№169 мектеп-лицейіндегі Мектепке жол акциясының нәтижелері мен қайырымдылық серіктестігі

Жомарт жандарға мың алғыс
«Заманауи әлемде елдің қуаты өскелең ұрпақ білімімен қатар тәрбиесімен өлшенеді» -деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев айтқандай бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу - ата-ана, мектеп және ұстаздар ұжымының басты міндеті.
Мұқтаж - жандарға қол ұшын беру - азаматтық парыз. Осы орайда №169 мектеп- лицейінде дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аясында «Балаларға бірге көмек берейік!» атты үндеумен қайырымдылық шарасы өткізілді. Шараның мақсаты - әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепке даярлау және қолдау көрсету. Мектеп ұжымы игі шараға өз үлестерін қосып, көмекке мұқтаж жандарға демеу болды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, №169 мектеп - лицейінің ұстаздары бұл шараға жауапкершілікпен қарап, игілікті істің бастамасы болды.
« Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын»- демекші, еліне, өскелең ұрпаққа жанашырлық танытқан азаматтарымызды айтар болсақ, «Афина - ТВ» ЖШС-ның директоры Ким Тамара 15 оқушыға киім-кешек және оқу құралдарын сыйға тартса, «Қос нарын» ЖШС-ның әкімшілігі 6 оқушыға мектеп сөмкесімен қатар оқу құралдарын табыстады. Сонымен қатар мектебіміздің ата-аналары да аталмыш акциядан шет қалмады.
Қайырымдылық акциясы барысында жақсылық жасауға жандары құмар, жүректері мейірімге толы жомарт жандарға айтар алғысымыз шексіз.
Жұманова Айгерім
Алматы қаласы
№169 мектеп - лицейінің
әлеуметтік педагогы