Кеңқияқ ауылының табиғаты және қоршаған ортаны қорғау

Ақтөбе облысы

Темір ауданы

Кеңқияқ орта мектебі

2«А»класс оқушысы

Төлепов Жанарыс Жеңісқалиұлы

Класс жетекшісі: Турмагамбетова Акслу Жеткеровна

Табиғатым

Табиғатым тал бесігім,

Сені аялап мен өсемін.

Сенің берген мейіріміңе

Мен әрқашан бас иемін.

Табиғатым тамаша

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты қорғаймын,

Жаман бала болмаймын.

Далаң қандай жайнаған

Гүлің қандай құлпырған.

Құстарың бақта сайраған,

Бақыттымын мен балаң.

Шығарма

«Менің ауылымның табиғаты»

Бізді қоршаған орта табиғат. Адам өмірі үшін керектінің барлығын табиғаттан алады.

Менің ауылым кішкентай болғанымен, маған өте ыстық. Ауылымның аты Кеңқияқ. Ауылды айнала қоршап жатқан, Темір өзені жылдың төрт мезгілінде де сәнді кербез көрінеді. Жазғы демалыста өзенді жағалап суға түсеміз. Суды ластамау керектігін анамыз әрдайым айтып отырады.

Әдемі бой көтерген мектебіміз, мәдениет үйі, кітапхана ғимараттары бар. Жер қойнауынан мұнай, газ өндіріледі. Сазды топырақты жерімізде жусан, селеу өседі. Біздер болашақ ұрпақ жеріміздің байлықтарын қорғап сақтап қалуымыз керек. Табиғатты аялау бәріміздің міндетіміз. Мен ауылымның болашақта одан әрі гүлденіп, табиғатымыздың жайнап өркендеуін тілеймін.


Ұқсас жұмыстар
Табиғатым - тағдырым: экологиялық тәрбие мен қоршаған ортаны қорғау
4-сынып қазақ тілі сабағы: Қоршаған ортаны қорғау және етістіктің жіктелуі
Ауа және оның қасиеттері: тіршілікке маңызы мен қоршаған ортаны қорғау
Сабақ жоспары: Жеміс бағында - қоршаған ортаны қорғау және денсаулықты тәрбиелеу
Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары: қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық тәрбие
9-сыныпқа арналған кіріктірілген сабақ: Коррозия және қоршаған ортаны қорғау (химия және ағылшын тілі)
Табиғатты аялау: экологиялық тәрбие және қоршаған ортаны сақтау
Экологияның негізгі заңдары мен қағидалары: қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері
Табиғат - алтын бесік: қоршаған ортаны қорғауға арналған ашық тәрбие сағаты
6-сынып Өзін-өзі тану: Мен және қоршаған орта - қоршаған ортаны аялау және қиянат жасамау құндылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz