Шығармашылық жұмыстың түрлері

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы №15 орта мектебі
Жармұханбетова Жанат Байсейтовна

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Кіріспе

Қазіргі таңда еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеу бағытындағы білім беру мәселесі- мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Осы ұстанымға жетудің бірден- бір жолы: әлемдік білім кеңістігінен орын алу, өркенитетті, қуатты елдер қатарына қосылу болып табылады. Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып білім сапасын арттыру, сондай- ақ рухани жан дүниесі бай, жан- жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу- осы ұстанымдардан туып тұрған өзекті мәселелердің бірі.

Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Қазақстан Республикасы” Білім туралы ” Заңында”Білім беру жүйесінің баты міндеті- жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау, интеллектін байыту”деп атап көрсетеді. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғы шарт жасауы керек деген қағида берік орнықты.

Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаты- баланың білім беру кезіндегі ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту.

Шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі қай кезде де ойшылдармен ғалымдардың назарындағы нысан болып келеді. Психологтар шығармашылық қабілетті дамытуды- тұлғаны дамытудың ең басты тетіктердің бірі ретінде қарастырды, өйткені шығармашылық іс- әрекеттің нәтижесі оның қайталанбайтындығымен, бірегейлігімен ерекшеленеді. [3]

Шығармашылық қабілет әр оқушының табиғатында болуы мүмкін. Менің міндетім - оқушы бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Сондықтанда осы тақырыпты таңдап алдым.

Мақсаты: Оқушы шығармашылығын дамытуда оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырып, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Міндеті:Оқушы қабілеті мен әрекетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету, шығармашылық жұмыстар жүргізе отырып, ізденімпаздықпен іскерлігін жетілдіру. шығармашылыққа арналған тапсырмалар арқылы балалардың қызығушылығын, тапқырлық, ұстамдылық әрекеттерін, ойын ұштай келе, қиялын дамытып, баланы өз бетімен жұмыс істеуге икемдеу.

Жұмысты жүргізу әдістері:

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың дидактикалық әдістері:

  • Стрела әдісі:

Әртүрлі тапсырмалар беру, диолог, шағын әңгіме құрастыру оқушының танымдық білімін толықтыру.

  • Бумеранг әдісі:

Рольдік ойындар құрастыру, іскерлік ойындар ұйымдастыру, оқушының зейін- зердесін танымдық мәнге аудару.

  • Лоскутная:

Жоғарғы сынып оқушылармен әр түрлі тақырыпта жарнамалық роликтер ұйымдастыру.

  • Бейне диктант:

Оқушы орфографиялық, грамматикалық қатесіз жазуға өз бетімен жеке жұмыс істеуге талпындыру.

  • Ынталандыру және әсерлендіру әдісі:

Сөз қолданыстағы жауапкершілікті сезіну. Аудиовизуалдық танымды меңгеріп, оны тұтына білуге жаттығу, сөздіктерді пайдалана білу.

  • Оқытудағы практикалық әдістер:

Мәтінді рөлдерге бөліп оқу, диолог. мәтін бойынша пікірлесу. Өзіндік таным түсінігін айтып беруге жаттығу. Сөздіктерді пайдалана білу.

  • Сыныптан тыс -жұмыстарды өткізу әдістері:

Үйірмелер, кездесулер, конкурстар, конференция, олимпиадаларды ұйымдастыру.

  • Оқытудағы индуктивтік және дедуктивтік әдістері:

Дараны жалпыға, жалпыны дараға келтіріп талдауды оқушының қызығушылығына үйлесімді болуына мән бере отырып жүргізу.

  • Проблеманы оқушыға шешкізу, оларды өздігінен ізденуге бағдарлау:

Оқушыны өздігінен ізденіп, өздігінен ойлантып пайымдау жасату, зерттеушілік тұрғыдағы ой тұжырымдамасын жасай білуге бейімдеу.

  • Оқытудағы белсенділік және интенсивтік әдістер:

Техникалық пайдалану, түрлі ойындар мен шығармашылыққа бейімдеу, интенсивтендіруде суггестиялық жолды жүзеге асыру. [25]

1. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ол өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.

Баланы ізденушілікке баулу оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.

Зерттеу-ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір объект жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген объектімен танысу. Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру мен өзгерту бағытында болуы мүмкін. Оқушылардың өзгерту таным әрекеті «зерттеу» деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары дамыған балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни мұндай оқытуды бала өзі басқарады, өзі анықтайды, өзі жүзеге асырады. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашады. Баланың жүріс-тұрысындағы әрекеттер процесінде оның тұлғалық қасиеттері қалыптасады. Тұлғаның қасиеті, жүріс-тұрысы қоғамдық қатынастармен, жалпы адамзаттың құндылықтарымен бірге қарастырылады. Сонымен қатар әрбір адам ортасына деген көзқарасы мен әрекетіне қарай бір-бірінен өзгешеленеді. Адамның айналасын танып білуде жануардан айырмашылығы ортаға бейімделуінде емес, оған шығармашылықпен қарауында. Шығармашылық-зерттеу тәртібінің маңызды сиппаттамасы. Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өмірге қол жеткізуінде, екінші жағынан ізденіс процесінің мәнділігінде. Адам шығармашылық нәтижесінде ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззәт алуға қабілетті. [23]

Зерттеу мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана емес, сондай‑ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Шығармашылық ізденушілік кез келген кәсіппен тікелей байланысты. Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Бұл пікірді Абайдың жетінші қара сөзіндегі:«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біріншісі-ішсем, жесем, ұйықтасам» деп туады. Екіншісі - көрсем, білсем деп, ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, ол неге үйтеді, бұл неге бүйтеді деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін, тыныштық көрмейді, - деген ой- тұжырымды растайды.

Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет. «Зерттеу» түсінігі энциклопедиясында «жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі» деп түсіндіріледі. Балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының басымдылығымен түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес өзі ашады.

Шығамаршылық‑зерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы. Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өнімге қол жеткізуінде, екінші жағынан, ізденіс процесінің мәнділігінде. Адам шығармашылық нәтижесінде ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззәт алуға қабілетті. [9] Елімізде шығармашылықтың дамуы туралы арнайы зерттеп жұмыстарын жазған психолог - ғалымдар Т. Тәжібаев, Ж. Аймауытов, Қ. Рахымбаева, С. Бердібаева, Б. Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады.

Психологиялық сөздікте «Шығармашылық іс- әрекет нәтижесінде жаңа материалдық және тарихи құбылыс болып саналатын шығармашылықтың психологиялық аспектісі де бар: жекелік және үрдістік. Бұл жеке тұлға нәтижесінде өзінің жаңалығымен, бөлектілігімен ерекшеленетін өнім шығаруға қажетті қабілеттердің, білімнің, икемділіктің және дағдылардың болуын талап етеді» деп берілген.

Л. Выготский «Шығармашылық деп жаңалық ойлап табатын іс- әрекетті атаған. » Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я. Понамеров оны даму ұғымымен қатар қояды.

Шығармашылық сөзінің түп төркініне орыс ғалым М. Поташник былай анықтама береді:

-жаңа өнім жасау немесе бұрынғы өнімді жаңалап жетілдіру;

-іс- әрекеттегі қайталанбайтын, өзгеде жоқ, нәтижелі өнім.

1. 2. Психологтар соңғы жылдары адам бойындағы дарындылықтың екі түрін бөліп көрсетті. Оның бірі «туа біткен» данышпан деп, ал екіншісінің өкілін «келе-келе қалыптасқан» данышпан деп атау негізге алынған екен. «Туа қалыптасқан» данышпандар өз туындыларына керемет қабілеттілік та-

нытқан. Ал «келе - келе қалыптасқан» данышпандардың ең үлкен қасиеті- қажымайтын жігер, білуге деген құштарлық, өз-өзіне қоятын қатаң талаптың болуы екен.

Мектеп қабырғасында кемеңгерлер жақсы да, жаман да оқиды. Ал адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты - табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену. Демек, табиғи таланттарды ашу, жас талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет не? Ол міндет - оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін жан аямай еңбек ету. [16]

Психологтардың зерттеуі әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады дегенді айтады. Сондықтан баланы сәби кезінен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі түрде шығармашылыққа баулып, ақыл - ойын, икемділігін дамыту қажет. Орта буынды шығармашылық мүмкіндігі зор, шығармашылықпен тұрақты, белсенді айналысуға икемді жас деуге болады. Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік - баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни педагогтің психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ: «сенің қолыңнан бәрі келеді», «сен қабілеттісің», «жаз», «үйрен» деп баланың еркін билеп, сенім білдіру; оқушының кішкентай жетістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу; шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту; оқушының қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беру, олардың психологиялық еркіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді педагог білу керек. Шығармашылықты тежейтін бірнеше кедергі бар: біреулер «жаза алмаймын, қолымнан келмейді» деп өздерін үрейге, қорқынышқа билетсе, екінші бала өз жазғанына өзі қанағаттанбайды; ал үшінші біреу -жасқаншақ немесе ұяңдықтың кесірінен өз талантын танытуға енжар болады; төртіншісі жалқаулыққа жеңдіреді. Міне осындай кедергілердің алдын алып, баланың талабын ұштау ұстазға байланысты.

1. 3 Шығармашылық- бүкіл болмыстың, қозғалыстың дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршілік көзі. Қазіргі педагогика ғылымында оқушы шығармашылығына бағыт- бағдар беру мәселесі кеңінен көтерілуде. Оқушы шығармашылығын дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды.

Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық және жеке адамның шығармашылығы арқылы жеттік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткізген жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс- әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға ие болады. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында да зеріттеліп келеді. Шығармашылық педагогикасының мақсаты- бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдармен жаңа шешімдер іздестіру болып табылады. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін таңдау ең алдымен «қабілет»ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Қабілеттің екі түрі бар:

  1. Репродуктивті-іс- әрекетті, білім берілген үлгі бойынша қабылдай алу

деңгейі.

  1. Шығармашылық- жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. «Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «ойлап табу»дегенді білдіреді. демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Ол үшін мұғалімнің өзі де шығармашылықпен тұрақты айналысып, дәуір көшінің өзгерістеріне ілесе алатын болуы тиіс десек, мұғалім- бақылаушы емес, бағалаушыда емес, танымдық іс- әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы.
  1. Шығармашылық жұмыстың түрлері.

Шығармашылық оқушыға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Жаңаны жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты оқушы үшін шабыт баспалдағы болмақ. Сабақ беру үрдісінде шәкірттерді шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы зор. Жазба жұмыстар олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасын, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу тәрізді жекелік қасиеттері байқалып тұруы қажет деп ойлаймын.

  1. Шығармашылық жазба жұмыстары -тіл дамыту жұмыстарының бір түрі. Жазба жұмысын жазарда мұғалім оқушыға міндетті түрде бағыт - бағдар беруі керек. Шығармашылық жазба жұмыстарының мақсаты - логикалық ойлауды дамыту, шығармашылық, қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге қалыптастыру. Шығармашылық жұмыс табиғаттың төл перзенті адамның көңіл күй, ой-толғам болмысына, сыртқы дүниені танып білу, ұмтылу мүмкіндігіне де байланысты. Осыған орай кейде ой-толғау түрінде оқушыларға «Мен кіммін?», «Who l am?»деген тақырыпты жазуға тапсырма беремін.

Менің бұл арадағы ұстаздық міндетім - жұмбақ дүние сырын меңгеру бары-

сында әрдайым дамып жетіле беретін жекелік қасиеттерді шәкірт бойына да-

рыту- дара тұлғаның пікірі арқылы адам психологиясы мен қоғам өмірін жа-

қындастыру, баланың өз шығармасы арқылы өмірмен байланыстыру. Оқушылардың ағылшын тілінен білімін бағалау негізінен, екі түрлі шартқа байланысты. Біріншіден, түсінгенін дұрыс айта білу( сөйлемді дұрыс құрастыру, жеке дыбыстарды, буынды, сөзді, сөз тіркестерін дұрыс оқу) . Екіншіден тақтадан, кітаптан, мұғалім айтқанынан сөз, сөз тіркестері, сөйлемдерді сауатты көшіре білу.

Тілдерді меңгеруде оқушылар сөздерді, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды меңгермейінше ағылшын тілінде дұрыс сөйлеу, салауатты жазу мүмкін емес. Сондықтан жазба жұмысын барлық сыныптарда үнемі өткізіп отырған тиімді.

Жалпы білім беретін мектептерде5 сыныптан бастап диктант түрлерін, жазба жұмыстарын өткізуге болады.

Әріп диктанты. 5 сыныптарда өткізіледі. Мақсаты- ағылшын тілінің дыбыстары мен әріптерін дұрыс меңгеріп, олардың бір- бірінен айырмашылықтарын, ұқсастықтарын білдіру. Бұл диктант түрі оқушылардың сауатын ашумен қатар олардың есте сақтау қабілетін дамытады әрі оқушы каллиграфиясының қалыптасуына әсерін тигізеді.

Мысалы:a, e, i, o, u, y, t, d, n, m, b, v әріптерінен келетін сөздерді жаздыру.

Сөздік диктант- барлық сыныптарда жүргізіледі. Диктанттың бұл түрі жаңа грамматикалық тақырып, мәтін, сурет, түрлі жаттығу жұмыстарынан кейін өтілген материалдарды пысықтаудың ең тиімді жолыболып есептеледі.

Мысалы:living room, bed room, study, dining room, ground floor, flat, house, window, door.

Шығармашылық дикатант. Диктанттың бұл түріне сөйлем мүшелерінің орын тәртібі бұзылып, шашыранды сөз түрінде берілген сөйлемдер алынады. Бұл сөздердің әр тобынан оқушылар өздігінен сөйлем құрастырады.

  1. Usually, watch, I, TV, on Sunday.
  2. Always, she, piano, plays, at home, the.

1. He, sweets, cakes, jam, likes.

2. The shop, closes, at 5o’clock.

1. A lot, in, winter, here, it, rains.

2. Very, she, visits, her, it rains.

Бақылау диктанты- барлық сынаптарда оқушылардың білімі мен сауаттылығын тексеру мақсатында өткізіледі. Диктанттың бұл түрі белгігі бір тақырып өтілгеннен кейін жүргізіледі. Бақылау диктантын жазуға төселудің шарты- оқылған сөйлемдерді, сөздерді, бірден ұғып алып, жадында сақтап жазуға үйрету.

  1. Жеміс пен көкеністі екі топқа бөлу.

Fruit vegetable

Bananas, apples, tomatoes, onions, carrots, cabbages, apricots, oranges.

  1. Киімдерді үш топқа бөлу.

Boy’s wear Girl’s wear Either

Boots raincoats pajamas pants tights dresses trousers pullovers shirts gloves.

  1. Сөз таптарына байланысты үш топқа бөлу.

Nouns Verbs Adjectives

Dog, play, farm, hand, river, cry, small, eat, clean, hunter, boring, write.

Оқушылардың білімін сынауға арналған тағы бір жазба жұмысының түрі- сұрақтарға жауап жазу. Сұрақтар алынған мәтінді қайталауға, немесе белгілі бір тақырыпқа берілген суреттер, диафильмдер бойынша қойылуы мүмкін. Жауаптары бағаланғанда оның мазмұнына, сөйлем құрлысының дұрыстығы, орфографиялық сауаттылығы ескеріледі.

Диктант, жазба жұмыс түрлерін оқушылардың жас ерекшілігіне, топтың қабылдау қабілетіне қарай, оқу материалының күрделілігіне байланысты жеңілдетіліп немесе қиындатып отыруға байланысты жеңілдетіп немесе қиындатып отыруға болады. [8]

2. 2 Менің ұстаздық міндетім - жұмбақ дүние сырын меңгеру барысында әрдайым дамып жетіле беретін жекелік қасиеттерді шәкірт бойына да-

рыту- дара тұлғаның пікірі арқылы адам психологиясы мен қоғам өмірін жа-

қындастыру, баланың өз шығармасы арқылы өмірмен байланыстыру. Бәрі-

мізге белгілі, бір сыныпта қабілетті, икемділігі, қызығуы, дамуы, ой-өрісі, сөйлеуі, сырт бейнесі әр түрлі оқушылар отырады. Ағылшын тілі 5-сыныптан бастап жүргізіледі, сол кездің өзінде-ақ қай оқушының шет тіліне қандай екенін байқауға болады. 5- сыныпта ешқандай өзгеріс бола қоймайды, барлы-

ғы біркелкі оқитын сияқты болып көрінеді. Әрине, қандай жұмыс болсын оның нәтижесін көру үшін көп шығармашылық керек. Ал мен оқушының ұқыптылығын, зейінінің тұрақтылығын, еңбек ету қабілетінің жоғарылығын байқаған соң ғана тілге бейімделіп, сынып ерекшелігіне қарай қосымша тап-

сырма бере бастаймын. [19]

Мұғалім басқа оқушылар өлең жаттау керек болса, ол оны есіне сақтап жазады немесе сурет қылып салып береді, дыбыстарды көрсетіп, карточкалар жасайды, ұнатқан суретін салады да, сол бойынша әңгіме құрастырады, өзі сөзжұмбақ жасайды, берген сөзжұмбақты шешеді, бөлек дайындалған карточкалармен жұмыс істейді.


Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Сабақ мақсаттары. Кейбір оқушылар
Бастауыш сыныптардағы өзіндік жұмыстың маңызы
Студенттердің ғылыми шығармашылық жұмыстарының түрлері
Дамыта оқытуды іске асыруда оқушылардың өзін-өзі және өзара бақылай отырып жеке-дара жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Өзіндік жұмыс арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу
Қабілетті оқушымен жұмыс
Оқытушының нақты тапсырмалар беруі
Біржан салға мінездеме
Өлкеміздің топырағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz