Тұрақты сөз тіркестерінің түрлері

Қарағанды облысы

Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, магистр

Оразбаева Дидар Такеновна

Ашық сабақ

Пән: Қазақ тілінің практикумы

Тақырыбы: «Тұрақты сөз тіркестерінің түрлері»

Оқыту мақсаты : Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестерінің түрлері туралы, фразеолгиялық тұтастықтың, бірліктің, тізбектің, бір- біріне ұқсастығы мен айырмашылықтары және тіліміздегі қолданылу аясы, ерекшеліктері жайында толық мағлұмат беру

Дамыту мақсаты: Дүние тану жолындағы ой- өрісін, еркін сөйлеуге, терең ойлауға, әдеби тіл байлықтарын дамытуға итермелеу және тілімізде фразеологизмдерді қолдануға үйрету

Тәрбиелік мақсаты: Тапқырлыққа, әдемі әрі шешен сөйлеуге, достыққа баулыту. Елін, жерін, Отанын сүйюге, патриоттық сезімдерін оятуға тәрбиелеу

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: Сұрақ- жауап, түсіндіру, мазмұнды- ізденушілік, әңгімелеу, талдау, топтық

Құрал-жабдықтар: Плакаттар, үлестірмелі материалдар. Оқулықтар: 1. Ф. Ш. Оразбаева, Г. Сағидолда, Б. Қасым, А. Қобыланова, Қ. Есенова, Ұ. Исабекова, Қ. Қасабек, Ж. Балтабаева, Қ. Мұхамади, Р. Рахметова, Ж. Көпбаева. Қазіргі қазақ тілі. А, 2005, . 2. Н. Оралбаева, Т. Әбдіғалиева, Б. Шалабаев. Практикалық қазақ тілі. А, Ана тілі, 1993, . 3. Жұбанов Қ. Қазақ тілінің грамматикаксы. А, 1976, . 4. Болғанбаев Ә, Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы 1997, . 5. К. Аханов. Тіл біліміне кіріспе, А, 2010, . 6. Ә. Хасенов. Тіл біліміне кіріспе, А, 2002, . Сөздік: 7. І. Кеңесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. А, 1977. Монография: 8. Г. Смағұлова. Қазақ фразеологиясы. А, 2010. 9. Г. Смағұлова. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық- мәдени ас пектілері. А, 2010, . 10. Қазақ тілі. Шың. А. 2011 ж

ОТҚ: Компютер, проектор, слайдтар

Студенттердің шығармашылық жұмыстары: буклеттер, альбомдар, рефераттар

Сабақтың пәнаралық байланысы : Қазіргі қазақ тілі, тіл біліміне кіріспе, қазақ әдебиеті, кәсіби қазақ тілі, орыс тілі, тарих т. б.

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру сәті: а) сәлемдесу, ә) оқушыларды түгендеу, б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын сұрау: Тақырыбы: «Фразеология саласы, тұрақты сөз тіркестері»

Қазіргі қазақ тілінің фразеологиясы тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін лексиканың жеке бір саласы. Фразеологизмдер үшін ең басты анықтама олардың тұрақты, даяр қалпында, қолданылуы. Мысалы: ит өлген жер- алыс, тайға таңба басқандай- анық, жел аяқ- жүйрік, арқаны кеңге салу- асықпау т. б. Үй тапсырмасына байланысты сұрақтар қою.

3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау: «Тұрақты сөз тіркестерінің түрлері» тақырыпты тақтағы жазу, мақсатын айту

4. Жаңа сабақты түсіндіру :Жаңа сабақ мәтінді оқу арқылы және слайдпен түсіндіріледі. Жоспарын жазғызу.

1. Фразеология және оның өзіндік белгілері, тұрақты сөз тіркестерінің түрлері

2. Фразеологиялық тұтастық

3. Фразеологиялық бірлік

4. Фразеологиялық тізбек

5. Фразеологизмдердің мақал- мәтелдерге қатысы

6. Фразеологиялық антонимдер

7. Фразеологиялық синонимдер

8. Фразеологиялық омонимдер

Фразеологияның түрлерін біреу мағынасына, енді біреу құрылымына, үшіншісі- қызметіне қарай топтастырып, әркім әр түрлі классификациялайды. Академик В. В. Виноградов фразеологизмдерді құрастырушы сыңарларының өзара қатысы жағынан алып, фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек деп үшке бөлсе, Н. М. Шанский төртінші етіп фразеологиялық сөйлемшені қосады. К. Ахановта осы төрт түрін мақұлдайды. Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді арнайы зерттеген І. Кеңесбаев фразеологиялық түйдек және фразеологиялық тіркес деп екіге бөледі. Барлығын жинақтай келе І. Кеңесбаевтың фразеологиялық түйін тіркесі- В. В. Виноградовтың фразеологиялық бірлігіне, түйіс тіркес- фразеологиялық тізбегіне, мақал- мәтелі- сөйлемшеге келеді. Сол сияқты фразеологизмдердің мақал- мәтелдерге қатысы, фразеологиялық антонимдер, фразеологиялық синонимдер, фразеологиялық омонимдер деп бөліп қарастырамыз.

Фразеологиялық тұтастық - құрамындағы сөздер бір- бірімен әбден тұтасып, жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға болмайтын тұрақты тіркестер. Мысалы: жеті қараңғы түнде, ала жібін аттамады, мұрынынан шаншылып жүр, мұрнына су жетпеді- қолы тимеді, аттың жалы, түйенің қомында- абыр- сабыр уақыт, бір ұрты май, бір ұрты қан- залым, екі жүзді т. б.

Фразеологиялық бірлік - тұтастық сияқты мағына жағынан тұтас тұрақты тіркес. Бірақ мұнда құрастырушы сыңарларының мағынасы жойылмаған, тек солғындап, біртұтас ауыспалы мағынада қолдану. Мысалы: төбе шашы тік тұрды, езуі екі құлағында, жегені желім, пышақ кесендей тиылды, мойнына су құйылып отыр, ескі жараның аузын ашты, ит байласа тұрғысыз, көз көрмес, құлақ естімес, ит көйлекті бұрын тоздырған, ит басына іркіт төгілді, т. б.

Фразеологиялық тізбек - фразеологизмнің бұл түрі еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолдану арқылы пайда болған. Мұнда еркін сөз бен фразеологиялық сөздің тіркесуінен жасалады, сол тізбек күйінде қолданылады. Мысалы: тар заман, қоныс тепті, қонақ асы, бота көз, қоян жүрек, асқар бел, тоң мойын, сойдақ тіс, қауға бас, оймақ ауыз, ала қол, кең қолтық, жуан жұдырық, шер көкірек, еркек кіндік, салқын қанды, көзі тірісінде, көз шалым жер, көзімдей көр, көзі жоғалды т. б.

Фразеолозизмдер құрылым- құрылысы жағынан екі топқа бөлінеді : 1) Құрылым- құрылысы сөздердің белгілі бір тіркесі болып келетін фразеологизмдер. Мысалы: шақша бас, қарақат көз, ашық тауыз, ала қол, бүйрек бет, қамыт аяқ, құба жон, қалқан құлақ, мұрты шағылмаған, саусақпен санарлықтай, кең иықты, ат жақты, тісін басты, өр көкірек, төбесі тесік т. б. 2) Құрылым- құрылысы жағынан сөйлемге тең фразеологизмдер. Мысалы: үш ұйықтаса, ойда жоқ; көңілі су сепкендей басылды, аяқ- қолын бауырына алды; қой үстіне бозторғай жұмыртқалады; басы ауырып, балтыры сыздады; бұтын бұт, қолын қол қылды; ашса алақанында, жұмса жұдырығында; көзіне көк шыбын үймелетті; ел бетін көрместей болды; ішкен асы бойына тарамады; көрер таңды көзімен атырды; кузына ақ ит кіріп, қара ит шықты; табанын жерге тигізбеді т. б.

Фразеологизмдердің мақал- мәтелдерге қатысы Мақал- мәтелдердің адам өміріндеқамтымайтын саласыжоқ. Соның бәрін аз сөзбен көп мағыналы етіп білдіреді. Халық: «Тұз астың дәмін келтірсе, мақалсөздің сәнін келтіреді. Мақал- сөздіңатасы. Сөздің көркі мақал. Мақалсыз сөз- татымсыз аспен тең. Мақал- сөздің тұздығы»- деп тұжырымдайды. Мысалы: Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа. Аузымен орақ орғанның белі ауырмайды. Бал тамған тілден у да тамады. Әншейін ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас. Ақымақ басқа бадырақ көз бітеді. Ағын суда арамдық жоқ. Көрдім- көп сөз, көрмедім- бір сөз. Шегірткеден қорыққан егін екпес т. б.

Фразеологизмдердің бірінші сөзі көп жағдайда ұйытқы сөз деп аталады. Сын есімдерден (ақ, кең, көк, қара, қоңыр, қызыл, сары т. б. ) сае есімдерден (бір, екі, үш, төрт, тоғыз т. б. ) зат есімдерден (бел, аяқ, қол т. б. )

Фразеологизмдер кейде антонимдерден, синонимдерден, омонимдерден жасалады. Фразеологиялық антонимдер: ыстық қанды- суық қанды, дүниеге келу- дүниеден кету, қолы ұзару- қолы қысқару, ит пен мысықтай болу, ит арқасы қиянда-таяқ тастам жер, әмпәй- жәмпәй болу- жүз жыртысу т. б.

Фразеологиялық синонимдер: қыз қуу, отқа май құю, бауы берік болу, қыл көпір, ақ сұңқар құс, ордалы жылан т. б.

Фразеологиялық омонимдер: есі кету- қуаныштан, қорыққаннан, ауыз ашу- таңқалу, ораза кезінде ауыз ашу, сөйлеу бастау, бас жару- ожарлық әрекет жасау, өсімдіктің гүлденуі т. б.

Түсінгендерін білу үшін сұрақтар қоямын.

  1. Фразеологиялық тұтастық деген не?
  2. Фразеологиялық бірлік деген не?
  3. Фразеологиялық тізбек деген не?
  4. Ит терісін басына қаптау тіркесі қайсысына жатады? (тұтастық)
  5. Жатып ішер тіркесі қайсысына жатады (бірлік)
  6. Қазан үстінен күн көру тіркесінің мағынасы қалай? ( жалқаулықты білдіреді, бірлік)
  7. Ат тұяғын тай басар тіркесінің мағынасы (ізін жалғастыру, дамыту, тұтастық)
  8. Жалғанды жалпағынан басты тіркесінің мағынасы (дүниені шайқап өтті, тамашаның жуан ортасында болу, қызық, молшылық, тұтастық)

5. Сабақты бекіту: Үлестірмелі материалдар арқылы сабақты бекітемін. Карточкалар беріледі, әр қайсысында екі сұрақтан.

КАРТОЧКА №1

1. Фразеология саласы нені зерттейді?

2. Қол алып, төс қағыстыру тіркесінің берер мағынасы? ( уәделесу, татуласу)

КАРТОЧКА №2

  1. Тұрақты сөз тіркестеріне мысалдар келтір?
  2. Жаман айтпай жақсы жоқтіркесінің мағынасын аш? (жаманшылық бола қалса, алма- ғайып дүние)

КАРТОЧКА №3

  1. Фразеологиялық тұтастық деген не? Мысалдар келтір
  2. Жұлдызы сөндітіркесінің мағынасын аш? (өлді, ғайып болды)

КАРТОЧКА №4

  1. Фразеологиялық тізбек деген не? Мысалдар келтір
  2. Құлаққа түрпідей тидітіркесінің мағынасын аш? (құлаққа жағымсыз, өрескел естілу)

КАРТОЧКА №5

  1. Фразеологиялық бірлік деген не? Мысалдар келтір
  2. Медеу еттітіркесінің мағынасын аш? (сүйеніш, тірек қылды, арқа тұтты)

КАРТОЧКА №6

  1. Фразеологиялық антонимдер деген не? Мысалдар келтір
  2. Нар кескентіркесінің мағынасын аш? (асыл, өткір қылыш, жүзі қайқы асыл семсер)

КАРТОЧКА №7

  1. Фразеологиялық синонимдер деген не? Мысалдар келтір
  2. Рухын көтердітіркесінің мағынасын аш?(жігерлендірді)

КАРТОЧКА №8

  1. Фразеологиялық омонимдер деген не? Мысалдар келтір
  2. Салпаң құлақтіркесінің мағынасын аш?(тыңшы, жансыз)

КАРТОЧКА №9

  1. Еркін тіркес тдеген не? Мысалдар келтір( әдемі қала, көк аспан, ақ көйлек, үлкен қала т. б. )
  1. Сары тістіркесінің мағынасын аш?(Көпті көрген жер орталы жасқа келген адам

КАРТОЧКА №10

  1. Етістік мағыналы фразеологизмдерге мысалдар келтір (көзінің еті өсті-менсінбеді, қол болды- ұрланды, өкпесі өшті- шаршады, ат ізін салмады- қатыспады, қолқа салды- сұрады, қалады т. б. )
  2. Сырдың суы сирағынан келмейдітіркесінің мағынасын аш?(елең қылмау, мән бермеу)

КАРТОЧКА №11

  1. Сындық мағыналы фразеологизмдерге мысалдар келтір (аспанмен тілдескен- ұзын, биік, қара қылды қақ жарған-әділ, турашыл, тонның ішкі бауындай- ең жақын, аузын буған өгіздей- үндемейтін, мылқау т. б. )
  2. Сіңірі қатқантіркесінің мағынасын аш?(әбден арықтаған, кедей)

КАРТОЧКА №12

  1. Заттық мағыналы фразеологизмдерге мысалдар келтір. (бір ауыздылық- ынтымақ, бірлік, шынжыр балақ шұбар төс- бай, манап, шонжар, ұзын етек- әйел, қатын, ауыз бастырық- пара, ақы, қара шаңырақ- үлкен уй т. б. )
  2. Табаны алты қарыстіркесінің мағынасын аш?(табанды, байсалды, жұмысқа төзімді кісі)

КАРТОЧКА №13

  1. Үсеу мағыналы фразеологизмдерге мысалдар келтір (атқан оқтай- түп- түзу, табан аузында- жалма- жан, қапелімде, қаннан қаперсіз- жайбарақат, бейқам, көз алдында- жүзбе- жүз, аяқ астынан- кенеттен, жоқ жерде т. б. )
  2. Шикі өкпетіркесінің мағынасын аш?(жас бала, перзент)

КАРТОЧКА №14

  1. Өлшемдік ұғымдардың негізінде пайда болған фразеологизмдерге мысалдар келтір (бір киер киім, бір саба қымыз, соғым сойып жатқанда, тападай тал түсте, үш елі, аспан мен жердей т. б. )
  2. Іші алтын, сырты күмістіркесінің мағынасын аш?(ақылды, мінезі жақсы адам, іші- алтын, сырты- күміс сөз жақсысын, қазақтың келістірер қай баласы Абай)

КАРТОЧКА №15

  1. Ұзындық, қалыңдық, тереңдік өлшемдеріне мысалдар келтір(бармақ қазы, таяқ тастам жер, айлық жол, есік пен төрдей, бір құшақ, бір табан жақын, бір көш жер, тұла бойы т. б. )
  2. Іші бүлк еттітіркесінің мағынасын аш?( бірдеңеден сезіктену)

КАРТОЧКА №16

  1. Көлем өлшемдеріне мысал келтір (бір тайпа ел, бір асым ет, бір сабақ жіп, бір қарын май, шаш етектен, жер қайысқан қол, жайқалған егін, бір шайлық сүт, бір мая шөп т. б. )
  2. Өңменнен өттітіркесінің мағынасын аш?(айтылған сөз қатты тиді, сұқтана қалды

КАРТОЧКА №17

  1. Уақыт, мерзім өлшемдеріне мысалдар келтір (түс ауа, ымырт жабыла, сәске түсте, күн бата, таңға жақын, ел жата, қыс бойы, ала жаздай т. б. )
  2. Өмір шамы сөндітіркесінің мағынасын аш?(өлім сағаты жетті, тіршілік бітті)

КАРТОЧКА №18

  1. Діни ұғымдар мен ескі әдет- ғұрыптарға байланысты фразеологизмдерге мысалдар келтір (ант су ішті, бата қылды, жазмыштан озмыш жоқ, жетісін берді, иманы жолдас болсын, некесін қиды, талақ етті, атастырып қойды, бесік құда, пайғамбар жасына келген, періштенің құлағына шалынсын, мойнына бұршақ салып тіледі, неке суын ішті, намазы қаза болды, заман ақыр т. б. )
  2. Осырған сиырдай қылдытіркесінің мағынасын аш?(әбден ұялтты)

КАРТОЧКА №19

  1. Аңыздар мен түрлі ұғымдар, өткен тарихи оқиғалар негізінде пайда болған фразеолоргизмдерге мысалдар келтір (қайда барса да Қорқыттың көрі, Есімханның ескі жолы, Қасымханның қасқа жолы, Тәукенің жеті жарғысындай ердің құны, нардың пұлы, жазған құлда шаршау жоқ, жыланы қайтты, теріс батасын берді, жыртысын жыртты, шашбауын көтерді, жерұйық, қара жер хабар бермесін, сойылын соқты т. б. )
  2. Он төртінші айдайтіркесінің мағынасын аш?(толған айдай жарқырау, сұлулық, көзге түсу)

КАРТОЧКА №20

  1. Фразеологизмдерге ұйытқы сөздер, оларға мысалдар келтір (сын есімдер, сан есімдер, етістіктер)
  2. Насырға шаптытіркесінің мағынасын аш?(асқынды, іс қиындады)

КАРТОЧКА №21

  1. Фразеологизмдердің өзіндік белгісі не? (мағына тұтастығы)
  2. Наз көрсеттітіркесінің мағынасын аш?(қылық байқатты, еркелеу)

КАРТОЧКА №22

  1. Фразеологиялық сөздік деген не?
  2. Мініскер әйелтіркесінің мағынасын аш?(шебер, өнерпаз)

КАРТОЧКА №23

  1. Фразеологиялық омонимдер деген не? Мысалдар келтір
  2. Мың асқанға бір тосқантіркесінің мағынасын аш?(менменсінген кісіге тобасына келтіру мағынасында)

КАРТОЧКА №24

  1. Фразеологиялық синонимдер деген не? Мысалдар келтір
  2. Ләйлі мен Мәжнүндейтіркесінің мағынасын аш?(ғашық жандар)

КАРТОЧКА №25

  1. Фразеологиялық антонимдер деген не? Мысалдар келтір
  2. Лағынет айттытіркесінің мағынасын аш?(қарғау, сөгу)

КАРТОЧКА №26

  1. Фразеология саласы нені зерттейді?
  2. Қысыр әңгіметіркесінің мағынасын аш?(бос сөз)

КАРТОЧКА №27

  1. Фразеология саласы нені зерттейді?
  2. Қызыл шақатіркесінің мағынасын аш?( жаңа туған бала, құс балапаны)

КАРТОЧКА №28

  1. Фразеологизмдердің өзіндік белгісі не? (мағына тұтастығы)
  2. Қолын жылы суға малдытіркесінің мағынасын аш?(жақсы тіршілік)

КАРТОЧКА №29

  1. Фразеологиялық тұтастық деген не? Мысалдар келтір
  2. Көбік өкпетіркесінің мағынасын аш?(икемсіз, ісіп- кеппе адам)

КАРТОЧКА №30

  1. Фразеологиялық тізбек деген не? Мысалдар келтір
  2. Зар замантіркесінің мағынасын аш?(халыққа жайсыз дәуір)

КАРТОЧКА №31

  1. Фразеологиялық бірлік деген не? Мысалдар келтір
  2. Жүрегіне өрт түстітіркесінің мағынасын аш?(ғашықтық жалыны жау)

КАРТОЧКА №32

  1. Тұрақты сөз тіркестеріне мысалдар келтір?
  2. Етігімен су кештітіркесінің мағынасын аш?(қиыншылыққа көну, төзімді, шыдамды)

Ұқсас жұмыстар
Тұрақты сөз тіркестері
Тақырып Тұрақты сөз тіркестері
Ғаламтормен жұмыс жасаудың зиянды жақтары
Фразеологиялық бірлік
Сөз тіркесінің түрлерін ата
Еркін сөз тіркестері
Сабақта оқушылардың лексико-фразеологиялық сөз байлығын дамыту
Әділқазылар алқаларымен таныстыру
Көнерген сөздер
Сөз тіркесі, күрделі сөз, тұрқты тіркес
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz