Жапырақтың сабаққа орналасуы

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Сабақ барысында жаңа технология элементтерін пайдаланудың тиімділігі.

2. Ұлттық құндылықтарымыздың білім беру жүйесіндегі орны.

2. 1. Ұлттық құндылықтар тәрбиенің көзі.

2. 2. Ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері.

2. 3. Ашық cабақ жоспары: «Жапырақтың сыртқы құрылысы. Жай және күрделі жапырақтар. Жапырақтың жүйкеленуі».

2. 4. Сайыс сабақ «Құстар біздің досымыз»

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

«Ел болу үшін ұлттық рух,

ұлттық қасиет, ұлтқа деген сенім болуы керек»

Бүгінгі жаһандану үрдісінде әр ұлт, әр мемлекет өзіндік менталитетін, өзіндік бет-бейнесін сақтап қалуға тырысуда. Бізді де осы үрдістен алып шығар-ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыз және білімді ұрпақ. Біз интернет жүйесімен, жаңа озық технологиямен, тіпті ғарышты игерумен де әлемді таңқалдыра алмаймыз. Санаулы жылдардан кейін еліміздегі барлық мектептердің материалдық-техникалық базасы әлемдік стандартқа сай болатынына шүбәміз жоқ. Сонда басқа елдерден немен ерекшеленеміз? Әрине ұлттық мәдениетімізбен, әдет-ғұрпымызбен, тіліміз, қазақы менталитетімізбен ерекшеленеміз. Осы тұрғыда білім үрдісінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуді, оны білім мазмұнына енгізу арқылы ұлттық тәрбие беруді мұрат етіп отыр. Бұл орайда білім мазмұны арқылы бала рухын тербететін, жанын елжірететін, масаттандыратын, ар намыс сезімін оятатын, білуге құмарлыққа, ақ көңілділікке ұмтылдыратын - нағыз ұлттық, қазақша сөйлейтін, өз бойынан ата - бабасының қаны мен рухын сезінетін, өз халқының би, батыр, шешен даналарының өнеге - үлгісін ұстанатын, міне осындай бойына қуат жинаған жас ұрпақ келешекте бәсекеге қабілетті, тәуелсіз еліміздің қорғаны болары сөзсіз. Ендеше қазақстандық білім моделі осыдан бастау алып, жас ұрпақты білімді, іскер білгір де білікті етіп өсірумен қатар оның адамгершілік бомысын, ішкі жан дүниесін, орнықты түрде қалыптастыру болмақ. Осы тұрғыда ұлттық құндылықтарымыз бен қазіргі кезде сабақтарда қолданылып жүрген жаңа технологиялардың ең тиімді элементтерін биология сабақтарында пайдалана отырып жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Елбасының халыққа арнаған Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру біздің басты міндетіміз» деген сөзін басшылыққа ала отырып, «Менің Отаным - Қазақстан» деп ойлайтын әрбір азамат ұлттық құндылықтарды бала бойына дарытатын тәрбие жұмысын жүргізуге міндетті.

Қазақстан үшін білім мазмұнын жаңарту мен ақпараттық өркениеттің талаптарына сай етіп лайықтап, жаңа педагогикалық технология мен инновациялық қызметтің әлемдік деңгейін қамтамасыз ете отырып, оны қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарымен үйлестіре отырып, тәрбиелейтін ұлттық білім жүйесін құру-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан-ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрлермен, өнегелі әдет-ғұрыппен, үлгілі жөн жосықпен, әдепті ырым, тиыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсіріп отыр. Қазақ халқының әлеуметтік өмірін, тұрмыс ахуалына сәйкес қалыптасқан ырым-тиымдар бұлжытпай орындайтын заң ретінде қабылданып, баланы иманды болуға, кесепаттан аулақ болуға тәрбиелеген

Яғни, әрбір жасқа ұлттық тәрбие мен ұлттық идеология әрқашан серік болуға тиіс. Сонда ғана олар бабалар ізімен жүрген болады, бабалардың алдындағы борышын өтеген болады.

Жалпы әр ұлттың өсіп, жетіліп келе жатқан жеткіншек ұл-қыздарының өз елінің тілін, ділін, әдет- ғұрпын, дәстүрін, тарихын, мәдениетін жете меңгерулеріне де бірден- бір атсалысатындар да осы күнгі ұстаздар мен тәлімгерлер.

Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін :

- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;

- ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани мәдени мұраларды қастерлеу;

- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.

Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, қарттар үйіндегі аталар мен әжелер, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын-алып, болдырмаудың негізгі жолы.

Сабақты үнемі бір сарынды, бір деңгейде ұйымдастыру, баланың тез шаршауына, қабылдау мен ойлау әрекеттерінің тоқырауына, қызығушылығының төмендеуіне әкеліп соғады.

Сондықтан биология пәнін оқытуда да, сыныптан тыс жұмыстар жүргізгенде де жаңа технология элементтерін негізге ала отырып жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруді, қазақтың салт- дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы түсінік беруді, пайдалы, қажетті дүниелерді үнемі насихаттап отыруды дағдыға айналдыру қажет.

ІІ. 1. XXI ғасырда Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жалпы және орта

12-жылдық білім беру жүйесінің енгізілуі заман талабы болып отыр. Сондықтан жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Бұған жету үшін басқаруды дамытуға бағытталған жаңа модельдерді көп қолданған жөн. Әр пән мұғалімі жаңа технологияларды меңгеріп, пәнаралық байланыс, кірістіру сабақтарын кеңінен қолдану қажет. Себебі оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірмен, өзінің іс-әрекетімен байланыстыра білгенде ғана өзіне де, қоғамға да пайдасын тигізе алады.

Дамудың жаңа сатысына бет алған мектептің ең негізгі өзегі - мұғалімнің жеке басының ізденімпаздылығы мен білімділігіне көп жағдай тәуелді. Жас ұрпақты өз елінің нағыз азаматы, патриоты болуға тәрбиелеу әсіресе қазіргі кезеңде ауадай қажет. Биология пәнін оқытуда сабақта жаңа технологиялар мен әдістерді пайдалану оқушының ізденуін және шығармашылығын дамытуын қамтамасыз етеді.

Ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына дарытатын, үйрететін отбасындағы тәлім тәрбиемен қатар, мектептердегі ұстаздар, пән мұғалімдері.

Сабаққа үлкен жауапкершілікпен қарап, жаңа технологияларды қолданып, түрлендіре өткізу, оқытудың маңыздылығын арттырады.

Технология (грек тілінен аударғанда) - шеберлік, өнер, білім беру.

Технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан- жақты ойластырылған үлгісі.

Білім берудегі педагогикалық технологиялар.

  1. Советтік технология

Мұғалім оқулық оқушы

2. Жаңа технология

Оқушы оқулық мұғалім

Мұғалім ұйымдастырушы, технолог

Білім беруде жаңа технологияларды пайдаланудың тиімділігін төменнен көруге болады:

  • Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады.
  • Оқушының жеке қабілеті анықталады.
  • Іштей бір-бірінен қалмауға тырысып бағады.
  • Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады
  • Өзін-өзі тексеруге дағдыланады
  • Орындау қабілетіне қарай бағаланады

Әрбір технология өзіндік әдіс- тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп, қолданады. Тиімді, пайдалыларын жетілдіре түседі. Сабақтарда пайдаланатын жаңа технология элементтеріне төмендегідей тоқталамыз:

1. Проблемалық оқыту әдісі. Бұл әдіс күнделікті сабақта қолданылатын әдіс. Тақырып бойынша оқушыға сұрақ беру, жаңа сабаққа ойын аудару, осыдан келіп сабақтың соңында эверестикалық әдіс қолданылады, яғни оқушының өзі сабақты қорытады.

2. Дьяченконың жұптап оқыту әдісі-баланы бір-біріне үйрету, бірінің білім деңгейін біріне бағалату, нұсқа бойынша тапсырмаларды беріп, келесі нұсқаны оқушыларға тексерту, яғни оқушыны өзара байланыстыру.

3. Ойын элементтері. Сабақ үстінде оқушының өзін еркін ұстауы, ойын еркін жеткізуі, өз бетімен ізденуі, қосымша материалдарды кеңірек пайдалануы көзделеді. Оның барлығын сабақта ашып, толық қамти алмайды. Егер тақырыпқа орай мәнді ойын элементтері жиі қолданылса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.

4. В. Ф. Шаталовтың тірек -сызба нұсқасы. Тірек- сызба белгілерін сабақта қолданудағы оқытудың тиімділігі:

а) оқушыға оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі;

ә) оқушының сызба белгі мағынасы мен мазмұнын түсіну үшін ойлау, қайта жаңғырту, салыстыру, есте сақтау сияқты қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туады;

б) оқушы оқу материалының ішінен ең негізгісін таңдай білуді үйренеді;

в) оқушы таңдап алған танымдық, білімдік түсініктерді(информациялар) бір-бірімен байланыстырып, қарапайым жүйе жасауды үйренеді;

г) оқушы топпен және өзара бірлесе жұмыс істеуді үйренеді;

ғ) оқушы өзінің танымдық деңгейін жақсы біледі. Өзін өзі бағалауды

үйренеді.

«Бұлақ көрсең көрсең, көзін аш», -деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі ұрпақ өзінің сезімін, мінез-құлқын, тілін, құндылықтарын жоғалтпауы керек.

2. Ұлттық құндылықтарымыздың білім беру жүйесіндегі

орны

2. 1 Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің негізі

Әрбір оқушының ұлттық санасы, рухы ұлттық білім мен тәрбие беру арқылы дамытылады. Қазақ мектебінде ұлттық білім берудің негізін қалаған ғасырдың басындағы қазақ зиялыларын толғандырған ойлар қазіргі Қазақстандағы ұлттық білім беруге тірек болады. Әрбір білім беру орны адам тәрбиелеуді жалпы міндет тұтса, ең алдымен, оны өз елінің азаматы қылып, сол қоғамның талабына сай тәрбиелеуге міндетті. Ұлттық білім беру жүйесі қоғамдық күйзеліс кезінде отбасына қиын соққан кейбір міндеттерді өз мойнына алып, ұлттың әлеуметтік саулығын сақтап қалу қажет. Білім мен тәрбие міндетті түрде ұлттық болмайынша, Отан алдындағы борышқа негізделмейінше, жалпы адамзатқа қызмет ету мүмкін емес. «Тәрбиесіз берілген білім-ең зиянды білім» екені анық.

Білім берудің ұлттық үлгісі

Өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін ұлттық

рухта оқыта отырып, ұлттық тәрбие беру.

Ұлттық тәрбие үш бағытта жүргізіледі

Міндеттері:

-Баланың ұлттық санасын қалыптастыру

-Халқына деген құрмет, мақтаныш ұялату

-Ана тілін, дінін, тарихын, мәдениетін меңгеріп, салт-дәстүрін, мәдени

мұраларын қастерлету

-Шыдамдылық, жинақылық, намысшылдық, сенімділік мінез қалыптастыру

- Сұлулықты, тазалықты сүйетін, салауатты, ұлт алдында ерекше істерді атқаруға қабілетті, іскер, білімді, жауапкершлікті, текті, алғыр тұлға тәрбиелеу.

Әдіс-құралдар:

Ұлттық білім беру тұжырымдамасы, жарғысы

Ережелер, Ұлттық ерекшеліктеріне сай жасалған оқу құралдары, арнайы курстар бағдарламалары.

Нәтижесі:

Теориялық білімі терең, білікті, ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтардың, рухани мәдени мұралардың сабақтастығын сақтай отырып, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтетін тәрбиелі ұлт азаматы

2. 2 Ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың педагогикалық

мүмкіндіктері

Қазіргі Қазақстанның білім аясының ахуалы ұлттық рухтағы бағдарларды, адами құндылықтарды, салт-дәстүрлерді, ойлау тәсілі мен тілді жаңғыртуды талап етеді. Дамыған елдерден қалмай отырып, Еліміздің ұлттық білім жүйесін қалыптастыру керек.

Бұл білімді техникалық ақпараттық қамтамасыз етудің әлемдік деңгейіне жету мен жалпыадамзаттық құндылықтарды дәстүрлі ұлт жүйесімен байланыстыру арқылы қол жеткізуге болады. Осы жерде зерттеуге ұсынылып отырған идея әлемдік практикада өз тәжірибесін берген құбылыс болып табылады.

Қазіргі әлем әдебиетінің ХХ1 ғ. Ұсынған құндылықтары: Адам құқықтары, демократия, азаматтық қоғам, толеранттылық, орнықты даму және т. б. Мәдени сабақтастыққа негізделген Жапония, Оңтүстік Корея, Кувейт, Бразилия елдерінің әлеуметтік тарихи тәжірибесі дәстүрлі құндылықтармен заман талабына сай мәдени жаңашылдықтарды үйлесімді біріктірудің өркениеттілікке жету жолының мүмкіндігін көрсетеді. Қазақ халқының да мыңжылдық көшіне қосатын мәдени құндылықтар жетістіктері жеткілікті

Педагогикалық сөздікте «Құндылық»-адамның ішкі құқы, ізгілігі, адамдармен қарым-қатынасы, іс-әрекет кезіндегі көрсетілетін қайырымдылығы, тұрақтылығы, мейірімділік тәрбиесі» . делінген.

Педагогикада «Құндылық» оқу мен тәрбие жұмысы арқылы жүзеге асады. Ал ұлттық құндылық белгілі бір ұлтқа тән, адам болмысындағы, қарым қатынасындағы адами құндылықтың, ұлылықтың жетілген жемісі. Құндылықтар жүйесі белгілі әлеуметтік-этникалық қауымдастықта қалыптасып дамитын болғандықтан ол ауқымдағы мәдени, ділдік, идеялық, мұраттық маңызы зор.

Ұлттық құндылық дегеніміз-адамзаттық құндылықтардың құрамдас бөлігі және әр ұлттың қоршаған табиғат ерекшеліктеріне қарай өмір салты негізінде ғасырлар бойы жинақталған тұрмыстық және рухани мұрасы. Елді елден, халықты халықтан айыратын бірден-бір белгі- оның ұлттық құндылықтары. Қазіргі кезең- ұлттық құндылықтардың жойылып бара жатқан кезі. Ұлттық құндылықтар ұлттық идея негізінде құралады [18, 19] .

Ұлттық білім беру жүйесінің екі бағыты

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық мектептер ашылып, ондағы оқыту, тәрбиелеу бағдарламасына өзгерістер енгені белгілі. Сондықтан да халықтық педогогиканы сабақта, сабақтан тыс уақытта тәрбие жұмыстарында қолданып, оны оқушылардың бойыеа сіңіру-біздің басты міндетіміз. Ол үшін ұлттық білім беру жүйесінде негізгі мына екі бағытты ұстанғанымыз жөн.

1. Ұлттық педогогиканың негізінде оқушыларға білім мен өнеге берудің тиімділігін көтеру

2. Халықтық тәрбиенің ықпалы мен пайдасын ұқтырып, ұлттық сана-сезім тұрғысынан жастарды тәрбиелеу.

Қазақ жері- көп ұлтты мемлекет. Дей тұрғанмен, халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін, тарихын, елін, жерін таныта отырып білім нәрімен сусындандыруды көздегеніміз ләзім. Онсыз алға жылжу болмайды. Дегенмен, соңғы жылдары білім берудің келесі мәселелеріне жаңаша талаптар қоятын бірқатар құжаттар қабылданды. Ұлттық білім берудің өзі- ұлттық қауіпсіздік пен мәдениеттің құрамдас бөлігі. Ал ұлттық білім берудің құндылығы толығымен әлеуметтік дамумен, түбегейлі өзгерумен, саяси күрес, қалыптасқан дәстүрлермен, отандық және батыстық ғылымның бірігу дәрежесінен көрініп, қазіргі таңда анықталған. . Оны пайдалану жүйелері менің көзқарасымша мынадай болуы тиіс:

1. Әркімге білім алу үшін бірдей мүмкіндіктер жасау, жеке тұлғаның өзіндік қажеттерін қанағатандыру.

2. Әркім ата-ананың әлеуметтік орнына лайық немесе ұлттық мәдениет деңгейінде білім алу сенімінде қызмет ету.

3. Ғылымның құндылығының орнына мәдениет құндылығын, ал білім беру жүйесінң орталығына баланың жеке басын қоюға болады.

Білім беру қашанда мәдени дәстүрлердің айрықша бөлігі. Сондықтан кез-келген қызметті қазіргі заман талабына сай етіп білім беру керек. Ол-заман талабы. Яғни, осы бейнелік дамуды жобалаудың бастысы, меніңше, педагогикалық қызметтің өнімін стандарттау арқылы ретке келтіретін технология.

Технологияландыру және стандарттау- білім беру жүйесін жобалау және іске қосудағы негізгі мәселелер. Мұны тұтас бір үрдіс түрінде қарастыруға, талдауға, жобалауға болмайды. Мәселен мына төмендегі 5 бағытты жеке -жеке алуға болады.

1. Білім беру дегеніміз- мәдениеттің негіздерін және тұғырын оның уақытша жағдайына бейімдей қалау және ұрпақтың іс-әрекеті.

2. мамандарды дамушы және жаңадан өндіру технологияларын оқып-үйрену талаптары.

3. Оқу қызметінің технологиясы.

4. Тәрбие елдің мәдени ерекшелігін, оның аймақтық өзгешелігін, шаруашылық құрылыс, үдемелі өзгеріс, табиғи ландшафтарды, ұлттық дәстүрлерді сақтау қызметі.

5. Сауаттылық- қоғамның барлық табында кәсібилікті қамтамасыз ету қызметі.

Осы қызметтерді басқарып ұйымдастыруды мақсат етіп, ұлттық білім үрдісін қалыптастыру негіздерін қалауға тиіспіз. Бір қуаныштысы сол, ұлтымыздың білім алуы жолында жан-жақты жағдайлар қарастырылып жатыр.

Оған дәлел мектептерді заман талабына сай техникалық құралдармен қамтамасыз ету жағдайы, сыныптарды компьютерлендіру, интернет жүйесіне ену, т. б. үкімет тарапынан қарастырылған. Олай деуге және бір негіз: білім жүйесі және оқулықтар қоры қазақ этнопедагогикасының негізгі халықтық педагогикамен байланыстырыла құрылған. Тәрбие саласында «Атамекен», «Атакәсіп», «Жас Ұлан» т. б. бөлімдері негізінде мектеп оқу - тәрбие жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп келе жатыр.

Бірақ бұл жеткіліксіз. Менің ойымша, ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыру үшін ең алдымен, мектептің оқу-техникалық базасын нығайту керек және онда ойдағыдай білім алу үшін жағдайлар жасалу қажет. Білім және ғылым институттарында осы саладағы арнайы мамандардың өз елін, жерін, тарихын, салт-дәстүрін шынайы білгендері жұмыс істесе құп. Өйткені, қазақтың ұлттық этнопедагогикасына тән бағдарламалар жасау қажеттілігі әлдеқашан туған.

алдымен Сонымен, жас ұрпақ бойында отаншылдық сезімді ояту үшін тәрбие үрдісінде этнопедагогиканы тиімді қолдана білуіміз қажет. Ал қазақ этнопедгогикасының негізі- халық педагогикасы. Халық педагогикасының арқауы- ауыз әдебиеті мен халықтың салт-дәстүрлері. Міне, ұлттық тәрбиенің негізі осылар.

Біз, ұстаздар кез келген пән сабақтарында халық даналығын, құдіретті сөз зергерлері- жыраулар мен шешендердің, ақындардың нақыл, өсиет сөздерін, классик жазушыларымыздың қанатты сөздерін ұлттық санамызға тығыз байланыстыра отырып пайдалану арқылы білім беруіміз шарт.

Осы орайда, негізгі көңіл бөлетініміз: тілге қабілеттілікті дамыту халық педагогикасының өзекті арналарымыздың бірі болып табылады.

Қысқасы, әрбір ұстаз өзі өтетін әр сабақты қазіргі заман талабына сай қазақ этнопедогогикасы және оның негізі халық педогогикасымен байланыстыра отырып оны тәрбиемен ұштастыра білім берсе, өз елін сүйетн жастарды әрі ұлттық рухы қалыптасқан өскелең ұрпақты даярлап шығара алмақ. Бұған бұрынғы ата- бабаларымыз айрықша көңіл бөліп, ұрпағының білімді, ойлы да байсалды болуын мақсат етті. Мұны біз бала бойына сіңіре отырып білім нәрімен сусындата алсақ, ұтарымыз көп. Ал бұл асыл мұраларымызды бала тәрбиесінде орынды пайдалана білу әр ұстаздың біліміне байланысты. Ол үшін өзіміз білімді әрі білікті болуымыз керек. Сонда ғана ұлттық білімді қалыптастыра аламыз. Демек, оған қол жеткізу өз қолымызда.

Жаңа дәуірдегі « қазақ ұлттық мектебі» дегеніміз қандай мектеп, оның негізгі қызметі, мақсат-мүддесі, ұстанымдары мен тұғырары қандай, ол қай бағытта жұмыс жасауы қажет? Сонымен ғылыми педагогикалық тұрғыдан жүйелі зерттелуі, қазақ ұлттық мектебінің теориялық -әдіснамалық негізін, ғылыми- тұжырымдамалық ұстанымдары иен модельдік үлгілерін, даму үрдісін анықтау талап етілуде.

Қай ұлттың, қай халықтың болсын кемеліне келіп толысуына, рухани өсуіне, әдеби-мәдени дамуына басты ықпал жасайтын негізгі тірек-ұлттық мектеп .

Қазақ тілінде оқытатын мектептердің басты міндеті- өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін, дінін қастерлейтін және оны жалпы адамзаттық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.

Қазақстан үшін білім мазмұнын жаңарту мен ақпараттық өркениеттің талаптарына сай етіп лайықтап, жаңа педагогикалық технология мен инновациялық қызметтің әлемдік деңгейін қамтамасыз ете отырып, оны қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарымен үйлестіре отырып, тәрбиелейтін этностық-мәдени білім жүйесін құру-бүгінгі күннің келесі мәселесі.

Ұлттық тіл- әр халықтың өзіндік ой-санасы мен парасатын, бүкіл болмыс тіршілігі мен сезім-түсінігін ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуші күретамыр. Онсыз халық аты бар да, заты жоқ тобыр болмақ. Жан-жақты мәдениетті тұлға- беделді тарихи сана иесі. Нақ осы тарихи сана этностық та, жалпы мемлекеттік те сананың негізі болып табылады. Айналып келгенде, тарихы бар халықтың ертеңі нұрлы болмақ

Сабақтарда қолданатын жаңа технология және ұлттық элементтерді бірнеше топтарға бөліп, жүйелеуге болады.

  1. Сөзжұмбақтысабақта қолданған кезде сабақтың мазмұнын ашу үшін қандай да бір ұлттық элементтердің сөздерін келтіруге болады.

Сабақта сөзжұмбақтарды пайдалану оқушыларды ойлауға, тапқырлыққа,

байқампыздыққа баулып, көп білуге, жан- жақты ізденуге ынта-жігерін арттырады.

2. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда ұлттық ойындар және ұлттық тағамдардың маңызы өте зор екенін оқушылардың санасына жеткіземіз. Мысалы, 9-сыныпта «Бұлшықетті жаттықтырудың маңызы» тақырыбында жаттығуға қосымша тізе бүгіп, жүресінен, малдас құрып, жамбастап отыру, шынтақтап жату, аяқты көсіліп отыру, т. б. келтіруге болады.

Ұлттық ойындардан асық иіруді оқушыларды тарауды қайталаған кезде қолданған тиімді.

3. Киіз үйдің құрылысы. XX ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап қазақ мемлекетінің жеке шығуы ұлтық мәдениетін, оның ішінде киіз үй қадірі мен орнын өз дәрежесінде қайта көтеріп, ұлы бабаларымыздың киелі рухының қайта дәріптелуі, оларға лайықты ас пен тойлардың, соған сәйкес ұлттық мәдениеті рөлінің артуы киіз үйге құрылысы, оған қойылатын ұлттық бұйымдар туралы түсіндіру үшін алдын ала олардың аттарын конвертке салып, дайындап қойған жөн.


Ұқсас жұмыстар
Жапырақтың ішкі құрылысы
Жапырақ. Өсімдік мүшелері
Жапырақтардың сабаққа орналасуы
Жапырақтың құрылысы. жапырақтың алуантүрлілігі, олардың өсімдік тіршілігіндегі рөлі. 6 сынып
Вегетативті мүше
Онтонегездің негізгі кезеңдері
Аталықтың құрылысы
Қысқы пейзаж
Қауырсын тәрізді торлы жүйкелену
Жапырақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz