Ағымдағы терезеде таңбаша құру

Cабақ №:
Күні:
Сынып:
Сабақтың мақсаты : «Файлдарды» сақтауды, «Қапшықтар» мен «Таңбашалар» құруды, «Себет» ұғымдарымен, файл, қапшық құрылымын меңгерту. Дербес компьютерде қапшық, файл құру, обьектілермен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, әдептілікке, қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру сабағы.
Оқыту тәсілдері: Сұрақ - жауап, өз бетімен жұмыс, тест жұмысы.
Сабақтың көрнектілері: тесттер, таратпа материалдар.
Сабақтың құрал - жабдықтары: Дербес компьютер, ИТ, СИН бағдарламасы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты «Файлдарды» сақтауды, «Қапшықтар» мен «Таңбашалар» құруды, «Себет» ұғымдарымен, файл, қапшық құрылымын меңгерту. Ал, енді бұны бастамас бұрын үй тапсырмасын қайталайық.
II. Өткенді пысықтау.
- Ауызша сұрақтар:
- Терезе дегеніміз не? Неше түрі бар?
- Windows қандай ож?
- Жұмыс столы дегеніміз не?
- Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңыздар?
- Компьютердің енгізу құрылғылары?
- Компьютердің шығару құрылғылары?
- Сипатталған анықтама қайсына сәйкес екенін анықтандар.
- Дұрыс жауапты тауып, жауабы өрісіне сәйкес жауапты тышқан нұсқағышы арқылы апарып қойыңыз.
- « . . . - компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын бағдаоламалар жүйесі»
- ОЖ*
- Интерфейс
- Драйвер
- Терезе
- Объект
- « . . . европалықтар «Абак», қытайлықтар «Суанпан», жапондықтар «Серобян» деп атаған алғашқы құрылғы
- Аналитикалық машина
- Есепшот
- Паскаль машинасы
- Арифмометр
- Дербес компьютер
III. Жаңа сабақ
1. Сен Windows-тың қандай объектілерін білесің?
- Қапшықтар
- Бағдарламалар
- Құжаттар
- Таңбашалар
- Бас меню
- Басқару тақтасы
- Менің компьютерім
- Себет
Файл -бұл аты бар байттар тізбегі.
Файлдың аты
Сол жақ бөлігі Оң жақ бөлігі
Windovs 98 жүйесінде файлдарға ат бергенде төмендегілерді есте сақтау керек:
- Файлдың аты мен кеңейтілу болады.
- Файлдардың аты бос орынды қоса есептегенде 255 символмен жазылу мүмкін. Бірақ басқа үйелермен жұмыс істегенде, мысалы, МS-DOS жүйесінде файлдың аты 8 таңбадан аспауы керек екенін есте сақтау керек.
- Файлдың атын жазғанда үлкен, кіші латын және орыс әріптерін, 0-ден 9-ға дейінгі цифрларды, арнайы символдарды:
дефис (-), астын сызу (), леп белгісі (!) және мына символдарды: @, #, $, %, &, (, ), {, } қолдануға болады.
- Файлдың атын жазғанда мына символдарды: жұлдызша (*), қос нүкте (:), нүктелі үтір (; ), сұрақ белгісі (?), бөлгіш (/), үлкен (<), кіші (>), тырнақша («»), нүкте (. ) қолдануға болмайды.
1. Файлдың кеңейтілуі үш символдан тұрады және файлдың атынан нүкте арқылы ажыратылады. Файл кеңейтілуі оның мазмұнын көрсетеді және олар алуан түрлі болады, мысалы:
- doc - мәтіндік файлдар;
- bmp-графикалық файл;
- htm-Web-Internet беті;
- TXT-блокнот бағдарламасының құжаты
- ppt- қолданбасының кеңейтілуі
Файлдың атын оның мазмұнына сай беру дұрыс болады.
Файлдардың арасынан мәтіні, графикалық және дыбыс ақпараты, бағдарламалар мәтіні, бағдарламалар жұмысы туралы деректер және т. б. бар бағдарламалар (қолданбалар) мен құжаттарды ерекшелеу керек.
Жаңа қапшықтар құру
Қапшықтар - бұл қандай да 6ip белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы, тақырыптық белгісі бойынша: 6ip ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар. Басқа сөзбен айтқанда, қапшық - бұл аты аталған файлдар тобы.
Қапшықтар жүйелік және жұмыс қапшықтар болып екіге бөлінеді. Windovs -тің объектілері жүйелік қапшықта сақталады. Жүйелік қапшықтарға қандайда бір өзгерту енгізілсе, жүйе жұмысының дұрыс істемеуі немесе жұмыс барысында тұрып қалуы мүмкін.
Жүйелік қапшықтар: Windovs, Program Files және бағдарламалар арқылы құрылған қапшықтар жатады.
Жұмыс жасайтын негізгі қапшықтар:
Менің компьютерім - ДК ресурстарына қатынау; Логикалық дискілер; Себет; Принтерлер; Файлдары бар кәдімгі қапшықтар (каталогтар) .
ТАҢБАШАЛАР
Таңбаша - бұл бағдарламаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиеті бар пиктограмма, объектінің таңбасы, компьютер үшін объектіге жол нұсқайтын командалық файл, ал пайдаланушы үшін жұмыс үстеліндегі немесе терезедегі жай белгіше, ол Windows 98-дегі қандай да бір объектіге: файлға, қапшыққа, дискіге, компьютерге, принтерге т. б. сәйкес келеді. Таңбаша жеке бір объект емес, ол файлға сілтеме ғана. Сондықтан оны жойғанда файлдар жойылмайды. Таңбашада мауспен екі рет шерту, файлға немесе қапшықтың белгішесіне екі рет шерту әсерімен бірдей (бағдарлама іске қосылады, құжат немесе қапшық ашылады және т. б. )
Себет
Себет - дегеніміз жойылған файлдар мен қапшықтарды уақытша сақтауға арналған орын.
III. 2) Практикум
1. «Мои документы » т ерезеде жаңа қапшық құру .
Қапшықты Файл => Создать => Папка командасымен құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің қапшықтары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа қапшық белгішесі пайда болады. Қапшықтың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде "Жаңа файл" меншіктеледі.
Жұмыс үстелінде жаңа қапшық құру.
Жұмыс үстелінің жаңа қапшық, ты орналастырмақшы болған жерінде маустың оң жақ батырмасын басу - контексті меню пайда болады.
Создать => Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде қапшық, белгішесі пайда болады.
Қапшықтың атын енгізіп, енгізу пернесін басу.
2. Ағымдағы терезеде таңбаша құру.
1. Ағымдағы терезеде таңбашаларды Файл => Создать => Ярлык, файл => Создать ярлык немесе контексті менюдің Создать -Ярлык командасының көмегімен жасауға болады.
Таңбашаны жасағаннанкейін оны қажетті орынға орналастыруға болады.
Ол үшін таңбаша кұрылатын объектіні іздеуді таңбаша жасау процесін іске қосканнан соң жүргізуге болады немесе алдымен объектіні тауып алып, содан кейін таңбашаны құруды бастауға болады.
Жұмыс үстелінде таңбаша құру .
- Жұмыс үстелінің бос жеріне меңзерді орналастырып, маустыңон жақ батырмасын басса, контексті меню пайда болады.
- Создать => Ярлык опциясын таңдағанда, "Создание ярлыка"("Таңбашаны ҚҰРУ") диалог терезесі пайда болады.
- "Шолу" (Обзор) батырмасын басу, "Шолу" диалог терезесін ашады. Файлдармен қапшықтар арасынан объект табу.
- "Ашу" батырмасын басу арқылы "Таңбаша жасау терезесі"ашылады. Онда, файлға жол толық көрсетпеген.
- "Далее" ("Одан әpi") батырмасын басу - "Таңбашаның атынтаңдау" (Выбор названия ярлыка) диалог терезесін ашады. Мұнда объектінің жүйелік атын өзгертуге болады.
- "Дайын" (Готово) батырмасын басу - Жұмыс үстелінде жаңатаңбаша пайда болады.
Таңбашаға жылдам шақыру пернесін тағайындау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz