Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Құрметті ата - аналар, қымбатты оқушылар

Ақсу ауданы Қапал ауылы
<<Есболған Жайсаңбаев атындығы орта мектебі>> коммуналдық мемлекеттік мекемесі

<<Менің отбасым және математика>>
Сыныптан тыс интеллектуалдық ойын сабағы
5-6 сынып оқушылары мен ата-аналар арасында

Тұрдыбек Айгүл
Математика пәні мұғалімі

Ойын-сайыс <<Менің отбасым және математика>>
Мақсаты: Ата-аналарды балаларымен бірге мектепішілік іс-шараларға қатыстыру, отбасы мүшелерін алдарына қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру.
Ойынға қатысушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Команда құрамында:әр сыныптан екі оқушы ата-анасымен
Команда жанкүйерлері: сынып оқушылары, ата-аналар, сынып жетекшілері.
Әділқазылар алқасы: мектеп әкімшілігі және мұғалімдер
Сайыс барысы:
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ата-аналар мен оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар
Естігенін есте тұтып
Оқығанын миға тоқушылар.
2- жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты білім , терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпене қол соғылады.
1- жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар
Әр команданы ортаға шақырамыз.
5<<А>> сынып-- отбасы
6<<А>> сынып -- отбасы
6 <<Ә>> сынып -- отбасы

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, қымбатты оқушылар!
Бүгінгі кешіміз қызықты өтіп және тек қана оқушыларға емес, ата-аналарға да әсері мен пайдасы тиеді деген сенімдемін. Расында да математика- барлық ғылымдардың патшасы демекші, күнделікті өмірде математикасыз күніміз жоқ. Бұл туралы бүгінгі <<Менің отбасым және математика>> атты кешімізде әңгіме жүргізілуі себебі балалар математика туралы алғашқы мәліметтерді отбасынан алады. Сонымен сайысымызды бастаймыз.
1-кезең
таныстыру
үш сыныптың ата-аналары мен оқушылары өздерінің алдын-ала дайындап келген таныстыруын айтады және топтың атын қорғайды.
2-КЕЗЕҢ
Логикалық сұрақтар
1. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6 - ға тең. Ол қандай сандар? (1,2,3,)

2. 20 метр матаны 10 бөлікке 2 м-ден бөлу үшін , неше рет кесу керек? ( 9)
3. 7 май шам жанып тұр. Екеуі сөніп қалды, қанша май шам қалды? ( 2)
4. Әкесі 30 жаста , баласы 5 жаста. Неше жылдан кейін әкесі баласынан 27 жас үлкен болады (ешқашан)
5. Үлкендер сөзімен , өмір- ол ...
1 сынып сонымен басталады
11 сынып сонымен аяқталады (емтихан)
6. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады? натурал сандар

3-КЕЗЕҢ
Бағдар шам ( Мақал-мәтелдерді аяқтаңыз ) бұл кезеңдеәр топ кезекпен бағдар шамның үш түсіне сәйес сұрақтарды талдайдыү

1. Қоянды қамыс өлтіреді, ... . (жігітті намыс өлтіреді.)
2 . Таудың көркі -бұлақ,.... (көлдің көркі - құрақ)
3 Екі жақсы қас болмас,... (екі жаман дос болмас)
4. Тау терексіз болмайды,... (өлке өзенсіз болмайды. )
5. Үйде бір күн ұрыс болса , .. (қырық күндік ырыс кетеді)
6. Шешеннің сөзі ортақ , ... (шебердің қолы ортақ)
7. Өріске қарай мал өседі, .... (өзенге қарай тал өседі)
8. Ынтымақ елді оздырады, .... күндестік елді тоздырады
9. Төлге төл қосылса- егіз, .... көлге көл қосылса - теңіз
4-КЕЗЕҢ
Геометриялық пішіндегі тағам
Әр топтағы ата-аналар өздерінің геометриялық пішінде жасалған тағамдарын таныстырады.
5-КЕЗЕҢ
ФОРМУЛА әлемінде (жанкүйерлер сайысы) әр сыныптан бір-бір жанкүйер шығып жатқа формула жазады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріліп отырады. Бұл кезде << ата-аналар кімжылдам>> сайысына қатынасады. Ата-аналар алдын-ала қиылып қойылған қиқымдарды құрастыруы керек. Мұнда да әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріп отырады.

6-КЕЗЕҢ
Бинго (бинготастары қай ұяшыққа түссе сол ұяшықтағы сұраққа жауап беріледі.)

1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0 саны)
2. Cуретте қанша үшбұрыш бар? (7)
3. Егер сынып оқушылары 2-ден отырса, онда 3 оқушыға орын жетпей қалады. Ал егер үшеуден отырса, онда 3 парта бос қалады. Сыныпта қанша оқушы бар? 27
4. Катердің жылдамдығы 12км/сағ. өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ. Катер 5. ағыспен 4 сағатта неше километр жүріп өтеді. (60 км)
5. Ертеде жалғыз қарт ана болыпты. Қарт ананың жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келіпті.Сонда қарт ана бір шелек суды сапырып мынадай өлең айтыпты:
10 адамСапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер>>,-деген екен.Мұны естіген ұрылар үй толы кісі деп кетіп қалыпты.Сонда үйде адам нешеу? <<10 адам
Қорытындылау. Әділқазыларға сөз беріледі және сайыскерлер марапатталады.

Ұқсас жұмыстар
Мектеп бітіру кешінің жоспары
Соңғы қоңырау мерекесі
Сыңғырла соңғы қоңырау- 2012
Мектебім менің сүйікті, қоштасар бүгін кез келді!
Бастауышым - бал бұлағым
Қош бастауыш мектебім
Бар білімнің қайнар көзі,бастауы-бастауыш сынып екеніне көз жеткізу
Наурыз-жыл басы. Қош келдің, наурыз
Кештің барысы
Білсеңіздер ана болу
Пәндер