Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тақырыпқа берілген есептерді шығару

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сайрам ауданы
В.Терешкова атындағы № 86 жалпы орта мектеп

Математика пән мұғалімі: Джубатаев Алмаз Асанович

Cыныбы: 6 ЭС сынып

Сабақ тақырыбы: Cанның модулі.

Сабақ мақсаты: Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастырып, өткен
тақырыптар мен жаңа тақырып бойынша байланыс жасап, ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын ажырата білуін және теориялық алған білімдерін, практика
жүзінде ұштастыра білуін қамтамасыз ету,
Білімділік: Оқушыларға санның модулін табуға есептер шығарту арқылы,
олардың дұрыс та, шапшаң, тиімді жолмен шығару тәсілдерін қамтамасыз ете
отырып, дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларға патриоттық, адамгершілік, ұлттық және эстетикалық
тәрбиеге баули отырып, шапшаңдық пен ұқыптылық, ұстамдылыққа тәрбиелей
білім беру;
Дамытушылық: Оқушы білімін тақырыпқа сай және оқулықтан тыс қызықты да ,
тың мәліметтермен, қосымша дидактикалық құралдар, логикалық есептер,
карточкалық есептермен қызықтыра отырып, білімдерін артыру, оқушылар
арасында бәсекелестік тудырып, осы арқылы білімдерін дамыту;

Сабақтың пәнаралық байланысы: Геометрия, физика, логика, т.б.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ жүйесі.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап;

Көрнекіліктер: Қима қағаздар, плакаттар, планшеттер, кеспе қағаздар, т.б.

Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Кезекшіні анықтау;
ә) Оқушыларды түгелдеу;
б) Қатар бойынша оқушыларды нұсқаға бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру;
а) Үйге берілген № 326, 327 есептерді шығару жолдарын тексеріп шығу;
ә) Өткен тақырыптарға арналған тест тапсырмаларын тарату;

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

а) Қысқаша конспект жаздыру;

б) Тақырыпқа берілген есептерді шығару;
в) Сергіту сәті. (логикалық есептер шығару)
ІV. Сабақты бекіту;
а) Сұрақ-жауаптар алу;
ә) Түсінбеген сұрақтарға оқушылармен бірге жауап іздеу;
V. Үйге тапсырма беру;
VІ. Оқушыларды бағалау;

Сабақ барысы: Оқушыларды парта қатары бойынша нұсқаға бөлінеді.
Оқушылармен сәлемдесіп, кезекшіні анықтап, оқушыларды түгендеймін. Үйге
берілген № 326, № 327 есептерді тексеріп, түсінбеген, қате шығарған
оқушыларға есепті қайта пысықтатамын.

Өткен тақырыптар бойынша тест тапсырмалар үлестіріледі. 5 тест
тапсырмасы, 4 жауаптан беріледі. Тест жауабын оқушы жауап берген соң,
перфоркарта арқылы тексеріп шығамын.
І нұсқаның тест сұрақтары ІІ нұсқаның тест сұрақтары
|1. х-тің мәнін тап: |1. х-тің мәнін тап: |
|А) х = 6 Ә) х = 2 |А) х = 5 Ә) х = 2 |
|Б) х = 3 В) х = 4 |Б) х = 3 В) х = 4 |
|2. Белгісіз мүшені тап: |2. Белгісіз мүшені тап: |
|А) х = 2,5 Ә) х = 6 |А) х = 12 Ә) х = 17 |
|Б) х = 4 В) х = 5 |Б) х = 21 В) х = 15 |
|3. Теңдеуді шешіңдер: 2х + 9,8 = |3. Теңдеуді шешіңдер: 4,2х – 6 = 3,66|
|13,6 |А) 2,3 Ә) 14 |
|А) 1,9 Ә) 2,3 |Б) 1,4 В) 1,9 |
|Б) 14 В) 4 |4. Натурал сандар қатарын |
|4. Натурал сандар қатарын |көрсетіңдер; |
|көрсетіңдер; |А) 1,2 ; 2,5; 8; 9,1 |
|А) 1,2 ; 2,5; 8; 9,1 |Ә) 8, 9, 12, 16, 23 |
|Ә) - 2,8, 3, 4, 8, 1,9 |Б) - 2,8, 3, 4, 8, 1,9 |
|Б) 8, 9, 12, 16, 23 |В) 6, 9, 12, -2,5, - 6 |
|В) 6, 9, 12, -2,5, - 6 |5. 3,6 санының қарама-қарсы санын |
|5. 4,3 санының қарама-қарсы санын |көрсет; |
|көрсет; |А) - (- 3,6) Ә) 0 |
|А) - (- 4,3) Ә) - (+4,3) |Б) - (+3,6) В) - (+3,3) |
|Б) - (+2,6) В) 0 | |

Жаңа тақырыпты түсіндіремін:
Тұрмыста кейбір шамалардың (ұзындықтың, массаның, температураның)
өзгерістерінің сан мәні ғана жазылады.
Модуль латынша modulus – қазақша «мөлшер» деген мағынаны білдіреді.
Кейбір жағдайда «модульдің» орнына абсолюттік шама деп те атайды.
Санның модулі дегеніміз координаталық түзудегі санды кескіндейтін
нүктенің санақ басынан (бірлік кесінді есебімен алынған) қашықтығы.
Ара қашықтығы оң санмен немесе нөл санымен жазылатыны белгілі. Онда
санның модулі координаталық түзуде берілген санды кескіндейтін нүктенің
санақ басынан қашықтығы болғандықтан, модуль теріс санмен жазылмайды.
Координаталық түзуде 0 санын кескіндейтін нүкте санақ басымен
беттеседі. Онда І0І = 0.
Нөл санының модулі 0-ге тең.
Теріс санның модулі оған қарам қарсы санға тең.
Оң санның модулі сол санның өзіне тең.

ОЕ = ОF. Онда І-3І = 3

Есептер шығару:

№ 334
| 2 | = 2 | 0 | = 0 | - 14 | = 14 | - 0,1 | = 0,1
| -0,4 | = 0,4
| 2,5 | = 2,5 | -5,6 | = 5,6 | -9 | = 9 | 7,1 | = 7,1

№ 335
| - 2 | = | 2 |; | - 21,3 | = | 21,3 |; | - 2 | = | 2 |; | 1/4 |
= | -1/4 | | -5/9 | = | 5/9 |
№ 336
С (2,3) Д нүктесі бұдан 1,2 есе артық қашықтықта орналасқан.
| 2,3 | = 2,3 2,3 + 1,2 = 3,5 | - 3,5 | = 3,5|

№ 337
А(7) = | 7 | = 7 В(-4,3)= | - 4,3 | = 4,3 С(0)= | 0 | = 0 Д(-2,9)= | -
2,9 | = 2,9

№ 338
| 18 | = 18 | - 15 | = 15 | - 7,8 | = 7,8 | 16,5 | = 16,5 |
9,2 | = 9,2

№ 339
1) | х | = 2
2) | х | = 1,5
3) | х | = 4 т.с.с.

№ 340
Шешімі бар өрнектер: 2; 3; 7;
Шешімі жоқ өрнектер: 1; 4; 5; 6; 8;

№ 341
1) | -4,2 | + 3 = 4,2 + 3 = 7,2
2) | - 90 | / 15 = 90 / 15 = 6
3)
4) | -100 | + 5,4 / 3 = 100 + 1,8 = 101,8
5)
6)
№ 342
5 л бензин + 3 л керосин массасы – 5,95 кг. 5 л бензин мен 7 л керосиннің
массасы 9,15 кг. Бір литр бензин неше кг? 1 литр керосин неше кг?
7 – 3 = 4 4 литр бензиннің айырмашылығын табамыз. Ол үшін 9,15 – 5,95 =
3,2 болады. Енді шыққан санды айырмашылық берген санға бөлеміз.
3,2 / 4 = 0,8
3 * 0,8 = 2,4 5,95 – 2,4 = 3,55 3,55 / 5 = 0,71
Дәлелдеу: 0,71 * 5 = 3,55 0,8 * 7 = 5,6 3,55 + 5,6 = 9,15 кг.
Жауабы: 1 л керосин – 0,8 кг, 1 л бензин – 0,71 кг.

№ 343 Амалдарды орындаңдар.
1) 7,83 / 0,9 + 2,6 * 0,5 = 8,7 + 1,3 = 10
2) (5,29 + 123,4*0,05)/1,91 = (5,29 + 6,17) / 1,91 = 11,46 / 1,91 = 6
3) (72,3 – 45,78 / 3) * 0,25 = (72,3 – 15,26)*0,25 = 57,04*0,25 = 14,26
4) (9,68 / 1,76*0,7-2,05)/0,6 = (5,5*0,7-2,05)/0,6 = 1,8 / 0,6 = 3

Сергіту сәті.
Логикалық есептер шығару:

Тақтаға суретте көрсетілгендей 6 шарлы парақ ілінеді. Бұл ойында 1-6
цифрларын қолдану арқылы, қай бағытта санаса да, 9 санын шығару керек.

Сабақты бекіту.
Оқушылардың тақырып бойынша түсінбеген сұрақтарына жауап беру.
Оқушыларға арналып жасалынған бағалау кестесі бойынша тиісті бағаларын
қойып шығамын да, оқушыларды бағалаймын.

Үйге тапсырма:
1. Оқулық бойынша № 346, № 349 есептерді шығару.
Оқушылармен қоштасу.


Ұқсас жұмыстар
11 сынып геометриядан ұмж, қмж
Алгебралық теңдеулер жүйелерін шешуге берілген есептер
Топ президенті бағалау
Алғашқы функция және интегралды есептеуге есептер шығару
Химия пәнінен жаңа оқулықтар бойынша есеп шығару
Инклюзив оқушыға
Тригонометриялық функциялардағы келтіру формулаларына есептер шығару
Кеңейтілген тапсырмалар
Кеңейтілген тапсырмалар. Кейінгі тапсырмалар
ҰБТ кезіндегі прогрессия есептері және оны шығару жолдары
Пәндер