Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Дарындылық анықтамасы

<<Талантты және дарынды балаларды анықтау>> тақырыбында өткізілген коучинг сессия бойынша рефлексивтік есеп
Коучингқа қатысушыларды әдеттегідей жылы қарсы алып, әр ісіміз қуанышқа толы болсын деген ниетпен жеміс ағашынанқалаған алманы таңдап,сол бойынша топқа бөлінді. Топ ішінен бөлінген көшбасшылықты тағайындап алғаннан кейін коучинг сессия басындағы көңіл-күйлерін алдарындағы стикер қағаздарға смайлик арқылы белгілеулерін және өзі отырған үстелдің астына жапсыруларын өтіндім. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу мақсатында <<Менің бойымдағы қабілет>> тренингін ұйымдастырдым.

Рөлдік ойын<<Дарынды бала>> тақырыбында сценарий құрып рөлге енеді.Әсіресе А, Қ, С есімді әріптестердің берген жауаптары мағыналы да ұтымды жауап болып дараланды. Топтар бір-бірін қол шапалақтау арқылы бағалады.Мұғалімдер <<Дарынды шахматшы қыз>> және >>Бала Жамбыл>> бейнежазбасын көріп дарындылық және таланттылықты анықтайды.
<<Миға шабуыл>> кезеңінде ашық сұрақтар қою арқылы жауаптар алынды.Ары қарай <<Мәтінмен жұмыс>> кезеңінде топ-топқа мәтіндер төмендегі ретпен таратылды.
1.Дарынды және талантты балалар дегеніміз кімдер?
2.Оқушының дарындылығын қалай анықтаймыз?
3.Дарынды бала жетекшілікті қажет етеді ме?
4.Мектепте дарынды балалармен жұмыс қалай ұйымдастырылуда?
Көрсетілім: Дарындылық анықтамасы.
Келесі тапсырма:постер қорғау.Ұлы тұлғаның суреттері беріледі.1.Суреттегі тұлғаларды атаңыз.2. Ұлы тұлғаларды дарындылыққа жетелеген кімдер,ой бөлііңіз.

Барлық топ берілген суреттермен танысып, топта талқылау жүргізді. Топтарда талқылау сәтінде бақылағаным мұғалімдер бағдарламаны меңгеруде бастапқыдай емес жақсы талпыныс танытып, түсініктері қалыптасып, ой еркіндіктерін шарықтатып, негізгі идеясын табуға ұмтылыстарының артқандығын байқап, қуанып қалдым. Ары қарай мәтіндегі негізгі идеяларды флипчартқа түсіріп, постер қорғады.
\

Постер қорғауда Ж, Қ есімді әріптестер тақырыпты еркін аша білсе, С есімді әріптес сөздік қорының төмендігінен ойын еркін жеткізе алмай сәл қиналыңқырап жатқандығын байқап, қолдау білдіріп жібергенімде ия, деп ойын ары қарай жеткізіп отырды. Топтар бір-бірінің жұмысын сағат бойы бағытымен <<Екі жұлдыз, бір тілек>> арқылы бағалады. Әріптестерді сергіту мақсатында <<Жан досым>> әнін караокемен шеңбер бойымен орындарынан тұрып, қол ұстасып тұрып орындауға шақыруым өте сәтті шықты. Әріптестер бір шаңырақтың астындағы ұжым екендіктерін тағы бір сезінгендей көтеріңкі көңіл күймен орындады. Сабақтың бастапқа кезеңінде өз көңіл күйлерін бейнелеген стикердің артына сабақтың соңындағы көңіл-күйлерін смайлик арқылы бейнелеуге шақырғанымда барлығы жоғары көңіл күйде екендіктерін білдірді.
Коучинг соңында әріптестер сабақ жайлы пікірлерін ауызша және жазбаша стикер қағаздарына білдірді. Бүгінгі сабақта үйренген әдіс-тәсілдерді сабақта қолданатындарын, сабақтың ұнағанын, жақсы көңіл-күйде екендіктерін және болашақта коучтік қызметіме шығармашылық табыс тіледі.

Ұқсас жұмыстар
Рационал сандарға амалдар қолдану. 6 сынып. қысқа мерзімді жоспар, презентация
Дарынды дамыту-ұстаз парызы. Нақты дарындылық
Баяндама. дарынды оқушылармен жұмыс
Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын психологиялық диагностика арқылы анықтау және дамыту
Дарынды оқушылармен жұмыс
Дарынды дамыту - ұстаз парызы
"Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары."
Дарынды балалармен жұмыс жасау
Информатика пәні мұғалімі
«талантты және дарынды балаларды оқыту» коучинг жоспары
Пәндер