Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТ

АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТ

Бұл еңбекте оқушылардың
бойына ақпараттық мәдениетті
қалыптастыру – білім беру
саласындағы өзекті
мәселелердің бірі екендігі
айқындалған.

Қазалы қаласы
2011 жыл
Ильясова Аяжан Қуандыққызы
№8 кәсіптік лицейдің өндірістік оқу шебері

АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру
ғасыры. Ел өмірінің барлық салаларында компьютерлендіру
процесі аяқталып, алдымызда келешек жас ұрпаққа
компьютердің қыр-сырын терең меңгертіп, әлемдік білім
кеңістігіне ену мақсаты тұр. Ел болашағы – білімді
ұрпақта. Технологияның күн сайын үздіксіз дамып,
өзгеріп, жаңарып жатқан ақпарат заманында өмір сүру –
күрделі дайындықты талап етеді. Осындай ақпараттық
кеңістікке баланы дайындау бүгінгі күні заман талабына
айналып отыр. Оқушыларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге
дайындау үшін оларды ойша ойлауға, талдау жасай білуге,
коммуникативтік дағдыларын дамытуға, ақпараттық сауаттылық пен ақпараттық
мәдениеттілікке тәрбиелеу қажет, олардың әлемнің жүйелік-ақпараттық
бейнесін, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және олардың өзін-өзі
жетілдіре отырып, қызмет субъектісі деңгейіне көтеруін қамтамасыз ету
керек.
Жалпы информатика пәні балалардың қоршаған әлем туралы білімін
логикалық факторлармен байланыстыру, оқушының логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту мүмкіндіктерін ашады. Оқушылар кез келген уақытта интернет
мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қалаған мағлұматтарын алуға, ғылыми
жаңалықтармен танысуға мүмкіндіктері туып отыр. Ақпараттандыру пәнін
оқытудың дамытушылық мақсаты оқушының шығармашылық жеке тұлғасын
қалыптастыруға және ақыл-ойын, ойлау қабілетін, ынтасын дамытуға, оны
қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған болса, тәрбиелік
мақсаты оларды азаматтыққа, адамгершілік қасиетке, саналылыққа және
патриотизмге баулуға бағытталған.
Ақпараттық мәдениет – бұл әңгімелесе білу, теледидар, хабарды талғамды
түрде қарау, алған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-
қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа
еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру
қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері –
жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында
тұрған басты міндет.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам ақпараттың қажетті кезін сезінуі,
оны тауып алуға, бағалауға және тиімді пайдалануға қабілетті болып, ақпарат
сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі
керек.
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ
оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге
айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланылатын
бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай
ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күннен-күнге артып
бара жатқаны байқалады.
Оқушылардың бойына ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – білім беру
саласындағы өзекті мәселелердің бірі. Ақпараттық қоғамға көшу процесінде
ақпараттың құндылығы өзгеріп, уақыт, кеңістік және қашықтық ұғымдары туралы
түсінігіміз кеңейіп, осылардың барлығы жаңа мәдениеттің, яғни ақпараттық
мәдениеттің тууына себепші болып отыр.
Интернеттің кең таралуына байланысты ақпарат таратудың бақылауға
көнбейтін кері процестері де бар. Ондай ақпараттың сапасы көбінесе өте
төмен болып келеді, тіпті жалған, әрі зиянды мәліметтер көбейіп барады. Ең
қауіптісі осы залалды ақпарат күннен күнге артып бара жатыр және үстірт
түрдегі бәрін білушілік әдетімен тығыз байланысты. Кез келген мәліметті
керек болмаса да талғамай қабылдай берудің қажеттілігі жоқ екенін,
Интернеттегі ақпарат қоқысы, компьютерлік ойындардың зияны, т.б. адам
сезіне білуі керек.
Осы мәселелерді шешу шектеулер мен тосқауыл қою арқылы жүзеге аспайды.
Ол үшін бізге талғамдық мәдениетті қалыптастыру қажет. Яғни, ақпараттық
аймақтағы құндылықтарды бағалай білетін, әр адамның моральдық деңгейін
бейнелейтін ақпараттық мәдениет қалыптастыратын тәрбие алуымыз керек және
адамда келесі білім меңгеру тәсілдерін қалыптастыру қажет:
• Ақпараттың тасымалдануы мен оны сақтау тәсілдерін білу;
• Ақпаратты алу үшін ақпараттық қызмет көрсету жүйесінің жұмысын
білу;
• Алынған ақпараттың сипатын бағалай білу;
• Автоматтандырылған және автоматтандырылмаған жүйеден ақпарат
іздеу, алу тәсілдерін білу;
• Өзіңнің ақпаратыңды жасау және сақтау тәсілдерін білу, т.б.
Ақпараттық мәдениет тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез
келген ақпарат көзін – анықтамалықтарды, сөздіктерді. Энциклопедияларды,
көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын, т.с.с. дұрыс
пайдалана білу деген сөз. Бұл - әңгімелесе білу, теледидар хабарын талғамды
түрде қарау немесе қарамау, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай
білу және де өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайда өз еркіндігіңді
шектей білу. Ақпараттық мәдениет – компьютерлік технологияны пайдалану, ол
– Интернет. Интернеттің көмегімен оқу бағдарламаларына қатыса аламыз,
әсіресе өнер саласын зерттеуге қолайлы, мысалы мұражайлардың әр түрлі
сайттарын пайдалану.
Қоғамның қарқынды дамуы оның білімімен және мәдениетімен анықталады.
Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының
бірі – «Білім – бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына»
қағидасына өте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып
табылады.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға
арналған бағдарламасында «...кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық
тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге,
оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзіретті жеке тұлғаны,
бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді
басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болады...» делінген болатын.
Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Дамыған
елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің
бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық
технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде білім беру
жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейтесті
мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпарат
мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып,
ақпарттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау
ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Қазіргі кездегі қоғам дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты.
Ақпарттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының
көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына –
ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет
түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық
жүйелерін жасау істері жатады. Біздің еліміз де орта білім жүйесін
ақпараттандыру жөніндегі өз мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. Оның
алғашқы сатысы бойынша мектептер жаңа дербес компьютерлермен жабдықталды.
Енді қоғамымызда үлкен мөлшердегі қилы ақпаратты тез қабылдап, оны жылдам
өңдеу, Интернет кеңістігін игеру, көп ақпараттар ағымынан өзіне керектісін
табу, бірінші кезекте мектеп оқушыларын дайындау қажеттілігі туындап отыр.
Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Білім жүйесіндегі
инновациялық өзгерістерге президентіміз Н. Ә. Назарбаев назар аударып, ол
Республикалық мұғалімдер съезінде: «ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі
болған нәрсе – ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының
интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен
жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады», -
деген болатын.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан
халқына Жолдауында «Осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау,
«парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды,
идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту. Білім
беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған
еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын
маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» делінген. Сонымен қатар
бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру
қызметін көрсетуге қол жеткізу, On-line тәсілінде оқыту тәжірибесін
дамытып, елімізде оқу теледидарын құру, оқу жоспарларына жаратылыстану
ғылымдары бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша
сағаттар немесе пәндер енгізу қажеттігін баса айтқан болатын.
Елбасы биылғы Жолдауында Үкіметке, мемлекеттік холдингтерге
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып
кәсіптік-техникалық білім беруді одан әрі дамыту бағдарламасын әзірлеп,
іске асыруды тапсырды. Бұл бағдарлама ел экономикасы үшін барынша
қызығушылық тудырып отырған тиісті білім салаларына шетел ғалымдары мен
оқытушыларын тартуды көздеуді, жұмыс берушілер мен олардың қауымдастықтары,
яғни бірінші кезекте осындай кадрларға зәрулік танытқан бизнес өкілдері
белсенді түрде тартылуды қажет деген болатын. Осы мақсатта Қазақстан
Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Оның мақсаты -
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру, бәсекеге
қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті
бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді техникалық және қызмет көрсету
еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету.
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп
отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім
беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау
заман талабына сай талап етілуде. Заман ағымына сай күнделікті сабаққа және
тәрбие жұмыстарына бейне – аудио қондырғылары мен теледидарды, дербес
компьютерлерді, электрондық оқулықтарды қолдану айтарлықтай нәтиже беруде.
Бұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып
тыңдаумен қатар, түсінбей қалған бұл сәттерін қайталап көруге, тыңдауға
және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді.
Соңғы кездері Интернет желісі сияқты жаңа телекоммуникациялық
жүйелердің пайда болуына байланысты ақпаратты нақты түрде беру мәселесі
күрделене түсті. Осыған байланысты оқушылардың оқу материалын игеруде
ақпаратпен танысудың қазіргі әдістерін пайдалануда жаңа мәселелер
туындайды. Оқу процесінде бұл секілді технологияларды пайдалану оқушылардың
ақпаратты қабылдау кезінде белсенділігінің өте жоғары болуына ықпал етеді,
сонымен қатар оқушылардың қызығушылығы информатика пәнін ғана емес, басқа
да пәндерді оқуға ынтасы арта түседі. Интернет сөзі халықаралық желі
(INTERnational NETwork) дегенді білдіреді, бұл оның ең нақты анықтамасы.
Интернет кеңістігін игеру қашықтықтан оқыту, білім берудегі әлемдік
талаптарды жүзеге асыра отырып, оқушыларға біртіндеп дүниежүзілік бірыңғай
ақпараттық кеңістікке кіру мүмкіндігін береді.
Интернет кеңістігі - тәрбие процесінің қызықты алаңы. Мұнда басқа
жақын шет елдердің салт – дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, тарихы мен
мәдениетімен танысуға болады. Интернет кеңістігінің оқушыға ықпалы – бұл
оқушының сабаққа дайындалу деңгейін арттырады, оқу процесін жүргізуді
қызықты етеді, шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды
қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктер туғызады, мемлекет мектептерге қойып
отырған әлеуметтік тапсырыс деңгейіне де сәйкес келеді. Оқушылар бір
ақпаратты екінші ақпаратпен салыстыра бағалауды дағдыға айналдыра бастайды.
Ақпараттық мәдениетті үйренеді.
Мұғалімнің кәсіби қызметі жүйесінде қазіргі білім беру технологиясының
алатын орны ерекше, өйткені педагог жаңа ақпараттық технологияны меңгеру
барысында жақсы шынайы жетістіктерге қол жеткізеді, өзінің кәсіби білім
деңгейін кеңейтеді және көтеріледі.
Ақпараттық қоғам жағдайында оқушылардың әлемдік ақпараттық көзқарасын
қалыптастыру мен қазіргі компьютерлік техниканы меңгеруді үйрету мынадай
мақсаттарды белгілеп береді:
• Оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайына бейімдеп, жұмыс жасауға
үйрету;
• Оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;
• Оқушыларды ақпарат беру, түрлендіру, қолдану процестері туралы
біліммен қаруландыруға мүмкіндік беретін информатика негіздерін
меңгерту;
• Оқушыларға компьютерді оқу процесіне және кәсіби дайындыққа
пайдалана білуге үйрету.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласы жаңа өзгерістер
енгізді. Өркениет жоғары жылдамдықпен ең шешуші рөлді табиғи ресурс пен
энергия ғана емес, ақпарат және ғылыми білім шешетін ақпараттық қоғамға
жылжып келеді.

Қызылорда облысы, Қазалы қаласы

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. “Информатика негіздері” журналы №5, 2006 ж., №1, 2007 ж., №6, 2008
ж., №3, 2009 ж.
2. “Қазақстан мектебі” журналы №8, 2004 ж.
3. “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы, 2007 ж.
4. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2008 ж.
5. Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді
дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
6. Артур Кон. Секреты Интернета. Учебный курс. Ростов-на-Дону,
«Феникс», 2000 г.

Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық мәдениет дегеніміз не
Ақпараттық мәдениет негіздерін оқытуда интерактивті тақтаны қолдану тәсілі
ЖАСТАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
Технология пәнін оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімділігі
Сынып сағаты
Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланып информатика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру
ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Ұлттық тәрбие
Презентациялар технологиясы
Пәндер