Санның айырмасын тап

Атырау облысы

Индер ауданы

Құрылыс ауылы

М. Мөңкеұлы атындағы орта мектебі

І санатты бастауыш сынып мұғалімі

Гулаим Тулегенова

Авторлық бағдарлама

Түсініктеме

Бағдарламалық материалдарға математикалық білім, білік дағдыларды меңгеру үшін негіз болып табылатын логикалық білімдер жүйесінің енгізілуі өзіндік ерекшелік болып табылады. Математикалық білім мен практикалық әрекеттерді меңгеру барысында ойлау әрекеттерінің дамуы, шығармашылық мүмкіндіктері, танымдық қызығушылықтарының даму және қалыптасу міндеттері шешіледі.

Сабақта және сабақта тыс уақытта математикалық ребустарды, сөзжұмбақтарды шешу, қызықты әзіл есептерді шығару, логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой-ұшқырлығын дамытудың бірден-бір ұтымды тәсілі.

Барлық тақырыптар оқушылардың сабақта алған білімін тиянақтау, бекітуге негізделген.

Жаңа бағдарламаның мазмұны мен құрылымы оқушылардың математика пәнін жете меңгеріп, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Бағдарлама белгілі бір оқу жылына сәйкестендірілген және тақырыптар бойынша жүйеленген.

Бағдарламада мектеп оқулығындағы орындалуы міндетті болып саналмайтын дамытуға бағытталған стандартты емес жаттығулар келтірілген.

Бағдарламалық материал оқушылардың өз білімін тереңдетуге әсер етеді, оқушылар қабілетінің мейлінше кемелдене түсуіне мүмкіндік береді.

Курстық оқу жоспарындағы 4- сыныпқа жалпы-34 сағат (жыл бойы)

бөлінген.

Кіріспе

Қазіргі заманғы ғылыми- техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер көздейді. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл- парасатты, ой-өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу- қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жұмыс істеуіне қажет етеді.

Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуда математика сабағының әрбір жұмысы ой белсенділігін қажет етеді. Оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабілетін, ой-өрісін ескере отырып, сабақ барысында оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіретін жаттығу жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлу керек. Олар әр түрлі математикалық өлең есептер, сөзжұмбақтар, математикалық ребустар, математикалық диктант, жұмбақтар және жаңылтпаштар.

Мұғалім өз шеберлігіне байланысты оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар таңдап алады. Оның мақсаты оқушы қабілетін байқау, оны әрі қарай дамыту, әр оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, тапсырмаларды күрделендіру барысында ойлау қабілетін жетіле түседі.

Негізгі бөлім

Таңдау курсына арналған бағдарлама

4-сынып

Бейіні: жаратылыстану- математика

Бағдары: математика

Тақырыбы: «Қызықты математика»

Мақсаты: математика әлемінің қызықты екендігіне көз жеткізеотырып, шығармашылықпен жұмыс істеу. Танымқабілетін арттыру, логикалық ой-қиялын дамытуарқылы алғырлыққа, ұйымшылдыққа, топпен жұмысістеуге дағдыландыру, пәнге деген қызығушылығынарттыру.

Міндеті:

  • оқушының білімге деген сенімін арттыру
  • шығармашылық қабілетін дамыту
  • логикалық тапсырмалардың әдіс-тәсілдерін пайдалану
  • оқушы ынтасын ояту
  • оқушы бойында білім, білік, дағды қалыптастыру
  • өз бетінше ізденуді дамыту

Оқушылардың біліктілігіне қойылатын талаптар

  • -Әр түрлі математикалық білім көздерінен мағлұмат ала білу
  • -Математикалық есептеудің бастапқы дағдыларын үйрену
  • -Математикалық білімді күнделікті өмірде пайдалана білу
  • -, конкурстар, жарыстар,
  • -Өз бетінше есептерді талдау арқылы математикаға қызығушылығын арттыру

Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу, өзін-өзі тану, дене шынықтыру

Бағдарламаны жүргізу формалары: интеллектуалдық ойын, логикалық есептер, қызықты есептер, тест, деңгейлік тапсырмалар, қайталау сабақтар.

Математика әлемі аптасына 1 сағ, барлығы 34 сағат

Р/с
Негізгі бөлім
Жұмыстың мазмұны
Әдісі, түрі
Көрнекілігі
С/с
Уақыты
Р/с: І Көп таңбалы сандар
Р/с: 1
Негізгі бөлім: Сандар әлеміне саяхат
Жұмыстың мазмұны:

Көп таңбалы сандарды оқу, жазу,

салыстыру

Әдісі, түрі:

Қайталау сабақ

Сұрақ-жауап, ойын

Көрнекілігі: Разряд бірлігі жазылған плакат
С/с: 1
Уақыты: 06. 09. 09
Р/с: 2
Негізгі бөлім: Миллионға дейінгі сандарды қосу, азайту
Жұмыстың мазмұны: Көп таңбалы сандарды бағандап қосу, азайту тәсілдері
Әдісі, түрі: Дамытпалы сабақ
Көрнекілігі: Көп таңбалы сандар жазылған плакат
С/с: 1
Уақыты: 13. 09. 09
Р/с: 3-4
Негізгі бөлім: Өздік жұмыс
Жұмыстың мазмұны: Осы тарау бойынша білімдерін тексеріп тест құру.
Әдісі, түрі: Бекіту сабағы
Көрнекілігі:

Тест кітапша

сы

С/с: 2
Уақыты:

20. 09. 09

27. 09. 09

Р/с: ІІ Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу
Р/с: 5
Негізгі бөлім: Белгісіз амал таңбаларын табу
Жұмыстың мазмұны: Белгісіз сандарды табуға үйрету
Әдісі, түрі: Ойын сабақ
Көрнекілігі:

Үлестір

мелі қималар

С/с: 1
Уақыты: 4. 10. 09
Р/с: 6
Негізгі бөлім: Математикалық қызықты есептер шығару
Жұмыстың мазмұны: Оқушылардың қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау
Әдісі, түрі:

Саяхат сабақ

Қызығушы

лығын оятатын ойындар

Көрнекілігі: Ойынға қажетті суреттер
С/с: 1
Уақыты: 11. 10. 09
Р/с: 7-8
Негізгі бөлім: Көп таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту, бөлу
Жұмыстың мазмұны:

Оқушылардың сабақта алған білімдерін жүйелеу, пысық

тау

Әдісі, түрі:

Білімді бекіту

Ой қозғау, ой қорыту

Көрнекілігі: Үлестірмелі қималар
С/с: 2
Уақыты:

18. 10. 09

25. 10. 09

Р/с: 9-10
Негізгі бөлім: Өздік жұмыс
Жұмыстың мазмұны: Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру
Әдісі, түрі:

Жарыс сабақ

Сұрақ-жауап,

проблема

лық сұрақтар

Көрнекілігі:

Ойынға қажетті құралдар.

Ө. Ж. Д

С/с: 2
Уақыты:

01. 11. 09

15. 11. 09

Р/с: ІІІ Жылдамдық, уақыт, қашықтық
Р/с: 11-12
Негізгі бөлім: Сызба арқылы қашықтықты табу
Жұмыстың мазмұны: Қозғалысқа берілген есептер құрастыру және сызба арқылы оқушы қабілетін дамыту
Әдісі, түрі:

Білімді меңгерту

Іздену, салыстыру әдісі

Көрнекілігі:

Интерак

тивті

тақта

С/с: 2
Уақыты:

22. 11. 09

29. 11. 09

Р/с: 13
Негізгі бөлім: Уақытты сызба арқылы шығару
Жұмыстың мазмұны:
Әдісі, түрі:
Көрнекілігі:
С/с: 1
Уақыты: 6. 12. 09
Р/с: 14
Негізгі бөлім: Жылдамдықты сызба арқылы шығару тәсілі
Жұмыстың мазмұны:
Әдісі, түрі:
Көрнекілігі:
С/с: 1
Уақыты: 13. 12. 09
Р/с: 15-16
Негізгі бөлім: Математика патшалығында
Жұмыстың мазмұны: Оқушыларды жарыстыра отырып, логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту
Әдісі, түрі:

Сайыс сабақ

Көрнекілік әдіс, ойын

Көрнекілігі:

Сайысқа қажетті көрнекі

ліктер

С/с: 2
Уақыты:

20. 12. 09

27. 12. 09

Р/с: ІҮ Күрделі теңдеу шығару
Р/с: 17
Негізгі бөлім: Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Жұмыстың мазмұны: Есепті теңдеу құру арқылы шығаруға дағдыландыру, өзіндік іс әрекетін дамыту
Әдісі, түрі: Дамытпалы сабақ
Көрнекілігі:

Үлестір

мелі қималар

С/с: 1
Уақыты: 10. 01. 10
Р/с: 18
Негізгі бөлім: Математикалық ғаламға саяхат
Жұмыстың мазмұны: Шығармашылық қиялы мен жауапкершілік сезімін қалыптастыру
Әдісі, түрі:

Жеке жұмыс,

ұжымдық жұмыс

Көрнекілігі:

Интерак

тивті тақта

С/с: 1
Уақыты: 17. 01. 10
Р/с: 19
Негізгі бөлім: Қызықты логика
Жұмыстың мазмұны: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру,
Әдісі, түрі: Жарыс сабақ
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
С/с: 1
Уақыты: 24. 01. 10
Р/с: 20
Негізгі бөлім: Математикалық сөзжұмбақ, ребус құрастыру және оны шешу
Жұмыстың мазмұны: Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, пәнге қызығушылығын арттыру
Әдісі, түрі:

Ойын сабақ

Өз бетінше жұмыс, топпен жұмыс

Көрнекілігі:

Сабаққа қажетті құрал

дар, оқулық, дәптер

С/с: 1
Уақыты: 31. 01. 10
Р/с: Ү Арифеметикалық амалдар және олардың қасиеттері
Р/с: 21
Негізгі бөлім: Қосу және азайтудың қасиеттері
Жұмыстың мазмұны: Оқушыларға қосу мен азайтудың қасиеттерін меңгерту
Әдісі, түрі:

Дәстүрлі сабақ

түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Өрнектер жазылған плакат
С/с: 1
Уақыты: 07. 02. 10
Р/с: 22
Негізгі бөлім: Көбейту және бөлудің қасиеттері
Жұмыстың мазмұны: Көбейту мен бөлудің қасиеттерін меңгерту
Әдісі, түрі:
Көрнекілігі:
С/с: 1
Уақыты: 14. 02. 10
Р/с: 23
Негізгі бөлім: Өрнек құрастыру
Жұмыстың мазмұны: Математикалық өрнекті құрастыру және оқүға үйрету
Әдісі, түрі: Аралас сабақ сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену
Көрнекілігі: Өрнектер жазылған плакаттар
С/с: 1
Уақыты:

21. 02.

10

Р/с: 24
Негізгі бөлім: Күрделі теңдеу
Жұмыстың мазмұны: Күрделі теңдеу шешу әдісін меңгерту
Әдісі, түрі:

Жаңа білім беру

сұрақ-жауап,

жұппен жұмыс

Көрнекілігі:
С/с: 1
Уақыты: 28. 02. 10
Р/с: 25-26
Негізгі бөлім: Сурет бойынша логикалық жаттығулар
Жұмыстың мазмұны: Шапшаң есептеуге, есептеу дағдыларын жетілдіру
Әдісі, түрі: Ойын сабақ
Көрнекілігі:

Мазмұн

ды суреттер

С/с: 2
Уақыты:

06. 03. 10

13. 03. 10

Р/с: ҮІ Қайталау -білім анасы
Р/с: 27-
Негізгі бөлім: Логикалық жаттығулар
Жұмыстың мазмұны: Оқушылардың зейінін, ойлау процесін дамыту
Әдісі, түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
С/с: 1
Уақыты: 20. 03. 10
Р/с: 28
Негізгі бөлім: Математика және біз
Жұмыстың мазмұны: Математикалық біліктерін ауызша жетілдіру
Әдісі, түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі:

Интерак

тивті тақта

С/с: 1
Уақыты: 03. 04. 10
Р/с:
Р/с: 29
Негізгі бөлім: Сурет бойынша есептер құрастыру
Жұмыстың мазмұны: Сурет бойынша есеп құрастыруға машықтандыру
Әдісі, түрі: Дамытпалы сабақ, жеке жұмыс
Көрнекілігі:

Сабаққа қажетті көрнекі

ліктер

С/с: 1
Уақыты: 10. 04. 10
Р/с: 30-31
Негізгі бөлім: Оқушыларға логикалық есептер құрастырту
Жұмыстың мазмұны: Шығармашылық ойлау қабілетін дамыту
Әдісі, түрі: Дамыта оқыту
Көрнекілігі:

Жинақ кітапша

сы

С/с: 2
Уақыты: 17. 04. 1024. 04. 10
Р/с: 32
Негізгі бөлім: Қызықты математика еліне саяхат
Жұмыстың мазмұны: Математика сабағында алған білімдерін тиянақтау
Әдісі, түрі: Қайталау сабақ Сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Көрнекілігі: Сабаққа қажетті әр түрлі құралдар
С/с: 1
Уақыты: 8. 05. 101
Р/с:

33,

34

Негізгі бөлім:

Өз біліміңді

тексер. Қорытын

ды сынақ сабағы

Жұмыстың мазмұны: Жыл бойы алған білімдерін сынақ құру арқылы тиянақтау
Әдісі, түрі:

Білімді бекіту

Ізденушілік, өз бетінше жұмыс

Көрнекілігі: Сынақ жазылған қималар
С/с: 2
Уақыты:

5. 05. 10

22. 05. 10

Сабақ жоспарларының үлгісі

1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сандар әлеміне саяхат

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: көп таңбалы сандар қатарын, сандар құрамы туралы білім, білік дағдыларын қайталау, тиянақтау, қалыптастыру деңгейін анықтау. ә) дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. б) тәрбиелігі: тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, ойын, көрнекілік, түсіндіру.

Сабақтың түрі:қайталау сабағы

Сабақтың көрнекілігі: разряд бірлігі жазылған бетше.

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.

ІІ. Өткенді қайталау 1. Тура және кері санау:

1000, 2000, 3000, 4000, 5000, 6000, 7000, 8000, 9000, 1.

2. Сандар қатарымен жұмыс: 2300 . . . 2600 . . . 3400 . . . 3800 . . . 4200

3. Разрядтық қосылғыштарға жіктеу: 124500, 68456, 412589, 76 836

4. Математикалық жұмбақтар

а) Бір аяқ,

Тұр аяп ( )

ә) Апалы-сіңілі келеді,

Біріне-бірі ереді. ( )

б) Екі анада он бала

Есімі біреу бәрінің ( )

5. Көршісін ата ойыны 56700 . . . 56704 . . . 56708 . . .

ІІІ. Сабақты қорытындылау, мадақтау.

2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Миллионға дейінгі сандарды қосу және азайту

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: көп таңбалы қосу және азайтуға машықтандыра түсу, өткен сабақтан алған мәліметтерді, ойда қалғандарын тереңдету ә) дамытушылығы: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. б) тәрбиелігі: шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: есептеу, талдау, қорыту.

Сабақтың түрі:дамытпалы сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа даярлау.

ІІ. Өткенді қайталау

1-тапсырма. «Кім шапшаң» ойыны

7+8000= 300682-682=

3+682= 604000-4000=

2-тапсырма. Баған түрінде дұрыс жазылған мысалдарды анықта

428 779 7834 9987 24956

+ 351 - 351 + 2153 -7834 +63742

3-тапсырма. Керекті санды тап

т + 825=63825 кг

км+825=63825м

4-тапсырма. Жазылмаған цифрды тап.

3 86 5 3 8 1 6 8

+ 2 7 - 9 4 - 5 4

6 1 9 2 9 6 8 9 6

II. Сабақты бекіту

3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өздік жұмыс

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, тиянақтау. ә) дамытушылығы: оқушылардың математикалық білімі арқылы интеллектісін дамыту, өздіктерінен жұмыс істеуге машықтандыру. б) тәрбиелігі: өзін-өзі басқаруға, ұжымдылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: өз бетімен жұмыс істеу

Сабақтың түрі:қайталау, жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: кестелер

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өзіндік жұмыс №4

4. 1 Разрядтық қосылғыштарға жіктеу

425= 83215=

9254= 72463=

4. 2 Есепті шығар

Әсемде 15м мата, ал Қалимада 12м мата бар еді. Әрқайсысына 3м матадан жұмсап көйлек тікті. Олар барлығы қанша көйлек тіккен?

4. 3 Амалдарды орында

64:2+43*2=

36+48:7=

4. 4 Көбейтінді түрінде жаз

8 3 = 4 2 =

5 3 =6 3 =

ІІІ. Сабақты қорытындылап, оқушыларды мадақтау.

4-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өздік жұмыс

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, тиянақтау. ә) дамытушылығы: оқушылардың математикалық білімі арқылы интеллектісін дамыту, өздіктерінен жұмыс істеуге машықтандыру. б) тәрбиелігі: өзін-өзі басқаруға, ұжымдылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: өз бетімен жұмыс істеу

Сабақтың түрі:қайталау, жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: кестелер

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өзіндік жұмыс №5

5. 1 Разрядтық қосылғыштарға жіктеу

9206= 8650=

2507= 5260=

5. 2 Есепті шығар

Кітапханаға 1-ші күні 800 кітап, ал 2-ші күні одан 2 есе артық кітап әкелінді. Кітапханаға барлығы қанша кітап әкелінді?

5. 3 Амалдарды орында

5т843кг+6т132кг=

38км413м-7км151м=

14сағ26мин+5сағ37мин=

5. 4 Кестені толтыр

Ұзындығы
Ені
Ауданы(см 2 )
Периметр(см)
Ұзындығы: 5
Ені: 6
Ауданы(см2):
Периметр(см):
Ұзындығы:
Ені: 6
Ауданы(см2): 48
Периметр(см):
Ұзындығы: 9
Ені:
Ауданы(см2):
Периметр(см): 34

ІІІ. Бекіту. Мадақтау

5-сабақ

Тақырыбы: Белгісіз амал таңбаларын табу.

1. Теңдік тура болатындай етіп амал таңбаларын қой. Қажет болса жақшаларды қолдануға болады.

600 40 20 8 =18 600 40 20 8=612 600 40 20 8=7200 600 40 20 8=292

600 40 20 8=24028 600 40 20 8=548

600 40 20 8=23840 600 40 20 8=308

2. Теңдік тура болатындай етіп, амал таңбаларын қой. Жақшаларды пайдалануға болады.

=3 =4 =5 =6

=7 =30 =50 =120

3. Амал таңбаларын теңдік дұрыс болатындай етіп, қойып шық. Жақшаларды пайдалануға болады.

=4 =2 =3 =4

=5 =6 =7 =8

=9 =10

4. Цифрлардың арасына амал таңбаларын теңдік дұрыс болатыдай етіп, қой. Жақша қолдануға болады.

1 2 3=5 1 2 3 4 5=5

1 2 3 4 =5 1 2 3 4 5 6=5

6- сабақ

Сабақтың тақырыбы: Математикалақ қызықты есептер шығару

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: оқушылардың білім, білік дағдыларын тиянақтау, өз бетімен жұмыс жасап, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу . ә) дамытушылығы:математика әлемінің қызықты екендігіне көз жеткізе отырып, логикалық ойлауын дамытуб) тәрбиелігі: ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге, жолдастық көмек көрсетуге баулу

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын, топпен жұмыс

Сабақтың түрі:танымдық

Сабақтың көрнекілігі: ойынға қажетті көрнекіліктер

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ. «Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар» дегендей оқушыларды топқа бөлу

І топ «Зерделілер» тобы

1. Екі әке, екі бала театрға үш билет алды. Театрға неше адам барды?

2. Үш төрттік цифрмен бір амалды қолданып, 40 санын қалай жазуға болады?

3. Бес екілік цифрмен үш амалды қолданып, 20 санын жаз.

ІІ топ «Тапқырлар» тобы

1. 5, 4, 3, 2, 1 цифрларын қатар жазып, оларды 85 саны шығатындай етіп қосу және азайту керек.

2. Туған айдың реттік номерін 21-ге арттыр, шыққан санды 16-ға кеміт, сосын 5-ке кеміт, нәтижесі бойынша туған айды атауға болады.

3. Туған күнге 20-ны қосып, шыққан санан 17-ні азайту керек. Алынған нәтижесін 3-ке кемітсек, туған күн шығады.

Оқушыларды мадақтау

7-8- сабақ

Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту барысында, ауызша, жазбаша есептеу дағыдыларын меңгертуә) дамытушылығы:оқушылардың білім деңгейінің бірдей өсуін дамыту, логикалық ой-өрістерін дамыту. б) тәрбиелігі: Зеректікке, тапқырлыққа, сыни тұрғысынан ойлауына тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: ауызша көбейту, бөлу, ой қорыту.

Сабақтың түрі:дамытпалы саяхат сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.

Тамаша «Бәйтерегі» Астананың,

Айшықты белгісі сл жас қаланың.

Жер шары жатыр сыйып дос құшаққа,

Аспалы бесігіндей жас баланың.

ІІ. Бүгінгі сабақ саяхат сабағы болып өткізіледі.

1 аялдама 1830 жыл (түйемен)

Есілдің бойындағы Қараөткел тұсында жаңа қамалдың құрылысы басталып, Ақмола қаласының алғашқы ірге тасы қаланды.

Ауызша есеп

400*5= 554*4= 7200:8=

300*4= 2500:50= 9000:3=

2 аялдама 1863 жыл (жылқы)

Ақмола ресми түрде округтік қала болып жарияланды.

37 мың 554 бірл. + 40 мың 356 бірл. =

3 аялдама (автобуспен)

1921 жылы 25 мамыр орталығы Петропавлда болған Ақмола губерниясы құрылды.

тапсырма (теңдеу)

Х*3000=9 8:Х=400

4 аялдама (поезбен)

1929 жылы 8 қараша

тапсырма (амалдарды орында)

1500*6-2035= 5400:9*7=

5 аялдама (жеңіл машинамен)

1994 жылы 6 маусым қалаға ежелгі Ақмола аты қайырылды.

тапсырма (есепте)

1409*2= 10847*3=

6 аялдама (ұшақпен)

1997 жылы 10 желтоқсан Қазақстанның астанасы Ақмола қаласына кқшірілді. 1998 жылы 8 мамырда Ақмолаға Астана аты берілді.

тапсырма (есепте)

1т 342кг*2= 1км 436м*3=

ІІІ. Сұрақ-жауап арқылы ой қорыту.

IV. Оқушыларды мадақтау

9-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өздік жұмыс

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, тиянақтау. ә) дамытушылығы: оқушылардың математикалық білімі арқылы интеллектісін дамыту, өздіктерінен жұмыс істеуге машықтандыру. б) тәрбиелігі: өзін-өзі басқаруға, ұжымдылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: өз бетімен жұмыс істеу

Сабақтың түрі:қайталау, жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: кестелер

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өзіндік жұмыс №6

6. 1 Салыстыр.

16км9м*13км5м 3т7ц*35ц

3тәул15сағ*4тәул 4т5кг*675кг

6. 2

Қалада балаларға арналған 18 кітапхана бар, ал үлкендерге арналған кітапхана одан 4 есе артық. Қалада барлығы қанша кітапхана бар?

6. 3 Теңдеуді шеш

Х+2045=4182 Х-165=7047 6000:а=300

6. 4 Сантиметрмен өрнекте

121мм= см 18дм= см

409мм= см 8м3дм= см

Сабақты қорытындылап, оқушыларды мадақтау.

10-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өздік жұмыс

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, тиянақтау. ә) дамытушылығы: оқушылардың математикалық білімі арқылы интеллектісін дамыту, өздіктерінен жұмыс істеуге машықтандыру. б) тәрбиелігі: өзін-өзі басқаруға, ұжымдылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: өз бетімен жұмыс істеу

Сабақтың түрі:қайталау, жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: кестелер

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өзіндік жұмыс №7

7. 1 Салыстыр

7км9м*4км12м 6т7ц*18ц

5км8м*8км9м 3т87ц*4т

7. 2 «Гүлдер» дүкенінде 200 раушан және 600 қалампыр гүлі бар. Раушанның 5 талын, ал қалампырдың 3 талынан гүл шоқтарын жасады. Барлығы қанша гүл шоқтары жасалды?

7. 3Теңдеуді шеш

Х*5=3000 6200+а=8260 640-Х=342 7*с=7000

7. 3 Метрмен өрнекте

98дм= 425дм= 2км=

501см= 409см= 8км=

Сабақты қорытындылау

Оқушыларды мадақтау.

11-12-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қозғалысқа байланысты есептер шығару

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: оқушыларды қозғалысқа байланысты есептерді дұрыс шығара білуге үйрету, сызба бойынша есептер құру.

ә) дамытушылығы:оқушылардың ой қиялын, өз бетінше есептеу жұмыс істеу қабілетінтері мен логикалық ойлауын дамыту.

б) тәрбиелігі: Оқушыларды ізгілікке, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық

ІІ. Сабақ мақсатымен таныстыру

1. Ауызша тапсырмалар

S=a*b

P=a+b*2

Y=a*b*c

S=Y*t

Y=S: Y

2. Велосипедші-19 км/сағ

Мотоциклші-76 км/сағ

Кездесті-6сағ

Екі қаланың арасы-?

19*6 =114км 76*6 = 456 114+456 = 570км

3. Сызба бойынша уақытты табу

14км/сағ ? 12км/сағ

78 км

4. Сызба арқылы қашықтықты табу

19км/сағ 16км/сағ

?км

5. Сызба арқылы жылдамдықты табу

?км/сағ 2сағ 14км/сағ

64км

Сабақты қорытындылап, мадақтау

15-16-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Математикалық ойындар

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: тапқырлықпен тез есептеп, тез жауап берудегі дағдысын көріп, шешімге келудегі ептілігі мен біліктілігін байқау.

ә) дамытушылығы:Ой ұшқырлығы мен логикалық ойлауын дамыту.

б) тәрбиелігі: Оқушылады ізгілікке, ептілікке тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың түрі:ойын сабақ

Сабақтың көрнекілігі: ойындар, математикалық викториналар

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық

ІІ. Сабақ мақсатымен таныстыру

1. Ойын ойнау. «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал»

4291*1= 7804*1= 36003*0=

1*4516= 5168*1= 6700*1=

ІІІ. Логикалық есептер шығару

1. Қандай сандардың қосындысы мен көбейтіндісі өзара тең?

2*2 2+2 1+2*3 1+2+3

2. 6м бөренені 1м-ден неше жерден кесу керек? (5)

3. Топ торғай ұшып келіп, бұтаққа қонды. Егер торғайлар бұтаққа бір-бірден қонса, бір торғай артық, ал екі-екіден қонса, бір бұтақ артық қалады. Торғай нешеу, бұтақ нешеу? (4 торғай, 3 бұтақ)

IV. Математикалық викториналық сұрақтар шешу

  1. 3 шырпыдан 1 есік,

Құрастырып көр шешіп (П)


Ұқсас жұмыстар
Сандардың көбейтіндісін табыңдар
Жай сандар, құрама сандар
Өрнектің мәнін тап
Есеп және оны шығару
Сабаққа әзірлік
Өтілген материалды пысықтау
Рационал сан
10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту
Көп таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілі
Санау жүйелерін қайталау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz