Оқушылардың арнайы қателерді бағалауы

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»

модулі туралы

Орындаған: ОҚО, Ордабасы ауданы,

«Тоқсансай» жалпы орта мектебі,

Бастауыш сынып мұғалімі

Торгаутова Майра Калмаханбетовна

Жоспар:

І. Кіріспе

А) «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі туралы

ә) Оқыту үшін бағалаудың білім сапасын арттырудағы ролі

ІІ. Негізгі бөлім

ә) «Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау» модулін өз тәжірибиеме енгізу

б) Оқыту үшін бағалау арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру.

в) «Қара жәшік» ішіндегі жұмысты жандандыру

г) «Блоб ағашы» тәсілінің ерекшеліктері

ІІІ. Қорытынды.

А) «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі - сапалы оқыту кепілі

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»

модулі туралы

Александердiң 2001 жылы шыққан еңбегiнде, «Сыныптағы бағалау тек қана бағалау техникалық тәсiл емес. Мұғалiмдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана обьективтi немесе жеткiлiктi дәрежеде обьективтi нормалар мен стандарттар ғана емес, оның қалай дамып келе жатқанын, өзiнiң оқу сатысынан қай баспалдағында тұрғанын анықтау мақсатында екенi айтылған деп» тұжырымдайды.

Жалпы бағалау ұғымы «жақын отыру» деген мағына бередi (МАН. 57-бет) . .

Сабақ барысында бағалау кезеңi оқушы үшiн де, мұғалiм үшiн де маңызды сәттердiң бiрi екенi сөзсiз. Оқушының бiлiмiн бағалау арқылы, оның түсiнiгiнiң қай деңгейде екенiн көруге болатын едi. Ал, қазiргi жаңа оқыту әдiстемесi, яғни оқыту үшiн бағалау модулiнiң идеясы бойынша оқушының ары қарай оқуға деген зейiнiн арттыруға, ынталандыруға, өзiнiң бағасын өзi шығаруға, өзгенi бағалауға қатыса алатыны, критерий арқылы өздерiнiң бағасын түсiнетiн және әдiл екенiн үйрететiн үдерiс екенiн Бағдарлама барысында алған теориялық бiлiмiмiздi мектепте «Екiншi бетпе-бет» кезеңiндегi iс - тәжiрибеде ұштастырғанда ғана түсiндiк. Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалаудың» ерекшелігі мен маңыздылығы мұғалімнің және оқушының іс-әрекетін бақылау, бағалау, тұжырымдауда басты рөл атқарады, себебі мұғалім оқушының жас ерекшелігін, белсенділігін, ойының ұшқырлығын, нақтылығын саралай отырып оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін, ерекшеліктерін байқайды. Оқушы өзін-өзі, жұбын, топты бағалауда өзінің, жұбының, тобының жұмысына сыни тұрғыдан қарап, саралап, талдап, «Мен үшін не маңызды? Оған қалай жеттім, жетемін? Тағы нені білуім, толықтыруым керек» деген сауалдарды қоя алады. Бағалау - одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданатын термин.

Өтiлген тақырыптарды еске түсiру арқылы жаңа тақырыпты байланыстырып, ұштастырып отыру тиiмдiрек. Мұғалiмнiң ғана емес оқушылардың да өзiндiк оқуға белсендi қатысуы қажет. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшiн бағалау нәтижелерiн ескере отырып, оқытуды өзгертудiң маңызы зор. Балалардың өзiн-өзi бағалай алуы және өздерiнiң оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсiнуi қажет. Бұл өз кезегiнде бiлiм алуға түбегейлi түрде ықпал етедi. Сондықтан да мен келешекте оқушыларды бағалауда жиынтық бағалау мен формативтi бағалауды қатар қолданамын. Бұл бағалаулар оқушыны оқу үшiн бағалауға және оқыту үшiн бағалауға тиiмдi деп ойлаймын.

Оқушылардың сабақ барысындағы iс-әрекетiн бақылау, яғни, балалардың өзара қарым-қатынасын, олардың арасында болып жатқан әңгiме барысын тыңдап, берiлген тапсырмаларды қадағалаудың өзi оқушыларды бағалау үшiн көп ақпарат беретiнiн байқадым. Осының өзiн iске асыру үшiн де әр түрлi әдiс пайдалануыма тура келдi.

«Формативтi бағалау дегенiмiз - оқушының әр сабақта, әрбiр материалды қалай меңгергендiгiн бағалау. Оқушының ағымдық деңгейiн анықтау, келесi сабақта мұғалiм ненi енгiзу керектiгiн бiлуi. Формативтi бағалауды қолдану үшiн алдымен оқушыны өзiн-өзi бағалауға үйрету керек, кейiн жұптық, топтық, критериалды бағалау түрлерiн қолдануға болады». (МАН. 56-бет)

«Критериалды бағалау - оқушылардың бiлiм жетiстiктерiн ұжыммен келiсiлген, оқу үрдiсiне қатысушыларға алдын-ала белгiлi, оқушылардың негiзгi құзыреттiлiктерiнiң қалыптасуына жағдай жасайтын, бiлiм берудiң мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негiзделген үрдiс».

Оқыту үшін бағалаудың білім сапасын

арттырудағы ролі

Дәстүрлi сабақтар барысында оқушылардың сыныптағы оқу үдерiсiне түгел қатыспайтындығы байқалатын. Күнделiктi сабақта түсiнбей қалған тақырыптар көлемi ұлғайып, үлгерiмi орташа балалар сабаққа құлықсыз қатысты. Бұл тығырықтан шығу жолын iздестiргенiммен, нәтиже көңiлге қонымсыз болды. Осы тұста Бағдарлама модульдерi оқу нәтижесiне түбегейлi өзгерiс енгiзетiнiне сенiмдiмін. Сондықтан өз сабағымның әдiстемесiн өзгерте отырып, оқушылардың пәнге деген белсендiлiгiн, қызығушылығын арттыру және бiлiм деңгейлерiн көтеру үшiн балалардың көңiлдерiне қаяу түсiрмейтiндей етiп, тапсырмаларды бағалау критерийлерi арқылы өзiн, сыныптасын, тобын дұрыс бағалай бiлуге баулу мақсатын көздедiм.

Оқытудың мәңгілік сауалы: «Нені оқыту, қалай оқыту?» күрделеніп барады. Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін міндетті түрде білім негіздерін өз еркімен үйреніп, іс-әрекетінің мақсатын, міндетін, түрін, тәсілін, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға жетуі тиіс. Біздің еліміз де әлемдегі білім саласындағы озық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы оқушыларға білім беру жұмысын арттыруда.

Мектеп жұмысы мен оқушылардың жетістіктерін өрстетуде маңызды рөл атқаратын ұстаз. Мұғалімнің шығармашылық белсенділігі ең алдымен өзінің өткізген сабағынан, іс-әрекеттерінен көрініс табады. Әрине алға жылжу үшін, алған мәліметтер мен істеген жұмыстарды саралап, қортындылап, бағалау керек. Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі ─ білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Оқушыны бағалау─ ол білімнің нәтижесі болып есептеледі. Оқушылардың сабаққа даярлығы мен қабілеті бағамен есептеледі.

Оқыту үшін бағалау - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Оқуды тиімді бағалау білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдердің барлығымен байланысты. Бағалау оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен қолдау көрсету үшін қажет.

Оқушылар алға қойған мақсатқа жету үшін, сол мақсатқа жету өлшемдерін түсінуі қажет. Бағалау - одан арғы, білім алу туралы нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин деп нұсқаулықта көрсеткен. Баланың мүмкіндігі мен жетістіктерін сенімді, әділ бағалау үшін, бағалау процесі терең зейінмен, сыныпта жасалған жаттығуларда үздіксіз жүргізілуі тиіс.

Баға - оқыту үдерісіндегі қозғаушы күш. Сыни тұрғыдан алып қарасақ, оқушылар өздерінің білімінің толығуына көмектеседі, осыған қарап біз өзіміздің жұмысымыздың нәтижесін көреміз, бұл кәсіби өсуімізге әсер етеді. Осыдан біз білім берудегі басты қозғаушы күш екенімізді естен шығармауымыз керек. Оқушыларға және олардың оқуына өзіміздің берген біліміміздің көрінісін көру үшін кәсіби өсуіміз туралы ойлануымыз керек. «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерінен озады» деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы, білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Сондықтан да мұғалім мен оқушының сапалық өсуі, үйлесімді бір мезгілде жүргенде ғана оқу-әдістемелік деңгейінде сапалық өзгерістер болады.

«Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау»

модулін өз тәжірибиеме енгізу

Оқыту үрдісінің қалай өткенін анықтау үшін формативті бағалаудың маңызы зор екені сабақ барысында үнемі байқалып отырды. Дәстүрлі үлгіден шығып, жаңа оқыту әдістерін меңгеру керектігін, сезінетін уақыт жетті.
Бұндaй өзгеpiстеpдi iске aсыpу үшiн жaңa фоpмaцияның педaгогы қaжет.
Бiлiм беpудегi ескi мaзмұнның оpнынa жaңaсы келуде. Ол - бaлaғa оқу қызметiнiң субъектiсi pетiнде жүзеге aсыpылуы оpынды. Жaңa тұлғa оқушыны дaмыту жолдapы: өзiн-өзi өзектендipу, өзiн-өзi тaну, өзiн-өзi дaмушы тұлғa pетiнде қaлыптaстыpуғa бaғыттaлғaн.
Сонымен, оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді сабақта қолдану арқылы ғана нәтижелі мақсатқа жетуге болатындығы айқындалды.
1. Жұптарда өзара бағалау. Өзара бағалаудың ең қарапайым нысаны: оқушыларға шамамен бес минут ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма беріліп, содан соң жұмыстарын алмастыру және бірін-бірі бағалау үшін жұптарға бөлуді тапсырды. Кері байланыс, әдетте, жазбаша емес, ауызша. Ол ынталандыру нысанында ұсынылуға тиіс екені ескертілді.

Оқушылар өздерінің сыныптастарының жұмыстарын мұғалім ұсынатын бағалау жүйесін қоса алғанда, «жауаптар үлгілері» немесе «дайын шешімдер» арқылы бағалайды. .

2. Топтардағы өзара бағалау
Оқушылар топтарға бөлінген кезде олардың достық қарым-қатынаста болмағаны жақсы. Топтыжұмыс кезінде олар талқылайды және төмендегіге қатысты келісімге келуге тырысады:
Қандай әдіс, жұмыс стилі, негіздеме және жауап және т. с. с. жақсы және неліктен?
3. Оқушылардың арнайы қателерді бағалауы
Бұл жоғарыда сипатталған үлгілерді оқушылардың түсіндіру нұсқаларының бірі болып табылады және көп жағдайда олардан кейін бірден орындалады.
Оқушылар жұптарға бөлінеді.
Оқушыларға арнайы қателері бар дайын жауаптар жинағы ұсынылады.
Оқушылар бір нәрсені қалай түсіндіретінін, бір нәрсені қалай бағалайтынын тыңдаңыз, бірақ араласпаңыз. Бұл сізге ауыр тиетіндігіне қарамастан, сіз үшін құнды, сондай-ақ, оқушыларыңыздың түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Оқушылар сыныптастарымен сұрақтарды талқылауда, бірін-бірі бағалау немесе өзін-өзі бағалауда өте белсенді болмаса да, олармен жұмысты тоқтатпау керек. Бұл оларға осы мәселеге қатысты көбірек жаттығуға мүмкіндік береді. Оқыту үшiн бaғaлaу тәсілін тәжipибеде қолдaнудaғы бipiншi бaсымдық оқушылapдың оқуынa көмектесу мaқсaтынa бaғындыpу болып тaбылaды. .
Оқыту үшін бағалау арқылы оқушылардың

оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалiм оқушының тақырыптың мәнiн өз бетiмен меңгеруiн түсiнуi мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсiл бұл үдерiске оқушының өзiнiң де қатысуын талап етедi. Осылайша, оқушы да өзiнiң оқуы үшiн жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершiлiктi көбiне сабақ беру барысында мұғалiм қалыптастыратын ортада сезiнiп, қабылдайды. Сондықтан мұғалiмде Шульман «мұғалiмнiң үш көмекшiсi» ( Шульман, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады.

Бiлiктiлiктi арттыру бағдарламасының негiзгi мазмұны сабақта жетi модулдi ықпалдастыра отырып, функционалдық сауатты тұлға қалыптастыруға негiзделген. Модульдердiң жетеуi де оқу барысында бiр-бiрiн толықтыра отырып, тығыз байланыста болады. Соның ішінде «Оқу үшiн бағалау және оқуды бағалау» модулiн сабақта қалай қолдануға болады туралы айтқым келеді.

Сонымен қатар оқытуды жақсартатын бес басты факторға сүйендiм. Олар:

1. Оқушылармен тиiмдi керi байланысты қамтамасыз ету;

2. Оқушылардың өзiндiк оқуға белсендi қатысуы;

3. Бағалау нәтижелерiн ескере отырып, оқытуды өзгерту;

4. Бағалаудың оқушылардың өзiн -өзi бағалауы мен қызығушылығына едәуiр ықпал ететiндiгiн мойындау, бұл өз кезегiнде бiлiм алуға түбегейлi түрде ықпал етедi.

5. Оқушылардың өздерiн -өздерi бағалай алуы және өздерiнiң оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсiнудiң қажеттiлiгi.

Бағалау әдiл болу үшiн оқушылармен бiрлесе отырып бағалау критерийлерiн жасап алу керек. Оқушының әрбiр жауабы, ұсынысы, идеясы, шешiмi құнды болып есептелетiнiн және бағаланатынын ескерту керек. Әр сабақта жаңа тақырыпты өздерi оқып, жұбымен, одан соң топта талдап, мысалдар келтiредi. Топта әрқайсысы өз ойын, идеясын ортаға салып, шешiм қабылдауды үйренедi. Бұл жерде Барнстың «Оқыту мұғалiмдi селқос тыңдағанда емес, сөйлеу, талдау, дәлелдеу нәтижесiнде iске асады» деген пiкiрiн басшылыққа алдым.

Бағалау оқушы өзiнiң қандай сатыда тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажеттi деңгейге қалай жету керек екендiгiн анықтау үшiн керек үдерiс. Оқыту үшiн бағалау және оқуды бағалау -бiлiм сапасының нәтижесi, яғни көрсеткiшi.

Осыған байланысты бағдарлама критерийлi бағалау тәсiлдерiн де қарастырады. Мен өз тәжiрибемде қалыптастырушы бағалаудың бiрнеше түрiн қолданамын. Алғашқы сабақтар топтамасынан-ақ мен оқушыларды бiр-бiрiн «Екi жұлдыз, бiр тілек» арқылы бағалауын ұсындым. . Бұл бағалауды қолданғандағы менiң ең негiзгi мақсатым-өзгенi бағалау арқылы өзiнде жоқты табу немесе өзгенiң жетiстiгi арқылы өз кемшiлiгiн тауып, оны түзетуге


Ұқсас жұмыстар
Айгөлек әні Б. Байқадамов
<<оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау>> модулі бойынша <<қалыптастырушы (формативті) оқыту әдістері>>
Күрес тәсілдері
Болымсыз етістікті табасыңдар
Омж 11 класс
Шаңғы
Тірек сөздер өзектендіру
Оқушылардың мазмұндама мен шығарма жұмыстарынан жіберген қателерін түзету жолдары
Баскетбол Допты алып жүру, допты екі қолмен кеудеден беру және қағып алу
Файл және оны баптау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz