Жылу құбылыстарына шолу: халық ауыз әдебиеті элементтері негізіндегі қортынды сабақ

Қарағанды облысы

Саран қаласы

№7 орта мектеп-интернатының

Физика пәні мұғалімі

Жұматаева Тілеукен

Сабақтың тақырыбы : Жылу құблысына шолу

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. Жылу құблыстары тарауы бойынша оқушылардың алған білімін қортындылау мақсатында ертегі желісі мен мақал-мәтел негізінде түсніктерін пысықтау.

2. Тәрбиелік . Теория мен күнделікті өмірдің, салт -дәстүрдің, халықтық педагогиканың

3. Дамытушылық . а) Халық ауыз әдебиеті элементтерін пайдалану арқылы жалпы қаблеттілігін дамыту;

ә) Демонстарциялық жұмыстар негізінде танымдық қызғушылығын дамыту.

Сабақ түрі: Дәстүрлі емес қортындылау сабағы.

Сабақ жоспары: 1. Жылу құблысы Шықбермес Шығайбай үйінеде

2. Әріптер сыры (лото ойыны)

3. Демонстрациялау

4. Мұны да біле жүр

5. Жылу құблысы мақал-мәтелде.

6. Тест тапсырмалары

7. Қортынды

8. Үйге тапсырма

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру .

Оқушылар түгенделіп, сабаққа дайындығы қадағаланады. Оқушылар «Алғырлар»және «Тапқырлар» тобына бөлініп, сайыс түрінде жүргізіледі . Жауап парағына әр түрлі фигуралар қою арқылы топ мүшелері бағаланатыны ескертіледі.

Өте жақсы жақсы Қанағаттанарлық

II. Үй тапсырмасын сұрау

Сұрақ -жауап арқылы тірек -схема талдау жасау арқылы қайталау жүргізіп аламын.

1. Бүгігні сабағымызды «Шық бермес Шығайбай»ертегісіндегі Шығайбайдың үйіне саяхаттан бастағалы отырмыз. Жылу құблыстарын ол үйден табуға болады.

-Ал ертегі қалай басталушы еді?

-Есіктен Алдаркөсемен бірге сығалаған оқушы киіз үйдің есігін ашып, ішіндегі қалтадан сұрақ алып жауап береді. Екі топтан 2 оқушы шығады. Оқушыларға ертегі желісімен салынған суреттер көрсетіледі.

Жекелеме жұмыс .

1сұрақ :а) қазақ үйдің сүйектерін неге киізбен жапқан?

2 сұрақ: ә) жаздың ыстық айларында неліктен керегенің киізін ортан беліне дейін керіп қойған?

Жауабы :конвенция

3сұрақ :-Үй ішіндегі адамдар не істеп отырады ?(сурет көрсетіледі) . Ортақ сұрақ.

Жауабы: Адамдар жұмыс істейді . Ішкі энергиялары артып, терлейді.

-Әр топтанбір-бір оқушы ауызша сұраққа жауап береді (сурет көрсетіледі)

4сұрақ: а) от басындаотырған Шығайбай мен Алдаркөсеге шым тезектің қызуы қандай тәсілмен беріліп отыр?

Жауабы: сәуле шығару

5 сұрақ :ә) Етқазаның қақпағын ашып қойса тез пісе ме, әлде жауып қойса тез пісе ме? Неге?

Жауабы: Кебу. Конвенция

Есеп шығару: а) «Алғырлар »тобына:

Темір қазаның массасы 8кг, оған 10л су құйылған. Темпиратурасы 10 0 С-тан

40 0 С-қа дейін қыздыру үшін суға қандай жылу мөлшері берілу керек?

«Тапқырлар »тобына:

Шым тезек толық жанған кезде 1, 4*10 7 Дж жылу мөлшері бөлініп шыққан . Массасы қанша шым тезек жанған еді?

6 сұрақ : Қарма нан жайлы көрініс қандай физикалық құблысқа негізделген

Жауабы: жылу өткізгіштік

7 сұрақ: Алдардың байдың тонын алдап киюі . Тон неге жылы болады

Жауабы: Түлкі ішік . тымақ жүн арасында ауа болады, ал ол жылуды наар өткізеді.

1. Әріптер сыры . Жылу құблысындағы барлық формулалардан дұрыс тепетеңдікті құрау арқылы лото ойынын екі ойыншы ойнайды.

2 . Демонстарциялық тапсырма

А) «Алғырлар» тобына демонстарциялық тапсырма:

Темір білеушіге ермексазбен шегелер жапсырлған . Білеушінің ұшынан бастап вспирт шамына қыздырады . Не байқалады?Жауап түсіндіріледі.

3. Жылу құблысы мақал -мәтелдерде.

Әр топқа үш мақал-мәтелден беріледі. Қандай физикалық құблыс шамаға қатысты айтылғаны түсіндіріледі

I-топқа:

  1. «Қазан отпен, адам әрекетпен қызады»
  2. «Көсеу ұзын болса, қолын күймейді»
  3. «Тонның жылуы терісінен емес, жүнінен»

II-топқа:

  1. «Нан піскенше, күлше күйеді»
  2. «Қол жұмылмай, жылынбайды»
  3. «Аузы күйген үрлеп ішеді»

4 . Бағалау

5. Үйге тапсырма . Екі топқа жылудың пайдасы мен зияны туралы жазу тапсырылады


Ұқсас жұмыстар
Жылу құбылыстарына шолу: сыныптан тыс жарыс-сабақтың мақсаттары мен құрылымы
3-сынып: Құмырсқаның қанағаты тақырыбындағы халық ауыз әдебиеті сабағы
Халық ауыз әдебиеті: түрлері мен салт-дәстүрлерді қайталау бойынша модульдік сабақ
Халық ауыз әдебиеті мен желілі-рөлді ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту
Халық ауыз әдебиеті арқылы ана тілін тәрбиелеуге бағытталған сайыс сабақ жоспары
Қысқамерзімді сабақ жоспары: 5-сынып, Халық ауыз әдебиеті №1 сабақ - Таза, мінсіз асыл сөз
4-сынып ана тілі: Халық ауыз әдебиеті - Батырлар жыры (Ер Тарғын) сабақ жоспары
Халық ауыз әдебиеті: айтыс - жігіт пен қыздың өлеңдік диалогы (Новокаменка, Қызылжар ауд.)
Халық ауыз әдебиетін пысықтауға арналған бақылау сабағы
6-А сынып қазақ әдебиеті: Жеті модульге негізделген орта мерзімді жоспарлар (Халық ауыз әдебиеті, Ежелгі дәуір, XIX-XX ғасыр әдебиеті)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz