрған зат есімді екінші оқушы жалғайды) .
3 сұрақ: «Не істеді?» (оны 3-оқушы жазады) .
4 сұрақ «Ол не айтты?» (бұл сөйлем төл сөз түрінде берілуі қажет. Оны 4-оқушы орындайды) .
5 сұрақ: «Адамдар не деді?» (Бұл сөйлемде төл сөзінде берілуі шарт. Ол 5-оқушының міндеті) .
6 сұрақ: «Оқиға немен тынды?» (Бастауышы жоқ бір ақ сөйлем. Оны 6-оқушы орындайды) .

Бір қызығы әр оқушы жолдастарына қандай сұрақ берілгенін білсе де, олардың қандай жауап жазғанын білмеуі тиіс. Әйтпесе ойын шарты бұзылады. Жаттығу аяқталғаннан кейін мұғалім әр оқушының жауабы біріктіріп, тұтас мәтін құрайды да балаларға оқып береді. Сол кезде әрі қызғылықты, әрі күлкілі оқиға шығуы мүмкін. Нәтижесінде оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдылары дамиды, ойнай отырып, өзін-өзі жетілдіреді, бір-бірін түзетеді, өз-өзін реттейді.

Оқушының өзін-өзі дамытуына өзіндік рефлексия жасатудың тәсілдері

Сабақта айнаға қарап отырған қызды байқадым. Оны сабаққа жұмылдыру үшін мына тәсілді қолдандым: «осы айнаға қарап отырып, бүгінгі оқыған сабақтың мазмұнын керісінше жазып шық». Оқушы мұндай тапсырманы орындау үшін алдымен сабақта не өткенін түгел еске түсіріп отырып, жазу керек. Содан соң оны керісінше жазу керек. Әрине ол үшін адамның ойлау логикасы дамыған, білімі бар және тыңдап отырған адам ғана орындай алады. Бұл тапсырма оқушыны сабақта өзін-өзі іске асыруға, дамытуға жетелейді.

Жоғарғы сынып оқушылары сабақта партаның үстіне ұялы телефон қойып қоятын әдеттері бар. Мұндай жағдайда оқушының бұл әрекетін пайдалы жағдайға айналдыруды ойластырамын. Оқушыға тақырып бойынша интернеттен қосымша мәлімет алып, оны аударып, сабақтың қорытынды бөлігіне қосуды ұсынамын. Немесе сабақ бойынша естіген, білгеніңді СМС арқылы нөмірге жіберуді ұсынамын. Оның бағаланатынын ескертемін. Оқушы бұндай тапсырмаға қызыға ұмтылады және бұл тапсырма арқылы мен оқушының сауаттылығын, алған білімін тексеруге мүмкіндік алсам, ауызша жауап беруге қорғанған бала өз білімін көрсете алады, сөйтіп сабаққа деген қызығушылығы, өзіне деген сенімділігі артады.

Оқушылар «Үштік» деген тапсырма арқылы сабақтан алған әсері, неге қолы жеткендігі, топтың қаншалықты жұмыс істей алғандығын, тағы да не туралы білгісі келетіндігі туралы сабақты қорытындылай алады. Яғни өз-өзіне басшылық жасауға, өз-өзін жетілдіруге мүмкіндік алады.

Бұл тәсіл «Теңдеу» деп аталады. Оқушылар сабақты қорытындылау кезінде сабақта не өткенін, қандай дағдылары дамығанын, нені білмегенін

« + - » белгілерімен белгілей отырып, сабақтың формуласын құрастырып шығады. Өзіндік талдау, алдағы уақытта не істеу керектігін өздері анықтап шығады, бұл тәсіл оқушының өзін-өзі жетілдіруіне қолайлы тәсіл болып саналады.


Ұқсас жұмыстар
Тақырыпқа қатысты мәтіндер
Диалогтік мәтіндер
Барлық сағат саны сағат саны мерзімі
Физика пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту арқылы танымдық белсенділігін арттыру физика пәнінің мұғалімі
Тіл дамыту
Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытуы
Мектепте тарих сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды қолдану арқылы тарихты меңгерту
Үштілділік білім беруді жүзеге асыру шарттары
Сабақтағы әрекетті өзгерту тапсырмасы ретінде
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz