Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Практикалық тапсырмалар орындау

Қостанай қаласы, С. Мәуленов атындағы гимназияның информатика пәні мұғалімі: Ермағамбетова Ұлдықыз Төлегенқызы

6 сынып " Көрмелерді безендіруде графикалық файлдармен жұмыс"
Рефлексивті есеп.
Өтілген сабақтарымда АКТ ні сауатты пайдалануға көп көңіл бөлемін. Жүргізген сабағымның тақырыбы: " Көрмелерді безендіруде графикалық файлдармен жұмыс" Сабақты оқушыларды түгендеу сабаққа назарын аударудан бастадым. Қызығушылығын арттыру мақсатында, бір- біріне жақсы көңіл күй айтудан , жылы атмосфера орнатудан бастадым. Үй тапсырмасын сұрамас бұрын молекулалар қозғалысы арқылы музыкамен билетіп, топқа бөлдім. Сабақ жоспарын <<БЛУМ>> таксономиясы бойынша құрастырдым. Топ басшыларын санамақ ойыны арқылы белгіледім. Бағалау парақшалары үлестірілді. Бағалау критерилері оқушылармен бірлесіп құрастырылды.
1-<>
2-топ <>
3-топ <>
Уақыт белгіленіп , осы тақырыпты толық мүмкіндіктерінше ашу, ғаламтор желісін пайдалануға болатыны ескерілді.
Информатика сабағы 45 минут компьютерде жұмыс істеу емес, сөйлеу, талдау, анықтау арқылы теорияда алаған білімді практикада ұштастыратынын ескерді. Бірлесе жасалған критерийлер бойынша оқушылар өз жұмыстарын бақылауы олардың білімдерін шыңдауға көп ықпал етті, ынталанды деп айтар едім. Қазір тапсырманы орындамас бұрын , қалай талдайды, қалай ізденеді, сол арқылы тапсырманы орындауына назар аударып, бақыладым. Сол кезде оқушылардың ерекшеліктері өз- өзінен айқын көрінеді. АКТ пайдалану оқушылардың қызығушылығын арттырады, тақырыпты түсінбесе де компьютерде жұмыс жасауға әуестенеді. Бұл балалардың қалыптасқан дағдысы, соны қазіргі заман талабына сай басқаша ұсыныстар, әдіс- тәсілдер арқылы қайта қарау керектігін мойындап отырмыз.
Жас ерекшеліктеріне байланысты АКТ пайдалану уақыты, нәтижелілігі, мінез құлқы сияқты проблемаларға назар аударғанымыз жөн. Өткізген сабақтарымда таңдап алынған жоғарғы деңгейдегі Зарина тапсырмаларды орындау барысында көшбасшылық рөлін көрсетсе, орташа деңгейдегі А топпен жұмыс жасап отырғанда сабақты талдағанда өз ойын айтып қосылып отырды, бірақ компьютерде практикалық тапсырмаларды орындауда керісінше көшбасшылық рөлді алған сияқты. Төменгі деңгейдегі В да топпен жұмыс жасап отырғанда өзге оқушылардың ойына араласып, тек тыңдап отырса, компьютерде тапсырмаларды орындағанда өзге оқушылардан көмек сұраса да тапсырманы орындап шықты. Бұл көрініс мені қуантты. Орташа деңгейде оқитын С теория жағынан толық түсінбесе де, компьютерді пайдалану жағы мықты екені байқалды. Қазіргі заманғы ерте жастан компьютерді пайдалануы, және тек ойыншық ретінде пайдаланса да меңгергені көрінеді. Сондықтан да бағалау критерийлері бойынша өз жұмыстарын бағалау дұрыс бағалау болып табылады. Информатика сабақтарда компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану арқылы дарынды оқушылар қалай жұмыс істейтіні айқындалады. Үй тапсырмасын ашуда көп оқушылар кітаппен ғана шектелсе, С, Г оқушылар ғаламтор желісінде қалай жазылғанын салыстыра алатыны айқын көрінді. Сондықтан да дарынды оқушыларға күрделі, ынталандыратын тапсырмалар көбірек беруге тырысу керек. Ол өз бетінше ізденіп, жұмыстар жасайды. Орта деңгейдегі оқушы практикада компьютермен жұмыс жасау, дұрыс түсініп жасау үшін әлде де көп теориялық білім алу керектігі айқындалады. АКТ пайдалану оқушылардың оқуын жақсарта ма және ол сабақта қойылған оқыту мен оқу мақсатына жетуге көмектесе ме? Деген сұраққа әрине көп көмектеседі, егер оны тимді, сауатты пайдалана алса, уақытты үнемдесе, барлық ережелерді, тәртіпті сақтаса мақсаттарымызға жетер едік деп ойлаймын. Сабақтарда оқушылардың белсенділігін арттыру үшін, топпен жұмыс жасау, бір- бірімен ынтымақтасу, сөйлесу, үйрету, оқыту арқылы теориялық және практикалық тапсырмаларды жетік орындауға болатынына көз жеткіздім. Осы тақырыптарды ашқаннан кейін бүгінгі сабақтың мақсатын аша отырып, жаңа сабақты байланыстырдым. Негізгі ережелерді дәптерге жазғызып, оқушылардың файл, бума, ярлык дегеніміз не? Буманың қажеттілігі қандай деген сұрақтар қойып, оқушыларды онан әрі сөйлетіп, білімдерін шыңдауға тырыстым. Содан кейін, оқушыларға топпен жұмыс бердім. Оқулыты оқиды Джиксо әдісі
Бір- біріне түсіндіреді, талдайды, ақылдасады, топтың бір мүшесі қалған топқа барып түсіндіреді
Бір- бірін тексереді бағалайды

Жеке жұмыс
Сабақты бекіту. Практикалық тапсырмалар орындау
А деңгейі
1. power point бағдарламасын ашу
2. Жұмыс үстелінде сақтап қойыңдар
3. Құрылған жарлықтардың аттарын ауыстырыңдар
4. Құрылған бір жарлықты Қоржынға апарыңдар
5. Жарлықтарды жойыңдар
В деңгейі
1. 3 слайдтан тұратын презентация құрыңдар
2. Презентациның түсін, түрін өзгертіңдер
3. Ауысу, шығу жолдарын түрлендіріңдер
4. 3 жолдан, 4 бағаннан тұратын кесте енгізіңдер
5. сурет орналастырыңыз
6. Суреттің жиегін, орналасуын өзгертіңізер

С деңгейі
1. Белгілі бір тақырыпты таңдаңыз
2. Оны 5 слайдқа орналастырыңыз
3. Фонын, безендіріңіз
4. Экранға шығу жолдарын өзгертіңіз
5. Дыбыс қосыңыз
6.Сақтаңыз
Теорияда алған білімді практикада жалғастыру барысында оқушылардың белсенділіктерін байқадым. Мұнда байқағаным әлі де оқушылардың теориялық сабаққа белсенді араласа алмай отырған оқушылардың практикада жақсы жұмыс істейтінін байқаймын. Мұнымен айтарым , оқушыларға топпен жұмыс жасау, диалогті пайдалану оқушыларды онан әрі ашуға көмектесері ақиқат.
Сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларды жақсы меңгерген, өз ойын айта алатын, белсенді құзырлылық танытатын оқушыларды тәрбиелеуге қол жеткізу. Осы бағытта жұмыс жасау сабақтарымызда АКТ тиімділігін сауатты пайдалану, қалай пайдалану, қай кезде пайдалану, оқушылардың ынтасын арттыру үшін
өз ережесімен пайдалану арқылы, құрастырылған сабақта қалай пайдалану туралы, дарынды, белсенді, АКТ жақсы білетін сауатты жеке тұлғаны тәрбиелеу арқылы табысқа қол жеткізуге болады деп ойлаймын.

Ұқсас жұмыстар
Тапсырмаларды тапсырмалар орындау
Paint графикалық редакторының қызметі
7.1.Процент
Реакция теңдеулері
5-сынып математика пәнінен орта мерзімді жоспар
Оқушының сабаққа
5 сынып - Математика - жылдық жоспар
Натурал сандарға амалдар қолдануға есептер шығару
«слайдтағы объектілерге басқару батырмаларын қолдану»
Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер.Үзінділерді белгілеуді және олармен әр түрлі әрекеттерді орындауды
Пәндер