Бала махаббаты

Тақырыбы: «Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа»
Дайындаған : Дүйсенбиева Гүлсім
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту.
Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру,
Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу
Көрнекілік: Әліппе, Ана тілі, Математика макеттері, нақыл сөздер, шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар т. б.
Мұғалім: -Құрметті ата-аналар! Ұстаздар! Бүгінгі мерекемізге қош келіпсіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгін саналы оқушы болып, барлық ғалымның атасы, біздің болашағымыздың негізі-Әліппені бітіріп отырмыз.
«Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа» атты мерекуемізді ашық деп жариялаймыз.
Айжан: Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Жансұлтан: Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достастық,
Әліппемен қоштастық.
Өсті білім, бойымыз,
Құтты болсын тойымыз.
Айзада: Армысыңдар, аналар!
Бармысыңдар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңдар,
Бір серпіліп қалыңдар.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі ән-жырымыз!
Айжан: Өсті міне бойларың,
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.
Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын. Сендер жауабын табыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашар-
Ол-сүйікті Әліппе!
Ол-сүйікті Әліппе!
Айжан: -Олай болса, бәрімізге ең қымбат әліппені ортаға шақырайық!
Сапар С (Әліппе) : Армысыңдар, жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаңа.
Мерекеңмен құттықтаймын,
Бүлдіршіндер, балғындар!
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
М. Сымбат: Ең алғаш алғанымда әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?
Ұстазым оның кілтін алып берді.
1. С. Бекзат: Әліппем, менің Әліппем!
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңі сәуле жарықпен.
2. Ақмарал: Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің,
3. Айша: Әліппем, менің Әліппем,
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет,
Өзіңе көп рахмет!
- Диас:Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
5. Нұрғалым: Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің Қасиетті Әліппем.
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
Ән. «Мектебім, аяулы мектебім» Орындайтын: Елемес Айжан
Әліппе: С. Сымбат: -Қане, бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық.
Әріптермен танысу,
Тақпақтарын бастайық.
1. Нұржан (А) : Алфавиттің А тұрады басында,
2. Бақберген (Ә) : Әрқашанда Ә тұрады қасында.
3. Нұрғалым (Б) : Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші?
Нұржан: А деген ол- аналар ғой ардақты,
Бақберген: Ә деген ол- әкелер ғой салмақты.
Нұрғалым: Б деген ол-балалар ғой әдемі
А, Ә, Б: Біздің үйде үшеуі де кәделі.
4. Айша: Г әрпімен гүлденер,
Қызғалдақты қырат тау
5. Нұрдәулет: Ғ әрпімен бір келер,
Ғылым атты ұлы атау
6. Ақмарал: Д әрпімен бастасаң,
Дархан, дария, далам бар.
7. С. Бекзат: Е-ні ұмытпас ешқашан
Елін сүйген жарандар
8. М. Сымбат: И-дегенің иманың,
Адалдықтың белгісі,
9. Ақбота: К-дегенің күй дарын,
Домбыраның дастаны.
10. Мирас: Қ әрпімен құралған,
Бас аяғы қазақтың.
Жасай берсін, бір Аллам
Жасай берсін, Азат күн!
11. М. Бекзат: Ж дегенің-жөргегің,
Туып-өскен жерлерің.
12. Айжан: З әрпімен зерледім,
Зергерлердің зергерін.
13. С. Сымбат: Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны,
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды,
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды, қолдайды.
14. Гүлназ: Білімге жолды бастаған,
Әліппем саған мың алғыс!
Оқы деп ұран тастаған,
Әліппем саған мың алғыс!
Хормен: Біз жазамыз ана деп,
Біз жазамыз дана деп.
Біз жазамыз қала деп,
Біз жазамыз дала деп,
Қош бол сүйікті Әліппем!
Бата. Даниал: Әліппенің бетін жарық ет,
Ұл-қызды түгел білімді ет!
Келесі оқу жылына,
Аман-есен түгел жет!
5 болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.
Ән. «Туған жер» Сәбит Бекзат.
С. Сымбат. Әліппе: -Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар. Ал енді ортаға математиканы шақырайық!
Диана. Математика: Математика-ғылымдардың атасы. Мен сендерге санауды, есептеуді үйреттім. Сендер санауды білесіңдер ме?
Өмірдегі заттарды,
Есептейтін бәрін мен.
4 амалды қолданған,
Математика пәнімін.
Сандар таласы:
Айзада. 1 саны: Дәптер беті теп-тегіс жазықтай,
Бірлік саны қағып қойған қазықтай.
Мен 1 санымын. Мен сандар қатарына қосыламын.
Фариза. 2 саны: Екі саны кім басқаша ойлайды,
Имек мойын аққудан мен аумаймын.
Мен 2 санымын мен де сандар қатарына қосыламын.
Гүлжан. 3 саны: Үш саны қоста мейлі, қостама,
Екі ұшынан байластырған қос таға.
Мен үш санымын. Мен де сандар қатарына жатамын.
Еркебұлан. 4 саны: Төрттік саны теңеу табар ескерген,
Жауынгердей саған сәлем ант берген.
Мен 4 санымын. Мен де сандар қатарына жатамын.
Даниал. 5 саны: Бестік саны салыстырып тексерген,
Іліп қойған қолғабындай боксердің.
Мен 5 санымын. Мен де сандар қатарына жатамын.
Гүлназ. 6 саны: Дәл айтылса, теңеуге кім нанбады,
Алты саны құдды құрық шалмалы
Мен 6 санымын. Мен де сандар қатарына жатамын.
Жансұлтан. 7 саны: Жеті саны жүрсең ол санды,
Кәдімгі тіке тұрған қол шалғы.
Мен 7 санымын. Мен сандар қатарына жатамын.
Алдияр. 8 саны: Сегіз саны-ол жауабын шапшаң бар,
Асты-үсті қос тәрелке, қос шеңбер
Мен 8 санымын. Мен сандар қатарына жатамын.
Қымбат. 9 саны: Тоғыз саны тоқпан жілік теңесек,
Телефонның трубкасы немесе
Мен 9 санымын. Мен де сандар қатарына жатамын.
Диас. 0 саны: Сандар мені де өз қатарларыңа қосыңдаршы.
Сандар: Сен бізге қосылмайсың. Себебі, сен жоқсың. Нөл деген жоқ деген сөз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz