Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы

5 сыныпқа арналған <<Информатика және біз...!>> атты сыныптан тыс сайыс
Сыныбы
5 <<а,ә>>
Пәні
Информатика
Сайыстың аты
Информатика және біз...!
Жалпы мақсаты
Оқушылардың информатика пәніне қызығушылықтарын арттыру, білім деңгейін көтеру, сабақта алған білімдерін бекіту.
* Сілтеме
Интерактивті тақта, слайдтағы тапсырмалар.
* Нәтижелері
+ Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады.
Негізгі идеялар
Топтық жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады.
Тапсырма көздері
1. Ұйымдастыру
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі <<Информатика және біз...!>> сайысымызға қош келдіңіздер!
2. Сайыс шарттарымен таныстыру
1. Таныстыру (топтар өздерін таныстырады)
2. Сұраққа жауап (ия, жоқ деп жауап беру арқылы)
3. Жұмбақ шешу
4. <<Аукцион>> топ басшылары сайысы
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.
1. Таныстыру
1-топ <<Интернет>>
2-топ <<Компьютер>>
2. Сұраққа жауап (1 сұрақ 10 ұпай)
1топ.
1. <<Ақпарат>> сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
9. Графикалық редактор- графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа. (ия)
10. Компьютердің үстіне кітап, дәптер және т.б. заттар қояға болады. (жоқ)
2 топ.
1. <<Информатика>> пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
2. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
3. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
4. Модем - компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. (ия)
5. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
6. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
7. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
8. Көзден экранға дейінгі арақашықтық 55-65см (ия)
9. Файл-байттардың әлдебір атауы бар тізбегі. (ия)
10. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі-бит (ия)

3. Жұмбақ шешу (ұяшықтарды таңдау арқылы ұпай жиналады 5,10,15)
Келесі кезеңді бастайық,
Ұяшықтарды ашайық.
Асығыстық қылмаймыз,
Ұпайларды жинаймыз.
5-ұпай.Санға қосып, алсаң,
Сол санның өзі шығады.
Санды оған бөлуге болмайтынын
Математиктер ұғады.
Көп адамдар сол санға
Шекесінен қараған
Сан өсін қақ бөлуге
Сол саныңыз жараған.(нөл)
10-ұпай.Бұтақ орнында мың бір инесі бар,
Компьютер жанын мекендейді. (кактус)
15-ұпай.Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол негізі,
Дәл жауапты қостадым. (шеңбер)
15-ұпай.Ақпаратты қағаздағы
Компьютерге енгізеді.
Егер білсең айта ғойшы,
Бұл қандай құрылғы.(сканер)
5-ұпай. Биологияда бұл паразит
Көзге зор көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды ол өлшер. (бит)
10-ұпай.Ұзынтұра жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды.(бос орын, пробел)
5-ұпай.Түзудің бір бөлігі
Екі шеткі нүкте көрігі
Ұзындығы және бар
Айтшы сыйлық сенікі (кесінді)
10-ұпай.Бар құрылғыны басқаратын,
кеудесін көтеріп қасқаятын ми. (процессор)
15-ұпай. Бос тор ұпай алмайды.
4. Сергіту сәті (Көңілді күн)
5. Аукцион (10,20,50 т.б. теңгеге суреттер сатып алып, сөйлету) топбасшылар
Шыңда тұрған шынардай арманы бар,
Өнерлерін көрсетті ұл мен қыздар.
Ең соңғы кезеңге келіп жеттік,
Ойланып отырғанды таңқалдырар.

-ақпаратты тасымалдайтын құрылғы

-вирусқа қарсы программа

-дыбыстарды шығаруға арналған құрылғы

oo Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)

-қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3)

Бағалау
Өрбітіп ойлар ойда қала берер,
Білім сана толастап жана берер.
Әділқазыларды ортаға шақырайық,
Сайыста әділ ғып баға берер-деп әділ қазылар алқасына сөз кезегін береміз.
Әділқазылар бағалау парақшалары арқылы бағалап, жеңімпаз топты анықтайды
Кері байланыс
Бүгінгі сайыстан алған әсерлеріміз (ұнады, ұнамады.)
Түпқараған ауданы
Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жубауова Алтынгул Кожагелдиевна

Ұқсас жұмыстар
Компьютерлер қандай құрылғы
"Дербес компьютер. компьютердің құрылғылары."
Пернетақта - компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы
Компьютер құрылымы
Дербес компьютер. Компьютердің құрылғылары жайлы ақпарат
Дербес компьютердің құрылғылары
Мауыстың негізгі батырмасын ата
Ең үздік информатик интеллектуалды ойыны
Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы
Компьютердің қосымша құрылғылары. 7 сынып
Пәндер