Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды енгізу: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Мұғалімнің міндеті - баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ре-тінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.

Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында Сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз- сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpa түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.

Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.
Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, оқушылар - оқудың (сабақтардың) қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Бұл жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының арт-қандығының, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықтадым.
Мазмұнға байланысты міндеттер:

1. Әңгімені оқып танысады.

2. Мазмұнын ашады.

3. Кейіпкерлерді салыстыра отырып айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты:

Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтату және сезімін ояту.
Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті:

  1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.
  2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.
  3. Топтастарының сұрақтарына жауап береді.
  4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.

Тәрбиелік мәні: Өзара құрмет сезімін тудыру. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.

Оқушылардың шығармашылығының дамуына ықпал ету мақсатында мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау жұмыстарын тапсырамын. Мысалы: «Ақымақ бота» әңгімесіндегі оқиғаны оқушылар былай жалғастырған болатын: « Шынар басқа ботамен дос болды. Ұлпан ақымақ ботаны қуып жіберді, сен керек емессің - деді Ұлпан. Ақымақ бота Шынарға қайтып келді. Шынар есікті ашпады. Ақымақ бота өзі жалғыз қалды. » Бұл сынды тапсырмалар оқушылардың сөздік қорларын молайтып, бала қиялын дамытады.
Бастауышта сәтті сабақ белгіленген мақсатқа жетуге ұстаз бен оқушының өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асатын үрдіс.
Оқушы әректі:


Ұқсас жұмыстар
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту: оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру тәжірибесі
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын мектеп тәжірибесіне енгізу: әдістеме мен нәтижелері
Бастауыш сыныптарда оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдістемесі
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлаудың бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудағы рөлі
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сыныптарда оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының әдістемелік ерекшеліктері
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану: іс-тәжірибе
Сын тұрғысынан ойлауды енгізу арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру және PISA тапсырмаларына дайындық
Технология сабақтарында интерактивті әдістер мен сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру
Информатика пәнінде жаңашыл әдістер мен жобалық оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz