Атырау қаласы №10 Сәбит Мұқанов атындағы орта мектептің 11-сыныптары арасындағы Сан туралы ілім интеллектуалдық олимпиадасының бағдарламасы


Атырау қаласы

№10 Сәбит Мұқанов атындағы орта мектеп

математика пәнінің жоғары санатты мұғалімі

Унайжанова Аршан Закарияқызы

Интеллектуалды олимпиада

(11-сынып оқушылары арасындағы топтық сайыс)

«Сан туралы ілім»

1 және 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9. Осы сандарда қандай құдырет бар дейсіз?Халқымыз 7 мен 9 санын киелі сандарға балаған. Сөйтсек, тегін емес екен. Шығыс күнтізбесінде соның ішінде жапондықтар мұны «Сан туралы ілім»-дейді. Бұл ілімнің белгілі болғаны мың жылдан асып барады. Цифрология, яғни «Сан туралы ілім» біздің мінезімізді, болмасымызды табиғи ерекшелігімізді тағы басқа қасиеттерімізді сипаттайды.

Егер сіз «1» санын таңдасаңыз сізге қол жеткен атақ-даңқ, табыстар тек тамшылап төгілген термен, табандылықпен келеді. Тым өзімшілдік, бірбеткейлік, менмендік көп ортадан шеттетеді. Қандай жағдайда да жеңіп шығуға, үстем, өктем болуға басты қасиеті. Олардың ылғида шоқтығы биік тұрады. Егер ойлағандары іске аспай қалса, «таз ашуын тырнап алады» дегендей, төңірегіндегілерді жүндей түтеді.

Егер «3» санын таңдасаңыз, сіздің басты қасиетіңіз-кісіге үйірсектік. Ешкімге залалы жоқ. Жамандық тілемейді. Қайта өзімде емес, өзгеде болса екен дейтін. Шеттерінен шешен, сөзге ағып тұрады, зерделі әрі сақтар. Аяғы тайып кеткен жағдайда, қайтадан қаз түра қайғыш, жүні жығылып, бәз біреулерше еңсесі езіліп кетпейді, қиын проблемаларды шешемін деп бас қатырып жатпайды, ал жұмыс істесе, ынта-шынтасымен беріліп істейді. Махаббат-ол үшін ауадай қажет.

«5» санын таңдаған адамдардың айрықша мінезі- тас бұлақтай шамырқанған, күш-қажыры бойында буырқанған болып келуі мүмкін. Өмір деген олар үшін -кітаптағыдай қым-қуат оқиға. Сезімтал, интеллектісі бай, бір қиын мәселе шешу керек болса, құлшына кіріседі. Бірақ мойнына көп жауапкершілікті ала бермейді. Өмірі тек қана қозғалыстан, алға жылжудан тұратын секілді. Қызметте менменсіп, шірене бергенді онша қаламайды.

Егер сіз «7» санын таңдаған болсаңыз көбінесе-көп сізді ойлануға, философиялық толғаныстарға бастайды. Ойшылы жақсы, бірақ өз өзіңмен болып, оңашаланып қалатын да мезеттер аз емес. Техника, ғылыми-зерттеу жұмыстарында табыстарға жетуіңіз әбден мүмкін.

" Білім алу жолындағы

табандалықтан артық іс жоқ.

Себебі, ілім кісіні ізет пен абыройға

жеткізетін құрал болып табылады"

А. Нури

I айналым

16 сұрақ беріледі. Оған "иә" немесе "жоқ" деген жауап берілуі тиіс. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.

1. Ағылшын математигі Джон Непер(1550-1617) логарифмді ойлап шығарған ба?(иә)

2. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы П≈ 3, 12-ге тең бе?(жоқ,

П≈ 3, 14)

3. Ы. Алтынсарин "миллион " ұғымын қазақ жеріне алғаш таратты ма?

(ия, 1879 жылы Орынборда)

4. Айырмашылығы тең таңбаларында ғана болатын сандар қарама-қарсы сандар деп атала ма? (ия)

5. Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің квадраттарының қосындысы оның гипотенузасының квадратына тең деген теорема Декарт теоремасы ма? (жоқ, Пифагор)

6. Биквадрат төртінші дәрежелі теңдеу бола ма? (ия)

7. Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш ромб бола ма? (жоқ, квадрат)

8. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда диаметр деп атала ма? (ия)

9. 2 sin 15 \sin 15 cos 15 \cos 15 өрнегінің мәні 2 \sqrt{2} /2 -ге тең болама? (жоқ, 1 2 \frac{1}{2} )

10 Рене Декарт координаталық жүйесін ең алғаш енгізді ме? (ия)

11. Екі қатынастың теңдігі пропорция бола ма?(ия)

12. Р әрпінің математикалық мағынасы периметр және салмақ деп атала ма?(ия)

13. Кез-келген цилиндрдің қимасы квадрат бола ма? (жоқ)

14. Шардың көлемі 4 3 П R 2 \frac{4}{3}{ПR}^{2} тең, мұндағы R - шардың радиусы (ия)

15. Куб дұрыс көп жақ бола ма? (ия)

16. Кез келген санның нөл дәрежесі бірге тең бола ма?кі қатынастың теңдігі пропорция бола ма? (ия)

II айналым

Математика тарихына байланысты 4 сұрақ беріледі. Әр команда 4 ұяшықтарға сұрақты өздері таңдайды. Дұрыс жауапқа 300 ұпай беріледі.

1 ұяшық

Арифметика мен алгебраны дербес ғалым ретінде негізін қалаған, ең алғаш оқулығын жазған Орта Азияның Үргеніш қаласында дүниеге келген ғалым кім? (Әл Хорезми)

2 ұяшық

"Негіздер" атты шығармасының 2 кітабында қысқаша көбейту формулаларын геометриялық тұрғыдан қарастырған Афина қаласында дүниеге келген грек математигі кім? (Евклид)

3 ұяшық

Ғылымдарды топтастыру, Евклид геометриясы туралы және тағы басқа көптеген еңбек жазған, төл теңгемімізге енген, сырдария бойында дүниеге келген ойшыл ғалым кім? (Әл-Фараби)

4 ұяшық

Кімнің теоремасының дәлелденуі бүкіл ғылымдағы, ғасырдың аяғындағы айтулы оқиға болды? (Ферма, 1601-1665 жж. )

2-айналымдағы ұпай сандары есептеледі.

III айналым


Ұқсас жұмыстар
2013-2014 оқу жылы 11 «а» сынып қазақ әдебиеті пәнінің тізбектелген орта мерзімді жоспары - С. Мұқанов атындағы №10 мектеп, Мұстажапова Айымгүл (Атырау)
Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектептің 7-11 сыныптары үшін информатика пәні бойынша білімдік сайыс
Е. Көшербаев атындағы №57 орта мектептің 8-10 сыныптары үшін Жігіттер информатика әлемінде сыныптан тыс сайыс бағдарламасы
С.Сатыбалдин атындағы орта мектептің 7-9 сыныптары арасындағы Білімді ұрпақ - ел тірегі физика сайысы
Сәбит Мұқанов және Каронмен күрес: 6-сынып қазақ әдебиеті сабағы
С. Мұқанов атындағы мектептің 6-сыныптар арасындағы Жас тарихшы және 7-сыныптар арасындағы Жас географ зияткерлік сайыстары: бағдарламасы мен сұрақтары
Ә. Молдағұлова атындағы орта мектептің Тапқыр болсаң озып көр интеллектуалдық сайысының бағдарламасы мен жоспары
Семей қаласы №26 жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушыларымен қоштасу кешінің бағдарламасы
Х.Мұстафина атындағы орта мектептің Математика көшбасшысы сайысының сценарийі
М.Х. Дулати атындағы орта мектептің орыс сыныптары үшін мемлекеттік тілге арналған мерекелік-танымдық бағдарлама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz