Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Абай ІІІ топ

Тақырыбы: Сөз таптары
3-сынып

Мақсаты:1) Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде

сауатты қолдана білуге дағдыландыру.Өз ойларын
айтып, оны

талқылауға үйрету.

2) Сын тұрғысынан ойлауын, шығармашылық қабілетін, тіл

байлығын дамыту.

3) Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, бірінің сөзін
бірі зер

салып тыңдай білуге, құрметтеуге үйрете отырып,

адамгершілікке тәрбиелеу.

Түрі: Тренинг

Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері;топтау, бес жол

өлең, көрнекілік, Венн диаграммасы, БҮҮ, болжау,т.б.

Көрнекілігі: Суреттер, кестелер,плакат, маркер,т.б.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, дүниетану

Сабақтың жүрісі: 1. Психологиялық ахуал

(Сынып оқушылары төрт топқа бөлініп отырады.)

Қызығушылығын ояту

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дана тілім.-деп сабағымызды бастаймыз.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

- Түбір сөз дегеніміз не? мысал келтір

- Қосымша нешеге бөлінеді?

- Жұрнақ пен жалғау туралы айтып көр.

- Туынды сөз дегеніміз ?

Ой қозғау

Келді тағы қыс,

Дала аппақ түс.

Екі аяқты шаңғымен

Дөңге шықтық бәріміз.

(Өлеңнен заттың атын, қимылын, түсін, санын білдіретін сөздерді табу)

Мағынаны түсіну

Зат есім Сын есім

Сөз таптары

Сан есім Етістік

Болжау әдісі арқылы әр топ өз аттары туралы не білетіндерін сызба арқылы
көрсетеді.

І топ: Зат есім ІІІ топ:Сан есім

ІІ топ:Сын есім ІVтоп: Етістік

3. Оқулықпен жұмыс:

1-жаттығу (Өз жазғандарымен салыстырылады)

3-жаттығу

Ітоп: Жұлдыз, тау, ата, ақын, адам, құс

ІІтоп: Көк, үлкен, биік, жасыл

ІІІ топ: Екі, жеті, отыз

ІVтоп: Оқыды, жуынды, жүзді

5-жаттығу Жаңылтпашты жатқа айтып, әр топ өз сөз табын табу керек.

Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім.

Неше кіші ішік піштім?

4. Сергіту

5.Ситуациялық сұрақ

І-ІІ топ ІІІ- ІVтоп:

6. Бес жол өлең құрастыру

Ітоп: Абай ІІІ топ: Кітап

ІІтоп: Қыс ІV топ: Торғай

7- жаттығу Әр топ өз сөз таптарына қатысты сөздерді тауып жазады да,

сөйлем ойлап, тақтаға жазады.

Зат есім; Аққу, емен, оқулық, ауа.

Сын есім; Әдепті, қызық, қоңыр, қышқыл

Сан есім; Жеті, тоғыз, жиырма, елу, мың

Етістік; Биледі, өсті, тазалады, ұшты.

6-жаттығу Көркем жазу

7. Ой толғаныс: Венн диаграммасы

Зат есім Сын есім Сан есім
Етістік

8. «Жақсы –жаман» ойыны

І топ: Қар(жақсы жағы) ІІІ топ: Мұз (жақсы жағы)

ІІ топ: Қар(жаман жағы) ІVтоп: Мұз(жаман жағы)

9. «Қыс қызықты күндері» туралы шағын эссе жазу

10.Үйге: 4-жаттығу

11.Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Біржан реферат
Сабырсыз,арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
Абайдың сазгерлігі
Абай Құнанбаевтың азаматтық лирикасы
Тақырып Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы
Абай "шегіртке мен құмырсқа". ана тілі пәнінен ашық сабақ
"абай жолы" романындағы абай бейнесі
Абайға әңгіме айтатын кімдер
«ақын қонақтар». абай тұлғасы
«абайдың он жетінші қарасөз» тақырыбын жобалау технологиясы
Пәндер