Білім берудегі Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері және сабақтың педагогикалық мәдениеті

Сабақ - оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы

20141119_152839.jpg «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», - деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі - баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Егеменді еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар иесі - бүгінгі жас ұрпақ. Егеменді еліміздің еңсесі енді көтеріліп, тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы - жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Оқушының өз біліміне өзі жауапты болатын жаңаша оқыту тәсілдері оқушылардың да, ата-аналардың да жүрек түкпірінен орын алып отыр. Өздігінен білім алатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу - жаңаша білім берудің түп қазығы.

Оқытудың Кембридж әдісі мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу үрдісі оқушыны шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыруы керек. Сонымен, қазіргі заман талабына сай мұғалім сыныпта «оқуға үйрететін» білім ортасын құрады. Сонымен бірге мұғалім сабаққа жоспар құрарда бұрынғыдай күнтізбелік жоспар құрмай, ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар құра отырып, оқушыға

1 - оқушы қалай оқиды?

2 - нені оқыту керек?

3 - оқыту реттілігін қалай құрылымдау керек?

4 - табысты бола білгендігіңізді қалай бағалау қажет? - деген сауалдарға жауап іздейді.

Сабақ берерде мұғалім мынаны ескереді:

Оқу ( 10 % ), аудио визуальді қабылдау (20 % ), көрсетілім (30 % ), талқылау (50 % ), тәжірибе жасау (75 % ), өзгелерді оқыту (90 % ) .

Бір сабақтың үстінде оқушыға білім беруде сегіз тезис орындалады. Сонымен бірге Александр (2004) оқытудағы әңгіме - қарым - қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, әңгіме барысында идеялар екіжақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының білім алу үрдісі алға жылжитын белсенді үдеріс деп тұжырымдайды.

Міне, біз бүгін танысып отырған «Білім берудегі Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері» осы жоғарыда айтылған ұстанымды ұстайды. Яғни, мұндағы бала өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы. Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады.

Әйгілі зерттеуші Л. С. Выготскийдің «Дәстүрлі оқыту - бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, «дамудың соңында жүрсе», жаңаша оқыту - «дамытуды өзімен бірге ала жүреді» - деген болатын. Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай, мұғалім әрқашан ізденісте болып, өзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс.

«Сабақ - оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы», -деп А. Сухомлинский айтқандай, осы жеті модульдің ішінде өзімнің пәніме тиімдісі, баланың қызығушылығын оятуы, білімін жетілдірері қайсы екен деп көп ойланғаным рас. Саралай келе әр сабақта бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды.

Сапалы білім - ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету -мұғалімнің басты міндеті екенін әр уақытта ескеремін.

ОҚО, Ордабасы ауданы,

«Тоқсансай» жалпы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Торғаутова Майра Калмаханбетовна

(ІІІ - деңгей. сертификатталған)


Ұқсас жұмыстар
Білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздері мен коучинг жоспары
Бастауыш сыныпта білім берудегі жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолданудың әдістемесі
Білім беруде Кембридж тәсілдерін қолданудың тиімділігі
Бастауыш сыныпта білім мен тәрбие берудегі өзекті мәселелер
Педагогика және психология: оқыту мен тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздері
Физика сабақтарында Кембридж теориялық оқыту тәсілдерін енгізудің кәсіби дамуға және оқушы белсенділігіне әсері
Информатиканы оқытуда кіріктіру тәсілдерінің тиімділігі
Кембридж тренерлері қолдаған wiki-беттер негізіндегі 9-сыныпқа арналған сөйлеу мәдениеті сабақ жоспары
Орта білім беретін мектепте ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық-әдістемелік негіздері
Мектепке дейінгі білім берудегі этномәдени бағыттың рөлі: эмоционалдық, тілдік және әлеуметтік дамуға ықпалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz