Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Көрмені қызықтаушы оқушылар
Жаратылыстану бірлестігі пәндері химия-биология 02.12 -12.12 аралығындағы онкүндігінің өткізілу барысы жөніндегі есебі
Желтоқсан айының 02.12-12.12 аралығында Қарағайлы кентінің №17 мектебінде <<Химия-биология сабақтарында және сыныптан тыс сабақтарда АКТ тиімді қолдану>> атты химия, биология онкүндігі өтті.
Апталық аясында бұл пәндер бойынша оқушының танымдық қабілетін арттырып, пәнге деген қызығушылығын тереңірек дамыту, оқушылардың бойында салауатты өмір сүру жайлы түсініктерін қалыптастыру, өз денсаулығы үшін өздері жауапты екенін ұғындыру, оқушыларды экологиялық мәдениетке және табиғатқа сақтаушылықпен қарауды тәрбиелеу мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілді. Апталық барысында ашық сабақтармен қатар, сыныптан тыс іс-шаралар мен саяхаттар да өткізілді. Онкүндіктің жоспары алдын-ала мектепішілік жиында оқушылар мен ұстаздарға хабарланды. Онкүндіктің ашылуы 02.12 күні <<Ойна, ойла, оқы!>> сөзжұмбақтар, жұмбақтар мен ребустар, сөзжасам, сандар сөйлейді шешумен басталды. Қамтылған сыныптар 6-11 сыныптар. Оқушылар арасында әсіресе сөзжұмбақтар мен ребустарды шешуде 9-сынып оқушылары Қайзайт Жұлдызай мен Несіпбай Арайлым белсенділік танытты. Осы күні <<Химия-биология тұрмыста>> атты тақырыпта 8-11 сыныптар арасында ең үздік қабырға газеттері сайысы өткізілді. Сайыста ең үздік қабырға газеті болып 8-сынып оқушыларының шығарған газеті таңылды.
Химия-биология онкүндігінің аясында өткізілген <<Жаратылыстану ғажайыптары>> көрмесі 03.12.14 күні ұйымдастырылып өткізілді. Бұл көрме оқушылар үшін қызықты мәліметтерге толы болды. Үзіліс кезінде оқушылар көрмеге қойылған заттарды көруге асығып келіп жатты. Көрмеге биология пәнінен адамның ішкі ағзасының муляждары яғни жүрек, асқазан, өкпе, ащы ішек, тоқ ішек, бауыр, бастың құрылысы, ми боліктері, ДНҚ моделі, өсімдік кеппешөптері, маймылдың бас қаңқасы, өзен шаяны, құстардың қаңқасы, түрлі-түсті аң-құстардың суреттерінен буклеттер, кітаптар, бөлме өсімдіктері қойылды. Химия пәні бойынша түсті және түссіз металдар, шыны, мұнай, болат, алтын, күміс, темір, қола, түрлі минералды тау жыныстары моделдері койылып оқушылардың ерекше қызығушылығына ие болды. Оқушылар өз қолдарымен ұсақ молекулалардың моделдерін ұстап көріп қызықтады. Көрмеде оқушылар түрлі сұрақтар қойып өз сұрақтарына пән мұғалімдерінен толық жауаптар алды. Көрмеде қамтылған сыныптар 1-11 сынып оқушылары. Бұл көрме 1-сынып оқушыларының да ерекше ықыласына ие болды.
Көрмені қызықтаушы оқушылар
03.12.14 күні 8-сыныпта <<Қаңқаның негізгі бөлімдері: бассүйек, тұлға қаңқасы, иық және жамбас белдеулерінің қаңқасы, қол-аяқ қаңқасы>> тақырыбында биология пәнінен ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі жас маман Карибаева П.С. Қоңырау соғылысымен мұғалім оқушылардың сабаққа қатысын тексеріп сынып журналына жазып шықты. Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларға сабаққа дайындалып отыру керек екендігі ескертілді. Мұғалім сабақта интербелсенді тақтаны қолданып оқушылардан үй тапсырмасы <<Сүйектер, олардың маңызы. Сүйектердің құрамы, құрылысы, олардың пішіндері және қызметі>> тақырыбын <<Кім жылдам?>> лездемелік сұрақтармен бастады. Оқушылардың үй тапсырмасына дайындықтары өте жақсы бір-бірімен жарыса жауап қайтарып отырды. Сонымен қатар оқушылар дискуссялық өрнекті шешті. Жаңа сабақты бастамас бұрын мұғалім оқушыларды топпен бөліп отырғызды. Бағалау түспен бағаланатынын ескертіп айтты. Қызыл түс-өте жақсы, көк түс-жақсы, жасыл түс-орташа деп бағаланды. Жаңа тақырыптың мақсат міндеті айқындалып оқушыларға түсіндірілді. Интербелсенді тақтада <<Тірек-қимыл жүйесінің>> сызбанұсқасы, сүйектің сапалық құрамы, сүйектің қызметі, сүйектің қаншалықты мықты екендігін дәлелдейтін деректер <<Сен білесің бе?>> ақпаратымен толықтырылды. Сүйектің сыртқы және ішкі құрылысы, адам қаңқасының суреттері, оның бөліктері тақтада көрсетілді. Мұғалім адам қаңқасының муляжымен оқушыларға бас сүйектен бастап тұлға, аяқ-қол қаңқасының барлық сүйектерін ұстап көрсетіп жекелей түсіндірді. Мұғалімнен оқушылар өздеріне қажетті ақпараттарды сұрап дәптерлеріне жазып алып отырды. Жаңа сабақты бекіту мақсатында <<БИНГО>> ойыны ойнатылды. Бинго ойынында ойнатылған сұрақтарға әр топтан белсенділік танытып оқушылар жылдам жауаптарын дайындап өз қоржындарына түстерді жинады. Бұл ойында өткен тақырып бойынша біршама сұрақтар қамтылды. Онда жұмбақтар да, жасырылған сурет сұрақтар да болды. Бинго ойынында 2-топ жақсы қатысып белсенділік танытып отырды. Атап айтсақ Назерке, Нұрлыгүл, Ержан, Гүлбаhрам және т.б оқушылар. Сұрақтардың шешімін табуда оқушылар адам қаңқасын пайдаланып ортаға шығып көрсетті. Сонымен қатар оқушылар <<Адам сүйегі не себепті 25 жасқа дейін ғана өседі>> деген проблемалық сұраққа өте жақсы жауап берді. 25 жастан кейін адамда қартаю процесі басталатынын, сүйек егер өмір бойы өссе өмірде алып адамдар көп болар еді дегендей түрлі пікірлерін айтты. Адам қаңқасы туралы шағын видео көрсетілді. Сабақ қорытындыланып, сабаққа белсенді қатысқан оқушылар өздері жинаған түстер бойынша бағаланды. Сабақ соңында рефлексия жасалынды.
04.12.14 күні <<Өндірістегі-химия, медицинадағы-биология>> Қазақмыс кен орнына және кент ауруханасына саяхат жасалынды. Кент ауруханасына саяхат кезінде қамтылған сыныптар 8-9 сынып оқушылары. Оқушыларға жетекшілік еткен химия пәнінің мұғалімі Ибраева А.А. мен жас маман биолог Карибаева П.С. Осы мұғалімдердің басшылығымен оқушылар аурухана тарихымен, онда кент тұрғындарының денсаулығына араша түсіп жүрген ақ халатты абзал жандардың қызметімен, аурухана бөлмелерімен онда орналасқан медициналық құралдармен олардың құрылысымен танысты. Саяхат барысында оқушылар тарапынан туындаған сұрақтарға дәрігерлер жауап берді. Әр салада қызмет атқаратын дәрігерлермен жекелей сұхбаттастық. Оқушылар ем қабылдайтын бөлмелерді де аралап көріп танысты. Зертханалық бөлмедегі құрылғылармен зертханашы таныстырып шықты. Аурухана ішінде орналасқан дәріханаға да оқушылар қызықтай қарады. Дәріханашы апайдан дәрілердің құрамын, қай кезде пайдалану қажеттігін сұрап жатты. Аурухана тарихына қанық болған оқушылар болашақта дәрігер боламыз деп өз пікірлерін білдірді. Жоғарғы сынып оқушылары химия пәні мұғалімі Ибраева А.А. Қазақмыс кен орнына барып ондағы тыныс-тіршілікпен танысып қайтты. Бұл саяхаттар оқушылар үшін өте жақсы серуен болды. Оқушылардың басқа саладағы қызметкерлердің жұмыстарын бағалауға үйретті.
Ауруханаға саяхат Зертханалық құралдар
Дәріхана ішінде Аурухана алдында
05.12.14 күні 1 желтоқсан Дүниежүзілік ИТИС-ке қарсы күніне орай
5-сынып оқушыларымен Карибаева П.С. <<ИТИС-ғасыр дерті>> тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында интербелсенді тақта қолданылды. ИТИС немесе СПИД туралы оқушыларға көп мағлұматтар, ақпараттар берілді. ИТИС дегеніміз не? Ол қандай ауру, осы індеттің алдын қалай алуға болады?, қалай вирусты жұқтырады? Емі бар ма деген сұрақтарға пән мұғалімі жауап берді. СПИД-ке шалдыққан адамдардың суреттері, вирустың суреті яғни ішкі-сыртқы құрылысы көрсетілді. СПИД-ке шалдыққан қыздың оқиғасынан жағдаят ортаға салынып оқушылар тарапынан талқыға түсті. 5-сынып оқушылары өздерінің ұтымды да ұшқыр ойларымен тиянақты жауаптар қайтарды. ИТИС дертін бұрын-сонды естіп көрмеген 5-сынып оқушылары көбіне тақырыпты есірткі, ішімдіктің зияны туралы мәліметтерге қарай бұрып отырды. Сабақ соңында оқушылардың ішінен Алиясова Алтынай өзі шығарған <<ИТИС-ке жол жоқ>> тақпағын оқып берді. Сабақты оқушылар мұғаліммен қоса <<Жойылсын жалғыз сөз СПИД деген>> әнімен аяқтады. Сабақ жақсы өтті, бірақ балалардың жас ерекшелігіне сәйкес келмеді. Сабақта өте көп биологиялық терминдер қолданылды. 5-сынып оқушылары биология пәнін өтпегендіктен сабақты тереңірек түсіру балаларға қиындық тудырды. Сабаққа қатысқан мұғалімдер сабақты түрлендіріп қызықты етіп, балалардың жас ерекшелігіне сай өткізу керектігін, сергіту сәті мен бейнебаяндар қолдануды ұсынды.
Сонымен қатар апталық аясында химия-биология мұғалімдерінің қатысымен ауызша журнал өткізілді. Ауызша журнал хим-биолог ғалымдардың өмірі мен атақты еңбектері туралы деректерге толы болды. Қамтылған сыныптар 8-9-10 сынып оқушылары.
06.12.14 күні 8-сыныпта химия пәнінен <<Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі >> тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі Ибраева А.А. Сабақ АКТ, периодтық кесте, плакаттар, металдардың жинақтары көмегімен өткізілді. Сабақта <<оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі>> технологиясы қолданылды. Оқушылар сәлемдесіп, тізім бойынша түгенделді, қатар бойынша 3 топқа бөлінді. 1 топ <<Қышқылдар>>, 2 топ <<Тұздар>>, 3 топ <<Негіздер>> қатары. Үй тапсырмасын қаншалықты меңгергендігін анықтау үшін әр қатарға химиялық элементтер бөлініп беріліп, олардың биологиялық рөлі туралы мәліметтер алынды. Әр топқа топтың аты бойынша анықтама беру керектігі ескертілді. Әр топтың топ басшысы өз топтарын таныстырып өтті. Келесі кезеңде оқушылар химиялық диктант жазды. Сәйкестендіру тесті, шығармашылық жұмыс яғни <<Пирамида>> ішіндегі элемент таңбаларын пайдаланып, оксидтердің формуласын құрастыру керек болды. Әр топ жұмылып белсенділік танытып тез арада берілген тапсырмаларды орындап шықты. Топ басшылары арқылы тексерілді. Жаңа сабақ периодтық заңның ашылуымен, қай ғалым ашқандығы туралы мәліметтермен басталды. Химиялық элементтің аталуы, реттік нөмірі, салыстырмалы атомдық массасы, валенттілік, әрбір период сілтілік металдардан басталып, инертті элементтерден аяқталатыны туралы мұғалім ақпарат берді. Ортаға үстел үстіндегі қобдишадағы асықтарда жазылған элементтерді топтастыруға екі оқушы Нариман мен Асхат шықты. Олар тез арада асықтарды топтастырып шықты мұғалім тексеріп дұрыс жасалғандығын, әр топқа ұпай қосылатындығын айтты. Сабақта оқушылар ширақ, батыл қимылдады, уақытпен санаса отырып жасалды. Барлық оқушы қамтылды, сабақ қызықты әрі түсінікті өтті. Сабақ соңында мұғалім оқушыларға шағын эксперимент көрсетті яғни <<жұлдызды жауын>> тамашалады. Әр топ <<ООМ>> бойынша бағаланды.
Сабақ үстінде топтық жұмыс Мұғалім жаңа тақырып түсіндіруде
Асықтарды топтастыру <<Жұлдызды жауын>>
Биология пәнінің мұғалімі Карибаева П.С. 6-7 сынып оқушыларымен бірге <<Өсімдіктер әлеміне саяхат>> бейне көрінісін тамашалады. Бейне көріністе әлемдегі таңғажайып өсімдіктер олардың тіршілік ету ортасы көрсетілді. Бұрын-сонды мұндай ерекше өсімдіктерді көрмеген оқушылар ерекше қабылдады. Әсіресе, қанды тіс, Қытайлық адамға ұқсас <<картоп адамын>> көргенде ерекше күлкіге кенелді. Бұдан да басқа түрлі өсімдіктер өздерінің ерекше сырт келбетімен шыбынжұт, Рафлезия Арнольди, айдаhар ағашы балалардың ерекше қызығушылығын туғызды.
Таңғажайып өсімдіктерді көруде
08.12.14 күні 7 cыныпта биология пәнінен <<Өзен шаянының құрылысы, тіршілік ету ортасы>> тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Кәріп С.М.-жоғары санатты ұстаз. Сабақ ынтымақтастық атмосферасымен құрылды. Оқушылар топқа бөлініп отырғызылды. Бағалау парағы таратылды. Үй тапсырмасын сұрау мақсатында <<ой қозғау>> ретінде әр топқа тест тапсырмалары таратылды. Оқушылар тест тапсырмасын орындап болысымен көршісімен бөлісу: бір-бірінің дәптерлерін тексеріп, топ басшысы бағалап өтті. 1-топқа жақсы көрсеткіші ретінде смайлик берілді. Келесі тапсырма әр топтың алдында жатқан тапсырмалардан сөйлем құрап Жаңа тақырыпты анықтау болды. Жаңа тақырыпты бастамас бұрын мұғалім <<бүгінгі сабағымыз не туралы?>> - деп ой тастады. Ал оқушылар бір ауыздан <<шаян туралы>> -деп жауап берді. Сабақтың келесі кезеңі <<мағынаны тану>> деп аталды. Әр топ өздеріне бөліп берген сөйлемдер бойынша яғни өзен шаянының сыртқы құрылысы, ішкі құрылысы, тіршілік ортасы, асқорыту, зәр шығару мүшелері туралы сөз қозғады. 1-топтың топ басшысы тақтаға шығып интербелсенді тақтадағы шаянның сыртқы құрылысын өте жақсы түсіндіріп өтті. Осы топтың мүшесі Нұрлан атты оқушы шаянның жүзбе қанаттарының қандай қызмет атқаратынын тереңдетіп айтып шықты. Сөзі де ойы да жинақы сабаққа жақсы қатысып белсенділік танытып отырды. Ал 2-топ шаянның ішкі құрылысын асқорыту, жүйке жүйесі және жыныс мүшелері туралы Нұрәсем сипаттап өтті. Нұрлан осы кезде де топтан суырылып шығып Нұрәсемге көмекке келді, ол тепе-теңдік сақтау, сезіну мүшесі мен шаянның үлкен мұртшасы мен кішкентай мұртшасының қызметін айтып суреттен көрсетті. Келесі кезекте тақтаға 3-топ басшысы Лейла қорғап, Дильназ көмекке келіп шаянның тыныс алуы желбезектері арқылы жүзеге асады деп көрсетті. 4-топ шаяндардың тіршілік ортасын, қозғалуын, адам өміріндегі маңызын айтып өтті. Дана мен Мадина шаянды теңіз, мұхит жағалауында тұратын халықтар ас-тағам ретінде қолданатындығын айтты. 2-топ мүшелері осы тақырып бойынша қосымша мәліметтермен толықтырды. Мұғалім тарапынан да әр топқа көмектер көрсетіліп тұрды. Сабақ соңында әр топқа мұғалім постер таратып шығып <<Болашақта шаянның бейнесі қандай болады>> -деген ой тастады. Әр топта бос отырған оқушы болмады барлығы жұмыла жаңа сабақта меңгерген ақпараттарды постерге түсіруге асықты. Белгіленген уақыт аяқталып әр топ тақтаға іліп түсіндірді. Ең түрленген шаян 1-топтың шаяны болып шықты. Олар салған шаянның сырт құрылысы мүлдем ерекше. Сабақ аяқталып белсенді оқушылар білімдеріне сай бағаланды. Сабақ өте тартымды қызықты болды, топтық жұмыста оқушылардың белсенділігі бар, бірақ қалыптаспаған.
Сабақ үстінде
09.12.14 күні химия кабинетінде химия-биология пәндерінен қызықты тәжірибелер жасалынды. Тәжірибені 9-10 сынып оқушылары мұғалімдердің қатысымен жасады. Биология пәнінен артериялық қан қысымды өлшеу, адамға алғашқы көмекті қалай қөрсету керек, аяқ-қол жараланғанда, қан кеткенде, сүйек сынғанда, сіңір созылғанда, буын шыққанда қандай көмек көрсетілетіндігі, спирометрмен жұмыс, фотосинтез процесін бақылау, топырақтың құнарлылығын, тұқымның өнімділігін анықтау сияқты біршама тәжірибелер жасалды. Химиядан металдардың қоспаларынан түрлі реакциялар, тұздар мен қышқылдарды анық т.б. тәжірибелер жасалынды.
10.12.14 күні 7-сыныпта биология пәнінен <<Білгірлер мен білімділер>> атты топтық сайыс өтті. Сайысқа жетекшілік еткен Кәріп С.М. мен Карибаева П.С. Топтық сайыс АКТ көмегімен өткізілді. Топтық сайыстың 1-кезеңі топты таныстыру. Әр топ яғни 4-топ өз топтарын таныстырып шықты. Келесі <<Бізден - сұрақ, сізден - жауап>> кезеңінде әр топқа жекелей сұрақтар қойылды, сұрақтарға командалар жауап қайтарып келесі <<Ұяшықтар сыры>>кезеңіне өтті. Бұл кезеңде 4 тақырып бойынша ұяшықтар жасырылған олар:
1. Биологиялық ассорти;
2. Номенклатура (география);
3. Ғалымдар;
4. Ең, ең, ең...........
Әр ұяшықтарда 5 тапсырмалардан жасырылған.
Ойын барысында топтар әр ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беріп олардың арасынан 1-топ өздерінің білімдерімен көзге түсті. Топ мүшелері Құрманкожина Сабина, Келден Аяжан, Шабаз Ажар, Әбдіғали Нұрлан. Сайыс соңында женімпаз топ мақтау қағазымен марапатталды.
11.12.14 күні биология пәні мұғалімі Кәріп С.М. жетекшілігімен <<Табиғат білгірлері>> танымдық сайыс 6а-6ә -сыныптарында өткізілді. Бұл танымдық сайыстың мақсаты оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, зейін мен логикалық ойлау жылдамдықтарын, дүниетанымдарын, ой-өрістерін дамыту, биология пәніне қызығушылықтарын арттыру.
Сайысқа 6а- сыныбының атынан <<Қызғалдақ>> тобы, 6ә-сыныбынан <<Бәйшешек>> тобы қатысты. Яғни екі команда. Сайыс басталмас бұрын мұғалім:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер- деп сайыстың шарттарымен таныстырып өтті.
І кезең <<Таныстыру>>
ІІ кезең <<Зымыран сұрақтары>>
ІІІ кезең <<Бәйге>>
IV кезең <<Полиглот>>
V кезең <<Қызықты сегіздік>>
VI кезең <<Шешендік өнер>>
VII кезең <<Көкпар>>
Әділқазы алқасы оқушылар арасынан сайланып алынды.
Таныстыру кезеңінде екі топ өз топтарын таныстырып, ұрандарын айтты.
2-кезеңде әр топқа <<Зымыран сұрақтар>> лездемелік сұрақтар қойылып тездетіп топ мүшелері жауап берді. 3-кезең <<Бәйге>> 20 сұрақ қойылды. Қызғалдақ тобы жылдам әрі дұрыс жауаптар беріп алға шықты. Ал Бәйшешек тобы сәл саябырлап қалды. 3-кезең <<Полиглот>> ойыны <<Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте>> демекші бұл кезеңде сұрақтар қойылып дұрыс жауаптың орысша, ағылшын тіліндегі аудармасы сұралды. Барлығы 6 сұрақты қамтитын полглот ойынында да Қызғалдақ тобы ұшқыр болып алдыңғы орыннан көрінді. Келесі 4-кезеңде <<Қызықты сегіздік>> атпен аталған түрлі пәндерден жасалған сұрақтар берілді. Олар: информатика, география, қазақ тілі, биология, химия, тарих, технология, музыка пәндері.
5-кезеңде 5 сұрақтан тұратын тікелей сұрақтар жасырылды. Екі топ та бұл кезеңде теңбе-тең болды. 6-кезең шешендік өнер айдары <<Биология ғылымының болашағы>> атты пікірталаспен жалғасты. Бұл пікірталаста Қызғалдақ тобы ұтымды, тиянақты дәлелдемелерімен сөйлей отыра жоғарғы ұпайды иеленді. Сайысымыздың соңғы 7-кезеңі <<Көкпарда>> қойылған сұрақтарға екі команда таласа, бірінің аузынан бірі іліп алып жалғастырып бәсекеге толы сайыстың шешуші кезеңі болды. Сонымен <<Табиғат білгірлері>> атты тартысты сайыс та қызықты өтті.
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса озбағандар жарады
Жарыс заңы ежелден жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол, еңбектену, жалықпау- демекші осы танымдық сайыстың таза жеңімпазы болып 82 ұпайды иеленген <<Қызғалдақ>> тобы жеңімпаз деп саналды. Ал қарсыласынан сәл бәсеңдеу қимылдаған <<Бәйшешек>> тобы 75 ұпаймен II-орынға ие болды.
12.12.14 күні химия-биология онкүндігінің жабылуы, онкүндік аясында белсенділік танытып, өз білімдерімен көзге түскен оқушылар ынталандыру сыйлығы мен мақтау қағаздарымен марапатталды. Химия, биология пәндерінің онкүндігі мектеп оқушыларының зейіні мен білімге деген құштарлығын арттыру мақсатында түрлендіріліп өткізілді. Онкүндік кезінде мектептің жас мамандары тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысып, тәжірибе алмасты. Өздеріне қажетті ақпараттарды алды. Білімді де сапалы, саналы заман талабына сай жас жеткіншектерді білімді, алғыр, еліміздің нағыз ұлтжанды азаматтары мен азаматшаларын тәрбиелеуде химия, биология пәндерінің алатын орны зор. Сондықтан қазіргі заманауи техника АКТ тиімді пайдаланып ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарды мейлінше қызықты етіп өткізуге бар күш жігерімізді салдық. Осындай онкүндіктер жиі өткізіліп тұрса оқушы бойында өз ағзасында болып жатқан құбылыстарды түсінуге, табиғатты аялауға деген құштарлығы басым болар еді.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz