Баланың денсаулық жағдайы

«Баланың сөйлеу тілін дамыту ерекшеліктері»
Тіл -табиғаттың үлкен сыйы. Тіл арқылы адамзат тілдесудің үлкен мүмкіндіктеріне қол жеткізеді, қарым-қатынасын біріктіреді, күшейтеді және көзқарастарын қалыптастырады, дүниенің қыр-сырын танып білуге жол ашады. Сондықтан тілдің дамуына, әсіресе мектеп жасына дейінгі бала тілінің дұрыс қалыптасуына ерте бастан ерекше мән берген жөн. Әр түрлі тілдік кешігулер, бала тілінің даму кемістіктері оның іс-әрекетіне және мінез-құлқына әсер етеді. Тіл ақауы бар балалар өз тіл кемістіктерін сезініп, ұялшақ, момын болып келеді және құрбыларымен тез қарым-қатынасқа түсе алмайды. Арнайы мамандардың тексеру нәтижесі бойынша бұл жастағы балалардың көпшілігінде әр түрлі тіл ақауы бары тіркелген. Қазіргі кезде үш жастағы балабақшаға сөйлемей келген бала тәрбиешіні таң қалдырмайды. Тілді зерттеу нәтижесі бойынша, жалы мектепке дейінгі жастағы балалардың көпшілігі кәсіби дәрежесі жоғары және арнайы білікті мамандардың, тәрбиешінің көмегін қажет етеді. Мұнда тіл ақауының төмен жағдайдағы деңгейі, баланың мектепке барған кезінде өте айқын көрінеді. Мұндай жағдайда тіл мәселесі туындап, баланың толық білім алуына үлкен кедергі келтіреді. Көпшілік мектептерде төменгі сынып балаларымен логопед-мамандар белсенді тығыз жұмыс жасайды. Мекте логопед- маманының жұмысын бақылау барысында көптеген тіл ақауларын түзету өте қиын екендігі анықталған, тіпті кейде түзетуге келмейтін жағдайлар туып жатады. Мұның бәрі балалардың тіл кемістігі дер кезінде анықталмағанын және дұрыс қалыптаспағандығын көрсетеді.
Әрине, бала тілінің дамуын мектепке дейінгі мекеменің педагогтары анықтайды. Баланың тілін дамытуға бағытталған көптеген жұмыстар жүргізіледі.
Қазіргі таңдағы баланың тілін дамытуға үлкен көмек көрсету және оның алдын алу шараларын ұйымдастыру керек. Ең алдымен міндетті түрде бала тілінің даму деңгейінің неліктен төмен екендігіне көз жеткізу керек. Бала тілінің дұрыс дамымай қалыптасуынан үш мәселе туындайды: 1-ші баланың денсаулық жағдайы; 2-ші- педагогикалық жағдай және 3-ші әлеуметтік жағдай. Бұл жағдайлар бір-бірімен өте тығыз байланысты.
- Баланың денсаулық жағдайы. Қазіргі таңдағы жас өскелең ұрпақтың денсаулық жағдайының әлсіздігі айқындалған. Балабақшаға баратын балалардың көпшілігінің денсаулық жағдайы І-топқа жатады. Денсаулығы ІІ-топқа жататын балалар саны балабақшада аз кездеседі, көбінесе ІІІ және тіпті денсаулығы ІV топқа жататын балалар саны жиі кездеседі. (ауыл балабақшасына баратын балалар) .
Егер баланың тілін дамыту жағынан қарасақ, біз жас ағзаның барлық жүйесін қарастырмаймыз. Ең алдымен бас миының дамуын зерттейміз. Бас миы тіл жүйесінің орталық мүшесі. Қазақстан невроатолотарының зерттеуі бойынша қазіргі таңдағы туылған балалардың 70 пайызы бас миының зақымдалуына шалдыққанын көрсетеді. Мұндай кедергілер баланың дамуы мен білім алуына қиындықтар туғызатыны көпшілікке мәлімет. Осындай балаларды топқа қабылдар алдында педагог-мамандар міндетті түрде әр баланың ата-анасымен кеңескені жөн. Олардың жүктілік кезін және баланың қалай өмірге келгендігі туралы мәліметтерді толық зерттеуі тиіс. Мұндай зерттеу баланың алғашқы күннен бастап дамуын немесе бала энцефалопатия ауруына шалдыққанын-шалдықпағандығын көрсетеді. Мұндай ауруға шалдыққан балалар өз құрбыларынан ерекшеленбейді, бірақ олар жеке күтім және жаңа әдіспен білім алуды қажет етеді. Өкінішке орай қазіргі таңда балалардың біразы осындай диагнозбен тіркелген. Кейде бұл диагнозды бала бір жасқа толған кезде алып тастайды. Бірақ өкінішке орай ата-аналар бұл жөнінде мүлде ұмытып кетеді. Оның арты қайғылы жағдайға әкеліп соғады. Баланың денсаулығы жөніндегі нақты зерттеулер және шыншыл ақпараттар кейіннен баланың дұрыс дамуына тәрбиеленуіне және білім алуына ықпал етеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz