Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бөлшекті бөлшекке көбейту

5 - сынып
математика
1-сабақ
Сабақтың тақырыбы:
Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту
Сілтеме:
Күнтізбелік жоспар
Жалпы мақсаты:
Бөлшекті бөлшекке көбейту, бөлшекті натурал санға көбейту, аралас сандарды көбейту туралы білімдерін тереңдету; білімін есептер шығаруда пайдалана білуге, түсінігін математика тілінде жүйелеп жеткізе білуге баулу. Өз мүмкіндігіне сенетін жеке тұлға ретінде қалыптасуына бағыт беру.
Оқыту нәтижесі:
Бөлшекті бөлшекке көбейту, бөлшекті натурал санға көбейту, аралас сандарды көбейте алады, түсінігін математика тілінде жүйелеп жеткізе біледі.
Түйінді идеялар:
Әр оқушы өздігінен жұмыс жасауға үйренеді. Өз ойын жүйелі қорытындылай біледі.
Ақпарат көздері:
Интерактивті тақта, оқулықпен жұмыс
Сабақта қолданылған модульдер:
Топтық оқыту. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
І.Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу 2. Оқушыларды түгендеу 3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару 4. Оқушыларды 4 топқа бөліп, топ мүшелерін міндеттерімен таныстыру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы бақылаушылар арқылы тексеріледі және түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Тапсырманы орындау барысында тақырып бойынша қандай ережелерді пайдаланғанын түсіндіреді.
ІІІ. Негізгі тақырыпты ашу жұмыс жүйесі.
Топқа тапсырма беріледі. Әр топ мүшелері өздеріне берілген тапсырма бойынша жаңа тақырыпты топта талдау жасап, тақтада түсіндіреді және басқа 2 топтың қойған сұрақтарына жауап береді.

І топ
Бөлшекті бөлшекке көбейту

ІІ топ
Бөлшекті натурал санға көбейту

ІІІ топ
Аралас сандарды көбейту

ІV топ
Аралас санды натурал санға көбейту

ІV. Тақырыпты практикалық бекіту

Әр топқа оқулық бойынша тапсырмалар беріледі.
І топ: №741 (1,5,9), №744(1,5)
ІІ топ: №741 (2,6,10), №744(2,6)
ІІІ топ: №741 (3,7,11), №744(3,7)
ІV топ: №741 (4,8,12), №745(4,8)

ІV. Бекіту (Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту арқылы)
Топтарға деңгейлі есептер беріледі.
А деңгей.
№752 1 кг кәмпиттің бағасы 350 тг. 125 кг кәмпит неше теңге?
В деңгей.
№760 9 кг болат білеуше бар еді. Одан әрқайсысының массасы 58 кг 14 бөлшек жасалғанда, неше кг болат артық қалады?
С деңгей.
№769 Вокзалдан саяжайға Әлібек 30 минутта, Бауыр-жан 45 минутта барады. Егер Әлібек вокзалдан шығып, Бауыржан саяжайдан шығып, олар бір-біріне қарсы жүрсе, 310 сағатта кездесе ме?
Шығармашылық деңгей
№772 Қауын, қарбыз және асқабақ сатып алынды. Қауынды есептемегенде өзгелерінің массасы 11 кг. Қарбызды есептемегенде өзгелерінің массасы 9 кг. Асқабақты есептемегенде өзгелерінің массасы 12 кг. Бақша өнімдерінің әрқайсысының массасын табыңдар.
Топтық жұмыс мақсаты: топ мүшелерінің бірігіп ақылдасу нәтижесінде белсенділігі төмен оқушылардың қызығушылығын арттырып, ортаға тарту. Оқушылардың шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
V. Сабақты қорытындылау
VІ. Оқушыларды бағалау
(Бағалау критерийлері арқылы)
VІІ. Үйге тапсырма:
№ 742; № 745;
№ 1426; №1428.

Сәлемдеседі. Сабаққа қатысты құрал-жабдықтарын дайындап, зейіндерін сабаққа аударады. Оқушылар 4 топқа бөлініп, топ мүшелері міндеттерімен таныстырылады.

Берілген есептерді шығару барысында қолданылған ережелерді айтып береді.

Оқушылар бір-бірін мұқият тыңдап, бір-бірінің жауаптарын сұрақ-жауап арқылы толықтырып, мысалдар келтіре отырып жаңа тақырыптың мазмұнын ашады.

Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін, олардың алымдарын көбейтіп, алым етіп, бөлімдерін көбейтіп, бөлім етіп жазу керек. Ережені әріптермен жазсақ: ab * cd = a*cb*d ,
мұндағы а, с - натурал сандар немесе нөл саны, b, d - натурал сандар. ( Топтың әрбір мүшесі мысалдар көрсетеді)

Бөлшекті натурал санға көбейту үшін, бөлшектің алымын натурал санға көбейтіп, нәтижесін алым етіп, бөлімінің өзін қалдыру керек.
Ережені әріптермен жазсақ: ab * n = a*nb
мұндағы n - натурал сан. ( Топтың әрбір мүшесі мысалдар көрсетеді)

Аралас сандарды көбейту үшін: 1) оларды бұрыс бөлшек түрінде жазу керек; 2) бөлшектерді көбейту ережелерін қолдану керек.
325 * 6 14 = 175 * 254 = 17*255*4 = 854 = 2114
( Топтың әрбір мүшесі мысалдар көрсетеді)

Аралас санды натурал санға көбейткенде, аралас сан бұрыс бөлшек түрінде жазылып, бөлшекті натурал санға көбейту ережесі өолданылады.
8310 * 5 = 8310 * 5=83*510 =832 = 4112
( Топтың әрбір мүшесі мысалдар көрсетеді)

Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып интерактивті тақтада бөлшектерді көбейту ережелерін қолданып, есеп шығару жолдарын көрсетеді.

Оқушылар деңгейлері аралас үш топқа бөлінеді.
Бірігіп тапсырманы орындап, біреуі интерактивті тақтада шешімін жазады.

Топтар
Тақырып бойынша жұмыс
Практикалық жұмыс
Деңгейлік тапсырма
Ортақ
баға
І

ІІ

ІІІ

ІV

Ұқсас жұмыстар
Жай бөлшекті жай бөлшекке
Бөлшекті орында
Жай бөлшектерді бөлу жайлы
Аралас санды аралас санға бөлу
Ондық бөлшектерді көбейту
Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу
Бөлшек сандардың ондық жазылуы
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге амалдар қолдануға есептер шығару
Балалардың есімдері
Жай бөлшектерді бөлу. 5 сынып
Пәндер