8-сынып информатика: санау жүйелері арасындағы сандарды түрлендіру

№172 мектеп - гимназия

Сандарды бір санау жүйесінен

басқа санау жүйесіне ауыстыру

Сыныбы: 8 «А»

Пәні: информатика

Пән мұғалімі: Рахманкулова Гульдана Толымханқызы

2014 - 2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы : Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру.

Cабақтың мақсаты :

Білімділік : Оқушыларға сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру ережелерін үйрете отырып, сандардың ауыстырылу жолдарын түсіндіру.

Дамытушылық : Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және бір-бірімен қарым-қатынастық дағдыларын қалыптастыру және ойлау қабілетін, білімдерін дамыту. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың көрнекіліктері: И нтерактивті тақта, Microsoft Power Point бағдарламасы, Microsoft Excel бағдарламасы, үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: математика

Сабақтың барысы :

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  1. Сәлемдесу. Сыныпта келмеген оқушылар түгенделіп, оқушылардың сабаққа қажетті оқу құралдарының дайындығы тексеріледі. Кабинет тазалығын қадағалау.
  2. Бағалау парағы таратылып, түсіндіріледі.
Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасын сұрау

Тапсырмалар

Тест
Деңгейлік тапсырмалар
Жалпы ұпай
І
ІІ
ІІІ
І
ІІ
ІІІ
Оқушының аты-жөні:
Үй тапсырмасын сұрауТапсырмалар:
Тест:
Деңгейлік тапсырмалар:
Жалпы ұпай:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1-тапсырма

2-тапсырма

3-тапсырма

Қисынды ойлай білейік!

І. Мен жастамын. Мектеп табалдырығын 111 жасымда аттадым. Мен 10101100 мектептің 1000-сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 00100101 оқушы бар. Менің арманым келешекте атақты компьютер маманы болу.

Жауабы: Мен 15 жастамын. Мектеп табалдырғын 7 жасымда аттадым. Мен 172 мектептің 8 - сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 25 оқушы бар. Менің арманым келешекте атақты компьютер маманы болу.

ІІ. Аяулы мектебімнің ашылғанына биыл 12 8 жыл толады. Біз 254 8 мектепте оқып жатқанымызды мақтан етеміз және ұстаздарымызды алдағы келе жатқан мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз.

Жауабы: Аяулы мектебімнің ашылғанына биыл 10 жыл толады. Біз 172 мектепте оқып жатқанымызды мақтан етеміз және ұстаздарымызды алдағы келе жатқан мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі.

Microsoft Power Point бағдарламасында оқушылар тестің жауабын тауып, сабақтың тақырыбын шығарады.

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру

Санды екілік, сегіздік немесе он алтылық жүйелерден ондық жүйеге ауыстыруды біз өткен сабақта өткен болатынбыз.

Бүгінгі сабағымызда ондық сандарды екілік, сегіздік, оналтылық санау жүйесіне және екілік жүйені сегіздік, оналтылық жүйеге ауыстыруды, сонымен қатар ондық оң бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыруды үйренеміз.

Ауыстыру ережесі: Бүтін оң ондық санды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін осы санды 2- ге бөлу керек. Алынған бөліндіні қайтадан екіге бөліп және т. с. с., алынған бөлінді 2- ден кіші болғанша бөле беру керек. Нәтижесінде соңғы бөлінді мен соңғысынан бастап барлық қалдықтарды бір жолға жазу керек.

Мысал: 12 10 = 1100 2

12 2

12 6 2

0 6 3 2

0 2 1

1

Сандарды ондық жүйеден сегіздік жүйеге ауыстыру үшін екілік жүйеге ауыстыру әдісі қолданылады.

Түрлендіретін санды ондық жүйенің ережесі бойынша, 7-ден аспайтын қалдығын еске сақтай отырып, 8-ге бөледі. Егер алынған бөлінді 7- ден үлкен болса, онда оны да қалдықты еске сақтай отырып, 8- ге бөледі, т. с. с., қайталанады. Нәтижесінде соңғы бөлінді мен соңғысынан бастап барлық қалдықтарды бір жолға жазу керек.

Мысал: 98 10 = 142 8

98 8

8 12 8

18 8 1

16 4

2

Ондық сандарды оналтылық жүйеге жоғарыдағыға ұқсас ауыстырады. Айырмашылығы - берілген сан 8 -дің орнына 16-ға бөлінеді.

Мысал: 891 10 = 37B 16

172 16

16 55 16

11 48 3

7

Ондық оң бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін бөлшекті 2- ге көбейту керек. Көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің үтірден кейінгі бірінші цифры ретінде алып, бөлшек бөлігін қайтадан 2- ге көбейту керек. Енді бұл көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің келесі цифры ретінде алып, бөлшек бөлігін тағы 2- ге көбейту керек және т. с. с., соңғы көбейтіндінің бөлшек бөлігі нөлге тең болғанша.

Мысал:

0, 125 10 = 0, 001 2

0, 125 * 2 = 0, 250 0

0, 250 * 2 = 0, 500 0

0, 500 * 2 = 1, 000 1

Екілік санды сегіздік немесе оналтылық санға түрлендіру процесі өте қарапайым.

Сегіздік санның кез келген цифрын жазу үшін үш екілік цифр қажет. Сондықтан түрлендіретін екілік санды оңнан солға қарай үш - үштен екілік цифрлар тобына бөледі, мұнда ең сол жақтағы топта екілік цифрлар үштен кем болуы мүмкін, ол кезде кем болған жерге 0 цифры жазылады.

Екілік жүйе
Сегіздік жүйе
Екілік жүйе: 000
Сегіздік жүйе: 0
Екілік жүйе: 001
Сегіздік жүйе: 1
Екілік жүйе: 010
Сегіздік жүйе: 2
Екілік жүйе: 011
Сегіздік жүйе: 3
Екілік жүйе: 100
Сегіздік жүйе: 4
Екілік жүйе: 101
Сегіздік жүйе: 5
Екілік жүйе: 110
Сегіздік жүйе: 6
Екілік жүйе: 111
Сегіздік жүйе: 7

Мысал:

001 101 001 011 2 = 1513 8

Екілік санды оналтылық санау жүйесіне жоғарыдағыға ұқсас түрлендіреді: әрбір түрлендіретін екілік сан оңнан солға қарай әрқайсысында төрттен екілік сан бар топтарға бөлінеді, өйткені оналтылық санның кез келген цифрын жазу үшін төрт екілік цифр қажет.

Ондық жүйе
Екілік жүйе
Оналтылық жүйе
Ондық жүйе: 0
Екілік жүйе:
Оналтылық жүйе: 0
Ондық жүйе: 1
Екілік жүйе: 0001
Оналтылық жүйе: 1
Ондық жүйе: 2
Екілік жүйе: 0010
Оналтылық жүйе: 2
Ондық жүйе: 3
Екілік жүйе: 0011
Оналтылық жүйе: 3
Ондық жүйе: 4
Екілік жүйе: 0100
Оналтылық жүйе: 4
Ондық жүйе: 5
Екілік жүйе: 0101
Оналтылық жүйе: 5
Ондық жүйе: 6
Екілік жүйе: 0110
Оналтылық жүйе: 6
Ондық жүйе: 7
Екілік жүйе: 0111
Оналтылық жүйе: 7
Ондық жүйе: 8
Екілік жүйе: 1000
Оналтылық жүйе: 8
Ондық жүйе: 9
Екілік жүйе: 1001
Оналтылық жүйе: 9
Ондық жүйе: 10
Екілік жүйе: 1010
Оналтылық жүйе: A
Ондық жүйе: 11
Екілік жүйе: 1011
Оналтылық жүйе: B
Ондық жүйе: 12
Екілік жүйе: 1100
Оналтылық жүйе: C
Ондық жүйе: 13
Екілік жүйе: 1101
Оналтылық жүйе: D
Ондық жүйе: 14
Екілік жүйе: 1110
Оналтылық жүйе: E
Ондық жүйе: 15
Екілік жүйе:
Оналтылық жүйе: F

Мысал:

0101 1100 0111 2 = 5C7 16

Сегіздік немесе оналтылық санды екілік санға түрлендіру бастапқы санның әрбір цифрын үш немесе төрт екілік сандардан тұратын топтарға жай ғана ауыстыру арқылы жүзеге асырылады.

Мысалы:

123 8 = 001 010 011 2 = 1010011 2

А4 16 = 1010 0100 2 = 101001 2

Егер ауыстырғаннан кейін екілік санның бүтін бөлігі нөлдерден басталса, онда олар алып тасталады. Бөлшек бөліктің соңындағы нөлдермен де тура солай жасалады.

Мысалы:

25, А4 16 = 0010 0101, 1010 0100 = 100101, 101001 2

V. Білімді меңгергендерін тексеру кезеңі. Әр оқушыға жекелей деңгейлік тапсырмалар беріледі.

VI. Білімді бекіту кезеңі. Компьютерді пайдалану арқылы оқушылар тест тапсырады.

Тест сұрақтарына жауап алу.

  1. Санау жүйесі дегеніміз не?

А) Сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері.

В) Сандардың атына байланысты жазылған сан

С) Санауды жеңілдету үшін алынған бірлік.

Д) Дұрыс жауап жоқ


Ұқсас жұмыстар
8-сынып информатикасы: Санау жүйелері және сандарды позициялық жүйелер арасында түрлендіру
8-сынып: Ақпарат қасиеттері және санау жүйелері
8-сынып информатикасы: санау жүйелері (2, 8, 10, 16)
8-сынып: Сандарды санау жүйелері арасында ауыстыру (ондықтан екілік, сегіздік және оналтылыққа)
Компьютердің арифметикалық негіздері: санау жүйелері және түрлендіру әдістері
8 сынып информатика: Ақпаратты кодтау және позициялық санау жүйелері бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарлары
Зертханалық жұмыс №2: Санау жүйелері мен жүйелер арасындағы түрлендірулер
8-сынып информатикасы: Ақпарат, санау жүйелері және санау жүйелерін ауыстыру бойынша сабақ жоспарлары №2-№6
8-сыныпқа арналған информатика: санау жүйелері, компьютердің логикалық негіздері және тесттер жиынтығы
8-сынып информатикасы: ақпарат пен ақпараттық процестер, санау жүйелері, кодтау және логикалық амалдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz