Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
<<Өзін - өзі тану>> - адамға өзін - өзі танып білуге, бойындағы жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің қағидаларына қарсы келмеуге, өз бойындағы құндылықтарын сақтауға және нағыз адам болып қалуға көмектеседі. Нақты айтқанда, барлық адамзат тарихы үнемі үзіліссіз жүріп жататын рухани - адамгершіліктің өзін - өзі жетілдіру жолдары.
Назарбаева Сара Алпысқызы
Өмірдің мағынасы - ол адамның санасындағы субьективті ең маңызды құндылық және оның мінез-құлқының басты реттеушісіне айналған құндылық. Адам дамуының шыңы - осы процесте өз денсаулығының белгісі бойынша адам организімінің, құратын қатынастардың адамгершілік нормаларға сәйкестілік белгісі бойынша тұлғаның еңбектегі және қарым-қатынастағы, сондай-ақ қоршаған орта мен өзін-өзі танудағы сәттіліктер белгісі бойынша іс-әрекет субьектісі ретіндегі қабілеттерінің жететін ең жоғарғы көрсеткіші. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасу, басқалармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу - баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие болған адам қоғамда өз орынын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі - өзін-өзі тану.
<<Өзін-өзі>> тану қазіргі таңда ғылыми жаңа бағыт болып табылады. Оның стратегиялық бағдары, тұлға болып қалыптасуы, дүние жүзілік көзқарасын кеңейту, әлеуметтік - экономикалық тапсырмаларды, күнделікті өмірдегі көкейкесті мәселелерді шешу, қарым-қатынас жасауға тағы басқа бағытталған.
Тұлғаның өзін-өзі тануының негізгі құрамдас бөліктерін эксперименттік түрде анықтау мақсатымен оның төрт негізгі аумағын және олардың параметрлерін бөліп қарастырсақ, оларды төмендегідей көрсетуге болады.
1. Тұлғаның мотивациялық аумағы: мінез-құлықтың және іс-әрекеттің мотивтері, әлеуметтік қажеттіліктер.
2. Белсенділік аумағы: интерналдылық, инициативтілік, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі таныту.
3. Тұлғаның құндылықтық-мағыналық аумағы: құндылықтық бағдарлар, өмірдің мағынасы мен мақсаттары.
4. Тұлғаның этникалық өзіндік санасының аумағы - этникалық жаңсақ нанымдардың негізінде қалыптасатын этномәдени сәйкестілік.[1, б. 90].
Өзiн-өзi тану сияқты күрделi психологиялық феноменнiң мазмұнына қатысты әр-түрлi көзқарастар бар. Тұлғаның өзiн-өзi тану теориясының негiзiн салушы К. Маслоудың анықтамасы бойынша, өзiн-өзi танып білуі - адамның өзiнiң барлық тұлғалық мүмкiндiктерi мен шығармашылық қабiлеттерiн толық ашуға және дамытуға үздiксiз ұмтылысы[2, б. 45].
Өзiн-өзi танудың ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, психологияда кеңiнен ашылып көрсетiледi:
- өзiн-өзi тану - психологиялық кемелдi және iшкi үйлесiмдiлiктi қабылдау құралы.
- өзiн-өзi тану - тұлғаның психикалық және психологиялық денсаулықты қабылдау жағдайы.
- өзiн-өзi тану - тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр жолы және оның жүзеге асырылуы. Бұл мәндер өзара тығыз байланыста болып келедi және олар бiр-бiрiн толықтырып отырады.[6, б. 9-10].
Гештальттерапияда өзін-өзі тану адамның тұлғалық кемелге жетудегі жетістік құралы ретінде қарастырылады. Неміс психологы Ф. Перлз тұлғалық кемел сапасындағы көрсеткішін мынандай түрге бөліп көрсетеді.
1. Басқаларға емес, өзіне демеулік, көмек көрсете алу.
2. Жауапкершілікті өз мойнына алу.
3. Қиын жағдайда өзіндік ресурсын жеделдету.
4. Дағдарыстан шығу үшін тәуекелге бару[6, б. 23].
Гуманистік психологияда өзін-өзі тану тұлғаның өзіндік даму жағдайымен, өзін-өзі жетілдірумен қарастырылады. Бұл бағыттың өкілі американдық ғалым К. Роджерс адам құрамын реалды <<Мен>> және идеалды <<Мен>> деп бөліп көрсетеді, ал адам өміріне әсерін тигізетін әлеуметтік ортаны қосымша етіп алады.
Реалды <<Мен>> - өзі туралы ой, сезімі, талпынысы тағы солсияқты елестету жүйесі.
Идеалды <<Мен>>- адам болашақта қандай болғысы келетiнi, терең ойлауы мен өзiнiң тәжiрибесi.
Әлеуметтік орта - бұл басқа адамдардың баға беруi (адамның құндылығы, көзқарасы, iс-әрекетi, нормасы тағы сол сияқты).
Реалды <<мен>> және идеалды мен өзара сәйкес келмеуi мазасыздықты, әрекеттiң бейiмделе алмауы, әртүрлi психологиялық мәселелер туындайды.
Сонымен, В.Г. Маралов бойынша өзiн-өзi тану - өзiндiк тәжiрибенi меңгеру құралы: адам өзiн-өзiн тануда тұлғалық өсу қабiлетiн, өзiн-өзi жетiлдiру, өмiр қуанышын сезiну, өмiр мәнiн түсiне алуы. Өзiн-өзi танудың мәнi позитивтi және негативтi болып екiге бөлiнедi.
Позитивтi мәнi - кез келген жұмыс жағдайы, белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн, жұмыс сәттi болу үшiн талаптың қойылуы, қарым-қатынасты нығайтуда, өз мүмкiншiлiгiн арттыру және бұл қасиеттердi адам өз бойынан тануы.
Негативтi мәнi - өзi жайлы жақсы танып бiле алмағандықтан, адам күштi және әлсiз жақтарын мұттәйiм мақсатта қолдануы, өз амбициясын, өз талаптарын қанағаттандыру тағы басқа.
Психологияда өзін-өзі тану саласын алғаш атап көрсеткен американдық психолог У. Джеймс. Сыртқы дүние арқылы өзiн-өзi тану - қарым-қатынаста, iс-әрекеттi орындауда өз қылығын бағалау, өз мүмкiншiлiгiн және қабiлеттiлiгiн көрсете алу. Iшкi дүние арқылы өзiн-өзi тану - уайымдау, сезiм, арман, ой, қалау тағы сол сияқты iшкi дүниенi сыртқа шығарып, тану үшiн қызықты жұмыспен шұғылдану абзал. [6, б.15].
Қорыта айтқанда, өзін-өзі тану - бұл өзін тану мен тұлғалық, интеллектуалдылық ерекшеліктері және қасиеттері, басқа адамдармен қарым-қатынас , өз бойынан белгілі бір қасиеттерді қабылдау процесі.
Өзін-өзі тану өзіндік сана құрылым компонент ретінде әрекет етеді. Өзін-өзі тану аймағына және саласына сана, бейсана, адамның сыртқы және ішкі дүниесіндегі әрекет, тұлғаның позитивті сәйкестілігінің қалыптасуы, оның өзін-өзі тануына қолайлы жағдайлар тудырып, өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал етеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Абульханова К.А. Психология и самосознания личности / К.А. Абульханова. - М: Московский психолого-социальный институт. 1999. -224 с.
2. Зейгарник Б.В. Теории личности в зарубежной психологии./ Б.В. Зейгарник - М.: Изд-во Моск. Ун-та, 1982. - 179 с.
3. Немов. Р.С. Практическая психология. / Р.С. Немов. Познай себя, -М., 1999. - 378 с.
4. Кондратьева С.В. Межличностные понимание и его роль в общении: Автореферат. дис. ... докт. психол. наук. - Л., 1979. - 36 с.
5. Десен Л.Н. Некоторые социально-психические особенности школьников юнешеского возраста // Вопросы психологии. 1973. № 2. 99 - 104 с.
6. Маралов В.Г. Основы самопознания и саморазвития. / В.Г. Маралов - М.: Издательский центр <<Академия>>, 2002. - 256 с.
7. Майерс Д. Социальная психология / Д. Майерс. -Спб: Питер, 1999. - 637 с.
8. Джакупов С.М. Экспериментальные исследовния этнических предубеждений // Теоретические и прикладные проблемы социолизации личности: Межвузовский сборник научных трудов. Часть ІІІ. / Под.ред. С.М. Джакупов. - Алматы, 2002. -162 с.
9. Бодалев А.А. О смысле жизни человека, его акме и взаимосвязи между ними // Мир психологии, 2001. № 2.- 54-58 с.
10. Столин В.В. Познание себя и отношение к себе в структуре самосознания личности: Автореф. дис. ... / В.В. Столин. -М., 1985. - 37 с.
11. Орлов Ю.М. Самопознания и самовоспитание характера / Ю.М. Орлов. -М: Просвещение. 1987. - 101 с.
12. Психология. Учебник. / Под редакцией А.А.Крылова. -М: ПБОЮЛ, 2001. - 584 с.
13. Крогус Н.В. Взаимообусловленность познания людьми друг друга и самопознания в конфликтной деятельности // Психология межличностного познания. -М., 1981. - 66-80 с.
14. Кондратьева С.В, Галузо П.Р. Влияние понимания своих учителей на характер общения подросков / Общения и развитие психики. - М., 1988. 116-123 с.
15. Лоренц К. Агрессия: так называемое зло / К. Лоренц, - М., 1994. - 257 с.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz